Корпустық
бөлшектерге дәлдік, беріктік, қаттылық,
тозуға
қарсы төзімділік, ауыспалы температурада минималды өзгеру,
тығыздық, бөлшектерді оңай құрастыру
және бөлшектеу бойынша
талаптар қойылады. Дәлдік талаптарына жататындар: шақтама өрісі
H7
және Ra 1,6...0,4 мкм болатын мойынтіректер орнатылатын
негізгі саңылаулардың диаметрлерін әзірлеу,
саңылаулардың
өстестігінің шегіне рұқсат берілу, оны кіші саңылау диаметріне
қатысты шақтама өрісінің
жартысы шамасында береді, конус
тәрізділік және сопақтық сәйкес диаметрге қатысты шақтама
өрісінен 0,3...0,5-нен аспауы қажет.
Саңылау осьтерінің параллельдік шақтамасы 100 мм ұзындыққа
0,02...0,05 мм-ді құрайды. Түйісетін беттер бүкіл ұзындық бойынша
түзуден 0,05,0 мм-ге және
Ra 1,6.0,8 мкм-ге ауытқиды. Сырғымалы
беттер жазықтылықтан 1000 мм-ге 0,02...0,05 мм және
Ra 0,8...0,4
мкм-ден
ауытқуына
рұқсат
етіледі.
Қаптал
беттерінің
саңылаулардың осіне перпендикулярлығының шақтамасы 100 мм
қаптал радиусына 0,01...0,05 мм-ге дейін және
Ra 0,8...0,4 мкм-ден
артық болмауы керек. Ажыратылатын корпустарда саңылаулар осі
мен ажырату жазықтығымен сәйкессіздігі ±0,2 мм-ге дейін рұқсат
етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: