Ірі сериялық және жаппай өндірісте
негізгі тесіктерді өңдеу
үшін автоматты желілерде жұмыс істейтін немесе жеке
пайдаланылатын көп айналдырғылы агрегатты жону білдектері
қолданады. Агрегаттық жону білдектер түрлі құрастыруларға ие;
олардың күштік
бастиектері тік, көлденең немесе еңкіш бағытта
қозғалуы мүмкін. Осы білдектердегі жұмыс циклы автоматталған.
Агрегаттық білдектерде цилиндрлі және конусты тесіктердің
бұрғылауын, үңгілеуін, жонуын, жазуын, шетжақтардың кесуін,
жүздің шешуін, түрлі жырашықтардың
жонуын және бұранданың
кесуін орындайды.
Шағын-сериялы өндірісте негізгі тесіктерді өңдеу үшін
қүрылғының автоматты ауысуы үшін қораппен жабдықталған СББ
бар көпмақсатты білдектерді қолданады.
Бекіткіш және басқа саңылаулардың өңдеуін тік-,
радиалды-
бұрғылау және агрегаттық білдектерді орындайды.
__________________________________________________________
1
2
4
6
2.7-сурет. Көп айналдырғылы бастиекпен тесіктерді кеулей жону
схемасы
161
Корпустық бөлшектердің мөлшеріне және құрылымдық пішіндерге,
шығу сериясына қарай қорап типтегі кондукторларды, жапсырмалы
бұрылыс кондукторларды қолданады немесе белгілер бойынша
өңдеуді жасайды.
Шағын диаметрлі бекіткіш және басқа да саңылаулардың өңдеуі
бұрғылауды, үңгілеуді, шенжоңғыны, жүздің шешуін, бұранданың
кесуін және жонуын қамтиды. Жеке және шағын-сериялы өндірісте
қолмен басқарылатын білдектерде
өңдеуді белгілер бойынша
орындайды. Шығу сериясы көп болса, көп айналдырғылы және
бұранда
кескіш бастиектерді қолданады, сондай-ақ, өңдеуді
агрегаттық білдектерде жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: