АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ИНТОНАЦИЯСЫНДАҒЫ ТИЯНАҚТАЛУ ЖӘНЕ
СҰРАУЛЫҚ БЕЛГІЛЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
Интонация амалдары ежелгі Грекия сөз
майталмандарымен, кейіннен Римде аудитория
және халық алдында сөз айтуда психологиялық
тұрғыда әсер етуді күшейту мақсатында кеңінен
қолданылды. Интонациялық құбылыстарға қы-
зығушылар саны кейіннен де қатарын азайтқан
емес, мысалы орта ғасырлар заманы және қайта
өрлеу заманы. XVI-XVII ғғ. Франция риторик-
тері мәнер, интонация, мимика сияқты фонети-
калық, бейвербалды құралдар арқылы сөйлем-
дер құрастыру әдістемесін сипаттайды. Алайда
аталмыш сипаттаманы лингвистикалық деп
атауға қиынға соғады. Интонация ұзақ уақыт
бойы тыңдаушыларға эмоционалды-эстетика-
лық әсер ету құралы ретінде қарастырылды.
Ағылшын тілінің интонациясын сипаттау
теориясын әдетте бір-бірімен грамматикалық
байланысты топ сөздеріндегі тонның толық қоз-
ғалысын білдіретін «контурлы» теория деп
атайды. ( Дж. О’ Коннордың және Дж. Арнольд-
тің анықтамасы – “Intonation of Colloquial
English”, 1968). Ағылшын салт-дәстүрінде инто-
нация ең әуелі айтушының жағдайға қатынасын
білдіреді. Фонологтардың тұжырымдауы бойын-
ша, осы қатынасқа байланысты сәйкесінше кон-
тур жүзеге асырылады. Интонационды контур-
дың құрылымында 4 бөлім айқындалады. Олар:
шкала алды немесе такт алды, шкала (такт), ядро
(интонациялық орталық) және ядродан кейінгі
бөлік. Шкаланың қызметіне үлкен назар ауда-
рылады. Шкалалардың түрлі типтері түрлі ядро-
лық тондармен біріге отырып, жеткізілетін жал-
пы мағына контурымен сөйлеуші қатынасының
байланысын көрсетеді. Мінеки, ағылшын инто-
нация теориясының ерекшелігі, басқа еуро-
палық тілдерге арналған интонация сипаттама-
ларынан айырмашылығы осында жатыр.
ХХ ғасырдың 20 жылдары алғаш рет ағыл-
шын тілінің интонациясына толық талдау бері-
леді. Осы уақытта ағылшын тілінің фонетикасы
бойынша Д. Джоунзтың “An Outline of English
Phonetics” атты әдістемелік құрал жарыққа шы-
ғады. Д. Джоунз интонация ұғымын сөйлеудегі
тондардың жоғары ара-қатынасы деп түсінеді.
Ғалымның тұжырымдауы бойынша, ойдың тия-
нақталуын немесе тиянақталмауын білдіру ин-
тонацияның функциясы болып табылады. Ой-
дың аяқталуы төменге қарай бағытталған инто-
нация білдірсе, ойдың тиянақталмауы аяқтал-
маған мағыналық топтарда (Sense Groups) жо-
ғары қарай бағытталған интонация білдіреді.
Д. Джоунз бойынша мағыналық топ бірнеше
бірімен-бірі грамматикалық тұрғыда байла-
нысты сөздерден тұрады.
Ағылшын тілінің интонологиясының дамуын-
дағы келесі қадам Х. Пальмердің интонациялық
құбылыстарды классификациялауы (1939). Ол
алғаш рет сөйленіс интонациясын келесідей
жіктейді: бастапқы (head-шкала), ядро (nucleus),
соңы (tail) және 4 тон типтерін ажыратады (Tone
Groups), олар бірінен-бірі пішіні мен функциясы
бойынша ажыратылады:
1. Falling Tone
2. Fall-Rise
3. High Rise
4. Low Rise
Сөйленістің бастапқы бөлігі (шкала) бірден
3 тонға: төмен, жоғарғы және көтерілу тонда-
рына ие болу мүмкін. Шкаланың тон сипат-
тамасы сөйленістің қосымша эмоционалды
194 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
реңктерін береді. Ал соңғы бөлігінің әуені ядро-
ның тон бағытын жалғастырады.
Сонымен қатар, Х. Пальмердің пайымдауы
бойынша, тон топтарының кезектелуі коммуни-
кативтік функцияны білдіруге қатысты. Мы-
салы, келесідей кезек Fall+Fall-Rise Х. Пальмер
бойынша сыпайы қарсылықты білдіреді.
Сонымен, Х. Пальмер интонацияның фор-
малды және функционалды аспектілерін байла-
ныстырды десек қателеспейміз.
Х. Пальмердің интонация жүйесі Р. Кинг-
донның “The Groundwork of English intonation”
(1958) еңбегінде жалғасын табады. Р. Кингдон
интонация тондарының күрделі классифика-
циясын ұсынады (5 жай және 3 құрмалас) олар-
дың функциялары, 3 тон деңгейлері және тон-
дарды, екпінді белгілейтін жетілдірілген графи-
калық модельді ұсынады. Аталмыш модель
бойынша екпін белгілері бірден тон қозғалы-
сының бағытын білдірді, жоғарылық деңгей
жолдың төменгі немесе жоғарғы бөлігінде орна-
ласқан.
Тиянақталу мағынасы бірінші интонация
типіне тән - Falling Tone. Бұл типтің негізгі
белгілері болып фразаның басталуында макси-
малды жоғары деңгей және ақырындап екпінді
буындарда төмендеуі мен соңғы деңгейлік
буында кенеттен ең соңғы нүктесіне дейін түсуі
болып табылады.
Сұраулылық екінші интонация типіне тән –
Rising Tone. Falling Tone сияқты осы типтің
негізгі белгілері болып бірінші екпінді буында
жоғары тон орын алса, кейін ақырындап екпінді
буындарда максималды ең төменгі көрсеткішіне
түседі. Алайды аяқталуына таман фразаның бі-
рінші екпінді буынының тон деңгейінен аспай-
тын баяу көтерілуі байқалады (соңғы екпінді
буында немесе екпінсіз буындарда).
Контурлы теорияда ағылшын тілінің интона-
циясы бойынша өңделген оқу құралдарының
ішінде аса оңтайлысы болып Дж. О’ Коннордың
және Дж. Арнольдтің “Intonation of Colloquial
English” (1968) атты еңбегі. Интонация кон-
турының құрылымында өткен еңбектерде де
атап өтілгендей 4 бөлік айқындалады. Олар:
шкала алды, шкала, ядро және ядродан кейінгі
бөлік. Дж. О’ Коннордың және Дж. Арнольдтің
жүйесін басқа жұмыстармен салыстырғанда
ерекшелігі бұл диапазон бойынша дифферен-
циация. Барлығы авторлар ядролық тондардың
7 типін бөліп көрсетеді. Сонымен қатар, олар
эмфаза ұғымын енгізіп, соған байланысты шка-
лаларды эмфатикалық (3) және эмфатикалық
емес (4) деп бөледі. Шкала өздігінен терми-
налды (ядролы) тон қатысуынсыз мүмкін емес.
Еңбекте ядролық тондардың негізгі типтерімен
ең жиі кездесетін шкала тіркестерінің кестесі
келтірілген. Бұл кесте контурдың айтылуға тиіс-
ті мағына және сөйлеуші қатынасымен бай-
ланысты көрсетеді. Дж. О’ Коннордың және Дж.
Арнольдтің контурдың 10 типін анықтайды,
олар өз кезегінде сөйленістердің коммуни-
кативтік типі бойынша бөлінеді.
Дж. О’ Коннордың және Дж. Арнольдтің
жүйесі ағылшын тілінің интонациясы бойынша
әдістемелік құралдардың негізі болып қаланды.
Дж. О’ Коннордың және Дж.Арнольдтің жүйе-
сінде интонация контурының және сөйленіс-
тердің коммуникативті типтері арасында байла-
ныс нақтыланған.
Қысқа хабарлы сөйлемдер (Statements) әдет-
те орташа немесе төмен түсу, ал күрделі сөй-
лемдер алдын ала көтерілу шкаласымен қолда-
нылады. Бұл жағдайда сөйленістің тиянақты-
лығы, салмақтылығы, анық сипаттары көрініс
табады. Эмфатикалық сөйлеуде шкаланың осы
типі әдетте жоғарыдан төмен түсуімен тірке-
седі, соған байланысты айтылған мәлімет қо-
балжулы реңкке түрленеді.
Жалпы сұрақтар төмен қарай бағытталған
шкаламен айтылады, тек интонация орталы-
ғында жоғарылайды. Бұл жағдайда сөйлеуші өз
сұрағына жауап алу үшін шынайы қызуғушы-
лығын көрсетеді. Алайда жалпы сұрақ ядрода
дауыстың төмендеуімен айтылуы мүмкін, сол
кезде сұраулылық жойылып сұрақ қайсарлы
ұсыныс мен мәлімдеу болып естіледі.
Ағылшын тілінде тиянақтылықты білдір-
генде ақырын және толық төмендеуі байқалса
(Low Fall), орыс тілінде жылдам және ең соңғы
деңгейіне жетпейтін төмендеу байқалады. Со-
нымен, келесідей мәселе әлі де зерттеуді қажет
етеді:
- ағылшын фразасындағы интонация тиянақ-
тылық мен сұраулық дифференциалды белгіле-
рінің шоғырландыру мәселесі және олардың
жетекші параметрлерінің сипаттамасы;
- ағылшын тілін иеленушінің коммуника-
тивтік жоспарына байланысты зерттелетін бел-
гілердің өзгеріс параметрлер сипаттамасының
бір интонация компонентінен екіншісіне өзгеруі;
- диапазон шекарасын және регистр корреля-
циялау сипаттамасы.
_______________
1. Jones D. Intonation curves. Leipzig-Berlin, 1909.
2. Halliday M. Intonation and Grammar in British
English. Paris, the Hague, 1967.
3. Schubiger M. English Intonation, its forms and
function. Tubingen, 1958.
4. Сухарева Е.Е. Дифференциальные признаки завер-
шенности и вопросительности в интонационной системе
английского языка. дисс.к.ф.н.-Воронеж, 2003.-178 с.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
195
5. Базарбаева З.М. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі.
дисс.д.ф.н.-Алматы, 1997.-336 б.
6. Бондарко Л.В., Вербицкая Л.А., Гордина М.В.
Основы общей фонетики. Санкт-Петербург, 2000.-160 с.
7. Светозарова Н.Д. Интонационная система русского
языка. Ленинград: издательство Ленинградского универ-
ситета, 1982.-173 с.
8. Аманбаева
А.Ж.
Интонациялық
бірліктердің
прагмалингвистикалық сипаты (эксперименттік-фонети-
калық зерттеу): Филог. ғыл. ...канд.дисс.-Алматы, 2006.
-118 б.
* * *
В данной статье рассматривается теория описания при-
знаков завершенности и вопросительности в интонацион-
ной системе английского языка. В работе анализируются
основные теоритические источники, касающихся теории
интонации английского языка.
* * *
This article is devoted to the theory of English language
intonation and its definition features. Also this article deals with
the main theoretical recourses which related to the theory of
English language intonation.
А. А. Султангубиева
ЖҮРЕК КОНЦЕПТІНДЕГІ «АДАМ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ»
(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің материалдары бойынша)
Жүрек адам өміріндегі физикалық және ру-
хани өмір сүрудің негізгі көзі болып табылады.
Қазақ ұлттық энциклопедиясында жүрекке
былай түсініктеме берген: Жүрек – адам мен
жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық
органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және
оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз
етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрле-
рінде (буылтық кұрттарда, моллюскілерде, буын-
аяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан,
бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден
тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және
адамда жүрек дененің кеуде қуысында орн-
аласқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жү-
рек екі камералы – бір жүрекше, бір қарын-
шадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау,
ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді.
Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы,
ал қарыншасының жанында артерия конусы
(шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда
қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылар-
дың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны
ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шең-
берден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта
тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі
жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан
айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда
болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жү-
регі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай
жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарын-
шада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында
жүрек толық төрт камераға (екі жүрекше, екі
қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректі-
лердің жүрегі төрт камералы (екі жүрекше және
екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай
қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген
және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-
бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің
оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетін-
діктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан
тек артерия қаны ағатындықтан артериялы
бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының
дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің
арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы
байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген
соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негі-
зінен, кеуде куысының сол жағын ала орна-
ласады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының
сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуы-
сының оң жағында орналасады. Өте сирек
жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да
кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас,
оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал
сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады.
Жүректің ұшы сол жақтағы бес жұп қабырға-
ның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің
сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын –
үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпер-
шектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиы-
рылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сай-
шалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын
бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі
жағында, қарыншалар ұшы жағында орнала-
сады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құ-
лақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ
деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы
жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық
етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап
жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады.
Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары
жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта
орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет
196 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қор-
шап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет тал-
шықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап
жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықта-
рының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қа-
рыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы
қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап
жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң
қарыншаның миокард қабатынан екі-үш есе
қалың. Өйткені сол қарыншадан бүкіл денеге
тарайтын қолқа қан тамыры басталады. Жүрек-
шелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақ-
таулы қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады.
Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай
ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның
арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол
қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді)
қақпақшалар жауып тұрады. Жақтаулы қақпақ-
шалардың жиегіне қарыншалардың ішінде ор-
наласқан емізік тәрізді бұлшық еттер бекіп,
жақтаулы қақпақшаларды қарыншаларға қарай
ашады. Жүректің қарыншалары мен олардан
басталатын артериялық қантамырлардың ара-
сында үш жарты тәрізді қақпақшалар бар. Бұл
қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай
ашылады.
Жүректің миокард қабаты да көлденең жо-
лақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады, оның
қаңқа бұлшық ет ұлпасынан айырмашылығы –
жүректің бұлшық ет талшықтары торланып
орналасқан және бір-бірімен қосылып жатады.
Жүректің миокард қабатында миофибрилла-
лары аз, көбіне саркоплазмаға бай бұлшык ет
талшықтары шоғырланып орналасады. Олар
жүректің ырғақты жұмысын реттеп отырады.
Оны жүректің өткізгіш жүйесі деп атайды.
Ондағы бұлшық ет талшықтарында оқтын-
оқтын қозу импульстары пайда болып, өткізгіш
жүйедегі клеткалар өздігінен жиырылады. Ере-
сек адамдарда жүректің салмағы 250-330 грам-
мдай, ұзындығы 10-15 см, көлденеңі 8-11 см,
қалыңдығы 6-8,5 см. Шамамен жүректің үлкен-
дігі әркімнің өзінің жұмған жұдырығындай бо-
лады. Жүректің қызметі жүрекше бұлшық еті
мен қарынша бұлшық етінің белгілі бір ыр-
ғақпен кезектесе жиырылуы (систола) және
босаңсуы (диастола) арқылы атқарылады. Ең
алдымен, жүрекше жиырылып, қанды бос
қарыншаға итереді, оған 0,1 с уақыт кетеді;
екінші кезеңі – қарыншалардың жиырылуы (қан
қолқа мен өкпе артериясына итеріледі), оған 0,3
с, ал үшінші кезеңі – жүрекшелердің де, қарын-
шалардың да босаңсуы (диастоласы), мұны
жалпы пауза деп атайды, оған 0,4 с уақыт кетеді.
Жүректің осындай жұмысына 0,8 с уақыт ке-
теді. Ересек адамның жүрегі минутына 72-75 рет
соғады. 1 минутта жүректің қантамырларға шы-
ғаратын қан мөлшерін жүректің минуттық
көлемі деп атайды. Жүректің жұмысы қанмен
бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ,
өзіндегі шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп
отырылады. Жүректің адам организмінде ала-
тын орны ерекше [1, 103-104 бб.]. Ағылшынның
Комшн энциклопедиясында жүрекке мынадай
түсініктеме берген: Адамның жүрегі ең керемет
қызмет атқаратын насос. Ол өмірімізді жалғас-
тырушы, біздің денеміздің қанын айналдыруға
көмектесетін мүшесі [2, 105 б.].
Қазақ тілінде: жүрегім жай тапты, жүре-
гім елжіреді, жүрегім жақсылықты сезеді,
жүрегім жаңа орнықты, жүрегім лүпілдеп тұр,
жүрегімен сезу, жүрегін шаттық кернеді, жү-
рек алып ұшты, жүрек дүрсілі, жүрек жарылу,
жүрек шаншыды, және т.б. адам қатты қуан-
ғанда, өзін жақсы сезінген кездерінде, тосыннан
жақсы хабар естігенде қолданылады.
«Адамды, оның қадір-қасиетін, түр-тұрпа-
тын, ақыл-мінезін суреттеп, бейнелеп, сипаттай-
тын фразеологизмдердің дені тілде қалыптасқан,
байырғы элементтер: ақ жүрек «адал ниет», бұл
тіркесті Абай Онегиннің аузына салады, ол
Татьянаға екінші рет «сорлы асық» болып жаз-
ған хатында: құп білемін сізге жақпас ескі жара
білтелеу. Ақ жүрегің енді ұнатпас, мезгілі жоқ
қай медеу? – дейді. Бұл жердегі Татьяна Лари-
наның ақ жүрегі – оның жалғансыз сезімі»
3,
104 б.
– демекші, ақындардың өлеңдерінде
адамдардың қасиетін, мінезін сипаттауға жұм-
салған жүрек сөзінің тіркесуі арқылы жасалған
тіркестер көп. Адамдардың мінезі әр түрлі
болғандықтан жүрек сөзі арқылы жасалған
тіркестерді де жағымды және жағымсыз мінезді
сипаттайтын тіркестер деп бөлеміз.
Жағымды мінезді сипаттайтын тіркестер:
Тәңір жолы – ақ жүрек, сайтан деген – қиянат,
ақ жүректі ертерек, ескер – дағы қыл әдет
(Ш. Құдайбердіұлы); Жайнаған таза жүрек,
талапты жас, ұғар деген сезімді тілегім бар
(Ш. Құдайбердіұлы); Асау жүрек қайнамай,
жуасыр ма еді кезінде (Абай); Жасаулы жаудан
бұрылмай, жау жүрек жомарт құбылмай
(Абай); Үрпейген жүрек басылмай, талапты
көңіл елермес (Абай); Тәкаппар, жалған онда
жоқ, айнымас жүрек, күлкің бол (Абай); Талай
тайғақ, тар кешуде таймаған. Батыр жүрек,
қайрат енді алдай ма (Абай); Жардың көп
болуының таңы да жоқ, интернациональный
жүрегі бар (М. Жұмабаев); Жақын жан көп,
ұғушы жоқ шын жанды, сенгіш жүрек талай
сенді, уланды (М. Жұмабаев); Сезгіш жүрек,
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
197
ұшқыр жан, неге бердің пендеңе? (М. Жұма-
баев); Жапырақ жүрек жасқайың, жанымды
айырбастайын (М. Мақатаев); Зор иманды,
махаббатты жүрек бір (М. Мақатаев); Ақын
жүрек бір соғады халқыменен, балдыздарым
неткен сұлу жарқын ең! (К. Ахметова); Тағы
арыстан жүректі, Аплатон, Сократ ақылды
Қаһарман Ғали білекті Абай (К. Ахметова);
Ақынның нәзік жүрегі, самалдай тоңар гүл еді
(Ф. Оңғарсынова); Менің адал жүрегімді, жау
алмасын сен алшы өрт!(Қ. Нұрлан); Пейілім мен
ниетіме
дариядай,
Пәк
жүрегің
сезініп
мойындасын (Қ. Нұрлан); Қуанбай ғазиз жүре-
гің, бір сәтке ғана шошынып (Қ. Күзембаев);
Біл, жаным, оның албырт жүрегінің, жалынып
өзгелерге жағынбасын (К. Ахметова).
Жағымсыз мінезді сипаттайтын тіркес-
тер: Оған да көнбіс жүрек төзгені ғой (Қ. Кү-
зембаев); Елді сынап, өз мінін елемейді. Өлі
жүрек, өзімшіл күншіл мұңдар (Ш. Құдай-
бердіұлы); Сенерге жан таба алмай, сенделеді
ит жүрек (Абай); Бенде көрген бар қызықтың,
бәрін ішкен сұм жүрек (Абай); Тас жүрек көзім
нұры анамды алып, еңіреген мен жетімге көз
салмады (М. Жұмабаев); Шірік жүрек сасықтар,
арамдыққа асықтар (М. Жұмабаев); Қатал
жүрек сұм айласын асырды, қас-қағым сәт,
қапелімде басынды (Қ. Нұрлан); Қара жүрек
ұялып, өз-өзінен ағарса, мұз болмас еді ішімде
(Қ. Күзембаев); Есімде сұрапылда толғанған
күн, ызалы жүрегіндей Абдолланың. (Қ. Бекхо-
жин);
Б. Момынованың «Шәкәрім поэзиясының
тілі» атты еңбегінде «Ақындардың ішінде Абай
бір ғана жүрек сөзін әр алуан эпитетпен
сипаттайды, олардың ішінде жылы жүрек, ет
жүрек бірен-сараны ғана тұрақты эпитеттермен
келгендері болса, қалған тіркестер Абайдың өзі
ұсынған эпитеттермен айтылған образдар сорлы
жүрек, асау жүрек, жалын жүрек, үрпейген
жүрек, кірлеген жүрек, ынталы жүрек, асыл
жүрек, мұз жүрек, сұм жүрек, ызалы жүрек.
Бұлардың барлығы да образдар. Абай жалпы
жүрек сөзін 150-ден астам рет жұмсағанда, ол
қолданыстардың дені «адам, адамның ішкі
дүниесі, сезім» деген ауыспалы мағынада кел-
ген. [4;144 б.].
Жүрек сөзі адамның өзіне тән «ынталы,
сорлы, ызалы, асыл, сұм» деген сын-сипат
атауларымен келгенде оның адамға қатысты
образды беріп тұрғаны айқындала түседі. Ал
Үрпейген жүрек басылмай, талапты көңіл елер-
мес, кірлеген жүрек өзі үшін, тұра алмас әсте
жуынбай. Жүрегім менің қырық жамау, қиянат-
шыл дүниеден, – деген өлең жолдарындағы
эпитеттер жүрек сөзімен берілген образдың
экспрессиясын арттырып, қазақ поэзиясында
бұрын кездеспеген тың дүниелерді береді. Абай-
дың мағынасы жағынан бір-бірімен үйлеспейтін
сөздерді тіркестіріп, көбінесе авторлық тың
эпитеттерді ұсынуын «жалтаңдаған жас жүрек»
Қ. Жұмалиев орыс көркем сөзінің үлгісі, Абайға
дейінгі қазақ поэзиясында кездеспеген тың тәсіл
дегенді айтады. Ал Р. Сыздық болса бұл тәсілді
сонау Ахмет Яссауи поэзиясынан келе жатқан,
ертеректегі қазақ өлеңдерінде табылатын поэти-
калық көне тәсілдердің бірі екенін айтады. [5;
234 б.].
Жүрек – адам ағзасындағы мүшенің атауы,
демек, ол да зат. Осы затты ақындар адамның
ішкі дүниесінің, санасының, рухани сұранысы-
ның символы етіп қолданады, тіпті әрі-беріден
соң өзінің символы болып шығады. Мысалы:
жүрегім, ойбай, соқпа енді дегенде де, сорлы
жүрек мұнша ауыр, сенделеді ит жүрек дегенде
де, барлығында да әңгіме ағзаға, яғни дене
мүшесі жүрек туралы емес, адамның өзі туралы.
Бірақ осы символдар арқылы ақындар адамдар-
дың түрлі қасиеттерін сипаттап береді
Ал ағылшын тілінде:
be sick at heart – «жиеркенішті сезу»; (сөзбе-
сөз аудармасы: жүрегі ауыру);
heartburn – «асқазанның қышқылы көте-
рілуі» (сөзбе-сөз аудармасы: жүрегім жанды).
Адамның физикалық жағдайы да жүрекпен
байланысты. Егер жүрек өзін қолайсыз сезінсе,
онда адамда өзін қолайсыз сезінеді: оны «басын
айналдырады», ол «құлайды», «бұзылады» және
т.б. Егер жүрек жеңіл «тыныстаса», «созылса»,
онда адамда өзін-өзі жақсы сезінеді.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек
компоненті негізінде жасалған сан алуан тір-
кестерге концептуалдық тұрғыдан талдануда.
Әсіресе, тіліміздегі ең көп қолданыста жүретін
жүрек концептімен байланысты тілдік бірліктер
мен бейнелі оралымдардың өзінше бір төбе
екендігіне көзіміз жетті.
Әлемнің тілдік бейнесінен мағлұматтар бере-
тін, бейнелі ойлаудың жемісі болып табылатын
жүрек концепті кез келген тілдің лексикалық
қорын байытады. Сондықтан жүрек концепті-
нен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көптеген
фраземалар, мақал-мәтелдер жасалып, тілдің
көркемдік құралдарын көбейтеді.
_______________
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. / Бас. ред.
Ә.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас
редакциясы, 2002. – 4 том. – 752 б.
2. Сomption’s Encyclopedia. / by E. Comption. – The
University of Chicago: learning company of encyclopedia
Britannica, 1986. – volume 10, H-Hypno. – 105 p.
198 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
3. Кубрякова Е.С. Эволюция лингвистических идей во
второй половине XX века // Сб. статей. – М.: Рос. Гос.
Гуманит. Ун-т., 1995. – С. 144-238.
4. Момынова Б.К. Шәкәрім поэзиясының тілі. –
Алматы: Арыс, 2008. – 144 б.
5. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Арыс,
2004. – 350 б.
* * *
В статье рассматривается «физический образ чело-
века» концепта сердце (на материале казахского, русского
и английского языков)
* * *
It is considered human’s physical image of concept heart
on the material of Kazakh, Russian, English languages.
М. М. Сыдыкова
Достарыңызбен бөлісу: |