Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет116/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   316
Байланысты:
mm

155
 


2.2-сур. Дайындамаларды қайта орнатумен дайындаманың екі 
беттердің айналмашақты жону білдекте өңдеу схемасы: 
1 - дайындаманың орымы; 2 - дайындаманы А қалыптан Б қалыпқа қайта 
орнату; 3 - өңдеуге жататын дайындаманың қайта орнатылуы 
Жаппай өндірісте қатты бөлшектердегі сыртқы беттердің 
тартажонуы кеңінен пайдаланады, оны қаралтым және тазадай 
өңдеу үшін, сондай-ақ, тазалау және калибрлеу үшін қолдады. 
Тартажону жоғары өнімді, және оны қатты қорытпалардан 
құрылған тартажонумен, кесу жылдамдығы 60 м/мин жететін 
қуатты және жүрдек тарту білдектерде орындайды. Көлденең және 
тік типтегі тартажону білдектерді, бiртұрғылы және көп тұрғылы 
білдектерді автоматты желінің ішіне енгізеді. Беттердің дәлдік және 
кедір-бұдырдығына деген жоғары талаптар кезінде әрлеу 
операциясын, жете ажарлау және жонуды енгізеді. Шағын-сериялы 
өндірісте базалық беттерді қырады. 
2.3-сурет Автоматты желіде корпустық бөлшектердің өңдеу 
схемасы
156


Негізгі тесіктерді өңдеу үшін бұрғылар, кескіштер, үңгілер, 
қашау басы, кеулейжону бастиектер, кеулейжону тілімше және 
қашаулар қолданылады. Әрлеу жұмыстары үшін шарикті және 
аунақшалы 
домалатуларды 
қолданады. 
Бұрғыларды 
тұтас 
материалдағы тесіктерді алдын-ала бұрғылау үшін қолданады. 
Диаметрі 30 мм ден астам құрайтын тесіктер әдетте балқыту 
арқылы алады. Кондуктор бойынша бұрғылаған кезде диаметральді 
өлшемнің Н11, Н12 квалитет бойынша дәлдікке қол жеткізіледі.
Құймалардағы тесіктер жеке және ұсақ сериялы өндіріс 
жағдайлары кезінде кескішпен кеулей жонады; бұл жөндеу тесік 
өсінің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Тісті кескіш 
бастиектерде және кескіш блоктарда үлкен диаметрлі тесіктерді 
өңдеу үшін қолданады. Үңгілерді құйма тесіктердің қаралтым 
өңдеуі, кескіш арқылы бұрғылаудан және кеулей жонғаннан кейін 
тесіктердің жартылай таза өңдеуі үшін қолданылады. Дәлдігі Н10 
квалитетінен аспайтын тесіктердің түпкілікті өңдеу үшін үңгіні 
қолдануға болады. Үңгiлеу кезінде жазықтықтың бұдырлығы Ra 1,6 
мкм және оданда артық құрайды.
Үлкен диаметрлі негізгі тесіктерді (100 мм және оданда артық) 
қатты қорытпадан жасалынған тілімшелермен жабдықталған 
көпкескішті кеулейжону бастиектермен өңдейді. Жоғары режимдері 
кезінде олар жұмыс жағдайындағы жылдамдықтың ең аз саны 
ішінде үлкен әдіпті шығаруға мүмкіндік береді және ең өнімді 
құрал болып табылады. Диаметрі 400 мм–ге дейінгі тесіктердің Н6 - 
Н10 квалитеттер бойынша таза өңдеуі көптеген жағдайларда жазу 
арқылы іске асырылады. Қатты қорытпадан жасалынған 
тілімшелермен жабдықталған қашауларды қолданады. 
Н8 және Н9 квалитеттегі тесіктер бірреттік жазу арқылы, ал Н7 
квалитеттің тесіктері - екі реттік жазу арқылы алады. Жазу арқылы 
Н6 квалитеттегі тесіктердің өңдеуін қолмен жеткізілген кесу 
ернеулері бар қашаумен және МСС-мен іске асырады. Бұл ретте Ra 
0,8 мкм және оданда артық кедір-бұдырлығын алады.
Қаралтым жазудың астындағы әдіптерді 0,5 мм дейінгі 
диаметрге қалдырады, таза жазуға - 0,07...0,15 мм қалдырады. 
Сериялық және жаппай өндірісте кеулейжону блоктар және 
жылжымалы тілімшелер 600 мм дейін диаметрлі тесіктердің өңдеуі 
үшін (қаралтым және таза кеулей жону) кеңінен пайдаланады. 
Біркескішті қашаумен салыстырғанда кеулейжону блоктармен 
немесе тілімшелермен өңдегенде кесу күшінің радиалды 
құрамдастары теңдестірілген, бұл өз кезегінде түзеткіштердің 
иілімін жоққа шығарады. Өңдеудің дәлдігі Н7 квалитет және Ra 
0,63 мкм және одан астам бұдырлық бойынша қамтамасыз етіледі. 
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет