Дәріс кешені дəріс Кіріспе. Клиент-серверлік архитектурасы. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі əрекеттесуі



Pdf көрінісі
бет4/36
Дата20.12.2022
өлшемі1,89 Mb.
#58571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
web tehnologiyas umk (2)

Желі топологиясы
"Топология" немесе "желі топологиясы" термині компьютерлердің, кабельдердің және
басқа да желі компоненттерінің орналасуын сипаттайды. Топология - мамандар желі құрастыру
негізін бейнелеуде қолданылатын стандартты термин. Желі топологиясы оның сипатына
себепші болады. Осы немесе басқа топологияны тандауға мыналар әсер етеді:
a) қажетті желілік жабдықтау құрамы
b) желілік жабдықтау сипаттамасы
c) желіні кенейту мүмкіндіктері
d) желі басқару әдісі
Ресурстар мен басқа желі тапсырмаларын орындап, ортақ пайдалану үшін компьютерлер
бір-біріне қосылуы қажет. Желіде бұл мақсат үшін көбіне кабель қолданылады. Бірақ басқа
компьютерді қосып тұрған кабельді компьютерге қосу жеткіліксіз.
Əртүрлі кабельдер түріне сәйкесінше әртүрлі желілік тақшамен, желілік ОЖ-н және басқа
да компоненттері компьютердін өзара орналасуын қажет.
Əрі желі топологиясынын шарттары бар. Мысалы, ол тек кабель түрін ғана емес, сонымен
қатар оны қолдану әдістерін ұсынады.
Барлық желілер үш базалық топологияның көмегімен жасалынды:
e) шинa (bus)
f) жұлдызша (star)
g) сақина (ring)


Егер компьютерлер бір кабель бойында жалғанса, онда бұл топология шина деп аталады.
Егерде компьютер кабел сегментінде жалғанып және ол бір нүктеден немесе канцентратордан
шыққан болса, онда бұл топология жұлдызша деп аталады. Егерде компьютер жалғанған кабель
сақина түрінде болса, онда топологияны сақина деп аталады.
Негізінде базалық топология қиын болмағанымен негізінде олардың қиын
комбинациялары кездеседі, яғни бір топология өзінде бірнеше топологияны біріктіреді.
Шинa
Шина тoпoлoгиясын көбінесе "сызықтық шина" (linearbus) деп атайды. Берілген
топология ең қарапайым және көп тараған топологиясына жатады. Онда магисталь не сегмент
деп аталатын бір кабелді қолданады, оған желінің барлық компьютерлері қосылған. Осындай
қарапайым желі келесі 1-суретте көрсетілген.
Сурет «Шина» топологиялы қарапайым желі
"Шина" топологиясында компьютерлер мәліметтерді электрлі сигнал түрінде кабель
арқылы белгілі бір компьютерге жібереді. Компьютердін шина арқылы әрекеттестік процесін
түсіну үшін, келесі түсініктерді білу қажет:
h) сигнал беру
i) сигнал шағылысуы
j) терминатор
Деректер электр сигналдар түрінде желінін барлық компьютерлеріне жіберіледі, бірақ ол
деректерді осы сигналға шифрланған мекен-жайына сәйкес компьютер қабылдайды. Сонымен
қатар әрбір уақытта тек бір компьютер ғана жібере алады.
Желіде бір компьютер оған деректерді жібергендіктен, оның өнімділігі шинаға қосылған
компьютерлер санына байланысты. Олар көп болған сайын, желі баяуланады.
Компьютерлердің санынан басқа, желінің жылдамдығына көпетеген факторлар әсер етеді:
k) желіде компьютердің аппараттық қамтамасыздандыру сипаттамасы
l) деректерді жіберу компьютер жиілігі
m) Желілік қосымшаларда жұмыс істеу түрі
n) Желілік кабель түрі
o) Желідегі компьютерлер ара қашықтығы
Шина – пассивті топология. Мұнда компьютер желі бойынша жіберілген деректерді
«тыңдайды», бірақ жіберушіден алушыға оларды ауыстырмайды. Сондықтан егер компьютер
істен шықса, онда басқаларға әсер етпейді.
Деректер не электрлік сигналдар барлық желі бойынша таралады – кабелдің бірінші
ұшынан екіншіге қарай. Егер ешқандай арнайы әрекеттер жасамасақ, онда кабельдің соңында
сигнал шағылысып басқа компьютерлерге деректерді жіберу жұмысын істетпейді. Сондықтан
деректер алушыға барғаннан соң, электр сигналдарын сөндіру қажет.
Электр сигналдары шағылыспас үшін кабелдің әрбір ұшына осы сигналдарды жұтатын
терминатор (terminators) қондырғысын қою қажет.
Деректер желінің барлық компьютерлеріне жіберіледі, бірақ ол деректерді шифрланған
мекен-жайына сәйкес компьютер ғана қабылдайды. Терминатор сигналдарды сөндіріп отырады
(Келесі сурет).


Сурет. Сигналдарды сөндірудегі терминатор мен компьютердің байланысы
Желілік кабель үзілсе, кабельдін бір немесе бірнеше ұштарында терминатор болмаған
жағдайда желі жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Желідегі компьютерлердін жұмысқа қабілеті
болады, бірақ бір-бірімен өзара әрекеттесе алмайды. (сурет)
Сурет Желі ұштарындағы терминаторлардың жалғаспай қалуы
Шығып кеткен кабель терминатормен жабдықталмағандықтан желі жұмысында бөгет
болуы мүмкін
"Шина" топологиялы желіде кабель әдетте екі тәсілмен ұзартылады:
1) Кабельдін екі бөлігін бірікітіру үшін баррел-коннекторды (barrel connector) қолданады.
Бірақ оларда сигналдар әлсірейтіндіктен көп пайдалануға болмайды. Бірнеше қысқа бөліктерді
біріктіргенше, бір ұзын кабель қолданған жөн.
2) Кабельдін екі бөлігін біріктіру үшін репитер (repeater) қолданылады. Коннектордан
айырмашылығы - ол сигналды келесі сегментке жіберер алдында күшейтеді. Сондықтан
баррел-коннектор орнына репитер пайдаланған жөн немесе бір ұзын кабель: үлкен
арақашықтықта сигналдар бұзылмай жетеді. Репитер кабельдерді жалғайды да сигналдарды
күшейтеді (4-сурет).
Сурет. Репитер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет