Басқару функциясы - басқарудың бөлінуі мен ынтымақтастығына
негізделген жəне басқару органының объектінің объектіге əсер етуінің
белгілі бір бірлігі, күрделілігі мен тұрақтылығы сипатталатын қызмет түрі
болып табылады.Алғаш рет басқару функцияларын ХІХ ғ. А. Файоль
жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, ынталандыру, бақылау деп
анықтаған болатын. Содан бастап басқару функциялары түрліше жіктеліп
келеді. Басқару функцияларын зерттеуші, ғалым И. К. Шалаев басқарудың
мазмұнын тəртіпке келтіру негізінде ұсынып, барлық педагогикалық үрдіске
қатысушылардың жұмысын келісу жəне реттеу функцияларын белгіледі.
П.И. Третьяков «Нəтижелер бойынша мектепті басқару» (1997) кітабында
басқарудың келесі функцияларын бөлді: ақпараттық –талдау, ынталандыру
(уəж) –мақсаттық, жоспарлы –болжамдық, ұйымдастырушылық–атқарушы,
бақылау –диагностикалық, реттеу-түзету. [20] Қазіргі уақытта А. И. Китова,
Б. Ф. Ломова, Ю. А. Конаржевский, В. Г. Афанасьева, Р. Х. Шакурова, В. А.
Якунина т.б. өз жіктеулерінде басқарудың: мақсат қою, жоспарлау немесе
шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, үйлестіру, реттеу, түзету
функцияларын ұсынады. Басқару функцияларының жіктеулеріне сүйене
отырып, қазіргі педагогикалық менеджменттегі басқару функцияларын
былайша топтауға болады: ақпараттық -талдау, мақсат қою, жоспарлау,
шешім қабылдау, ұйымдастыру, ынталандыру (уəж), бақылау, есеп, реттеу,
түзету.Басқару функциялары өзара байланысты тізбектен тұрады, оның
жүзеге асырылу механизмі мынадай алгоритм бойынша орындалады:
1. мектептің білім беру жүйесінің алғашқы жай-күйіне есеп жүргізу;
2. мектептің ішкі, сыртқы жағдайларына талдау жасау,жағдайына баға
беру;
3. алдағы даму перспективаларын болжау;
4. мақсат белгілеу;
5. белгіленген мақсаттарға сай жоспарлау;
6. жоспарлау нəтижесі арқылы уəждеу: ресурстарды бөлу, қаржылық,
кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету;
7. жоспар бойынша орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру;
8. жұмыс барысына бақылау жасау, қажеттілік жағдайына, ағымдағы
жағдайларға байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізу, бақылау
нəтижелері бойынша мониторингілеу;
9. алынған нəтижелерге талдау жасау (ол арқылы басқару
стратегиясын, тактикасын анықтау жүзеге асырылады),даму тəжірибесін
анықтау.
Аталған басқару функциялары білім беру мекемесінің ерекшеліктеріне
қарай жүзеге асырылады. Олардың біртұтастығы басқару үрдісінінің
мазмұнын құрайды. Білім беру үрдісін басқару циклы талдаумен басталып,
талдаумен аяқталады.