124
Екіншіден, инновацияға жақын болу, мұғалімнің саналы ойлануы
шығармашылық ізденіс пен белсенділікке əкеледі. Өз қызметін жаңа бағытта, жаңа
талаптарға сай құруға бағыттайды.
Үшіншіден, оқу-тəрбие үрдісін жетілдіруге байланысты əріптестермен бірігу.
Өзара іс тəжірибе алмасу, орын алатын мəселелерді бірігіп (алқалық) шешу,
біріккен шараларды ұйымдастыру т.б.
Төртіншіден, кəсіби даму кеңістігін кеңейту. Білім берудің басқа жүйелерімен
байланыста болу, белсенді интеракцияны дамыту.
Бесіншіден, мұғалімдердің зерттеулерді белсенді жүргізуі, басқа мектептердің
мұғалімдерінің тəжірибесіне жұмыс нəтижелеріне қызығушылық танытуы арқылы
олар өздерінің кəсіби зияткерлік өсуін жетілідіріп, тəуекелге баруға дайын болады.
Алтыншыдан, қауымдастықты құруға басшылық тарапынан қолдау көрсетіп,
жағдай жасалса оның жұмысы табысты болады.
Жетіншіден,
кəсіби
қауымдастық
жергілікті
қажеттіліктер
мен
басымдылықтарды біріктіреді.
Сегізіншіден, кəсіби қауымдастық мүшелері өздері білім алып, алған
білімдерімен басқа жергілікті кəсіби қауымдастықтармен бөліседі.
Тоғызыншыдан, жергілікті билік органдары қауымдастық қызметіне қолдау
көрсетеді.
Оныншыдан,
кəсіби
қауымдастық
мұғалімдердің
өзара
оқуына,
ынтымақтасуға, инновациялар енгізуге, зерттеу нəтижелерін жұмыс барысында
қолдануға ықпал етеді.
Кəсіби қауымдастық жаңа идеялар мен тəжірибелерді шоғарландырады;
Қауымдастық жұмысындағы жобалар шағын командалардың көшбасшылары
ретінде көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік бере алады. Кəсіби
қоғамдастық басшылары мен мектеп директорлары үйлестіруді жəне
жауапкершілікті кəсіби қоғамдастыққа кіретін барлық мектептердің бірқатар
адамдарына жүктеп, олар қосқан үлестерінің құнын бағалауға тиіс.
Сонымен, мұғалімдердің желілік қауымдастығысыртқы ортамен өзара
əрекеттесу арқылы кəсіби дамуды, хат алмасу, кездесу, пікіраламасу, келісу
негізінде бірлескен шараларды өткізу арқылы ортақ мақсатқа біріккен жалпы
мұғалімдердің бірлестігі, өзгерткіштік əлеуеті бар ұйымдастырушылық нысан.
Достарыңызбен бөлісу: