Олимпиада қатысушылары құқылы:
1. Олимпиаданың басталуына кешіккен қатысушылар жарысқа қатысуға
құқылы, бірақ олар үшін тапсырмаларды орындау уақыты ұзартылмайды.
2. Қатысушылардың жұмыс орнында қажетті және рұқсат етілген кеңсе
заттары (жазу құралдары, ауыз су және шоколад) болуы мүмкін.
Олимпиаданы өткізу кезеңінде:
- ұйымдастырушылар олимпиаданың басталу уақытын жариялағаннан
кейін (олимпиаданың басталу және аяқталу уақыты тақтаға жазылады)
жұмысты орындауға кірісу;
- Олимпиадаға қатысушылар олимпиада жұмысын аудиториядағы
жауапты ұйымдастырушыға тапсырып, олимпиада кезінде аудиториядан
дәлелді себеппен (санитарлық бөлмеге, медициналық кабинетке) шығуы
мүмкін. Мұндай кезде олимпиада орындау үшін уақыт ұзартылмайды.
Олимпиада аяқталғаннан кейін:
- қатысушы аудиториядан олимпиада аяқталу уақытына дейін,
ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне жауаптары бар олимпиада
тапсырмасының бланкісін, сондай-ақ черновикті міндетті түрде тапсырып,
шыға алады;
- ұйымдастырушылардың нұсқауы бойынша аудиториядан шығу.
Ескерту: олимпиада материалдарын мерзімінен бұрын тапсыруға рұқсат
етіледі.
Олимпиада турын өткізу кезінде қатысушыларға қатаң тыйым
салынады:
- кез-келген
электронды ақпаратты,
жеке компьютерлерді,
мобильді
және интернет байланыс құралдарын пайдалану;
-қатысушылар арасындағы әңгімелер;
-орнынан тұру;
- қатысушылардың орындарын ауыстыру;
-қатысушылар арасында кез-келген материалдармен
және заттармен
алмасу;
-анықтамалық
материалдарды,
шпаргалкаларды,
оқулықтарды
пайдалану.
Қатысушы олимпиаданы өткізу ережелерін
бұзған жағдайда оны
Олимпиададан шеттету туралы Акт жасалады.
Олимпиададан шеттету туралы акт жасалса, қатысу нәтижелері жойылады.
Сәттілік тілейміз!
Олыстық ұйымдастыру комитеті