1.21-сурет. Белдемесі бар центрсіз-ажарлау білдегінде жазық
цилиндрлі бөлшектерді өңдеу схемалары:
а) қақпақ өзегін; б) қақпақ итергішін;
1 - қолдаушы конус;
2 - дайындама;
3, 5 - ажарлаушы шарықтастар;
4 - таяныш
__________________________________________________________
мен ойықтар) болса, оны бойлап беру арқылы ажарлайды (өткізу).
Мұндай жағдайларда, білдекке автоматты жүктемелі құрылғыны
орналастырып, оны автоматтандыру жеңіл іске асады.
Қажақты өндірісте жоғары берікті кеуек, керамикалық
біріктірілген, ажарлау барысында шарықтастың 50 м/с және одан да
көп айналу жылдамдығына жеткізетін шарықтастарды жасап
шығаруы, өндіріске жоғары өнімді
жедел ажарлауды енгізуге
мүмкіндік берді. Шарықтастың мұндай айналу жылдамдығында бір
түйіршікке кесу тереңдігі азаяды, сондықтан, шарықтастың тозуы
да азаяды, оның беріктігі жоғарылайды және өңделген беттің
бұдырлығы бір-екі сыныпқа жақсарады. Жедел ажарлау кезінде
дайындаманың айналу жылдамығы 50 м/с дейін өсіп қоймай,
бойлап және көлденең берілісі де күшейеді.
Жедел ажарлау үшін жазық тіке бір қалыпты, қарапайым
ажарлау кезіндегідей қаттылығы бар шарықтастарды пайдаланады.
Бір бөлшекке шарықтастың шығындалуы шамамен 40%-ға азаю
кезінде бір уақытта өнімділігі 1,5-2 есеге өседі.
Ажарлаумен өңдеу кезінде, тікелей амалдау барысында өңделіп
жатқан
бөлшектің
диаметрлік
шамасын
өлшей
алатын
құрылғыларды пайдалану мүмкіндігі бар.
1.22-суретте ажарлау барысында біліктің диаметрін бақылайтын
құрылғының схемасы көрсетілген. Өлшеу құрылғысы үш негізгі
бөліктен: майлы амортизатор
1, индикаторлы ұстауыш
4 және
4
ұстағышта орналастырылған
7 ауыстырмалы тоғыннан тұрады.
Ауыстырмалы тоғынның
6 және
8 ұштары тіреуші болып табылады;
жылжымалы
5 ұшы
9 бұйымның ажарланатын мойнының
кемшіліктерін қабылдайды да
3 индикаторға жібереді. Төменгі
тіреуіш
8 ұшы бұйымның 5 ұштығының диаметралды жазығында
Достарыңызбен бөлісу: