1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет58/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
тұлғаның даму құралы ретінде оның ойлау мҽдениетінің ең маңызды 
кҿрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады [1]. 
Сҿйлеу қызметі деп адамның тілді қатынас үшін пайдалану үдерісін 
атаймыз. Қызмет жүйесінде тілдің алар орны түрлі болуы мүмкін: бақылау 
құралы ретінде кҿрініс табады, алған нҽтижені белгіленген мақсатпен 
салыстыру. Тіл психология тұрғысынан кез келген басқа қызметпен тепе-тең: 
оның белгілі мақсаты бар, себепке негізделеді, белгілі бағдары, бағдарламасы 
жҽне операциялар жүйесі бар, ҽрекеттер үдерісі мен нҽтижесіне бақылау 
жүргізіледі, ол тіл белгілерін құрал ретінде пайдаланады. 
Ҽрбір тілдік ҽсер алдын-ала жоспарланған ҿзгерістерге, яғни адамның 
ҽлемге деген қарым-қатынасының жүйесіндегі ҿзгерістерге тіреледі. 
Негізінде, сҿз, ҽсіресе педагогикалық қызметте адамға басқа кез келген 
факторға қарағанда мейлінше күшті ықпал ете алады, ол ойлау, сезіну, 
тұлғаның бүкіл ҽрекет құрылымында маңызды ҿзгерістерге алып келуге 
қабілетті. 
Бірақ тілдік ҽсерді оңтайлы жүзеге асыру үшін белгілі шеберлікке ие 
болу қажет. Бұл шеберлік аталмыш қызметтің нҽтижелерін жүзеге асыруға 
бағытталуы тиіс жҽне ол бір қатар бейімділіктерден, дағдылардан, 
пайдаланылған техникадан құралады. 
Педагогикалық қызметте біз міндетті түрде тілді ҽсер етудің негізгі 
құралдары ретінде пайдалану қажеттілігімен ұшырасамыз, ҿйткені тілдік 
мҽдениет дегенде біз оқу үдерісінің шынайы жағдайында нақты 
педагогикалық міндеттерді барынша нҽтижелілігімен шешуді қамтамасыз 
етуге мүмкіндік беретін тілдік ҽсерді жүзеге асыруға кҿмектесетін тілдік 
құралдарды саналы түрде іріктеу жҽне пайдалану үдерісі деп түсінеміз.
Заманауи ғылыми ҽдебиетте соңғы уақытқа дейін «тіл мҽдениеті» мен 
«тіл дұрыстығы» ұғымдарын теңестіру үрдісі басым болып келді.
Дұрыстық тіл белгісі ретінде ҿте жиі ҿзгеретін нормамен байланысады. 
Мұны тілдің функционалды түрлілігінсіз, оның стилистикасысыз елестету 
мүмкін емес. Мұнда да ол ҽрдайым біркелкі емес. Іскерлік жҽне ғылыми 
стильдерде норма қатаң, ал ҽңгімелесу стилінде нормалар ҿзгереді. 
Публицистік стильде шегіністер болуы ықтимал, дегенмен олар ҽрдайым 
дҽлелді емес. Тіл дұрыстығы бұл жақсы сҿйлеудің жалпы ұғымының қажетті 
құрамдас бҿлігі, оның критерийлерінің бірі. Бұл тілдің бүкіл байлығын 
білумен, логиканы, сҿз мағынасын білумен, қарапайым, қысқа, нұсқа, 
орынды сҿйлей білумен қамтамасыз етіледі [2].
Сонымен қатар «тіл мҽдениеті» ұғымы ҿзінің мағынасына қарай 
«дұрыстық» терминімен сҽйкес келмейді. Ол кҿбінесе тілдік қатынастың 
ҽрбір шынайы жағдайында нақты мазмұнды білдіретін бүкіл тілдік жүйенің 
мүмкіндіктерімен байланысты. Тіл мҽдениеті тілдік қарым-қатынас 
үдерісінде тілдік құралдарды іріктеп, қолдана білуді қалыптастырады, 
оларды тілдік тҽжірибеде пайдаланудың саналы қарым-қатынасын 
қалыптастыруға кҿмектеседі.


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет