31
Тəртіпті белгілеу
Директива
Жарлық
2 бөлім. Басқару функциялары
Тақырып 1.2.1.Педагогикалық менеджменттің ерекшеліктері.
Білім беру мекемелерін басқару. Басқару функциялары. Ақпараттық–
талдау функциясы. Мақсат қою функциясы
U
Мақсаты:
U
Басқару
функцияларына анықтама беру,
басқарудың
ақпараттық–талдау жəне мақсат қою функцияларына сипаттама беру.
U
Негізгі ұғымдар
U
: басқару функциясы, басқару, ақпараттық-талдау,
педагогикалық талдау, SWOT
‐талдау,басқарудағы триангуляция, мақсат қою,
Smart мақсат қою.
U
Жоспары:
1. Педагогикалық менеджменттің ерекшеліктері.
2. Білім беру мекемелерін басқару.
3. Басқару функциялары.
4. Ақпараттық–талдау функциясы.
5. Мақсат қою функциясы
Педагогтардың
шығармашылық
əрекеттеріне
байланысты
педагогикалық менеджменттің өзіне тəн
ерекшеліктері бар. Əр
оқытушы
өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері
болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тəрбие
үдерісінің менеджері.Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тəн
заңдылықтарының бірі-менеджер еңбегінің пəні, өнімі, құрамы жəне
нəтижесінің ерекшелігі. Білім беру үдерісінде менеджердің еңбегінің пəні -
басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-əрекеті,
еңбек өнімі-ақпарат, еңбек
құралы - тіл, сөз, сөйлеу, еңбек нəтижесі - білім алушылардың білім, тəрбие,
даму деңгейлері. Оқу орнының педагогикалық жүйесі бірнеше жүйенің
жиынтығынан тұратын күрделі құрылым: оқу, тəрбие, материалдық-
техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, əкімшілік басқару.
Оқу орны жүйесінің тиімділігі жүйенің
құрамды бөліктерінің бір
бағытта жұмыс істеуіне, бір бағыттағы іс-əрекеттеріне байланысты. Осыған
орай менеджментте ұйымның ішкі ортасы деген түсінік бар. Ұйымның ішкі
ортасы – мақсаттарға тиімді жету үшін құрылған бөлімдер.
Білім беру
ұйымының
ішкі ортасын əкімшілік, оқытушылар, білім алушылар,
қаржылық бөлім,
техникалық қызметкерлер, кітапхана, т.б. құрайды.
Педагогикалық менеджменттің бір
ерекшелігі: басқаруға ішкі ортаның əр
құрылымы, яғни, басқару субъекттері қатысады:
сынып жетекшісі, бөлім
меңгерушісі, тəрбиеші, оқытушы. Бұл ерекшелік жалпы білім беру мекемесін
басқару мазмұнына, нəтижесіне маңызды ықпал етеді.
Менеджмент
ғылымында
басқарушылық
еңбек
функцияларының
бірнеше
классификациялары бар.
32
Менеджмент функциялары — түрлі тəсілдер, əдістер, жұмысты
ұйымдастыру жəне бақылау арқылы жүзеге асырылатын басқару іс
əрекетінің түрі.
Достарыңызбен бөлісу: