68
қамтылуы шарт емес, тек берiлген мазмұнға тән, туындының идеялық-
көркемдiк мақсатымен байланыстылары ғана iрiктелiп алынуы қажет.
Сонымен, суреткер бейнелеп отырған заттар
мен адамдар бойындағы
белгi-сипаттар нақты бiр өмiрлiк контекстке қатысты ашылады. Бұл пiкiрдi,
әрине, суреттелмек құбылыстар мен мiнездердi жүйелеу талаптары ретiнде
түсiнуге болмайды. Әңгiме бейнеленген құбылыстардың жанды тұтастығы
жайында, яғни әрбiр бөлшектiң туындыда көзделген негiзгi идеялық-
көркемдiк мақсатқа тәуелдiлiгiне байланысты. Шығармадағы әр бөлшек
нақты бiр құбылыс пен мiнездердiң шынайы мәнiн ашу мақсатында мұқият
iрiктелiп, шындық өмiрдiң бейнелi суретiн жасауға қызмет етуге тиiс. Олай
болмаған жағдайда өнер өз мақсатына жете алмасы анық.
Кейбiр әдебиетшiлердiң образдылықты көрнекiлiк төңiрегiнде, “өмiр
көрiнiсiн” құбылыстар мен адамдарды мiндеттi түрде көзге көрiнетiндей етiп
суреттеу деп түсiнетiнi де бар. Белгiлi бiр тұрғыдан
бұл пiкiр жалпылама
дұрыс болғанымен, “образ” ұғымының шынайы мәнiн толық ашып бере
алмайды.
Себебi,
лирикалық
өлеңде
ақын
бейнелеген
ой-сезiм
толқыныстарын, немесе эпикалық, драмалық шығармалардағы кейiпкер
ойларын “көзге көрсетiп, қолға ұстату” мүмкiн емес қой. Ал лирикалық
поэзияның эстетикалық әсер ету ерекшелiгi
дәл осындай қасиеттерiмен
дараланатыны аян. Өмiрдегi құбылыстарды әрекет, қозғалыс арқылы
бейнелеу кейбiр лирикалық жанрларға да жат болмағанымен, оған, негiзiнен,
ой-сезiмдi эмоционалды бейнелеу тән. Сол себептi образдылықты еш уақытта
да көрнекiлiкпен салыстыруға немесе теңестiруге болмайды.
Сұрақ. Әдебиеттiң өзге өнер түрлерiнен басты ерекшелiгi оның сөз
арқылы жасалуында екендiгi бәрiмiзге де белгiлi. Ал әдебиеттегi сөздiң
күнделiктi тiрлiкте қолданып жүрген сөздерден айырмашылығы бар ма?
Жауап. Әдебиеттiң ерекшелiгi сөздiң ерекшелiгiмен байланысты және
бұл ерекшелiк әдеби туындыларды сурет және мүсiн туындыларымен
салыстыра қарастырғанда анық танылады. Әрине,
ән-әуез өнерi сияқты
уақыттық өнерге (временные искусства) жататын сөз өнерi көрнекiлiк пен
анықтық жағынан
кеңiстiктiк өнер образдарымен бәсекелесе алмайды.
Алайда оның басым жақтары да бар. Суретшi мен мүсiншi өзiнiң құралдары
арқылы көзге көрiнетiн нәрсенi ғана бейнелей алады. Адамдардың iшкi күйi,
мiнезi, олардың қарым-қатынасы және оларға суреткердiң қарым-қатынасы
белгiлi бiр сәттi ғана ұстап қалған түрлi кейiптер арқылы ғана ашылады.
Қаламгер сөз көмегiмен оқырманның немесе тыңдарманның қиялында
адамдарды қоршаған сыртқы дүние туралы да, сонымен бiрге олардың iшкi
әлемi (ойы, сезiмi,
толғаныстары, құштарлықтары) туралы да жанды
бейнелер туғыза алады. Бұл тұста суретшi немесе мүсiншiден гөрi ол өзi
бейнелеген құбылысты құрайтын жағдайларды бiрiнен бiрiн өрбiте отырып,
тұтас суреттей алады.
lлкi дәуiрлерден қазiргi кезеңге дейiнгi әдебиеттiң тарихи дамуы оның
қоғамдық өмiрдiң күрделi үрдiстерiне, адамдар санасына, олардың қарым-
қатынастарына тереңдей бойлай алатындығын айқын дәлелдейдi.
Әуелде
69
ертедегi эпикалық туындыларда негiзiнен қаһарманның әрекеттерi мен
қайрат-жiгерi (мысалы, Геркулес жайындағы әңгiмелер, түрлi халықтардың
ежелгi қаһармандық эпостары) суреттеледi. Одан кейiнгi классик
қаламгерлер туындыларында адамдардың мiнездерi, олардың түрлi iс-
әрекеттерiнiң мән-жайы, адамдардың сан алуан және түрлi кейiптегi
көрiнiстерiмен барынша жан-жақты суреттеледi.
XIX ғасырда көптеген
көрнектi қаламгерлер туындылары арқылы түрлi мiнездер мен түрлi
жағдайлар арасындағы, адам мен оны қоршаған дүние арасындағы қарым-
қатынастар мен байланыстар саласында ұлы жетiстiктерге қол жеттi. Өз
дәуiрiмiзге үңiлер болсақ, өмiрдiң толымды бейнесiн жасау барысында
аталған екi жақтың (iшкi және сыртқы) қаншалықты дәрежеде бiр-бiрiмен
ұштасып бара жатқанын байқаймыз.
Сезiмдi қозғауға бағытталған өнер түрлерiне қарағанда, ақыл мен сезiмге
бiрдей ықпал ететiн әдебиеттiң басымдығы сөздiк бейнелеу құралдарына
сүйене отырып,
құбылыстарды, оқиғаларды, адамдарды бейнелеу
мүмкiндiгiнiң айқындығы мен дәлдiгiнде жатыр. Себебi – сөзде дыбыс та,
қимыл да, сурет те бар. Әдебиеттiң бұл ерекшелiктерi оның бейнелеу аясына
шексiз мүмкiндiк бередi. Ол сыртқы дүниенiң сан қилы көрiнiстерiн де,
адамдардың әр алуан iшкi жай-күйiн де қамти алады. Бұл пiкiрiмiзге ұлы
қаламгерлердiң мәңгiлiк туындылары дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: