Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет53/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Идея, түпкі ниет -
мақсат-міндеттер, 
күтілетін нəтижелер 
Күтілетін нəтижелерінің 
мақсатқа сəйкестігі 
Жүзегеасыру 
бағыттары - жолдары, 
құралдары 


70
Болашақ 
көрінісі-
өзгерістен кейін 
Миссиясы 
Мақсаты 
Стратегиясы 
Тактикасы- 
ісəрекеттер 
Нəтижелер 
- екіншіден, «неге олай жасау керек?» сұраққа сай атқарылатын 
əрекеттердің мақсаты мен міндеттерін анықталады. Ол педагогтардың 
мақсаттар жүйесіндегі өз міндеттерін ұғынуға мүмкіндік береді;
- үшіншіден, «қалай жасау керек?» деген сұраққа сай, яғни, мақсат пен 
міндеттерді жүзеге асыруға кімдер тартылады, қандай əдіс - тəсілдер мен 
құралдар пайдаланатыны белгіленеді.
Нені өзгерту керек?
Неліктен өзгерту керек? 
Ол үшін не істеледі?
Ол қалай істеледі? 
Іс-əрекет жоспары 
Не күтіледі? 
Берілген құрылымға сай
Жүйелік теориясына сəйкес ұйымның түпкі мақсатына байланысты 
оның жалпы жəне құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы жоспарланады. Бұл 
күтілетін нəтижені нақтылау, оның мазмұнын, құралдарын, əдіс - тəсілдерін 
қамтитын жоба түрінде болады.
Мақсатты бағдарлы жобалау негізінде бірнеше шарттары сақталуы 
тиіс: 
- біріншісі, білім беру ұйымын дамытуға қажетті өзгерістерді 
қамтамасыз ететін нақты жобаларды анықтау; 
- екіншісі, жобалау қызметін тиімді ұйымдастыру үшін жоба 
жетекшілерін белгілеу, оларды даярлау. Бұл арнайы ұйымдастырылған жəне 
тұрақты семинарлар, оқу-тəжірибелік алаңдар мен зертханаларды 
ұйымдастыру арқылы іске асырылады; 


71
- үшіншісі, жаңа идеялар тудыратын жəне ұжымның басқа мүшелеріне 
түрткі болатын «белсенді топтар» құру жəне оларды уақытша жұмыс 
топтары ретінде ұйымдастырып, жоба аяқталғанда таратып отыру; 
- төртіншісі, жобалар қатаң құрылымданбаған матрицалық, немесе 
иерархиялық - матрицалық болуы тиіс, өйткені, мақсатты бағдарлы жобалау 
технологиясы құрылымы қозғалмалы болады, яғни, əртүрлі деңгейлердегі 
жобалау уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
Аталған шарттардың орындалуы педагогикалық ұйымның жаңа 
сапасын, бірлесіп үйрену мен бірлесіп білім алуға бағытталған қарым-
қатынастар мен құрылымдарды дамытатын, мақсат қою жəне оны жүзеге 
асырудағы жаңа əрекеттерді тудыратын жобалаудың тиімді орындалуына 
негіз болады.
Тəжірибе барысында бірнеше педагогикалық бағыттарды қатарынан 
жобалау негізінде ұйымныңжаңа «көрінісі» қалыптаса бастайды жəне осы 
жаңа «көрініс» ұйымның өзін-өзі қайта құру субъектісі ретінде жаңа 
қажеттіктерін тудырады. Осыған сай, білім беру ұйымының жаңа 
құндылықтары мен жаңа қатынастары, қызметтік құрылымдары мен 
байланыстары, жаңа қызметтер бағыты пайда болып, тəжірибеде бекітіле 
береді.
Жобалау негізінде шығармашылық топтар, шағын топтар, белсенді 
топтар құрылуы мен олардың өзара байланыстарын көлденең, немесе желілік 
сипатта болып, дəстүрлі қызметтер матрицалық құрылым арқылы үйлестіріле 
қолданылады. Бұл иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай басқарудың 
орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің əрқайсысының 
мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең» байланыстардың 
болуына негізделеді.
Матрицалық құрылым өзара байланыстардың жаңа түрі болып 
табылады. Оның басты ерекшелігі - басқарудағы дəстүрлі қызметтік 
элементтер мен жобалық міндеттерді мақсатқа сай үйлестіру. 
Мақсаттық - бағдарлы 
жобалардың 
алдымен 
дəстүрлі 
басқарудың:жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, есептеу, реттеу, талдау - 
қызметіне негізделетінін ескеру қажет. Мысалы бірінші кезеңде: жобалық 
бағдарлама құрастыру; кіру жəне шығу мəліметтерін дайындау; нəтижелерді 
бақылау, бағалау өлшемдерін даярлау; жобаны талдау жəне оны түзету 
жолдарын жасау; талдау нəтижелерін ескеру жəне жобаны өзгерту жолдарын 
белгілеу.Екінші кезеңде, тиісті қызметтік сала басшылары мен 
бөлімшелердің, мамандарының арнайы міндеттері мен қызметтерін бекітіп 
беру қажет, олар берілген мақсат ауқымына сай əртүрлі болуы мүмкін.
Мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі матрицалық құрылым 
бойыншы мақсатты түрде күтілетін нəтижелерге бағытталауын көздейді. 
Олардаму бағдарламасына сай мақсаттатұрақты сипатта да, уақытша сипатта 
да бола алады, əрбір жобалық бағдарламаны басқарушы тағайындалып, 
салалық орынбасарлардың қызметтері белгіленген мақсаттарға сай арнайы 
ұйымдастырылады. 


72
Матрицалық құрылымның басты элементтері – мақсаттық - бағдарлы 
жобалар (суретте шеңберлер ретінде берілген), олар салалық басшылар мен 
ондағы қызметкерлердің мақсатты бағдарламаны орындау барысындағы 
қайталанып отыратын қызметтерін көрсетеді. Суреттегі тік сызықтар – 
басқару қызметтерімен жəне көлденең сызықтар – мақсаттық - бағдарлы 
жобалармен байланыста болатынын бейнелейді. Білім беру ұйымдарында 
кейде бір уақытта бірнеше мақсаттарды орындау қажеттігі туындап отырады, 
ол үшін мектеп басшыларының тікелей ұйымдастыруымен бірнеше бағыттар 
қамтылуы мүмкін.
Аяқталған соң жобаларға сараптама бағалары беріледі. Сараптама 
бірнеше деңгейлерде ұйымдастырыла алады: берілген өлшемдерге сəйкес 
өзіндік сараптама, жобалау қызметін ұйымдастырушы сараптамасы, немесе, 
басқа ұйымнан шақырылған тəуелсіз сараптамашы- маман бағасы. 
Жобаларды бағалаудың бүгінгі күні бірнеше өлшемдері мен 
көрсеткіштері қалыптасты, солардың негізінде жасалған төмендегі бағалау 
картасын ұсынамыз:
Төмендегі 8 - сызбада мақсаттық - бағдарлы жобалaуды 
ұйымдастырудың матрицалық құрылым үлгісі ұсынылып отыр. 
Өзектілігін бағалау. Жобалау қызметі ұйымның жұмысындағы белгілі 
бір қиындықтар туғызып отырған проблемаларды анықтап, оны тиімді 
шешуге бағытталған болуы тиіс. Басым бағыттарды айқындау, талдау жасау 
арқылы негіздеу жəне шешу жолдарын ұсыну, жобалау қызметінін маңызды 
мəселеге бағытталғанаын көрсетеді. 
Өлшемдері болуын бағалау. Жобалау қызметінің нəтижесі қалыптасқан 
жағдайды өзгертетін, не жетілдіретін болуы керек. Ол үшін алдын ала 
анықтау алуды қажет ететін сұрақтар: 1) жобалау қызметінің қандай 
көрсеткіштері нəтижелер деп есептеледі; 2) оларды қандай параметрлер 
арқылы өлшеуге болады жəне олар немен өлшенеді?
Қолжетімдігін 
бағалау. 
Жобалау 
қызметінің 
қолжетімдігі 
стратегиясын жүзеге асыру барысында оның күтілетін нəтижелерінің алдын 
ала анықталуы жəне оны орындау жолдары мен механизмдерінің нақты 
кезеңдері мен алгоритмінің жасалуынан белгілі болады. 
Шынайылығын бағалау. Жобалау қызметі жүйенің ішкі қажеттігі жəне 
сыртқы орта талаптарына сəйкестігі, оны іске асыратын лайықты адамдар 
тобы белгіленуі, жобалаудың мазмұны мен технологиясы, қажетті 
ресурстары анықталуы. Осы əрекеттердің болуы жобалаудың шын мəнінде 
жүзеге асырылуына мүмкіндік жасайды. 
Сызба 8. Мақсаттық –бағдарлы жобалаудың үлгілік матрицалық 
құрылымы 
Уақыт шектеулерінің белгіленуін бағалау. Бұл жобалау қызметінің 
басталу жəне аяқталу мерзімдерін, орындау барысындағы аралық кезеңдерді 
жəне əрбір аралық кезеңнің мақсаты мен күтілетін нəтижелерінің нақты 
белгіленуінен көрінеді.  


73
Болуы мүмкін күтілетін кедергілермен тəукелелдік дəрежесінің 
анықталуы. Жобалау қызметі барысында осыған ұқсас тəжірибелерді зерттеу 
жəне талдау арқылы алдын ала болжау əрекеттеріне сүйене отырып, болуы 
мүмкін кедергілер мен қиындықтардың, одан шығатын жолдардың алдын ала 
белгіленуі. 
Жобаның өміршеңдігін бағалау. Оның мəнісі жоба жетекшілерінің 
алдына қойылған міндеттерді орындап, жобаны жасағаннан кейінгі жағдайын 
анықтау болып табылады. Бұл жоба əрі қарай жалғасуы мүмкін бе, ол үшін 
қандай ресурстары бар, қандай ресурстар қажет? Міне, осы талдаулардың 
болуы жобаның өміршеңдігін көрсетеді.
Берілген талаптарға сай педагогикалық жүйенің дамуын қамтамасыз 
ететін негізгі бағыттарда мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметін
ұйымдастыру жəне оның тиімділігін аталған көрсеткіштер арқылы бағалау 
басқарудың нəтижелі болуын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет