Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Ынталандыру концепциялары



Pdf көрінісі
бет43/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Ынталандыру концепциялары. Адамды алға қойған мақсатына 
жетуге 
қалай 
ынталандыруға 
болатындығын 
анықтауда 
бірнеше 
ынталандыру теориялары туындады. Ынталандыру теорияларын екі топқа 
бөліп қарастыруға болады: ынталандырудың мазмұндық теориялары жəне 
ынталандырудың процессуалдық теориялары. Американдық психолог 
А.Маслоу концепциясында адам қажеттіліктерін алдымен төменгі 
қажеттілікті өтеуден сосын біртіндеп жоғары қажеттіліктерді өтеу сатысына 
көтеріліп, сол арқылы тұлғалық даму сатысына көтерілетінін айтады. Маслоу 
пікірі бойынша қанағаттандырылмаған қажеттіліктер адамдардың белсенді 
əрекеттерін 
оятады, 
ал 
қанағаттандырылғандар 
ынталандыруын 
тоқтататынын, оның орнын басқа қанағаттандырылмаған қажеттіліктер 
басатынын жəне еңбек барысында адамның өз қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға мүмкіндік беріп, оған басшылық тарапынан қолдау 
көрсетілуі 
керектігін 
айтады [14,288]. Маслоу 
ұсынған 
адам 
қажеттіліктерінің пирамидасы (сатысы) мынадай деңгейлерден тұрады:
1) Физиологиялық қажеттіліктер (тағамға, суға, оттегіне, ыңғайлы 
температураға, жыныстық қажеттілік, денсаулық т.б.). 
2) Қауіпсіздік қажеттіліктері (қоршаған ортаға деген сенімділік, тəртіп 
болуды қажетсіну, қорғаныш қажеттілігі, жайлылық, қайғыдан ада болу, 
ауру-сырқаудан аулақ болу т.б.).
3) Əлеуметтік топқа кіру қажеттіліктері (достық, махаббат, ұжымдық 
байланыс, туыстық қарым-қатынас т.б.).


51
4) Басқаларды құрметтеу мен өзін-өзі құрметтеуге байланысты 
қажеттіліктер (табысқа, жетістікке жету, мəртебенің өсуі, атақ, даңқ, өзін 
басқалардың мойындауы т.б.) 
5) Өзін-өзі өзектендіру, танытуға байланысты қажеттіліктер, адамның 
барлық сала бойынша қол жеткізуге тырысатын ішкі потенциалды 
мүмкіндігі, өзін əр сала бойынша дамыту, жетілдіру сатысы, адамның өзіне 
рухани деңгейде жоғары талап қоюы. Американ психологы Д. К. 
МакКлелландтың табыс қажеттілігі теориясы бойынша қажеттіліктер 3 
үлкен топқа бөлініп қарастырылады: билік қажеттілігі,табыстылық 
қажеттілігіқатыстылық (бірлесу) қажеттілігі [27]. Американ психологы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет