АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 теориясы бойынша негізгі авторлардың пікірлерін келтіріп ҿтеміз. Біз
Е.П.Прохоровты публицистика теориясы бойынша ең күшті маманның бірі
деп есептейміз. Оның «Публицист жҽне шындық» (1973) атты монографиясы,
мұнан соңғы осы тақырып бойынша оншақты еңбектер, соның ішінде
ғалымның ҿзінің бірнеше кітабы жҽриялануына қарамастан, біздің
пікірімізше, осы күнге дейінгі теңдесі жоқ бағалы зерттеу болып қалуда.
Тілекке қарсы, автор ең негізгi нҽрсені істемеді, қоғамдық жұмыстың осы
тарауына арналған «Публицистика кҿркем ҿнері» (1984) атты кітабын қоса
алғанда «публицистика» түсінігіне дҽл анықтама бермеді. Бірақ біз зерттеуші
жиі-жиі келтіретұғын жҽне оның докторлық диссертациясының негiзгi
идеясы болған публицистикаға берген жалпы сипаттамасын еске түсіруіміз
мүмкін. Е.П.Прохоров публицистиканы білудің жҽне шығармашылықтың
айрықша түрi деп есептейді. Оның бұл жайлы анық пікірлерінің бірін
келтіреміз: «Адамзаттың тарихи дамуы барысында публицистика шындықты
сҽулелендіру, үгіт-насихат, массаның санасын қалыптастыру сияқты
шығармашылықтың ерекше түрі сипатында қалыптасты» [1]. Ал енді
публицистиканың біртұтас ғылыми концепциясына келетін болсақ, ғалым
«категориялардың ізбе-іздігі (функция – предмет – метод – содержание – форма)» жҿнінде жазады. Г.С.Мельник жҽне М.Н.Кимнің оқу құралы
журналист алдына қойылған шығармашылық міндеттерінің толықтығын ҽрі
дұрыс шешімін қамтамасыз ететін ҽдістер жҽне журналист жұмысы қазіргі
заман технологиясына арналған [2].
Жоғарыда келтірілген, ертеректе басылып шыққан, бірақ сонан бері
публицистика теориясы бойынша айтарлықтай еңбек жарияланбағандықтан,
онымен шектелуімізге тура келеді. Публицистика жайлы негізінен екі пікір
бар: 1) бұл шығармашылықтың айрықша түрі; 2) бұл мазмұны жҽне формасы
ерекше болған ҽдеби жҽне журналистік шығармалар. Біз осы екі анықтама
арасында принципиалды сҽйкес келмеушілікті кҿріп тұрған жоқпыз жҽне
публицистика бұл ынта, қызығушылықпен талдап шығылған жҽне кҿтеріңкі
рухта, ҿзіне тҽн ҿзгеше тіл жҽне стильде жазылған шығармаларда ҿз
сҽулеленуін табатын шығармашылықтың айрықша түрі деп есептейміз.
Біз логика жҽне сезімдер публицистикалық шығарманың ҿзгешелігін
құрайды деп есептейміз. Бұл мҽселені қарап шығамыз. Логика дұрыс пікір
жүргізу формалары һақындағы ілім екені мҽлім. Публицистикада логика
керек пе? Ҽлбетте керек. Онда аудитория үшін жаңалық бар болған (бұл
журналистиканың заңы) кҿпшілікке арнап басып шығарылған шығарма іс
жүзінде, оның жҽрдемінде ақпараттық аудитория осы жаңалықты білетін
ашық білу ҽдісі болып табылады. Сондықтан да публицистикалық шығарма
білу логикасын, сондай-ақ зерттеу логикасын ҿз ішіне алады. Білу бҽрінен
бұрын логика, логикалық пікір жүргізу, ой-пікірдің ізбе-ізділігі болып
табылады. Мұнан тыс публицистика ашық-айдын білім, яғни кҿпшілікке
арналған білім есептеліп, онда егер осылай айту мүмкін болса, публицист
тарапынан оңайластырылған, кең бұқара үшін түсінікті логика ҽрекет етеді.