Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 91
Жалпы ережелеріне келесілер кіреді: криминалистикалық тактика және жалпы
тактиканың түсінігі, мазмұны, міндеттері; басқа ғылымдармен, сонымен бірге
криминалистиканың басқа тарауларымен байланысы, сипаттамалары.
Екінші бөлімде нақты тергеу әрекеттерін жүргізудің амалдары мен әдістері
қарастырылады.
Қазіргі кезде криминалистикалық санаттарға қазақстандық ғалым-
криминалисттер де көңіл бөлуде, оны біз Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ғылыми Академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы,
профессор, полиция генерал-майоры Т.А. Кулибаевтың: «Криминалистические
категории в расследовании преступлений» еңбегінде жан-жақты қарастырғанын
айтамыз. [2]
Сонымен, біз барлық аталмыш еңбектердің біліміне негізделе отырып,
криминалистиканың келесідей санаттары бар екенін көреміз. Алдымен
криминалистикалық амал /криминалистический приём/ деген санатқа тоқталайық.
Криминалистикалық амал дегеніміз – қылмыстарды тергеу және тойтару кезінде
дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және қолдану барысындағы әрекет етудің
барынша /мейілінше/ орынды және тиімді тәсілі және осы әрекеттерді жүзеге
асыратын тұлғаның /тергеуші, анықтаушы және т.б./ ең тиімді мінез-құлығының
бағыты.
Криминалистикалық амал – технико-кримнилистикалық және тактика-
криминалистикалық болып бөлінеді.
С.И. Ожеговтың орыс тілі сөздігінде: Санат /категория/ - шынайылық
құбылыстарының біршама жалпы сипаттар мен байланыстарын білдіретін ғылыми
ұғым, мысалы, сан мен сапа санаттары. [3]
Криминалистикалық тактиканың - орталық түйіні /ядросы/ – тактикалық амал
деген, Александр Яковлевич Гинзбург – әйгілі қазақстандық ғалым-криминалист.
Криминалистика ғылымында тактикалық амалдардың әртүрлі жіктелулері
берілген.
Оларды былайша бөлсе де болады: қарапайым – бір ғана әрекеттен тұрады
(мысалы, жауап алу кезінде күдіктіге белгісіз дәлелдемені күтпеген жерден
көрсету), күрделі – бірнеше сатылардан немесе әрекеттерден тұрады (мысалы,
тінтудің кенеттілігі мен күтпегендігін қамтамасыз ету) және тактикалық комбинациялар – бір мақсатпен біріктірілген әртүрлі тәсілдердің жиынтығы
(мысалы, жауап алу кезінде дәлелдемелерді ұсыну бойынша әртүрлі тәсілдердің
кешенін қолдану).
Тактикалық амалдың түсінігі тактиканың мәнін білдіреді, сондықтан
криминалистиканың осы тарауында ең бастысы болып табылады. Сонымен бірге:
− тактикалық комбинациялар және
− тактикалық операциялар
− тактикалық шешім
− тактикалық ұсыныстар
− тактикалық «тәуекел» деген санаттар да бар.
Осы сантардың арасында тактикалық комбинациялар және тактикалық
операциялар, тактикалық амалдарды жүзеге асыруда ең көп ұштасатын әдістері мен
нышандары болып табылады.