Сырғақтың қозғалысы сужүйеден немесе жықпыл механизммен
іске асырылады. Сырғақтың і
лгерілеме қозғалысының
жылдамдығы
жүрістің ұзындығы бойынша айнымалы көлемі болып табылады,
және де өнімділікті арттыру үшін кері жүрістің жылдамдығы
жұмысшы жүрістің жылдамдығынан 1,5-2 есе жоғары.
Қашағыш білдектерде қашау кезінде кескіш тік бағыттағы
қайтымды ілгерілмелі қозғалыс жасайды, ал беріліс қозғалысы
дайындамамен
іске асады, ол бойлап және көлденең бағытта
жылжиды, сонымен қатар тік ось айналасында айналу қозғалыс
жасауы мүмкін. Қашайтын білдектерді көбінесе,
бірнеше
жазықтықтардың үйлесімі болып табылатын шпондық ойымды,
жырашықты, пішінді тесіктерді қашау үшін пайдаланады.
Сүргілейтін және қашайтын білдектерде орындалатын жұмысқа
тән түрлері 1.58-суретте көрсетілген.
Бұл өңдеу түрлерінде кесу жылдамдықтары үлкен емес.
Мысалы, қаралтым жүріске шойын дайындамаларды сүргілеу
кезінде
15...20 м/мин жылдамдықта кесу қажет, таза үшін - 4...12
м/мин жылдамдығымен, тиісінше 0,5...0,8 және 0,08 мм тереңдікпен
кесу
ұсынылады. Мұндай сүргілеуде беттің бұдырлығы
Ra 1,25 мкм
жетеді.
__________________________________________________________
1.58-сурет. Сүргілейтін және қашайтын білдектерде орындалатын
жұмыс түрлері:
а - жазықтықты сүргілеу;
б - ойымды сүргілеу;
в - Т-түрлі
ойымды
сүргілеу;
г - бұрыштық пішінді қашау;
д - төртбұрышты тесікті қашау
Достарыңызбен бөлісу: