дөңгелекті типтендіру және топтастыру. Цилиндрлік тісті дөңгелектер айналмалы қозғалысты екі параллель
немесе айқасқан біліктер арасында беру үшін қызмет етеді.
Біліктің айналу жиілігін өзгертумен айналдыру мезетін беру үшін
қызмет ететін күш беретін тісті берілістерді, айналдыру мезетінің
шағын мәндерінде біліктер арасында айналмалы қозғалысты беруге
қызмет ететін кинематикалық тісті берілістерді ажыратады.
Цилиндрлік тісті дөңгелектерді тік және қисық тістермен
орындайды. Айқасқан осьтері бар тісті берілістерде қисық сызықты
тістері бар дөңгелектерді қолданады.
МемСТ 1643 — 81 сәйкес тісті дөңгелектер дәлдігінің 12
дәрежесі белгіленген (дәлдіктің кему реті бойынша): 1,2,
..., 11, 12.
Тісті дөңгелек құрылымы қызметтік мақсатына байланысты.
Технологиялық белгілері бойынша тісті дөңгелектерді бес үлгіле
бөлуге болады:
▪ I үлгі – біртәжді (2.25, а-сурет) базалық саңылаудың 1 ұзындығы үлкен (1/D > 1 қатынасы, мұнда D — дөңгелек
диаметрі). Бұл дөңгелектерді әзірлеу кезінде технологиялық
базалар ретінде саңылау беті мен үлкен кесік қолданылады;
▪ II үлгі – сондай-ақ 1/D > 1 қатынасы бар көптәжді (2.25, б-
сурет) (I үлгідегі дөңгелектікі секілді дайындау кезіндегі
негіздеу);
▪ III үлгі – диск үлгілі біртәжді (2.25, в-сурет), олардың
қатынасы 1/D < 1. Мұндай дөңгелектерді өңдеу кезіндегі
технологиялық базаларға үлкен қаптал мен саңылау беті
(тірек база) болып табылады;
▪ IV үлгі – өңдеуден соң дөңгелек күпшегіне қондырылатын
және бекітілетін және онымен бірге бір немесе бірнеше тісті
дөңгелектерді қалыптастыратын тәждер (2.25, г-сурет).
▪ V үлгі – үлкен ұзындықты тісті білік-дөңгелектер (2.25, д-
сурет). Оларды өңдеу кезіндегі технологиялық базалар
центрлік саңылаулардың беттері болып табылады.