мүмкіндік береді. Хаб портына жеке торды да, сондай-ақ басқа хабты да немесе кабельдің
сегментін (учаскесін) қосуға болады.
Қайталамалар (репитеры) кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді
күшейтеді.
Локальды жүйелерді біріктіре қосу үшін өзара жүктелген міндеттері мен мүмкіндіктері
бойынша ерекшеленетін төмендегідей қондырғылар пайдаланады:
Көпір (англ. Brіdge) — екі локальды жүйені байланыстырады. Жүйе араларындағы
мәліметтерді өзгеріссіз пакет түрінде жіберіледі. Көпірлер барлық жүйелерді локальды
мәліметтер легінен сақтай отырып пакеттерді фильтрден өткізе алады (сүзеді) және де тек басқа
жүйе сегменттеріне арналған ақпараттарды жібереді.
Маршрутизатор (англ. Router) жалпы протокол мен жүйелерді көпірге қарағанда тиімді
біріктіреді. Ол, мысалы үлкен хабарламаларды өте ұсақ бөлшектерге бөлуге мүмкіндік
туғызады да осынысы арқылы әр түрлі көлемдегі пакеттері бар локальды жүйелердің өзара
әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Маршрутизатор пакеттерді белгілі мекен-жайға жібере алады, (көпірлер тек қажетсіз
пакеттерді фильтрлейді (сүзеді) пакеттердің адресін табуына өте жақсы жол және басқа да
әрекеттер таңдайды. Жүйелер күрделі, әрі көп болса, маршрутизаторды қолданудың пайдасы
өте мол.
Көпірлік маршрутизатор (англ. Brouter) — бұл көпір мен маршрутизатордың гибриді. Ол
мүмкін болған жерде алдымен маршрутты орындауға талпынады, ал содан соң сәтсіз жағдай
бола қалса көпір тәртібіне (режиміне) көшеді.
Шлюз (англ. GateWay), Шалюздың көпірден өзгешелігі – біріктірілетін жүйелер
протоколдарының әр түрлілігінде. Бір шалюзден түскен хабарлама екіншісіне сол жүйенің
талаптарына сәйкестендіріліп өзгереді. Сөйтіп, шалюздер жүйелерді біріктіріп қана қоймай
біріңғай жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Локальды жүйелер де шалюздің
көмегімен универсалды (жан-жақты) қуаты күшті компьютерлерге – мэйнфреймдерге қосылады.
Сымсыз жүйелер кабель өткізуге қиынға соғатын, пайдасыз немесе тіпті мүмкін болмаған
жағдайдағы орындарда қолданылады. Мысалы, тарихи ғимараттар, металл немесе
темірбетондарды едені бар өнеркәсіп үйлерінде, қызқа мерзімге жалға алынған офистар,
қоймалар, көрмелерде, конференцияларда және т.б
“Барлығы-Бәрімен” топологиясы. Бұндай жағдайда жүйе радио – адаптерлер көмегімен
жүзеге асырылады. Жан-жақты бағытталған антенналармен жабдықталған жүйелік радио-
адаптерлер радиотолқындарды ақпарат жеткізу ортасы ретінде пайдаланады. Бұндай жүйе
“Барлығы-бәрімен” топологиясы арқылы жүзеге асырылады және 50-200 м қашықтықта жұмыс
істеуге қабілетті. Жүйенің сымсыз және кабельді бөліктерінің арасындағы байланыс үшін
арнайы кіру нүктесі (немесе радиокөпір) деп аталатын қондырғы пайдаланылады. Екі жүйелік –
сымсыз және кабельді адаптер орнатылған жәй (простой) компьютерді пайдаланға болады.
“Нүкте-нүкте” топологиясы. Сымсыз жүйені қолданудың басты, маңызды аймағының бірі-
мәліметтерді жіберу инфраструктуралары (жалпыға бірдей кабельді жүйе, жоғары сапалы
телефон байланысының жолдары және т.б) болмаған жерлердегі локальды жүйелердің шалғай
сегменттері арасындағы байланыстарды ұйымдастыру болып табылады. Бұл біздің
мемлекетімізге тән. Шалғайдағы екі сегмент арасына сымсыз көпір енгізу үшін бағытталған
типтегі антеннасы бар радиокөпір пайдаланылады.
“Жұлдыз” тәрізді топология. Егер жүйеге бірнеше сегмент біріктірілсе, онда “жұлдыз”
типті топология қолданылады. Бұндай жағдайда орталық торапқа жан-жаққа бағытталған, ал
шалғай тораптарға – бағытталған антенналар қондырылады. Жұлдыз тәріздес топологияның
жұйелері әр алуан конфигурациядағы жүйелерді құрауы мүмкін. Сымсыз жүйелік магистарль
баяу модемдерді пайдаланудан бас тартуға жағдай (мүмкіндік) жасайды.
Интернетке кіре отырып, біз Интернет-провайдердің немесе
Достарыңызбен бөлісу: