125
заңды иегері» мағынасында қолданған болатын. [51]
Стейкхолдерлер теориясы-
стейкхолдерлердің мүдделерімен ұйымның даму стратегияларын түсіндіретін жəне
қалыптастыратын менеджмент теориясы. Осы тұрғыдан алғанда білім беру
саласындағы стейкхолдерлер қауымдастық жұмысының мақсатына сай бірлескен
жұмысты ұйымдастырады. Стейкхолдерлер 1980 ж. бастап кең таралды, олардың
шығуы Э. Фрименнің «мүдделі тарап» концепциясының
тууымен байланысты
болды. Осылай стейхолдерлер компания жұмысында негіз алып, бүгінгі күні оның
саласы кеңеюде.
Стейкхолдер (ағылш.
stákeholder), ұйымның немесе жүйенің жоспары
жетістігіне мүдделі тарап деген сөз, яғни жүйенің қажеттіліктері мен күтілетін
нəтижелерін қанағаттандыратын, сол жүйеге қатысты үлеске, құқыққа, талаптарға
ие ұйым қызметіне мақсатты түрде ықпал ете алатын адам немесе ұйым, команда.
Стейкхолдерлер- «мүдделі тараптар», «қатысушы тарап», «қызығушылық
танытушы жақ», «ықпал етуші топ», «қызығушылық танытатын топ», «мақсатты
аудитория» ұғымдарына синонимдес ұғым. Стейкхолдерлер
тұжырымдамасы
негізінде білім беру мекемелерін басқару үрдісі мынадай басқарушылық
функциялардың
орындалуын
қарастырады:
жоспарлау,
ұйымдастыру,
ынталандыру, реттеу, бақылау. Стейкхолдер-менеджмент мына
кезеңдер арқылы
жүзеге асады:
1 кезең –
стейкхолдерлер тобын анықтау. Олар мектеп жүйесіндегі
əлеуметтік серіктестікке мүдделі жақтар, яғни сыртқы білім стейкхолдерлері:
жергілікті басқару органдары, білім беру ұйымдары,
жоғары оқу орындары, орта
кəсіптік техникалық білім беру ұйымдары жəне жоғары сұранысты талап ететін
мемлекет, қоғамдық ұйымдар,білім беру мəселелерімен ақпараттандыратын
мерзімді баспасөз, еңбекпен қамту агентіктері, қамқоршылық кеңес.(
сызба 1.) Ішкі
стекхолдерлерге: оқушылар жəне
олардың ата-аналары, педагог қызметкерлер,
білім беру ұйымының əкімшілік аппараты мектеп түлектері жатады.
Стейхолдерлермен жұмыс маңызды орынға ие, себебі
олардың қоғамдық пікірді
қалыптастырады, сол арқылы білім беру ұйымының қоғамдағы беделі мен орны
айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: