Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет25/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   316
Байланысты:
mm

32
 


тимей, ажарланатын біліктің айналу бағытынан шамамен 15° 
ауысып тиеді, бұл барлық индикаторлы тоғынды бұйымға отыруын 
берік және тиянақты етеді. Өлшеуіш құрал 10 ажарлаушы 
шарықтасының 2 қаптамасында орналастырылады.
Егер 3 индикаторының орнына немесе оған қосымша электр 
түйіспелі сезгішін бекітсе, білдекті басқаруды автоматтандыруға 
болады.
Соңғы кезде көбінесе беттерді қажақты таспалармен ажарлап 
өңдеу қолданылуда.
Қажақты таспалармен ажарлаудың құндылығы мынада:
■ 
қажақты таспаның беріктігін күшейтетін және өңделетін 
бөлшектің шалыстануын толық жоятын жылу шығаруды 
азайтуында; 
■ 
электрстатикалық өріске тұндыру әдісімен түйіршіктерді 
таспа бетіне тік орналасуымен біркелкі түсіру 
нәтижесінде 
ажарлаушы 
шарықтастың 
бетімен 
салыстырғанда 
қажақты 
таспа 
бетінің 
көбірек 
біртектілігінде;
■ 
ажарлаушы шарықтаспен салыстырғанда бет бірлігіне 
кесуші түйіршіктердің көптігі, нәтижесінде өнімділіктің 
күшейю;
■ 
тербелу мен соққы жүктемесінің жоқтығы өңделетін 
беттің жоғары сапалығын қамтамасыз етеді. 
1.22-сурет.Ажарлау кезінде біліктің 
диаметрін 
бақылайтын 
құрылғының схемасы 
33
 


Қажақты таспалармен қара және түрлі-түсті металлдарды, және 
де металл емес материалдарды өңдеуге болады. 
Қажақты таспаларды матадан (мысалы, саржадан) немесе бетіне 
қажақты: бола өңдеу үшін нормалы және ақ электркорунд, сұр 
шойынды, жезді және алюминий қорытпаларын өңдеу үшін 
кремний карбидін және қола мен қақталған шойын түйіршіктерін 
желіммен (шел желімі және т.б.) жағылған қағаздан дайындайды.
Көп қабатты таспаларды, дайындалуының күрделілігі мен 
жоғары құндылығына қарай сирек қолданады. 
Таспаның қалыңдығы (қажақтың қабатымен бірге) 21 мм-ден 
аспайды. Таспаның енін өңделетін беттің ұзындығына қарай, соның 
ішінде айналу денелерінің (біліктердің) бетін ажарлау кезінде, 
соның ұзындығына тең енімен таңдайды. Қажақты таспаның 
ұзындығы өңделетін дайындаманың көлеміне және ажарлау 
процесінің өнімділігіне берілетін талаптарға тәуелді, себебі 
қажақты таспаның ұзындығы мен еніне қаншалықты үлкен болса, 
таспаның бір айналымында кесу үдерісіне соншалықты көп 
түйірішік саны қатысады. Өндіріс тәжірибесінде ені 10-нан 3 000 
мм-ге дейін және ұзындығы 500-ден 7000 мм-ге дейін қажақты 
таспалар қолданады.
Қажақты таспамен ажарлау тәсілдерін, оның өңделетін бетке 
бастырылуына байланысты бөледі. 
1.23-суретте қажақты таспамен ажарлау әр түрлі тәсілдерінің 
схемасы көрсетілген. 
Өңделетін беттің пішініне қарай, таспаның бос бөлігімен 
жетекші түйіспелік шарықтаста немесе үлгісінің қажаты таспа 
көшіріп ала алатын, өтпелі түйіспелік шарықтаста ажарлауға 
болады. 
Таспаның бос бөлігімен өңдеу көбірек өнімді болып табылады
себебі бұл жағдайда қажақты таспа түйісудің үлкен бетін алып, 
өңделетін дайындаманың көп бөлігін қамтиды, нәтижесінде 
цилиндрлік және аз радиуста қисайған қисық сызықтыдан басқа 
барлық беттерді ажарлауға мүмкіндік береді.
Түйіспелі шарықтаста өңдеу кезінде сондай өнімділікті 
қамтамасыз ету үшін көбірек жұмыс жасау керек. Мұндай жағдайда 
ажарлаудағы өнімділік түйіспелі шарықтастың диаметріне кері 
пропорционалды, бірақ диаметрі 150 мм кем шарықтастар 
қолданылмайды.
Кейде түйіспелі шарықтастың орнына, өңделетін дайындаманың 
екі жағына орналастырылған екі тірек пайдаланады, бұл жағдайда, 
дайындаманы қажақты таспамен орау бұрышы, содан түйіспенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет