Дəріс 2. Желі архитектурасын таңдау. ISP, POP, NAP түсініктері. Әртүрлі
категориядағы қолданушыларға арналған интернетке кіру түрлері.
Дəріс мақсаты: Желі архитектурасын таңдау, ISP, POP, NAP түсініктерімен таныстыру.
Əртүрлі категориядағы қолданушыларға арналған интернетке кіру түрлерімен танысу.
Түйінді ұғымдар: архитектура, Provider, ISP, POP, NAP
Дəріс жоспары:
1. Интернет-провайдерлер
2. Соңғы миля
3. ISP, POP, NAP түсініктері
Желі архитектурасын таңдау
Желі архитектурасын таңдау желінің тағайындалуына, жұмыс станциялардың санына және
онда орындайтын әрекетке байланысты.
Бір рангті желіні таңдай керек, егер:
қолданушының саны оннан аспау керек;
барлық машиналар бір біріне жақын орналасы керек;
кішігірім қаржылық мүмкіндіктерге орны бар;
МҚ серверін, факс-серверін, немесе басқа сияқты мамандырылған желіні керек етпейді;
Орталықтандырылған администраторлау мүмкін емес немесе керек етпейді.
Клиент серверлік желіні таңдау керек, егер:
Қолданушылардың саны оннан асады;
Орталықтанған басқаруды, қауіпсіздікті, ресурстарды басқаруды немесе резервті
көшіруді қажет етеді;
Мамандырылған сервер керек;
Глобальды желіге рұқсат керек;
Қолданушының деңгейінде ресурстарды болуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: