Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет80/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Бірінші топ - кəсіптік-педагогикалық əрекетті мақсатқа жетуге кедергі 
келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кəсіптік 
келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, 
мұғалімдердің əрекет мақсатын түсінбеуінен жəне өз ісін жете білмеуінен 
туындайды.
Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай 
келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық пен іс-əрекеттің ұжым мүшелерінің бір-
бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз 
əріптестеріне жəне оқушыларға көрсеткен əдепсіздігі, кəсіптік этика 
нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау жəне т.б. түрінде көрініс 
береді.
Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен 
темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сəйкессіздіктен туындайтын 
келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен 
пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс 
өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды. М.М.Рыбакова педагогикалық 
шиеленістердің ерекшеліктеріне мыналарды жатқызады: 
1. келіспеушілікті педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешу үшін мұғалімнің 
кəсіби жауапкершілігінің болуы; 
2. келіспеушілік жағдайында оған қатысушылар жасының, өмірлік 
тəжірибесін айырмашылықтарын ескеру; 
3. оқиғалардың себептерін түрліше түсіну, мысалы «мұғалім көзімен», 
«оқушы көзімен»; 


119
4. шиеленіс кезінде басқа оқушылардың болуы салдарынан бұл жағдайда 
шиеленіс тəрбие көзі бола алады; 
5. шиеленісті шешуде мұғалім кəсіби маман ретінде оқушы тұлғасына 
басымдық берумен шешуге мүдделі болуы тиіс; 
6. педагогикалық шиеленістерді сəтті шешуге мүдделі болу т.б.[42,53] 
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды əрекеттердің бірізділігінен 
тұрады: 
- келіспеушіліктің алдын алу;
- пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою;
- келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; 
- келіспеушіліктің түйінін шешу. 
Келіспеушілікті алдын алу кезінде сол адамның неге осылай 
жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан 
келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы ткіс, сондықтан ол келіспеуші 
жақтарды ашық əңгімеге тартып қалыптасқан жағдайды бірге талдап, 
талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке əңгімелесіп, 
келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан 
дайындауы тиіс. Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін 
болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны 
мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған 
жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым 
мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды шектеу 
туралы шарт қойылуы мүмкін. Кəсіптік келіспеушіліктер енбек жағдайын, оқу-
тəрбие үрдісін өзгерту, мектеп жұмысының тəртібіне түзету енгізу арқылы 
реттеледі. Тұлғалық сəйкессіздіктен туындайтын келіспеушілікті жою күрделі 
сипат алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлерді 
мойындататындай шешім қабылдайды.
Р. С. Немов «Психология» оқулығында қақтығысты жағдайда адамдардың 
мінез-құлқының бес тəсілін көрсетеді (К. Томас ұсынған): ынтымақтастық, 
мəмілеге келу (компромисс), қақтығыстан қашу, шет қалу (бейімделу) , 
бəсекелестік.
Ынтымақтастық – қақтығыстарды ғана емес келіспеушіліктердің 
тууына жол бермейтін мінез-құлық формасы. Егер келіспеушіліктер орын алған 
жағдайда екі жақ та біріге отырып оны шешу жолдарын іздестіреді.
Мəмілеге келу бір-біріне жол беру арқылы екі жақ бірлесе отырып, 
келісімге келеді. Қақтығыстан қашу, туындаған жағдайдан басын аулақ салу 
деген сөз.
Шет қалу (бейімделу), туындаған келіспеушілікті жағдайлармен 
күресуден бас тартып, қақтығысты басқа адамның еншісіне шешу. 
Бəсекелестік- екі жақ та өз есесін жібермейтін жағдай, яғни 
«беріспеу».[43, 578-579].Мектеп басшысы шиеленістердің туындау себептерін 
оларға ықпал еткен факторларды, себеп болған ақпаратты, қарым-қатынастар 
мен адамдардың мінез-құлықтарын анықтауы шарт. Педагогикалық ұжым 
ішіндегі жұмыс топтары арасындағы қақтығыстардың орын алуы көп жағдайда 


120
ресурстарды бөлу, мараптаттар, жазалу мəселелеріне байланысты туындауы 
мүмкін болса, аға мұғалімдер мен жас мұғалімдер арасында білім беру 
мекемесінде орныққан қалыптасып келе жатқан дəстүрлерге, нормаларға 
(кəсіби құндылықтар, жұмысты орындау, қоғамдық жүктеме т.б.) байланысты 
жəне сондай-ақ адамдарың мінез-құлықтарында менмендік, тəкаппарлық, 
жауапсыздық орын алуынан да туындауы мүмкін. Ал егер мектеп басшысының 
жалпы педагогикалық ұжым мүшелеріне қатысты əділетсіздігі байқалса, ол 
тікелей шиеленістің тууына əкелетін жайт. Осы аталған себептер адамның ар-
намысына тиіп, реніш түріндегі реакциясын туғызады.Міне, психологиялық 
тұрғыдан алғанда түсінбеушілік жағдайдың дамуы осындай болып келеді. 
Осылай бітпейтін шеңбер түзіліп, одан шығудың жалғыз жолы сол 
қақтығыстың бастамасы адамдардың бірін-бірі ренжіту мақсатында емес, 
түсінбеушіліктен туындағынын саналы түрде ұғынулары керек. Осылай 
туындаған қақтығыстарды шешудің бірнеше жолдары бар. Біріншіден, басқа 
адамның іс –əрекетіне жауап бермес бұрын ол адамның неге олай жасағанын 
анықтау керек. Əсіресе ұжым басшысы. Екіншіден, қақтығысқа түскен екі 
жақтың бір-бірімен тікелей байланысын ояту керек, сол байланыс арқылы олар 
бетпе- бет мəселені шешуге əрекет етеді.[43,580] Бұл мектеп басшысынан 
қақтығысты шешу мақсатында осы қақтығысқа түсіп отырған екі жақтың əр 
мүшесімен жеке жұмыс жасауды, сөйлесуді, пікірлерін тыңдауды, ойларымен 
бөлісуді жəне алдын-ала оларға жағымды психологиялық ахуал туғызып, бір-
бірімен кездесуге дайындауды талап етеді. Басшы тарапынан шиеленісті 
шешудің құрылымдық əдістеріне жататындар:жұмысқа деген талаптарды 
түсіндіру;үйлестіру 
жəне 
ықпалдастыру;мақсатқа 
жету 
үшін 
оған 
қатысушылардың күштерін бағыттау;ынталандыру: сыйақы жүйесін құру; [44] 
Егер 
басшы 
ынталандыру, 
ұйымдастыру, 
реттеу, 
ақпараттандыру 
функцияларын дұрыс орындайтын болса шиеленістердің туындау себептерінің 
алдын алады. 
Педагогикалық ұжым ішінде орын алатын шиеленістер жұмыс сапасына 
ғана емес, тұлғааралық байланыстарға да кері əсерін тигізеді. Сондықтан басшы 
педагогикалық 
менеджмент 
талаптарына 
сай 
еңбек 
ұжымының 
ұйымшылдығының, бірлігінің қалыптасуына, педагогтардың кəсіби өсулеріне 
жағдай жасау жүйесін қалыптастыруы керек. Сауатты, əділ басшының 
шиеленісті шешу тактикасы арқылы оған қатысушылар шиеленіс себептерін 
түсініп, ондай жағдайларды болдырмауға мүдделі бола бастайды. Осылай ақыл-
парасатпен басқарылатын басшылық нəтижесінде педагогикалық ұжым 
мүшелері кəсіби, тұлғалық дамудың жоғары сатысына өтетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет