Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2
90
МҒТАТ 10.85.45
М.Т.Сатыбалдинов
1
1
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ., Казақстан
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКАДАҒЫ САНАТТАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУДАҒЫ
МАҒЫНАСЫ
Түйін
Осы мақалада криминалистикалық тактиканың
санаттары туралы ұғым
қарастырылып, оның құқықбұзушылықтарды анықтаудағы мағынасын ашқан.
Себебі әрбір құқықбұзушылық орын алғанда оны дәрежелеу, дұрыс ұғыну үшін
криминалистикның ұсыныстарын қолдану қажеттілігі туындайды.
Әрине
криминалистиканың ұсыныстары белгілі санаттарға негізделіп қоланылады және
де осымен байланысты криминалистиканың санттарын қарастыруды көздедік.
Қазіргі уақыттағы жаңа қылмыстық-процестік кодексе сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-
тексеру нысандары анықтау, алдын ала тергеу
нысанында және хаттамалық
нысанда жүргізіледі, деп аталмыш заңның, яғни Қазақстан Республикасының ҚПК-
нің 189 бабында көрсетілген. Қылмыстық істердің басым көбісі сот өндірісінің
алдында жүргізіледі. Осы себептен кез келген құқықбұзушылықты қарастыру мен
оны саралап тергеу кезінде криминалистика ғылымымен
өңделген тактикалық
әдістерді таңдау мен қолдану тәжірибе жүзінде де орынды болатыны сөзсіз.
Түйінді сөздер: криминалистика, криминалистикалық амал, тактикалық амал,
криминалистикалық санаттар.
Криминалистика ғылым ретінде қалыптасу барысында тергеуде кездесетін
қиыншылықтарды шешу үшін арнайы ұсыныстардың
қажеттілігіне көп көңіл
аударды. Осындай ұсыныстар криминалистиканың барлық тарауларында
берілгенімен, нақты тергеу әрекеттерін жүргізу
бойынша жиынтығы
криминалистиканың үшінші тарауы - криминалистикалық тактикада қалыптасып
ұсынылған.
Бұндай ұсыныстардың жиынтығы алғашқыда «қылмыстық тактика» деп
аталып (И.Н. Якимовтың еңбектері), кейінірек «тергеу тактикасы» делініп (бұл
аталған ұсыныстар тергеуге, тергеушіге қатыстылығын байланыстырып), ал қазіргі
кезде «криминалистикалық таткика» деп кеңінен қолданыста. [1]
Криминалистикалық тактика – тергеуді ұйымдастыру мен жоспарлау, оны
жүзеге асырушы тұлғалардың мінез-құлықтық бағытын
/линия поведения/ анықтау,
нақты тергеулік ахуалды ескере отырып, жеке тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың
барынша тиімді тактикалық әдістерін қолдану
бойынша криминалистика
ғылымымен жасалған ережелер мен ұсыныстардың жүйелі білімі.
Криминалистикалық тактика тарауы өз алдына екі бөлімнен тұрады, олар:
- тактиканың жалпы ережелері және
- жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы.