БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Айналу денелерінің беткі
бөліктерін өңдеу әдістерін
атаңыз.
2.
Айналу денелерінің беткі бөліктерін жонып өңдеудің
негізгі технологиялық схемаларының қандай түрлерін
білесіз?
3.
Айналу денелерін өңдеуде қолданылатын жонғыш
автоматтар мен жартылай автоматтардың түрлерін атаңыз.
4.
Айналу денелерінің сыртқы бөліктерін қырнауға арналған
білдектер қандай топтарға бөлінеді?
5.
Айналу денелері типті бөлшектердің
беткі бөліктерін
әрлеп өңдеудің түрлерін атаңыз.
6.
Саңылауларды өңдеудің қандай әдістерін білесіз?
7.
Саңылауларды өңдеуге арналған білдектердың негізгі
түрлерін атаңыз.
8.
«Созу» түсінігіне анықтама беріңіз. Сіз созудың қандай
түрлерін білесіз?
9.
Сіз оюдың қандай түрлерін білесіз?
10.
Жазық беттерді өңдеу әдістерін таңдауда қандай өлшемдер
қолданылады?
11.
Күрделі беттердің жіктелуі жөнінде айтыңыз.
12.
Оймакілтекті және кілтекті кертпелердің өңдеу әдістерін
атаңыз.
13.
Тісті қосылыстарды өңдеу әдістерін көрсетіңіз.
14.
Пішінді беттерді өңдеу әдістерін атаңыз.
15.
Бөлшектерді өңдеудің машина жасауда қолданылатын
қандай ерекше әдістерін білесіз?
16.
Бөлшектерді өңдеудің ерекше әдістерін таңдаудағы
өлшемдер туралы айтыңыз.
2 Тарау
МАШИНАЛАРДЫҢ ТИПТІК
БӨЛШЕКТЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
КОРПУСТЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ЖАСАУ
Корпустық бөлшектерді әзірлеу
мақсаты мен техникалық
шарттары. Корпустық бөлшектер құрастырмалы қондырғы
бірліктері мен бөлшектерді орналастыруға арналады.
Корпустық
бөлшектер бөлшектер мен механизмдердің салыстырмалы күйінің
дәлдігін статикалық күйінде де, машинаны
пайдалану кезінде де
тұрақты болуын қамтамасыз етеді, сондықтан олар жеткілікті
деңгейде қаттылыққа ие болуы керек.
Құрылымдық ерекшеліктері мен әзірлеу дәлдігі. Корпустық
бөлшектерге құрастырмалы бөліктерді, агрегаттар мен жекелеген
бөлшектерді бекітетіндіктен, олардың негізгі
беттері дәл де нақты
болуы керек, ал корпустар - машинаны қолдану мерзімінде барлық
жалғанған бөлшектердің өзара күйін өзгеріссіз сақтауды
қамтамасыз ету үшін берік әрі қатты болғаны абзал. Машиналардың
әртүрлілігі корпустық бөлшектердің әр түрлі түрлерін анықтайды.
Ауқымды жоспарда корпустық бөлшектерді шартты түрде келесі
топтарға бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: