Сылау, беттің өте дәл алдын ала өңделуін қажет етеді, өйткені
сылауға көп әдіп қалдырылса, өңдеу уақыты созылады және
сылағыш тез тозады. Жазық беттерді сылау үшін қалдырылатын
әдіп 8... 18 мкм шегінде болған жөн.
Қыруды қырғыштың көмегімен қолмен немесе механикалық
әдіспен орындауға болады. Бірінші әдіс орындаушының жоғары
кәсіптілігі бола тұра, көп шығынды қажет етеді, бірақ жоғары
дәлдікті қамтамасыз етеді. Екінші әдіс, қырғыш қайтымды ілгерілме
қозғалыс алатын, арнайы білдектер арқылы іске асырылады. Бұл
әдісте аз уақыт жұмсалады, бірақ күрделі беттерді өңдеу үшін
қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: