Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


) Кəсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар-



Pdf көрінісі
бет87/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Байланысты:
pedmen1

2) Кəсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар- кəсіби желілік 
қауымдастықтағы мұғалімдердің өзара тəжірибе алмасу, біліктерін жетілдіру 
бағытындағы біріккен жұмыс шаралары. Ол шаралар қауымдастық жоспарына сай 
жүргізіліп, нəтижелері арнайы желілерде тəжірибелік ұсыным негізінде 
таратылады. Бірлескен іс-шараларға: сауалнамалар, бірлескен оқу күндері, коучинг, 
семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, басқа мектептермен желілік байланысқа 
шығу, интернет-конференция ұйымдастыру,əдістемелік дидактикалық əзірлемелер 
сайыстар т.б.жатады. 
Желілік қауымдастықта өткізілетін бірлескен шаралар əріптестердің өзара 
сеніміне, мəселелермен бөлісуге, басқалардың пікірімен келісуге, бірігіп зерттеу 
жұмыстарын жүргізуге, кəсіби кеңес, кəсіби көмек алуға, өзіне сенуге, кəсіби өсуіне 
ықпал етеді. 


128
3) Жоспар бойынша басқа мектептерге жұмыспен бару, оқыту 
мақсатындағы сапарлар. 
Қауымдастық жоспарына сай белгіленген іс шараларды жүзеге асыруда өзара 
тəжірибе алмасу, біріккен тəжірибелерді жүргізу, өзара оқыту мақсатында 
əріптестер өзара əрекеттеседі. Мұғалімдер басқа мектептегі пəн мұғалімдерімен өз 
білім деңгейін салыстырады, іздену жұмыстарымен шұғылданады, өзара білім 
алуға, тəжірибені бірлікте қарауға, өзара ақпарат алмасуға қол жеткізді жəне 
шешілмей келе жатқан мəселелерді шешуге, жаңа идеялармен алмасуға, кəсіби 
деңгейін зерделеуге үйренеді. Оның негізгі көріністері: семинар-практикумдар. 
Семинар арқылы мəселенің теориялық мəні талқыланса, практикум барысында оны 
тəжірибеде қалай шешу немесе қолдану жолдары көрсетіледі. 
4) Бірлескен тренингтер мен тəлімгерлік (менторинг). 
Тəлімгерлік, ағылшынша «mentoring»- ұзақ уақытқа созылатын, тəлімгерлер 
(тəжірибелі педагог) мен тəліп (тəжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке 
тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі.[50, 67] Менторинг үдерісінің 
негізгі мақсаты - тəлім алушыны кəсіби даму жолында өз бетінше жəне асқан 
жауапкершілікпен өзіне жүктелген кəсіби міндеттерді орындай алатын деңгейге 
жеткізу. [55,40] Тəлімгерлік арқылы педагог өзінің білімі, іс –тəжірибесін, ойлауын 
жетілдіреді, əріптестерге жүйелі қолдау жасалады.Тəлім алушылармен 
менторингтер өткізіледі.Тəлімгерлік екі адамның арасында оқу қатынасын құруға 
жəне түйінді дағыдыларды дамытуға бағытталған. Тəлімгер мұғалімге мəселелерді 
анықтауға, одан шығу жолдарын бірігіп іздестіруге, мақсат қоюға, оған жету 
жолдарын іздестіруге, жоспарлауға жəне оқыту үрдісін ұйымдастыруға байланысты 
белсенді тыңдай білу, сұрақ қою, топтармен жұмысты ұйымдастыру, оқыту 
əдістерін оңтайлы қолдану, қарым-қатынасқа түсе алуға көмектеседі, кеңес береді, 
бағыттайды. Тəлімгерлік мынадай жүйе бойынша жүргізіледі: мұғалім (тəліп) 
оқушыларды оқыту мақсатын анықтайды, қалыптастырушы деректер жинақтайды, 
бақылау барысы бойынша оқу стратегияларын қолдану мүмкіндігін, оқушылардың 
реакцияларын, кері байланыс сұрақтарын қарастырады, кері байланыс пен келесі 
əрекеттерді жоспарлайды. Тəлімгерлік тəжірибе мұғалімге жоспарлы түрде 
көмектесіп, кəсіби дамуына бағдарлайтын, оның педагогикалық өсуіне ықпал ететін 
үрдіс болып табылады.
Тренинг (ағылшын тілінен аударғанда train, traininq- «тəрбие, оқыту, 
дайындау, жаттығу»)- жұмыстарды ұйымдастыру жəне өткізу технологиясы. 
Тренер – тренингті жүргізуші адам, ол нағыз «жаттықтырушы», өйткені ол 
əріптестерге кəсіби білімді жүзеге асыру қабілетін игеруге көмектеседі. Тренер – əрі 
оқытушы, əрі бапкер ,əрі психолог аудиториямен жұмыс істеудің шебері болуы 
тиіс. Себебі ол семинар- тренингке қатысушы əрбір педагогтың талап-тілегі мен 
қажеттіліктерін танып отыруы тиіс. Ол аудиторияны белгілі бір мақсатқа ұйыта 
алады, барлығын бір кісідей, бірлесе жұмыс атқаруға бағыттай біледі.Семинар-
тренинг – бұл тренинг əдісі педагогтарға жаңа ақпаратты, жаңа білімді, біліктілікті 
игертудің тиімді түрі, ол адамға ақпаратты беріп қана қоймайды, сол ақпаратты 
игеріп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Семинар-тренинг барысында 
педагогтар жаңа ақпаратты бірлесіп талқылайды («семинар») əрі практикалық 


129
жаттығулар негізінде алынған білімді іс жүзіне асырудың жолдарын қарастырады 
(«тренинг»).
Тренингті ұйымдастыру кезеңдері:тренингтің мақсатын айқындау, бұл 
ретте алға қоятын мақсаттарды SMART өлшемдеріне (критерийлеріне) сəйкес 
айқындаудың маңызы зор. Мысалы, тренинг өткізу арқылы педагогқа оқу үрдісін 
реттеудегі қалыптастырушы бағалау машықтарын үйрету; тренингтің міндеттерін 
белгілеу, мақсатты айқындаған соң, тренер сол мақсатқа жету жолындағы нақты 
міндеттерді белгілейді. Олар: тренинг өтетін жерді белгілеу, тренингке 
қатысушыларды іріктеу, ресурстарды айқындау, тренингті өткізу, рефлексия 
жүргізу;тренингтің кіріспе бөлімі, қатысушылармен танысып, тренинг ережелері 
бекітіледі, күтілетін нəтижелерді айқындайды; тренинг барысы, тренингтік 
жаттығулардың жүргізілуі. мысалы, «Тыңдаушы жұптар» ,«Қағаздарды жинақтау», 
«Менің күшті жақтарым» жаттығуы, «Кеден» жаттығуы,«Ұстаз бен ұстаз 
арасындағы қарым-қатынас» жаттығуы,.«Біздің ұйымшыл топ» жаттығулары т.б.; 
рефлексия. 
Семинар-тренинг барысында кейбір интерактивті тəсілдер: «миға шабуыл», 
пікір алмасу, шағын топтардағы жұмыс, ойындар қолданылады. Тренинг əр 
педагогтың өзін, өз мүмкіндігін көрсете алуына, өз ойын толық жеткізе білуге, басқа 
əріптестерін түсінуіне жəне бірлесе отырып ортақ мəселені шешуге мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет