Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер жəне оны шешу



Pdf көрінісі
бет79/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер жəне оны шешу. 
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын 
факторлардың катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттық 
ауытқуды" атауға болады. Əлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген 
мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын 


118
карама-қайшылықтың шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық 
ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық 
келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-əрекеттің 
мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің əдістері мен құралдары 
туралы əртүрлі пікірде болады. Ұжымда қалыптасатын əлеуметтік-
психологиялық климатқа байланысты жəне тұлғааралық қатынастар жүйесінің 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
келіспеушіліктер 
орын 
алады. 
Ондай 
келіспеушіліктердің себептері де жағдайларға байланысты əртүрлі болып 
келеді, мысалы, көзқарастардың əртүрлілігі, жұмысты орындау барысынан 
туындайтын түсінбеушіліктер, жауапсыздық, т.б. Орын алатын қақтығыстарды 
шешу педагогикалық ұжым мен оның мүшелерінен кəсібилікті талап етеді. 
Педагогикалық іс-əрекеттегі қақтығыстарды зерттеушілер: Б.С.Алишев, 
И.М.Вереникина, Р. С. Немов, Э.И.Киршбаум, М.М.Рыбакова, Л.В.Симонова 
жəне т.б. зерттеушілердің пікірлері бойынша тұлғааралық қақтығыс адамның 
ішкі сезімінің келіспеушілігінен пайда болған, шешімі əлі табылмаған мəселе, 
жағдайдан туындаған тұлғаның реніші. Келіспеушіліктер əртүрлі себептердің 
салдары 
болуы 
мүмкін. 
Педагогикалық 
ұжымдағы 
тұлғааралык 
келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық əрекет процесінде орныққан өзара 
байланыстың бұзылуына байланысты туындайды.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын 
бөліп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет