Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 93
Тактикалық операцияның элементтері:
− тергеу әрекеттері;
− жедел-іздестіру шаралары;
− ұйымдастырушылық-техникалық шаралар;
− құжаттық ревизиялар;
− қылмыстарды тергеу процессінде бұқаралық ақпараттар құралдарын
пайдалану бойынша шаралар;
− қоғамның көмегін пайдаланумен байланысты шаралар;
− қылмыстық сот-жүргізу саласына тартылған тұлғаларға тергеушінің
тәрбиелік әсер етуі;
− қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар.
Кез келген тактикалық операцияның міндеті белгілі бір тактикалық міндетті
шешу болып табылады. Бірақ тактикалық операция мен тактикалық міндеттердің
мақсаттарын теңестіруге болмайды. Мақсат – бұл соңғы нәтиже емес, операцияның
жалпы бағыты. Тактикалық міндет бірнеше тактикалық операциялар жүргізу
жолымен шешілуі мүмкін.
Тактикалық операциялардың құрылымында маңызды орынды жедел-іздестіру
шаралары алады. Таткикалық операцияларды жүргізуге қоғам өкілдері де
тартылуы мүмкін.
Тактикалық шешімді дәлелдемелік және басқа да мәліметтерді талдау негізіне,
өзінің ішкі сеніміне сүйенген тергеушінің жекелеген тактикалық әдістердің,
комбинациялардың, операциялардың, сондай-ақ жеке тергеу әрекеттерінің белгілі
бір нақты ахуалда неғұрлым тиімділігі туралы тұжырымы деп анықтауға болады.
Тактикалық шешімді тергеушінің процессуалдық шешімінен ажырата білу
қажет. Процессуалдыққа қарағанда тактикалық шешім төмендегідей бола алады:
− процессуалдық құжат түріне енбеуге;
− қаулы түріне енетін процессуалдық шешіммен ұштасатын;
− сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша, бірнеше қылмыстық істер
бойынша, оның ішінде әртүрлі тергеушілердің өндірісіндегі істер бойынша
қабылданатын;
− тек дәлелдемелік мәліметтер негізінде ғана емес, сонымен қатар, жедел
жолмен алынған мәліметтерді де қолданып қабылданатын;
− жедел қызметкерлердің, ішкі істер органдары басшыларының қатысуымен,
бірақ тергеушінің процессуалдық қызметіне араласпай жасалатын;
− тек тергеу әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушылық-
техникалық шараларды жүргізуді қарастыратын, сондай-ақ анықтау органдарына
жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде кез-келген жағдайларды анықтауға
тапсырма беруді көздейтін;
− өз-ара әрекеттестік жасайтын ішкі істер органдарының әртүрлі бөлімдерінің
қызметкерлерінің, басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұжымдық
жұмысының нәтижесі ретінде.
Таткикалық шешімдер көлемі бойынша әртүрлі бола алады, және тактикалық
амалдарды, тактикалық комбинацияларды, тактикалық операцияларды қамтуы
мүмкін.