Сүргілеу және қашау кезінде
кескіштерді шама бойынша
«өлшеммен» немесе үлгілер бойынша және сирек «үлгілі жоңқалар»
арқылы орнатады.
Өңделетін дайындамаларды білдектің үстеліне орнатады,
түзетеді және ұстағыштармен немесе басқа да қалыптанған
қысқыштармен бекітеді.
Сүргілейтін және қашайтын білдектерде
жұмыс жасау кезінде,
осы білдектердің өнімділігін төмендететін қосалқы уақыт біршама
көп.
Бойлап сүргілеу білдектерінде ұзын және жіңішке
жазықтықтарды
өңдеген тиімді, мысалы болат беттер мен
плиталардың жиектері, металкесуші
білдектердің бағыттайтын
тұғырлары және т.б.
Сүргілеу білдектерінде өнімділікті мыналарды пайдалана
отырып арттырған жөн:
■
бір ұстағышта бір мезгілде бірнеше кескіштерді
пайдалану, мұнда жұмыс жүрістердің санын қысқартады
және бір уақытта бірнеше суппорт жұмыс істеп тұрғанда
бір жұмыс жүрісінде ең көп әдіп шешуге мүмкіндік
береді, нәтижесінде өңдеу
уақытында бірнеше беттерді
өңдеу біріктіріледі;
■
таза сүргілеу кезінде кең кескіштер мен үлкен
берілістерді пайдалану;
■
үлгілемді сүргілеу кезінде кескіштерді бекіту үшін
арнайы бекіткіш қысқыш құрылғыларды және үлгілерді
пайдалану, мысалы білдектердің
V-түрлі бағыттаушы
тұғырларын сүргілеуде және т.б.
Өңделетін
дайындаманы с
үргілеу білдегінде
бекіту және қысу
кезінде, қысқыштар дамытатын күштермен
дайындаманың пішіні
өзгеріп кетпеуін бақылау қажет, бұл үлкен габаритті көлемді
дайындамаларды тазалап сүргілеу кезінде маңызды.
Сондықтан,
мұндай дайындамаларды қаралтым сүргілеуден кейін, барлық
қысқыштарды босатып және қайтадан дайындаманы, пішіні
өзгермейтіндей етіп қысу қажет.
Тазалап өңдеу кезінде сүргілеу білдегінің жай жүретінін ескеріп,
15-тен 40 мм-ге дейін кең кесуші жиегі кең кескіштерді және
өңделетін беттердің қажетті дәлдігі мен бұдырлығына байланысты
үлкен берілістерді (10-нан 25
мм/қ. жүр
) пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: