Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Педагогикалық ұжымдағы əлеуметтік- психологиялық климат



Pdf көрінісі
бет78/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Педагогикалық ұжымдағы əлеуметтік- психологиялық климат. 
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара 
қатынастың 
деңгейін 
ондағы 
қалыптасқан 
əлеуметтік-психологиялык 
климатпен айқындалады. "Психологиялық климат", "əлеуметтік-психологиялық 
климат" немесе "микроклимат" үғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы 
ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай əлеуметтік-психологиялық 
климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, 
тұлғалық жəне кəсіптік қатынастарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. 
Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық сипатын адамдардың өзара 
қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс 
процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты 
сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды əлеуметтік-
психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-
психологиялық 
ауа-райымен, 
жылы 
шырайлылықпен, 
парыз 
бен 
жауапкершілікті 
құрметтеумен 
өзара 
талапшылдықпен, 
сергектікпен 
ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы 
сергек көңілді екпінге баса мəн берген. Зерттеушілер қоғамдық мақсаттарға 
жауап беретін еңбек адам өмірін рухтандыратынын, еңбек сұлулығы еңбек 
етушінің, еңбек үрдісінің жəне еңбек өнімінің сұлулығы, ол билеуден, спорттан 
рахат алу сияқты еңбек барысынан физикалық рахат алу екендігін, ол үшін 
ұжымшылдық сезімі, үйлесімділік болуы тиістігін анықтайды. [45,24-26] Жайлы 
орта қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы, қоғамдық пікірлері, көңіл-
күйлеріне байланысты орнайды. А.Н. Лутошкин əлеуметтік-психологиялық 
климатты өнімді бірлескен қызметке кедергі келтіретін немесе командадағы 
адамның жан-жақты дамуына ықпал ететін психологиялық жағдайлар 


116
жиынтығы ретінде қарастырады. [46,112] Əлеуметтік-психолоғиялық климат 
ұжым мүшелерінің бірлескен іс-əрекет пен өзара қатынас процесін 
танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін 
білдіреді. Т. М. Баймолдаев басқаруда педагогикалық менеджмент жүйесін 
енгізетін мектептің параметрлерінің бірі ретінде мектептегі психологиялық 
климатты жақсарту керектігін айтады. [1,28] Əлеуметтік-психологиялық 
климатты осылай түсіне отырып, оның мынандай негізгі қызметтерін атауға 
болады. Педагогикалық ұжымның əлеуметтк-психологиялық климатының 
топтастырушылык қызметі ұжым мүшелерінің оқу-тəрбие міндеттерін 
шешуге ұжымдық күш-жігердің топтастыруын, бірігуін іске асырады. 
Ынталандырушылық қызметі педагогикалық əрекеттің қолдануына қажетті 
ұжымның 
"эмоциялық 
күш-қуатын" 
қалыпастыруға 
байланысты. 
Тұрақтандырушылық қызметі ұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, 
ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды. Реттеушілік 
қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тəртібіне 
баға беруде көрінеді. Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің 
интеллектуалдық, сезімдік жəне мінездерінің жігерлілік үлгілеріне тəуелді 
болып келеді. Жеке адамның ұжымға жəне оның əлеуметтік-психологаялық 
климатына ықпал жасайтын негізгі əдістері — көзін жеткізу, сеңдіру, жеке үлгі 
көрсету. Көзін жеткізу адамдардың бағасын, пікіріи, қалыптасқаи мінез-құқық 
нормалары мен ережелерін нақты адамнын - көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне 
сəйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың 
қуатын, қисынмен дəлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес, 
əңгімелесушінің сезіміне де əсер етеді. Сендіру процесінде бір адамның екінші 
адамға немесе тұтас ұжымға əсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады
сендірудің көмегімен педагогикалық ұжымда көңіл-күй қалыптасып, идеялар, 
педагогикалық құндылықтар орнығады. Ұжымдағы жағымды əлеуметтік-
психологиялық климаттың қалыптасуына жеке тұлғаның жасайтын ыкпалық 
тиімді əдісі жеке үлгі көрсету болып табылады, Ол үлгі адамның өз еңбегіне, 
əріптестеріне, ұжымдық пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де 
нақты, ол əрекет пен мінез-құлықтың үлгісін көрсетіп, көңілдегі мен өмірдегіні 
салыстыруға мүмкіндік береді. 
Ұжым ішіндегі психологиялық климат пен оның мүшелерінің өзара 
түсінушіліктері дені сау ұжымның көрсеткіші, жемісті оқу-тəрбие жұмысының 
кепілі болып табылады. [39,281] Əлеуметтік-психологиялық климатты 
қалыптастыруға ықпал ететін жайттар
1. ұйымдастыру-басқару, педагогикалық ұжымның бірлесіп жүргізетін 
қызметі (тəлімгерлік, кəсіби қоғамдастық қызметі т.б.)
2. қызмет орнының жаңа талаптарға сай жабдықталуы (оқу-тəрбие үрдісін 
ұйымдастыруға қажетті құралдар, безендірілу т.б.) Еңбек жағдайының жақсы, 
жаман сипаттары еңбек адамының көңіл-күйіне əсер етеді.
3. педагогикалық ұжымда қалыптасқан дəстүрлер, өзара сабақтастықта 
жалғанып келе жатқан ұжым ішілік дəстүрлердің орын алуы: бірігіп демалыс 
орындарына бару, мерекелік құттықтаулар т.б.) 


117
4. мектеп басшысының ұжымды басқару сипаты, адамдармен қарым-
қатынасы, сөйлеу мəдениеті, өзін-өзі ұстауы, моралдық қасиеттері, сенімі, 
жоғары біліктілігі, басқару этикасы, басқару стилі, беделі жеке тұлғалық 
ықпалға ие. Басшының жеке тұлғалық ерекшеліктері топтық атмосфераға, 
жұмыс нəтижелеріне тікелей əсер етеді.[47,34]
5. педагогикалық ұжым мүшелерінің бір-біріне ықпалы, бұл жерде 
көшбасшылықты айтуға болады. Əділ, адал, белсенді, жауапкершілікті 
көшбасшылар артынан басқаларды ерте білумен қатар жұмыс ортасында 
қолайлы психологиялық жағдай жасайды. 
6. педагогикалық ұжым ішінде құрылған шағын жұмыс топтары, зерттеу 
топтары, шығармашылық жұмыс топтары т.б. ұжымдық көңіл-күйге жоғары 
деңгейде ықпал етеді. Осылай педагогикалық ұжымның жеке мүшелерінің 
сенімі, сендіруі, жеке үлгісі де ықпал етеді. 
7. материалдық-тұрмыстық жағдайлар. 
8. педагог қызметкерлерге қойылатын талаптардың бірыңғайлығы. 
9. педагогикалық ұжымның даму перспективалары.
Педагогикалық 
ұжымда 
əлеуметтік-психологиялық 
климатты 
қалыптастыру жолдары: педагогикалық этика талаптарын сақтау; ұжым ішілік 
жазылмаған «ережелердің» (адамгершілік нормаларға байланысты) орнығуы; 
бірлескен зерттеу топтарының жұмысы арқылы орнығатын серіктестік, 
педагогтың қолдауды сезінуі; түрлі іскерлік, көңіл-күй, қарым-қатынасқа 
байланысты тренингтерді ұйымдастыру; тəлімгерлік жəне коучинг жүйесін 
қалыптастыру; жұмыс орнының физикалық ортасын құру, оған жататындар: 
жұмыс орнының безендірілуі, қажетті жабдықтармен жабдықталуы. 
Жабдықтауда түстердің сəйкестігі адамның өзін сезінуіне түрліше ықпал етеді. 
Арнайы зерттеулер көрсеткендей ақ жəне ақ-сары түстерді таңдау маңызды. 
Түстерді таңдау жұмыстың сипатына да байланысты. Монотонды жұмыс 
сипатында мысалы, қызыл-сары түстер тиімді. Адамның жұмыс барысындағы 
психикалық жағдайына атмосфералық жағдайлар да ықпал етеді: жылу, ауа 
құрамы, қысым, ауа қозғалысы, т.б. Жылу ұйқыға, сергектікке ықпал етеді. [39, 
313-314] Ұжым мүшелерін арнайы психологиялық дайындау арқылы өзара 
түсінушілік 
пен 
жақсы 
қарым-қатынасты 
қалыптастыру 
жүзеге 
асарылады.[43,583]
Педагогикалық ұжымдағы түсінушілік, өзара ықпалдастық жүйесінің 
қалыптасуы, əріптестік байланыстар, жағымды қарым-қатынас ортасының 
құрылуы, қолдау көрсетілу жұмысқа деген белсенділікті арттырып қана қоймай 
еңбек рахатын сезінуге де өз əсерін тигізеді. Осыны ескере отырып қазіргі 
мектеп басшысы жағымды психологиялық ортаны құру жүйесін қалыптастыруы 
шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет