Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет67/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93
Байланысты:
pedmen1

 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Көшбасшылық ұғымын қалай түсінесіз? 
2. Білім беру жүйесін басқарудағы көшбасшылықтың маңызы қандай? 
3. Көшбасшылық ұғымына анықтама беріңіз.Көшбасшылықтың қандай 
түрлері бар? 
4. Көшбасшылық пен басшылықтың айырмашылықтары қандай? 
5. Менеджерге қандай сапалар тəн? Қазіргі мектеп менеджерлері қандай 
дағдылар мен іскерлік сапаларға ие болуы тиіс? 
6. Ли Якокка менеджерлерге қандай кеңес береді?
7. Г.Минцбергтің көшбасшыға тəн негізгі ұсынған сапаларына талдау 
жасаңыз 
8. Менеджерлерге қойылатын талаптар , олардың негізгі іс əрекет 
түрлерін анықтаңыз. 
9. Білім беру саласы менеджері қызметінің жүйелік-функционалды 
моделіінің құрылымдық бөліктеріне сипаттама беріңіз. 
 
3.1.3. Мектептегі көшбасшылық жəне адам ресурстарын дамыту 
U
Мақсаты: 
U
Мектептегі көшбасшылық, білім беру саласында адами 
ресурстарды дамыту жолдарын анықтау. 
U
Негізгі ұғымдар
U
: мектеп басшысының көшбасшылығы, адами ресурстар, 
коуч, коучинг технологиясы, педагогтарды дамыту 



95
Жоспары:
U
1.Мектеп басшысының көшбасшылығы арқылы адами ресурстарды дамыту 
жолдары. 
2. Коучинг негізінде оқыту технологиясы. 
3. Педагогтарды дамытудағы жобалау технологиясы. 
Əлемдік менеджмент теориясы басқарудағы көшбасшылық арқылы адам 
ресурстарын дамыту мəселесіне көп көңіл бөлуде. Бұл ХХ ғасырдың аяғына қарай 
қоғамның экономикалық, əлеуметтік жəне технологиялық дамуындағы өзгерістерге 
сай менеджменттің дамуына байланысты.
Мемлекеттің өркениеті адами ресурстарының əлеуетіне жəне оны дамыту үшін 
жасалатын жағдайға байланысты екені белгілі. «Адам бір-бірінен тек білімі арқылы 
ғана оза алады» деп, өткен ғасырда ғұлама Мұхтар Əуезов айтып кеткендей, əлемнің 
алдыңғы қатарлы елі болудың маңызды тұғыры – адам капиалы, оның рухани биігі, 
ақпараттық сауаттылығы, экономикалық білімі. Білімді адамдарсыз заманауи 
инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес 
ортаны қамтамасыз ету мүмкін емес.
Көшбасшылық арқылы адам ресурстарын дамыту мəселелері соңғы кездерде 
кеңінен қарастырылуда. Əлеуметтік жүйелерді зерттеумен айналысатын «Мак 
Кензи» компаниясы адам ресурстарын дамытудың бүгінгі заман талабына сай жеті 
факторын ұсынып отыр. Олар: стратегия, құзыреттік, ортақ құндылықтар, құрылым, 
жүйелілік, қызметкерлер, басқару стилі ретінде тəжірибеге енуде. 
Мектеп басшысының көшбасшылығы арқылы ұжымдағы адам ресурстарын 
дамыту мазмұны төмендегі құрылымдардан тұрады: стратегия, адам ресурстарын 
басқарудың стратегиясын жасау; жүйелілік, адам ресурстарын басқарудың жүйесі: 
мақсаты, қызметі, құрылымы, тиімділігін бағалау; қызметкерлер,қызметкерлерді 
таңдау, бейімдеу, баға беру, дамыту, босату;ынталандыру, басқарушылардың 
қызметкерлерді ынталандыру мен мотивациясын арттырудағы біліктіліктері;ортақ 
құндылықтар, ұйымда корпоративтік мəдениет пен ортақ құндылықтарды 
қалыптастыру жəне оны басқару.
Білім берудің күтілетін нəтижелері оның инфраструктурасына – білім берудегі 
мақсатына, құрылым мен мазмұнға, оқулықтар мен оқытушылар сапасына, үрдіс пен 
əдістемеге үлкен өзгерістер əкелері сөзсіз. Құзыреттілік нəтижелеріне бағытталған 
білім беру үшін педагогтардың жаңа сапасын қалыптастыру қажет болады. 
Директордың міндеттерінің бірі - мұғалімдерді арнайы оқытып отыру арқылы 
кəсіби құзыреттілігі мен инновациялық əлеуетін арттыру. Оқытудағы мұғалімнің ролі 
оқушыларға білім мен ақпаратты алудың жолдарын беру, ақпаратты түсіну мен 
тиімді пайдалануға үйрету, өзін бағалау, өз біліміндегі олқылықтар мен жетістіктерді 
білу жəне олармен жұмыс істеу негізінде атқарылады. Бұл жағдайда мұғалімнен білім 
алушыны мотивациялау, оған кеңес беру, бірлескен жұмыс сияқты жаңа қарым-
қатынас деңгейі талап етіледі.
Мектеп директоры көшбасшы ретінде педагогтардың оқытуды жақсарту үшін 
төмендегі əрекеттерді орындай алуын қамтамасыз етеді: 
1. оқушының жаңа сапаларын қалыптастырудағы өз миссиясын түсінуі жəне 
соған сай оқыту үдерісінде өзінің нені өзгертуі қажеттігін білуі; 


96
2. оқыту мақсаты ретінде білім алушылардың құзіреттілікке негізделген 
күтілетін нəтижелерін белгілей алуы; 
3. сабақты жоспарлау барысында педагогикалық əрекеттер мен қарым-
қатынастарды мақсатқа жетудің құралдары ретінде қарастыра білуі; 
4. оқыту үдерісін ұйымдастыруда субъектаралық қарым-қатынас əрекеттерін 
тиімді пайдалана отырып, нəтижеге жету жолдарын анықтай алуы; 
5. сабақ соңында алынған нəтижелердің мақсатқа сəйкестік деңгейін талдай 
білуі, олқылықтарын ескере отырып, одан əрі жетілдіру жолдарын таңдай алуы. 
Көшбасшылар субъектілер ретіндегі оқу-əрекеттік қарым-қатынасы өзіндік 
тұлғалық мүмкіндіктерін тануы арқылы өзін өзі дамытуға, жаңа əдістерді өз бетімен 
меңгеруге əсерін тигізеді. Бүгінгі көшбасшы бойында рефлексиялық жəне 
конструктивтік қабілеттері болуы аса маңызды. Рефлексиялық қабілет - тұлғаның 
өзін-өзі тани білу қабілеті, оған өзге адамды түсіне алу, жан-дүниесімен қабылдай алу 
мен өзге адамның көзқарасы тұрғысынан өзіне сыни қарай алу қабілеттері кіреді. 
Конструктивтік қабілет-жобалай, болжай, басқара алу арқылы өзгелерге ықпал ете 
алу қабілеті, оған өзге адамның əрекеттеріне, оның өз ықыласы мен ынтасы негізінде 
ықпал ету қабілеттері жатады. Бұл директордың жеке стилін құрап, өзара қарым-
қатынастық, педагогикалық əрекеттердің тиімділігіне ықпал етеді.
Ағылшындық білім реформаторы М.Барбердің айтуынша, «білім беру сапасын 
түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: мұғалімдік қызметке соған лайық 
адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге 
қажетті деңгейде даярлау жəне əрбір оқушының сапалы білім алуына қолайлы 
жағдай туғызу. Оның білім сапасы онда жұмыс істейтін мұғалімдер сапасынан 
жоғары болуы мүмкін емес деген қарапайым тұжырымы бүгінде афоризмге айналды. 
Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, 
«əлемдегі нəтижесі жоғары білім беру ұйымдары жұмысындағы сапалы өзгерістерге 
қол жеткізудің бірден бір факторы педагогтарды дамытуға қажетті жағдайлардың 
жасалуы» дейді.
Бүгінде білім алушылардың өзіндік дамуына ықпал ететін көшбасшы 
педагогтардың маңызы зор. Білім алушылардың нəтижелерін қамтамасыз ететін 
оқыту жүйесінде педагогтар тарапынан оның құрылымдары мен мазмұнын
əдістемесін қамтитын ұйымдастырушылық өзгерістер қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет