Сұрақтар мен тапсырмалар
1) Егер сіз төмендегі тұжырымдармен келіссеңіз немесе сауалға оң
жауап беруіңіз керек деп ойласаңыз, жауапты «иə» деп, келіспесеңіз «жоқ»
деп жауап беріңіз. Өз таңдауыңызды дəлелдеп, негіздеңіз.
-
Басқару үрдісінің бір циклында шешім бір- ақ рет қабылданады.
-
Күйзеліс жəне қысым жағдайында шешімдер орташа күрделілік
шешімдеріне жатады.
-
Есептеу арқылы нақты құрылымдалған шешім алуға болады.
-
Шешім қабылдауға өкілетті делегирлеуді қызметкерлер ұнатпауы
мүмкін.
-
Өкілетті делигирлеу қызметкерлердің құзыреттілігінің өсуіне ықпал
етеді.
-
Кез келген шешім тəуекелмен байланысты.
-
Шешім қабылдау үшін берілген ақпарат дұрыс болуы керек.
2) Ынталандыру не үшін қажет? Жауабыңызды өмірлік тəжірибемен
байланыста қарастырыңыз.
3) Ынталандыру концепцияларын өзара салыстырыңыз:
автор
концепция
мəні
ұқсастықтары
А. Маслоу
Д. МакКлелланд
Клейтон Пол
Альдерфер
Дуглас
МакГрегорд
Ф. И.Герцбер
Портер-Лоулер
55
Тақырып1.2.4. Бақылау– есеп, реттеу, түзету функциясы.
Мақсаты:
U
басқарудағы бақылау –есеп, реттеу, түзету функциясының
құрылымдық элементтеріне сипаттама беру.
U
Негізгі ұғымдар
U
: бақылау –есеп, реттеу, түзету
U
Жоспары:
1. Бақылау функциясы
2. Мектепішілік бақылау, мақсаты, мазмұны
3. Мектепішілік бақылау түрлері
4. Мектепішілік бақылау əдістері
5. Есепке алу, реттеу, түзету функциялары
Бақылау–есеп, реттеу, түзету функциясы – диагностикалық негізде
мектептің, ұжымның барлық қызметінің жағдайын талдау,нəтижесіне баға
беру, қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру, құжаттардың талапқа
сай рəсімделуін бақылау, ұжым жұмысының сандық жəне сапалық
нəтижелерін шығару, алынған нəтижелерді белгіленген мақсаттармен
салыстыру арқылы олардың мемлекеттік талаптарға сəйкестігін анықтау,
кемшіліктерді жою, жұмысты ретке келтіру, түзету бойынша мектеп
басшылары мен қоғамдық ұйым мүшелерінің қызмет түрлері. [20,25] Л.
Павлова бақылау функциясы белгіленген мақсаттың жүзеге асырылуына
қатысуды қарастыратынын айтады. [7,52] Аралық бақылаусыз, кері
байланыссыз басқару мүмкін емес, сол себепті бақылау кері байланысты
жүзеге асыратын үрдіс. Бақылау арқылы нəтижелерді талдау жүзеге асады.
Диагностикалау нəтижелерді қандай да бір жолдар, оған жету тəсілдері, оқу-
тəрбие өнімділігінің динамикасын, ағымдарын қарастырады. Диагностикаға
жататындар: бақылау, тексеру жəне бағалау, статистикалық мəліметтерді
жинақтау, оған талдау жасау, қозғалыстарды анықтау, оқу-тəрбие үрдісін
болжау, оның сапасының артуын анықтау.
Мектепішілік бақылау- мектептің оқу-тəрбие жұмысының бүкіл
жүйесінің қызмет етуі мен дамуының мемлекеттік нормативтерге, даму
жоспарына сəйкестігін анықтайтын басшылықтың қызмет түрі болып
табылады. Мектепішілік бақылау- мектептің жалпы жағдайына талдау
жасауға, оқу-тəрбие үрдістеріне қатысушылардың жалпы іскерлік,
дағдыларының қалыптасу нəтижесін көруге бақытталған ақпарат көзі.
Мектепішілік бақылауды білім беру ұйымы басшылық аппараты жүзеге
асырады. Бақылау барысында кері байланыс жүзеге асырылады. Алынған
ақпараттар негізінде жаңа шешімдер қабылданып, мақсаттар анықталады,
жоспарлар жасалады. Бақылау- нақты жеткен нəтижелерді өлшеуден жəне
оларға түзету жүргізуден тұратын үрдіс. Бақылау жүргізудың маңыздылығы-
табысты қолдау жəне сəтсіздіктерді болдырмау. Бақылау педагогикалық
үрдістің тиімділігін арттыру үшін, педагогикалық ұжым мүшелеріне қолдау
көрсету үшін керек. Ю. А. Конаржевский: «мектепішілік бақылау «не?»,
«қалай?» деген сұрақтарға жауап бере отырып мектепішілік ақпарат
жинаудың негізгі арнасы болып табылады. Бақылау- таным үрдісін жүзеге
асыруға алғышарт болатын функция»,- дейді.[21,128] Педагогикалық
56
бақылаудың негізгі мақсаты – басқарушылық органдардың шешімдерін
орындауды жəне құзырлы органдардың нормативті құжаттарын тексеру, оқу-
тəрбие үрдісінің жағдайы бойынша мəліметтер жинақтау, үрдіске баға беру,
кездескен кемшіліктерді дер кезінде түзету, реттеу, басқарушылық сала
менеджерлерінің кəсіби басқарушылық құзыреттіліктерін жетілдіру болып
табылады.
Мектепішілік педагогикалық бақылаудың объектілері: оқу-тəрбие
үрдісі, сапасы, нəтижеге бағытталған білім, оқу-материалдық қамтамасыз
ету, педагогикалық ұжымдағы ахуал, əдістемелік жұмыс, мектептің жалпы
жағдайы (қаржылық, əлеуметтік, мəдени), білім алушылардың оқу үлгерім
сапалары, мұғалімдердің оқу қызметін ұйымдастыруы, еңбектің қорғалуы
мен қауіпсіздігі т.б.
Мектепішілік
педагогикалық
бақылаудың
негізгі
қызметі:
аналитикалық талдау, бұрынғы жағдай мен қазіргі жағдайды салыстыру; кері
байланысты жужүзеге асыру; педагог қызметін ынталандыру.
Мектепішілік педагогикалық бақылау мазмұны: білім беру
бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттың орындалуы;оқушылар
білімінің сапасы;оқушылардың тəрбиелік деңгейлері; оқыту қызметінің
орындалуы; педагогикалық кадрлармен жұмыс;біріккен жұмыс, өзара
ынтымақтастық (мұғалімдер, ата-ана, оқушы, қоғамдық ұйымдар);
мектепішілік ұйымдастыру шаралары (тəрбиелік, оқу-əдістемелік); ата-
аналармен байланыс; қабылданған шешімдердің орындалуы.
Мектепішілік бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар:
бақылауд ұйымдастыруда нормативті-құқықтық актілерді, құжаттарды
басшылыққа алу (ҚР «Білім туралы заңы», ҚР жалпы орта білім беру
стандарттары т.б.); білім беру ұйымында бақылауды жүргізу мерзімдерін
алдын-ала белгілеу, заңдастыру;мектепішілік бақылау ережесін жасау,
педагогикалық кеңесте бекіту;бақылауды жүйелі, бірізді жүргізу;бақылау
реттеу, түзету нысаны екенін ескеру;бақылау кезінде бақылау критерийлерін,
іскерлікті бағалау өлшемдерін алдын-ала анықтау; бақылау барысында
педагогикалық үрдіске қатысушылардың құқықтары мен бостандығын
қорғау, сақтау;мемлекеттік білім стандартын басшылыққа алу;білім беру
сапасын арттыру механизімін дамыту, жетілдіру;жалпы педагогикалық
үрдісті дамытуды болжау. Мектеп ішілік педагогикалық бақылау кезеңдері:
1) Мектепішілк бақылау жоспары оқу жылының басында əзірленеді.
Жоспарға сай жыл барысында бақылау жүзеге асырылады. ( кесте 1, 2 )
2) Бақылауға дайындық кезеңі. Бұл кезеңде бақылау критерийлерін
анықтау, белгілеу жүргізіледі, бақылау нысандары қандай өлшемдерге сай
болу керектігі белгіленеді. Бақылау тобы құрылады. Не бақыланатыны жəне
қандай критерийлер бойынша бақыланатыны жайлы ұжымға хабардар
етіледі.;
3) Бақылауды жүргізу. Бұл кезеңде бақылау тобы бақылау
нысандарының жұмысымен танысады: өзара сабаққа қатысу, құжаттар
тексеру т.б.
57
4) Бақылау нəтижесінде алынған мəліметтерді жинақтау, талдау.
Бақылау нəтижесінде алынған ақпараттарды критерийлермен нақты
нəтижелермен салыстыру (жеткен нəтиже күткенмен қаншалықты сəйкес) -
бұл кезеңде бақылау нəтижелері бойынша бақылау нысандарының
белгіленген өлшемдерге қаншалықты сай екендігі анықталып, бағаланады,
салыстырылады, мəліметтер бойынша диагностикалық карта жасалады,
сызба, кесте диаграмма арқылы нəтиже шығарылады, анықтама жазылады,
анықтамамен бақылау нысандары таныстырылады;
5) Түзету шараларын жүргізу. Бұл кезеңде анықтамада жазылған
ұсыныстар мен пікірлер ескеріле отырып, жұмысты алға қою үшін түзету
шаралары белгіленеді.
Мектепішілік бақылауды жүргізу кезінде менеджер əділетті қарау, əр
мұғалімнің
потенциалды
мүмкіндігін
ескеру,
оның
кəсіби
өсу
алғышарттарын қарау, білікті, сол саладағы құзыретті маманға бақылау
міндеткерліктерін бөлу (делигирлеу) жəне бақылауды жоспарға сай жүзеге
асыруы тиіс.Оқу - тəрбие үрдістеріне басшылық жасаудың тиімділігі
басшының оқу үрдісінің жағдайын қаншалықты деңгейде білетініне
байланысты. Тəжірибеде басқарушылық бақылаудың үш негізгі түрі бар:
алдын -ала, ағымдық жəне қорытынды. [14,199] Алдын-ала бақылау,немесе
ұйымдастырушылық бақылау деп те атауға болады – білім беру ұйымының
белсенді қызмет жасауына негіз болатын, қызметкерлердің жұмысқа
дайындығын алдын ала қарастыратын бақылау түрі. Ағымдық бақылау,
күнделікті орындалатын істердің барысы, ресурстарды пайдалану, сапалық
сипаттар жатады. Қорытынды бақылау, ол бекітілген даму жоспарының
орындалу нəтижесін бағалау, əлді жəне əлсіз жақтарын айқындайды.
Мектепішілік бақылау формалары:
Достарыңызбен бөлісу: |