Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Көшбасшылық роль атқаратын директорлар мектеп жағдайында



Pdf көрінісі
бет68/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Көшбасшылық роль атқаратын директорлар мектеп жағдайында 
педагогтардың кəсіби дамуына көңіл бөледі. Өйткені білім берудің нəтижеге 
бағытталған сипат алуы педагогтарға жаңа талаптар қояды. Оның жаңа ақпаратты 
оқушыға түсіндіруші, оқытушы ролінің орнына тьюторлық, менторлық тұрғыдағы 
білім алушыны мотивациялау, кеңес беру сияқты жаңа қарым-қатынас деңгейі қажет 
болады. Мұғалімнің кəсібилігі оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерімен қатар оның өз білімі 
мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бүгінгі педагогты 
кəсіби біліктіліктің, өз-өзін дамытудың жаңа сатысына жеткізу үшін оларды дамыту 
жолдары түбегейлі өзгеруі тиіс.
Əлемдік білім беру тəжірибесімен ендіріліп жатқан оқытудың жаңа тəсілдері 
мұғалімдердің кəсіби біліктілігін артыру жүйесінің де өзгеріп, педагогтардың де 
көшбасшылығын қалыптастыруға бағытталуда. Бұл педагогикалық əрекеттерді 


97
сапалы жəне түбегейлі өзгертуге, жаңа жобаларды белсенділікпен жүзеге асыруына 
мүмкіндік жасайды. Педагогтарды жаңа жобаларға қатысуы оларды ізденіске, 
өздерінің зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, білім беру мазмұнын жаңартуға ықпал 
етеді. 
XXI ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: əлі ашылмаған қазына» атты 
ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық комиссияда жасалған Жак Делордың 
баяндамасында қазіргі білім берудің сүйенетін төрт тұғыры бар, олар: «танып үйрену; 
жасап үйрену, бірлесіп өмір сүруді үйрену, өмір сүруді үйрену» деп белгіленген. 
Бұлар ғаламдық құзыреттіліктер ретінде анықталып отыр. Жак Делордың айтуынша, 
олардың бірі – «жасап үйрену деген тек кəсіби біліктілік алу үшін емес, одан 
əлдеқайда кең мағынадағы, өмірдегі түрлі жағдайлардан жол табатын, басқа 
адамдармен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерге ие болу».
Қазіргі педагогтарға қажетті сапалар, атап айтқанда, қарым - қатынас жасай 
алу; адам ресурстарын дамытуға қабілеті; шығармашылық қабілеті; өз бетімен білім 
ала білуі өзінен өзі қалыптаспайды. Кəсіби дамытуды біліктілігін арттыру 
курстарында ғана емес, мектепте тиімді ұйымдастыру арқылы рефлексияға қабілетті, 
өз ісіне есеп бере алатын, ізденімпаз ұстазды дамытуға болады.
Мектеп директоры педагогтарды дамыту үшін жұмыс орнында мақсатты 
оқыту, тұлғалық дамыту тренингтері, өз əрекеттерін басқару қызметтерін 
ұйымдастырады. Ондай əрекеттер педагогтарды рефлексия жасаушы практик ретінде 
қарастыруға қарай бағыттап, педагогикалық ұжымды рефлексия жасаушы кəсіби 
мамандар қоғамдастығы ретінде өзгерте алады. Ұжымдағы адамдар тиісті 
міндеттерді орындау үшін бірге жұмыс жасауы керек, өйткені олар ішкі процестерді 
қозғалысқа келтіреді, сол арқылы адамдар өздері айналысып жатқан жұмысты 
жетілдірудегі жаңалықтарды, жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуді үйренеді.
Педагогтарды коучинг жүйесі арқылы оқыту. 
53T
Бүгінгі түсініктерге сай, 
коучинг (ағылш. соасhing – жаттықтыру, оқыту, бағыттау), яғни, адамға өзінің 
жеке мақсаттарын айқындау мен оған қол жеткізуге кəсіби көмек деп танылады. 
Соған сай, к
оуч (
соасh) – маман, кəсіби білімін жақсартатын əріптестерге 
көмектесетін эксперт, нақты тақырыптық контексте жағдай жасай алатын білік пен 
дағдыны, үйренуші өзі қажетті əрекеттерді түсініп, қажетті нəтижеге қол жеткізуге 
мүмкіндік беретін амалдарды анықтайды.
53T
Білім берудегі коучинг – педагогтарды кəсіби оқыту арқылы педагогикалық 
ұжымдардағы əріптестердің өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен жəне 
белсенді жүргізу үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тəжірибелерін 
бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу іске асырылады. Тұлғалық жəне кəсіби 
дамыту, білім беру сапасын жетілдіру жəне оны одан да жоғары деңгейге көтеру 
мақсатындағы рефлексивтік пікірсайыстарда педагогтардың кəсібилігі мен 
тəжірибесін жетілдіреді.
Сонымен қатар, білім берудегі коучинг – кəсіби тақырып немесе жеке 
мəселелер бойынша жоғары құрылымды жеке немесе ұжымдық кеңес беру əдісі 
ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда білім алушы мүмкіндігін ашады жəне 
тиімділігін жоғарылатады. Коучинг оқытпайды, оқытуға көмектеседі. Коучинг білім 
алушыны оқытуға, дамытуға жəне жетілдіруге жауапты. Бұл – мектеп 


98
педагогтарының əлеуетін жүзеге асыру əдісі. 
Білім алушылар коучингке қатысу арқылы өз мақсаттарына тиімді жолмен тез 
жетеді, өзіндік бағалау, кері - байланыс арқылы, олардың іс-əрекетін жақсартады. 
Коучинг білім беру ұйымы басшыларына, ұйымдастырушы қызметкерлеріне, 
ұжымның қызметінің нəтижелілігін жақсарту; персоналды дамыту; қарым-қатынасты 
жетілдіру; бос уақытының көбеюі; конструктивті иделардың пайда болуы; кəсіби 
шеберлікті жəне адами ресурсты дұрыс пайдалану; киын жағдайларда тез жəне тиімді 
əрекеті; өзгеруге бейімделуі жəне икемділігін артыруда пайдалы əдіс болып 
табылады.
4T
Коуч -педагог тыңдаушыға не керек екенін, оған шындығында осы нəтиже 
қажет пе, нақ осы мезетте нені қалайды, оның мақсаты қаншалықты саналы жəне де 
оған қалай қол жеткізетінін анықтай алуы тиіс.
4T
Коучингтің тікелей нəтижелері ретінде нəтижесінде тыңдаушылар қол 
жеткізетін сапалар төмендегідей белгіленеді: 
4T


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет