Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет52/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Педагогтарды инновациялық міндеттерін орындауға даярлау 
Педагогикалық мақсат қою жүйесін құрастыру. 
Кəсіби жетілдірудің түрлері мен əдістері (тренинг, коучинг, т.б.). 
Педагогтардың құзыреттілігін дамыту жобалары 
Педагогикалық ұйым мүшелерінің өзара қарым - қатынастары. 


67
Осылайша, мектептің даму бағдарламасы өзінде бар мүмкіндіктерге 
сай оқыту процесіне өзгерістерді енгізуді, оны қажетті ресурспен қамтамасыз 
етудіжоспарлайды. 
Оқытудағы 
өзгерістер 
ретінде 
оқушылардың 
мүмкіндіктерін айта аламыз, олар – білім беру нəтижелері, оған жету үшін 
жолдары мен білім үрдісін ұйымдастыруда жасалатын жағдайлар.
Бағдарламаның 
білім 
стандарттарын 
орындау 
іс-шаралары 
төмендегілерді əрекеттерді көздейді: 
1. Білім бағдарламасын Мемлекеттік стандарттар талаптары деңгейінде 
игеруді; 
2. білім бағдарламасын олимпиада, ғылыми жобалар бағыттары 
бойынша арнайы өткізілетін конкурстар талаптары деңгейінде игеруді; 
3. Қосымша білім беру бағдарламасын игеруді; 
4. Білім бағдарламасын нақты тірек құзіреттіліктері немесе нақты 
функционалдық дағды қалыптастыру талаптары деңгейінде игеруді; 
5. Белгілі бір бағыттағы əлеуметтік шығармашылық тəжірибелерін 
қалыптастыруы деңгейінде игеруді; 
6. Белгілі бір таңдаған бейіні (профилі) бойынша элективтік, 
факультативтік, жеке шығармашылық тапсырмалар деңгейінде игеруді; 
7. Қажеттікке қарай жеке кеңес беру, қосымша педагогикалық көмек 
көрсету деңгейінде; 
8. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жеке 
құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету. 
Мектеп жағдайында қамтамасыз етілетін осы мүмкіндіктер қатары 
оқушылардың жас ерекшеліктері, оқу сатыларына сай өзгертіліп, 
толықтырылып, нақтыланып отырады. Бұл жерде мүмкіндіктер түсінігін 
əдейі алынады, өйткені, нақты нəтижелер осы туғызылып отырған 
мүмкіндіктерді оқушылардың қалай пайдаланы алатынына, оған ата– 
аналарының қалайша ықпал ете алатындықтарына тығыз байланысты.
Білім беру ұйымының дамуы – оқушыларды дамыту үшін, соның 
ішінде, дербес ерекшеліктері ескеру арқылы, кейбір проблемалық 
сұраныстардың 
да 
қанағаттандырылуы 
үшін 
жасалып 
отырған 
мүмкіндіктердің мол болуынан көрінеді.
Даму бағдарламасындағы жоспарлы өзгерістер – қолда бар 
ресурстарды пайдалану барысында енгізілетін өзгерістер, олардың қатарына 
білім беру үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер, педагогтарды басқарудағы 
өзгерістер, ата–аналармен жəне жұртшылық қоғаммен жұмыстағы өзгерістер, 
мектепішілік басқаруағы өзгерістер жəне т.б. Ал, бұл өзгерістерді жоспарлау 
–білім беруді жаңартуды жобалау болып табылады.
Бағдарлама мазмұнына сай өзгерістердің бірнеше кезеңдері белгіленді: 
1. Қазіргі жағдайды талдау – қалыптасқан мақсат, міндеттер жүйесіне, 
оны жүзеге асыру құралдарына, білім беру əрекеттерінің жағдайына, 
нəтижелері мен бағалау жүйесіне сипаттама беру; 
2. Білім беру үрдісіне ендірілетін өзгерістерді жəне оның 
нəтижелеріналдын ала анықтау; 


68
3. Педагогтарды оқыту процесіне ендірілетін өзгерістерге теориялық, 
əдістемелік жəне психологиялық даярлау, өзгерістер туралы келісімге келу
4. Жобаланатын өзгерістерді, ендірілетін жаңалықтарды нормативтік, 
ұйымдастырушылық, материалдық жəне қаржылық қамтамасыз ету; 
5. Білім беру үрдісіне шағын өзгерістер ендіру (білім жүйесінің белгілі 
сатыларына ғана, немесе, жеке пəндерді оқыту көлемінде, т.б.) 
6. Білім беру үрдісіне жүйелі өзгерістер ендіруге көшу
7. Белгілі кезеңдерде қол жеткен нəтижелерді талдау, басқару жəне 
əдістемелік шараларға түзетулер мен толықтырулар ендіру, педагогикалық 
процестің сапасын өзгертудегі перспективалық бағыттарды анықтау
8. Бұл кезеңдер де өзгертіле алады, əр кезеңнің ұзақтығы да əр түрлі 
болу мүмкін, сонымен қатар əрекеттер түрлі болатыны сөзсіз. 
Даму бағдарламасының жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды 
қамтитын болғандықтан, оның орындалу кезеңдерін белгілеген жөн, əдетте 
оқу жылдарын кезең ретінде алып отыру қолайлы деп есептеледі. Бұл 
жағдайда əр кезеңнің мақсаты мен міндеттері, күтілетін нəтижелері, 
орындалу əдістері мен нəтижені бағалау көрсеткіштері, оны өлшеу 
құралдары айқындалады. Одан əрі, белгілі кезеңдерде қол жеткен 
нəтижелерді талдау, басқару жəне əдістемелік шараларға түзетулер мен 
толықтырулар ендірілуі де мүмкін.
Мектеп бағдарламасын жасаудың пайдасы: 
Мұғалімдердің, ата – аналардың, оқушылар ұжымының оны 
құрастыруға атсалысуына, аталған бағдарламаның шын мəнінде мектептің 
дамуын басқару құралына айналуына мүмкіндік береді;
1. Бағдарламаның жүйелелігі, оның мақсат міндеттері мен жүзеге 
асырылу құралдарының өзара байланыста болуы оның тиімділігіне негіз 
болады; 
2. Даму бағдарламасының орындалу барысы туралымектеп ұжымын, 
ата– аналар жəне оқушыларды, басқа да жұртшылықты ұдайы хабардар етіп 
отыруды реттейді. Оның формасы тəжірибеде бар есеп беру баяндамасын 
құрастыру жəне оны мектепке қатысы бар көпшілікке арналып жинақ 
ретінде, не оның электрондық нұсқасы күйінде ұсыну тəжірибесін 
пайдалануға болады. 
Даму бағдарламасының өміршеңдігіне біріншіден, педагогтардың, ата - 
аналардың, білім алушылардың оны құрастыруға жəне орындауға қатысуы; 
екіншіден, бағдарламаның жүйелі болуы, оның мақсаты мен жүзеге асыру 
құралдарының өзара байланысы; үшіншіден, оның орындалу барысы туралы 
ұжымды, ата - аналар жəне білім алушыларды, сыртқы ортаны жүйелі түрде 
хабардар етіп отыру оң ықпал етеді
Мектеп қызметін талдау барысында анықталған маңызды проблемалар 
бойынша нақты іс-əрекеттерді ұйымдастыру жəне қалыптасқан жағдайды 
өзгерту үшін мақсатты - бағдарлы жобалау қызметін ұйымдастыруға 
болады. Оны ұйымдастыруға негіз болатын білім беруде жүйелі түрде орын 
алып келе жатқан бірнеше проблемалар болуы мүмкін. Мысалы, 1)мектепте 


69
математика пəнінен оқушылардың білім жетістіктері төмен болу 
проблемасы; 2)бастауыш сыныптағы білім көрсеткіштерінің орта буында 
төмендеу проблемасы; 3)ата-аналардың белсенділігін көтеру проблемасы; 
4)педагогтардың инновациялық жаңалықтарды меңгеру деңгейі проблемасы
т.б.. Осындай проблемаларды шешу үшін ұйымдастырылатын мақсатты - 
бағдарлы жобалардың басты қызметі – қалыптасқан жағдайды өзгерту, сол 
арқылы нəтижені көтеру. 
Нақты өзгерістерді қамтамасыз ететін мақсаттық-бағдарлы жобаларды 
таңдай білудің, оның қажеттігін негіздей білу, орындау жəне бар 
мүмкіндіктерді бағалай білудің маңызы зор.
Даму бағдарламасына сай ұйымдастырылатын мақсатты жобалардың 
идеядан – жүзеге асыру жолдарына дейін – одан алынған нəтижелердің 
мақсатқа сай болуын қамтамасыз ету 1- суреттегі құрылымдық модельге 
сəйкес болады. Жүзеге асыру бағыттары бойынша атқарылатын қызметтер 
кесте негізінде құрастырылады, ол еркін түрде құрылады,қатаңқұрылымы 
болуы мүмкін емес. Əр ұйым өзінің басым бағыттарына сəйкес құрылымын 
жасай алады. Дегенмен, логикасы бойынша даму міндеттеріне сəйкес 
орындалатын жобалар бағыттары болуы; іс-əрекеттер мазмұны, орындауға 
жауапты адамдар анықталуы, бағдарламаны орындау мерзімі болуы қажет.
 
Сызба1. Даму бағдарламасына сай жобалаудың құрылымдық моделі 
Берілген құрылымға сай білім беру ұйымдарында нақты проблеманы 
шешуге бағытталған жаңа идеялар таңдалып, түпкі ниет - мақсат-міндеттер, 
күтілетін нəтижелері айқындалды. Одан кейін жобаны жүзеге асыру 
бағыттары, жолдары, құралдары белгіленеді, жоба аяқталғаннан кейінгі 
нəтижелердің күтілетін нəтижелерге сəйкестігі алдын - ала бағаланады.
Даму бағдарламасына сай өзгерістерді жобалау қажеттілікті анықтаудан- 
жүзеге асыруға дейінгі нақты кезеңдерден өтеді. (сызба -7): 
Ол үшін:
- біріншіден, «нені жасау керек?» деген сұраққа сай, мақсатты – 
бағдарлы жоба нəтижесінде көрінетін күтілетін нəтижелері құрастырылады. 
Олар ішкі жəне сыртқы өзгерістерге, ұйымның мүмкіндіктері мен 
ресурстарына сай жасалады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет