М. Тулекова
КОГНИТИВТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
Когнитивтік ғылым АҚШ-та, Еуропада кең
таралған әдістемелік зерттеу үрдісі. Жалпы адам
танымына деген қызығушылық ерте кезден-ақ
ежелгі гректерден басталып, ес пен ойлау, адам
білімі – табиғаты төңірегіндегі зерттеулерден,
ақырында екі бағыт ұстанған ағым ретінде қызу
айтысқа созылды. Оның бірі – эмпиризм – ол
білім тәжірибеден пайда болды десе (Беркли,
Юм, Милль), екіншісі – нативизм – бала дүниеге
білім қорымен келеді деген ұстанымды бас-
шылыққа алды.
«Когнитивтік ғылым» термині алғашқыда
белгілі ақпаратты қабылдау, оны електен өткізу,
ми қыртыстарында сақтай отырып, қажетті
кезде оны тәжірибеде қолдану үшін енгізген.
Нәтижесінде адам миында білімнің қалыптасу
және толығу жүйелерін зерттейтін ғылым пән-
дер есебінде қолданылады. Адам санасында,
миында қалыптасқан білім қыртысының көрінісі
тек тілдің қызметі арқылы жүзеге асады. Тек
тілдік бірліктер нәтижесінде коммуникативтік
қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да тілдің
когнитивтік лингвистикада алар орны өте зор.
Когнитив ғылымының негізін қалаған психолог
Джордж Миллер мен тілші Ноэм Хоменийдің
есімдері де осы саламен байланысты жиі аталып
келеді. Жалпы когнитив ғылымы адамзат атау-
лының әлем бейнесі мен қоршаған дүниедегі
заттар мен құбылыстардың, процестер мен сан-
сапалардың, уақыт пен кеңістік факторының
қарым-қатынасын адам санасы мен ақыл-ойын-
да, тұжырымдай айтқанда дүниетанымында
қалай көрініс беретіндігін айқындаумен айна-
лысатын ілім ретінде сараланып, құдыретті тіл
арқылы көрініс беретіндігі айқындала түсуде.
Сондықтан да болар бүгінгі таңдағы әлемдік
ғылымтануда когнитив ғылымы іргелі ғылым
салаларының зерттеу мүддесіндегі ядролық
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
211
тірек ұғым ретінде танылып, «таным патшалы-
ғының» тірек нүктесі тұрғысынан дәйектеліп
келеді. Бұл ретте таным патшалығының негізі –
ғалам бейнесі мен ғаламның тілдік бейнесі
болады. Ғалам бейнесі - адамды қоршаған объек-
тивтік шындық болса, динамикалы (үнемі қоз-
ғалысты) негізді және ғалам бейнесіне тілдік
араласудың нәтижесінде ғаламның тілдік бейнесі
пайда болады.
Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі
(картина мира) ғаламның тілдік бейнесінің
(языковая картина мира) орнына (мүмкін үнем-
деу үшін) қолданыла береді. Мәні бойынша бұл
екі ұғым екі немесе бірнеше болғандықтан ажы-
ратып қолдану қажет. «Ғаламның тілдік бейнесі
термині философия мен логика аспектісінде
Л.Витгенштейннің ұсынуымен қолданылған.
Когнитивизм – адам санасын, ойлау қабі-
летін, сонымен байланысты ментальды процесс
пен құрылымын зерттеп-зерделейтін ғылыми
бағыт. Маслова біліммен, ақпаратпен байла-
нысты процестердің барлығын когнитив немесе
когниция деп атайды. Когнитивизм ілімі бойын-
ша, адам ақпаратты қайта өңдеп шығарушы
қызметін атқарса, ал тәртібі – ішкі жағдайдың
деңгейімен сипатталып түсіндіріледі. Ақпаратты
санаға дұрыс қабылдап, интерпретация жасап,
өңдеп, жеткізу кезінде ғана адамның бұндай
қызметі көрініп, тәжірибе жүзінде дәлелденеді.
Интерпретация деп отырғанымыз ақпаратты
қабылдау, түйсіну, түсіну, зерттеу, зерделеу,
өңдеу т.б. сияқты қызметтерімен ерекшеленеді.
Осындай мәселелерді шешуде тілдің маңызы зор
болғандықтан, ғалымдар басты құрал ретінде
қарастырады.
Когнитивизм термині мынандай тұжырым-
дармен беріледі:
Адамның «ойлау механизмін» зерттеу
бағдарламасы;
Әртүрлі бағытта келетін ақпараттыадам
санасында өңдеп оқыту процесі;
Әлемнің ментальды модельдерін құру;
Құрылымдық жүйені когнитивтік акті-
лердің әртүрлілігімен қамтамасыз ету;
Туған тілде берілген қалыптасу мен түсіну
қызметтері адам ойының компьютерлік бағдар-
ламасы арқылы жүзеге асады; компьютерлік
бағдарламаның модельдерін құру, мәтінді түсіну
мен зерделеудің нышаны бола алады;
Ойлау актілерінің психикалық процес-
терінің кең көлемде қолданылуы.
Когнитивтің бүгінгі таңда меже тұтатын
мәселесі тіл мен таным сабақтастығы. Тілдің
субъективті логикалық сапасының өзі объек-
тивтік дүниені танып білуші, оны тілдік тұлға
(сөз, сөз тіркесі, сөйлем формалары) арқылы
санада таңбалаушы, оның репрезентациясын
(ішкі формаларын) көрсетуші, белгілі бір кезең-
дегі, уақыттағы адамдар қауымдастығының
шынайы өмір тәжірибесінен алынған танымдық
кешендерінің қабылдаушысы ретінде сараланып
жүргені белгілі.
Тіл мен танымның осындай өзіндік ерек-
шеліктері когнитивтік тізбектегі тәуелділік пен
арақатынастарды орнату мәселелеріне орай
«ақыл-ой (сана) - тіл - ішкі таным (репрезен-
тация) - концептілеу - категориялау – қабылдау
сияқты ұғымдар жүйесімен анықталады.
Когниция – когнитивтік ғылымның тірек
сөзі; ол латын тілінің (cognitio – cognitatio /
«таным», «тану») екі терминінің мағынасынан
құралады және «ойлау» термині де кіреді. Көп
жағдайда ол таным үрдісі немесе психикалық
(ментальдылық, ой ұшқырлылық) үрдісті -
әлемді тану үрдісімен анықталады. Когниция
қызметін, ортамен арақатынасын, өмір сүруге
деген бағытын, еңбекке икемділігін, әлемді тану
үрдістерін анық бейнелейді. Когниция – сана-
сезімі дамымаған, еңбекке жарамсыз адамдар-
дың өзін-өзі тануы, бағалауы, қоршаған ортаны,
әлемді суреттеуі адам санасы мен мінез-құл-
қының негізгі нышанын құрайды.
Қазіргі таңда когнитивтік революцияға көп
көңіл бөлініп жүр. Атақты американ лингвисті
Н.Хомский: «Когнитивтік революция – адам
тәртібінің қалыптасуын сананың / мидың қыз-
метіне қатысты болады. Когнитивтік қалыпқа:
білімді, түсінікті, интерпретацияны, сенімділікті
дұрыс қабылдау жатады».
Когнитивтік қызметтің нәтижесінде пайда
болған мағына жүйесі жеке адамның әлемді
тану, білу қызметтеріне қатысты болады. Адам
символдарды қолданып, әлемді де, әлемде өзін-
өзі тану мүмкіндіктерін де саралай келіп, лин-
гвистиканы жаңа қырынан көрсетеді. Ол адам
мен қоғам арақатынасын игеру негізінде ког-
нитивтік лингвистика ғылымының пайда болуы-
на септігін тигізеді.
Когнитив теориясындағы ментальдық про-
цесстердің күрделі табиғатын саралауда этнос
болмысына баса көңіл бөлінуі қажет. Қоршаған
ортадағы заттар мен құбылыстар дүние жүзін
мекендейтін адамзат атаулыға жалпыға ортақ
болуымен қатар, жекелеген әрбір этнос, ру-
тайпа, ұлт, халық үшін сол заттар мен құбы-
лыстар өз мәдениеті мен ой тұжырымына,
дүниетанымына, өмір тәжірибесіне сәйкес сұ-
рыпталып ұжымдық санасында қатталып қа-
лыптасады. Яғни тілдік таңбаның таңбалаушы
қызметі қоршаған дүниемен тікелей байла-
212 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
нысында ғана емес, ұжым мүшелерінің сол
нысан туралы көрген-білгені, естігені, көңілге
түйгені, басқа нысандармен ассоцациялық
байланысы, аялық білім негізінде жинақталып,
таным патшалығының жалпы жүйесіне енгенін
айқындайды. Мәселен, қазақ тіліндегі рухани
мәдениетіміздің қомақты қабатын құрайтын
баба, ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,
әже, шеше, бәйбіше, тоқал, қыз, бойжеткен,
құда, құдағи, күйеу бала, келін, нағашы, жиен,
бөле, бауыр, аға, іні, қарындас, әпке, сіңлі
сияқты көптеген туыстық атаулармен сабақ-
тастықта қалыптасқан орасан мол мақал-мәтел-
дер, фразеологизмдер, тұрақты теңеулер, сим-
волдар мен айшықтар, табу, эвфемизм, дис-
фемизм, ирония, перифраза, салт-дәстүр мен
әдет-ғұрыптар, ырым жоралғылар соған шы-
найы дәлел бола алады. Олар:
Әке көрген – оқ жонар,
Шеше көрген – тон пішер;
Жақсы жезде әкедей;
Құда түсу, сырға салу т.б.
Мәселен, Қазақ халқының ұжымдық сана-
сында әйел, қыз лексемалары инабаттылықтың,
мейірімділіктің, адалдықтың, тәлім мен тәр-
биенің, нәзіктік пен сұлулықтың символын біл-
діретіндіктен осымен байланысты когнитивтік
ақпараттар мол кездеседі. Қазақтың ежелгі салт-
дәстүріндегі ат тергеу ырым-жоралғысы да
жатжұртқа келін болып түскен қыз баланың
инабаттылығын, тәрбиелілігін, мейірімділігін
танытады. Мысалы:
Шешесіне қарап қызын ал;
Бала келін-ана келін-дана келін;
Барған жеріңе тастай батып, судай сің.
Сонымен қатар, жас келін жан жарының
жақын ағайын-туыстарының аттарын өз атымен
атамай, ұжымдық дүниетанымның ментальдық
қағидаттарын ескере отырып, жасына, жолына,
туыстық қатынасына орай лайықтап ат таба
білген. Аталарының аттарын тура атамай, өз
дүниетанымындағы нысандарда балама таба
отырып, жаңа ат тауып атайтын болған. Мәсе-
лен, атасының аты Жылқыбай болса, Мінгіш
деп, Буркітбай болса Үлкен құс деп, Тышқанбай
болса Қаптесер деп ұтымды аттарды таба
білген. Қайын сіңілдеріне -шырайлым, еркежан,
бикеш, қаракөз десе, ер жігітке - мырза жігіт,
шырақ, кекілдім, тетелес сияқты табу мәнді
этнографиялық лексемалардың ішкі мәнінен
жер бетіндегі түркі халықтарынан өзге ешбір ұл
мәдениетінде кездеспейтінін салт-дәстүр екенін
тани отырып, когнитив ғылымының ұлт, этнос
мәдениетіндегі ментальдық ресурстарға бас кө-
ңіл бөліп қарастыруының маңыздылығын аңға-
руымызға болады.
Зерттеушілердің пайымдауынша когнитивтік
лингвистика мынадай үш мәселені қарастырады:
1) таңбаның түрлері мен типтері;
2) таңба арқылы берілген ой немесе білім,
білімді меңгеру механизмі;
3) таңбаның қалыптасуы мен дамуының
шарттары және оның қағидалары.
Тілдік таңба мәселесі когнитивтік лин-
гвистика, психолингвистика, социолингвистика,
этнолингвистика, лингвомәдениеттану, прагма-
тика тәрізді ғылым салаларының зерттеу ны-
санына айналып отыр. Таңба арқылы берілген
білімді когнитивтік семантика және прагматика
салалары қарастырса, таңбаның қалыптасуын,
дамуын семиотикалық онтогенез, оның қағи-
даларын семиозис ғылымы зерттейді. Тілдің
таңбалар жүйесі ретінде сипатталып, когнитив-
тік лингвистика саласы аясында қарстырылуы,
оның күрделі құбылыс екендігін дәлелдей тү-
седі. Қоршаған орта арқылы қабылданатын
әрбір ақпарат белгілі бір таңбалар жүйесінен
тұрады. Сол таңбалар жүйесі «Әлемнің тілдік
бейнесін» бейнелейді. Таңба арқылы берілген ой
негізіндегі білім когнитивтік лингвистиканың
зерттеу нысаны бола алады.
Тілдік тұрғыдан зерттеуші Қ.Б.Күдеринова
таңбаланудың тілдік жүйесінің түрлерін «сөз,
граммема, морфема, фразема болса, оның маз-
мұн межесінің бірлігі – семема, тұрпат межесі-
нің бірлігі - лексема» деп қарастырып, «Солар
арқылы белгілі болған бір денотатқа, я болмаса
құбылысқа берілетін атау, яғни лексема рефе-
ренттің бойындағы бірнеше белгілердің, сема-
лардың сұрыпталып, қорытылуы нәтижесінде,
немесе атауға негіз болатын бір белгінің актуал-
дану нәтижесінде, немесе мәнді ғана белгілері
жиынтығы нәтижесінде туады» - дейді [1, 72-
73бб].
Тілдік таңба ретінде сөйлемнің бір немесе
көп сөзді тұлғада атауыштық қызметті атқа-
ратындығы турасында А.Жұбанов: «Сөйлем де
сөз тәрізді тілдің атауыштық бірлігі ретінде
қарастырылады. Сөйлемнің денотаты – біздің
санамызда бейнеленген кейбір нақты жағдайлар,
ал десигнаты – адам санасында қалыптасқан
белгілі топтағы жағдайларды елестету. Мәтін
автордың саналы түрдегі әсеріндегі трансформа-
цияланған күйдегі психикалық жағдайлардың
бейнелеуін құрайды. Мәтін жүйе ретінде өзін
құрайтын бірліктерден және оларды бір бүтінге
біріктіретін ережелерден тұруы керек, демек
белгілі бір ішкі құрылымы болуы керек.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
213
Біріншіден, бүкіл мәтіннің мазмұны өзіне енетін
абзацтардың мазмұнын біріктіреді; екіншіден,
оларды бір бүтін мәтінге біріктіретін негізгі
критерий ретінде тақырыптық критерий қызмет
етеді. Мәтіннің ішкі құрылымына байланысты
зерттеулер бүкіл мәтінде бейнелеу, хабарлау,
ойлау жалпылығымен ұйымдастырылған қандай
да бір объективті лексикалық ядроның барлы-
ғын көрсетеді. Мәтін де таңбаға тән белгілерге
ие» - деген қорытындыға келеді [2, 26-27бб].
_______________
1. Күдеринова Қ.Б. Бірге, бөлек таңбаланатын сөздің
орфограммасы және оларды кодификациялаудың негіздері.
– А., 2000. – 147б.
2. Жұбанов А.К. Основные принципы формализации
содержания казахского текста // Дисс. докт. фил. наук. – А.,
2002. – 310с.
3. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы:
«Рауан», 1991. 216б.
4. Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. – Ал-
маты: Санат, 2000 – 240б.
* * *
В статье когнитивистика рассматривается как образ
мира, соотношение языка, познания и языкового направ-
ления.
* * *
In article cognitive the science is considered as an image
of the world, a parity of language, knowledge and a language
pair.
Д. Турсынбаева
АББРЕВИАТУРАЛАР – АДАМНЫҢ МЕНТАЛДЫ
ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ
Қазіргі кезде адамның менталды қызметін
зерттеу әртүрлі саладағы ғалымдардың (психо-
логтар, лингвистер және т.б.) көңілін аударып
отыр. Сол себептен, қазіргі лингвистика «ког-
нитивті революция» деп аталатын кезеңін басы-
нан өткеріп отыр. Когнитивті лингвистика ког-
нитивизм аясында пайда болып, өткен ғасырдың
80-ші жылдары ресми түрде мойындалды.
Когнитивизм – зерттеу нысаны адам ақылы,
ойлау және бұлармен байланысты менталды
үдерістер мен күйлер болып табылатын ғылым
бағыты. Ондағы лингвистикалық зерттеудің ор-
талығында адами білімнің құрылуы, сақталуы
және тасымалдануы, танымдық үдерістер және
адамдардың өз қызметі үдерісінде қоршаған
ортаны қабылдауы зерттеледі. Лингвистер
өздерінің зерттеулерінде тіл мен ойлау байла-
нысын жариялаудан, олардың өзара әрекетінің
формаларын зерттеуге өтеді.
Белгілі американдық лингвист Н. Хомский-
дің айтуы бойынша: «Когнитивті революция
ақыл-ой/ми күйлеріне жатады, және сонымен
қатар адам мінез-құлығын айқындайды, әсіресе
когнитивті күйлеріне: білім, түсінік, интерпре-
тация, наным-сенім және т.б. күйлеріне».
Білім және ақпаратпен байланысты үдеріс-
тер «когнитивті» немесе «когниция» деп ата-
лады. Сонымен қатар олардың синонимі «интел-
лектуалды», «менталды», «ақыл-парасат» сөз-
дері болып табылады [1, 20 б.].
Философиялық энциклопедияда ағылшын
термині «когниция» – «білім, таным». Н.Н. Бол-
дыревтың пайымдауынша, «таным» терминіне
қарағанда, «когниция» терминінің өзі танымдық
үдерістерді білдіреді, – білім алу үдерістері
және осы үдеріс нәтижелері (Болдырев, 2001, 9
б.). Бүгінде когницияға адами рухты құрау-
шылар (білім, сана, таным, ойлау, шығармашы-
лық, жоспар жасау, ойлану, логикалық тұжы-
рым, проблемаларды шешу, қиялдар, армандар),
сонымен қатар қабылдау, санадағы бейнелер,
есте қалғандар, зейін/назар және тану/білу
секілді үдерістер жатады. Сонымен, когниция –
әрқайсысы белгілі когнитивті қабілетпен бай-
ланысты әртүрлі үдерістерге бөлінеді, ал олар-
дың бірі сөйлеу қабілеті болып табылады. Де-
мек, когниция – қоршаған ортаны қабылдау да,
бақылау және категоризация да, ойлау мен сөй-
леу, қиялдау және т.б. психикалық үдерістер
жиынтығы [1, 41 б.].
Менталдылық термині менталитет термині-
нен өзгеше. Менталдылық (лат. mentalis – са-
налы, рухани < mens – ой, ақыл) дегеніміз –
этномәдени, қоғамдық дағдылардың, рухани
қағидалардың, стереотиптердің жиынтығы. Тіл-
ді пайдаланушылардың ойын, ерік-жігерін, сезі-
мін жеткізетін белгі ретінде менталдылық тілде,
оның тереңнен бастау алатын өзгерістерінде
жүзеге асырылады. Кейде менталдылық бей-
саналық немесе санадан үстем құбылыс деп
саналады. Ал менталитет (лат. mentalis –
214 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
саналы, рухани < mens – ой, ақыл) ағыл. Men-
tality – адамдардың әлеуметтік ортаның, ұлттық
дәстүрлерінің ықпалына байланысты қалып-
тасқан жеке-дара және қоғамдық сананың, олар-
дың өмірлік ұстанымдарының, мәдениетінің,
мінез-құлқының аса айрықша ерекшеліктері;
ақыл-ойдың көрінісі, дүниетаным. Тілге қа-
тысты этникалық немесе ұлттық, мәдени мен-
талитет зерделенеді. Тіл ақиқат дүниені мен-
талды құрылымдау және нақтылау қызметін
атқарады, әрбір тілде менталитет пен ментал-
дылық түйісіп отырады [2, 169 б.].
Адамның менталды қызметінің нәтижесінің
бірі ретінде аббревиация үдерісі де жатады,
өйткені уақыт өткен сайын танымдық табиғат
өзгереді. Бұл класс уникалды болып табылады.
Олар тілде тарихи дамудың нәтижесі ретінде
табиғи жолмен емес, адаммен коммуникативті
мақсаттар үшін жасанды түрде пайда болған
сөзжасамдар.
Аббревиацияның ерекше лингвистикалық
құбылыс ретінде табиғаты мен болмысы, қыс-
қарған сөздердің экстралингвистикалық және
интралингвистикалық факторлары, классифика-
циясы (В. Лейчик, Н. Клименко, Д. Алексеев,
И. Арнольд, Д. Уилтон, А.М. Селишев; отандық
тіл білімінде қарастырғандар Н.М. Алдашев,
Е.А. Журавлева, Ш. Құрманбайұлы, т.б.) секілді
негізгі мәселелерін қоса, кешенді түрде жет-
кілікті зерттелгеніне қарамастан, – оны психо-
лингвистикалық тұрғыдан қарастыру әлі де
арнайы зерттеудің мәселесі бола қойған жоқ.
Аббревиация – сөзжасамның ерекше бір түрі, сөз
тіркестерінің басқы элементтері (Әріп, Сөйлеу
дыбыстары, Буын, Негіз) арқылы жасалатын
қысқа құрылымдар [3, 18 б.].
Қысқарған сөздерді дыбыстық және гра-
фикалық сипаты бойынша аббревиатуралар
және акронимдер деп бөледі. Аббревиатура –
(лат. ab – бөліну, жарылу + brevis – қысқа) ағыл.
abbreviation, acronym – қысқарған сөздер, сөз
тіркестерінің бастапқы элементтерінен не сег-
менттерінен қысқартылып жасалған сөз. Мы-
салы, Phd – Doctor of Philosophy, КТК – Ком-
мерческий телевизионный канал, СЭС – су
электр стансасы [3, 18 б.]. Акроним (грек. ἄκρος ,
акрос – "ең жоғарғы"+ὄνομα, онома – «аталуы»)
– олар аббревиатураларға (оқылатын, айты-
латын және әріптермен қабылданатын) қара-
ғанда лексикалық бірлік сияқты оқылады және
қабылданады. Мысалы, radar (Radio Detection
and Ranging – радиожабдықтау және ара-қа-
шықтығын анықтау), laser (Light Amplification
by Stimulated Emission of Radiation – оптикалық
квантты генератор) [9, 79 б.].
Дегенмен, дәл осы мәселе лингвистикалық
құбылысты сипаттау кезінде бірінші алға шы-
ғады, өйткені адам санасында лексикалық құ-
рылымдарды үлгілеу кезінде қолдана алатын
үлкен шығармашылық потенциал жатыр. Адам-
да бар бейнелердің шығармашылық өзгеру
әдістері мен механизмдерін айқындау және осы
қайта өңдеудің негізінде қысқарған сөздер
түрінде жаңа бейнелерді құру, аббревиатуралы
модельдердің құрылымдық және функционалды
ала-құлалығының шеттeуіне, аббревиатуралар
қабылдануының кейбір инерттілігін меңгеруге
және тілдік лакуналарды толықтыруға көмек-
теседі.
Л.Ф. Каховскаяның пікірінше, аббревиатура-
лар коммуникация үдерісін оңтайландыратын
тілдік бірлік болып табылады. Олар нысандар
және шынайы құбылыстардың дербес атауы
бола алатын өзіндік сөздер болып табылады
және адами қарым-қатынастың құралдарының
бірі ретінде қолданылады. Аббревиатуралардың
семантикалық күрделілігі шартты, бір жағынан
нысаның әртүрлі қасиеті мен сипаты арақаты-
насымен семантикалық дифференциалды белгі-
лерінің жиынтығымен; екінші жағынан, лин-
гвистикалық және лингвистикалық емес фактор-
ларының әсерінен сөз мазмұнының жоспары
қалыптасады. Сонымен, аббревиатуралы сөз се-
мантикалық, синтагматикалық, синтаксикалық
және прагматикалық ықпалдың/әсерінің эле-
менттері бар сөз болып табылады [4, 20 б.].
Адам қызметінің тілдік шығармашылығы ретін-
де, сөзжасамның бұл түрі – сөз өндірудің мез-
гілді актісі нәтижесінде, атауының буындануы-
ның негізінде жаңа дыбыстық және графикалық
қабатты тілдік бірлік құрылады, ал ол шын-
дықты белсенді бейнелі қабылдаумен тығыз
байланысты. Бірақ құралған барлық тілдік бір-
ліктер жалпы қолданыстағы дербес аббре-
виатура бола бермейді. Олардың кейбіреуі естен
шығып, қолданысқа енбей қалады, ал басқалары
образды және вербалды жүйелерінің бір-біріне
өнімді өзара әсерінен белгілі бейімделу кезеңін
басынан өткереді. Аббревиатураладың көпшілігі
рационалды лексикалық бірлік ретінде қарас-
тырылады. Оның құрылымында ұтымдылық
жатыр, олар – ықшамдылық, үнемділік, семан-
тикалық сыйымдылық және ақпараттылық.
Сөйлеуші коммуникация кезінде өзіне бел-
гілі ережелер және нормалар бойынша, комму-
никативті бірліктердің материалды қабатын
қысқарту арқылы бір мезгілде айтушыдан тың-
даушыға түсінікті болу қажет ақпарат түсімінің
жылдамдығын және мөлшерін сол арқылы
ұлғайтады, яғни қысқарған сөздер – көпшілік
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
215
қауымға ақпаратты жан-жақты, мол көлемде
жеткізуге зор рөл атқаратын, коммуникативтік
қызметке аса қажетті тілдік элементтердің бірі.
Олардың көмегі арқылы жазбаша немесе ауыз-
ша жеткізілетін хабар-мағлұматты тиянақты
ықшам түрде, оқырманның (тыңдарманның) са-
насына кедергісіз жеткізуге жан-жақты мүм-
кіндік туады.
Белгілі сөз тіркестері мөлшерінің бір қыс-
қарған сөзде ақпараттық сығылу және шоғыр-
лану тенденциясы жалпытілдік және тілдік
үнемділік қағидасы іс-әрекеті айғағы бола
алады. Тілдік үнемдік (языковая экономия) – тіл-
дердің барлығына тән құбылыс. Өйткені бір-
неше компоненттерден тұратын күрделі атаудың
ықшамдалған баламасын жасау функционалдық
стильдердің барлығына да тиімді әдістердің бірі.
Сондықтан да ықшамдалған тіркестер, қыс-
қарымдар тіл айналымында үнемдеу құралы
ретінде танылады, тіпті түсініксіз қысқартулар-
дың өзін пайдаланудан функционалдық стиль-
дер бас тартпайды. Жалпы, тілдік үнемдік –
ойды, пікірді толыққанды жеткізу принципіне
(принцип избыточности) қарама-қарсы құбылыс
[5, 11 б.]. Сонымен, аббревиация тілдік үнемдік
принципінің таралуының түрі, ал адресант көп-
компонентті номинативті бірліктерді үлгілеуге
және универбацияға қатысушы болады. Ақпарат
беруші және ақпарат қабылдаушы коммуни-
кация үдерісін қолдау үшін тілдік үнемдеудің
жалпы қағидалары жөнінде таныс және бұл
тілдік таңбаларды белсенді қолдануға психоло-
гиялық тұрғыдан дайын болу қажет, ал бұл
коммуникация үдерісінде аббревиатураларды
ұқсастыруда (идентификация) белгілі кедергі-
лерді алып тастауға көмектеседі.
Л.Ф. Каховскаяның пікіріне қайта сүйенетін
болсақ, аббревиатуралардың құрылуы, тілдік
бірліктің мәнін шығару кезінде компоненті
ретінде қажетті, тілдік жағдайдың белгілі маз-
мұнды контекстінің болуын керек етеді. Оларды
қолданған кезде өткен тәжірибенің элементтері
және іске асыру (реализация) үшін белгілі кон-
тексттік шарттар болмаса аббревиатуралардың
өздерінде бар мән болмас еді [6, 37 б.].
Аббревиатуралардың пайда болуы және
олардың белсенді түрде қолданылуы, сөздің
дыбысталып бітуі аяқталғанша актуализация-
лану мүмкіндігімен байланысты, яғни жалпы
мазмұнын түсіну үшін ешқандай маңызды за-
лалсыз мәліметті қысқарту. Ауызша үзінді-
лердің жоғары жиілікті базасында пайда бола-
тын аббревиатуралар, мәлімет ядросы болып
табылады.
Сөйлеушінің қысқарған сөздерді қолдануы
белгілі контекстті ғана емес, сонымен қатар
субъекттің коммуникативті ниетін жорамал-
дайды. Aббревиатуралар мәні оның айтылуы-
ның басталуымен ғана іске асырылмайды, ком-
муникативтік актісі қатысушыларының бас-
тапқы лингвистикалық және ғылыми тәжіри-
бесі қысқарған сөздер мәнінің актуализацияға
ұшырауына себепші болады [4, 8 б.]. Ком-
муникацияға қатысушылар коммуникация үде-
рісі аяғына дейін айтылып бітпеген сөзді кон-
тексттік байланыстардың, қолданылып жатқан
сөздердің ассоциативті өрісінің, аббревиатура-
лардың фономорфологиялық нұсқаларын құруға
мүмкіндік беретін тілдік жағдайлар арқасында
алдын ала білу немесе мәнін бағдарлай алу
мүмкіндігіне ие. Коммуникацияға қатысушылар
тілі әрекетінің мәдени компоненті жоғары
болған сайын, аббревиатуралар нұсқаларын
құруда пайда болатын ассоциативті байланыстар
анығырақ болады, ал бұл пайда болған аббре-
виатуралардың ұзағырақ қызмет атқаруына
мүмкіндік береді.
Т.Б. Клюкаеваның ізімен, аббревиатураның
құрылымдық белгісі – даму үдерісінде пайда
болатын белгі. Тілде қызмет атқаратын аббре-
виатуралар өз құрылымы бойынша біркелкі
емес. Аббревиатура өзінің құрылымы бойынша
дербес сөзге жақын болған сайын, бастапқы кең
түрдегі сөз тіркесімен оның байланысы әлсірей
бастайды [7, 61 б.], сөйлеуші мен тыңдаушы-
лармен тұтас бір сөз секілді қабылданады,
өйткені ол сөйлеушінің сана-сезімінде актуали-
зацияға ұшыраған түсініктің тізбектелген нәти-
жесін құратын тура немесе жанама түрде таныс
сөздің құрылымын еске салады. Құрамында
әдетте қайталанатын формалды идентификатор
бар және белгілі тұрақты мәні/мағынасы бар
таныс аббревиатура үлгілері (ҰУ – ұлттық
университет ҚазҰУ, ҚазҰТУ құрылымында)
тілде тез бейімделеді. Бұл үзінділер тақырыптық
қатарлардың бірінен кейін бірі тізбекті
құрылуында да қарастырылады (АЭС – ЧАЭС,
БАЭС; АЗ – ВАЗ, КАМАЗ, БелАЗ, ГАЗ), осы
сөздің белгілі семантикалық айналасына қосым-
ша жүктеме алып келеді және оның семанти-
касының құрылуында қатысады. БАҚ, АҚ, ҚҰБ,
АХАЖ типіндегі аббревиатуралар өзінің құры-
лымының салдарынан ұнамды қабылданатыны
белгіленген, өйткені оларда дыбыс үндестігінің
болуының себебінен үйреншікті әдеттегі сөз-
дермен ассоцияцияланады. Нормалар мен құры-
лымдық ережелерге бағынбайтын аббревиатура-
лар сөйлеуде төмен рецептивті және төмен
216 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
актуалды болатыны белгілі, осының себебінен
коммуникация үдерісінде оның әрі қарайғы кең
жайылуына кері әсерін тигізеді. Бейімділік
дәрежесі болған сайын, коммуникация үдері-
сінде соншалықты кең таралады.
Аббревиатураларды құру кезінде құрылып
жатқан лексикалық бірліктердің эвфоникалығын
ескеру қажет. Инициалды аббревиатуралар, әсі-
ресе әріпті нұсқалар математикалық формула-
лар және кодты белгілер секілді қабылданатыны
белгіленген (олардың кейбіреулері ғана узуалды
болады), мысалы, БЦЖ вакцинасы, ДНК, ПДК
(т.б. мысалдар). Осылай, берілген тілге тән емес
дыбыстық комбинациялар, аббревиатураның
бейімделуіне себебін тигізбейді және керісінше,
үйреншікті фонетикалық кешеннің болуы аббре-
виатураның әрі қарайғы дамуындағы ұнамды
ақиқат болып табылады (мына ОАӨАҮО (Ор-
талық Азиядағы өңірлік ақпараттық үйлестіру
орталығы), ҚҚХҚИ (Қазақ құқықтану және
халықаралық қатынастар институты), МББҚБА
және ҚДИ (Мемелекеттік және білім беру
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және
қайта даярлау институты) және ҚҰБ (Қазақ-
стан Ұлттық Банкі), ЕКПА (Еуропа Кеңесі
Парламенттік Ассамблеясы), ҚазТАГ (Қазақ
телеграф агенттігі) аббревиатуралардың ды-
быстық комбинацияларын салыстырыңыз).
Қандай болсын пайда болып жатқан қыс-
қарған сөздер бір орында тұрып қалмайды, ол
бастапқы формасымен (немесе нұсқасымен)
арақатынасты ескере отырып дамуда, динами-
када қарастырылады, өйткені оның белгілі ор-
тада тілдік бейімделуі динамикада іске асады.
Тілдік бейімделу (ағыл. language adaptation) –
тілді пайдаланушылардың саналы түрде (жос-
парлы түрде) негізделген тілдік немесе комму-
никативті жаңа қолданыстарды қабылдау үдерісі
[2, 209 б.].
В.Н. Шевчук аббревиатураның пайда болу
және орнығу, бейімделу үдерісінде келесі кезең-
дерді ерекшеледі: «Бірінші кезең (алғашқы ке-
зең) – аббревиатура кеңтүрдегі сөз тіркесі база-
сында құрылады және белгі ретінде контекстсіз
ол түсініксіз, сол сөз тіркесінің фонында ғана
қабылданады. Бұл кезеңде оның құрылымының
қалыптасуы ғана жүзеге асады, ол әлі лекси-
калық тұрақты бола қоймайды. Екінші кезеңде
аббревиатура алғашқы аталымымен ассоцияция-
ланады, яғни екінші орында және оған әлі
контекстте кездесуін қажет етеді. Қысқарған
күйінде қолданыла бастауында таныс бола
бастайды, ал бұл сөйлеуде әрі қарай орын
алуына мүмкіндік береді. Дегенмен, әлі де болса
аббревиатураның кең түрдегі түрі басым келеді.
Бұл кезеңде аббревиатуралар фонетикалық және
графикалық өзгеріске ұшырауда берілген аббре-
виатураның жаңа нұсқалары пайда болады, яғни
жаңа лексикалық бірліктің оңтайлы формасы
ізденіске түседі. Үшінші кезеңде аббревиатура
лексикалық тұрақты, толық атауына қатысты
синонимді бола алады, кең қолданыла бастайды,
онда толық сөздегідей грамматикалық және
синтаксикалық белгілері пайда болады. Соңғы
(төртінші) кезеңде аббревиатура айтушының
санасында бастапқы сөзтіркесімен байланысын
жоғалтып, тұтас және бөлінбей қабылданады,
жалпыға белгілі негізгі нұсқа бола бастайды, ал
көпкомпонентті сөз тіркесі синониміне айнала
бастайды» [8, 126 б.].
Аббревиатуралардың барлығы төрт кезеңді
басынан өткере бермейді және барлық қысқар-
ған сөздерде тұрақты характер бола бермейді.
Кейбіреулері бірінші екі кезеңде, айтушылармен
аббревиатураның нормативті бағасына байла-
нысты және тілді тұтынушылармен позитивті
қабылдауына байланысты факультативті болып
қалып қояды.
Кейде олар күнделікті, белгілі бір жерде ай-
тыла немесе адамдар ести бергендіктен бейса-
налық немесе санадан үстем жолмен де қор-
шаған ортаға бейімделеді. Бейсаналық (ағылш.
subconsciousness) – санадан тыс меңгерілетін
психологиялық процестер. Бұл терминді ғы-
лымға 1889 жылы Пьер Жане енгізді [10].
Сонымен, аббревиация үдерісі, ойды жеткі-
зудің тұрақты әдісі ретінде жалпы қоғамдық
қолдау тауып, сөзжасамның стихиялы әдісінен
лингвокреативті характердің саналы үдерісіне
айналады. Қазіргі кезде аббревиатуралар ақпа-
ратты жинақтау және конденсациялау арқылы
тілдің коммуникативті функциясының дамуына
қатысатын тілдік бірліктер болып табылады.
Уақыт аббревиатуралардың коммуникацияға
қажеттілігін растады, және қазіргі кезде ком-
муникативті мақсатта аббревиатураларды қол-
дану фактісі жөнінде ешкім сөз қылмай, кері-
сінше,олардың кейбіреулерінде үндестік заңы-
ның сақталмауына және т.б. жөнінде ғана
дауласады.
Қазіргі лингвистикалық тәжірибенің көр-
сетуі бойынша аббревиатуралардың формалары
және құрылымдарын жетілдіру, социомәдени
және т.б. факторларының рөлін көтеру арқылы
ғана өз позицияларын бекіте, нығайта алады.
_______________
1. Когнитивная лингвистика: учеб. пособие / В.А.
Маслова. – 3-е изд., перераб. и доп. – Минск: Тетра-
Системс, 2008. – 272 б.
2. Сүлейменова Э.Д. Әлеуметтік лингвистика термин-
дерінің сөздігі. Словарь социолингвистических терминов /
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
217
Сүлейменова Э.Д., Шәймерденова Н.Ж., Смағұлова Ж.С.,
Ақанова Д.Х. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2008. – 392б.
3. Тіл білімі сөздігі. Словарь по языкознанию. Под
общей ред. проф. Э.Д. Сулейменовой. – Алматы: «Ғылым»,
1998. – 544 б.
4. Каховская Л.Ф. Аббревиациа как способ слово-
образования. Автореф. дис... канд. филол. н. – Минск, 1980.
– 24 б.
5. Лейчик В.М. Люди и слова. – М.: «Наука», 1982. –
55 б.
6. Каховская Л.Ф. Аббревиация и асимметрия языко-
вого знака во времени // Новое в лексике русского языка. –
Куйбышев, 1983. – 33-42 бб.
7. Клюева Т.Б. Термины-словосочетания и соотно-
симые с ними инициальные лексические аббревиатуры //
Функционально-семантические и стилистические иссле-
дования французского языка. Сб. научн. трудов МГИИЯ
им. М. Тореза, 1988. – Вып. 316. – 52-69 бб.
8. Шевчук В.Н. Относительно статуса аббревиатур в
английском языке и их перевода на русския язык (на
материале американских военных сокращений) // Система
языка и перевод. – МГУ, 1983. – 120-130 бб.
9. Арбекова Т.И. Лексикология английского языка. –
М., 2002. – 109 б.
10.
http://ru.wikipedia.org/wiki/
* * *
В данной статье рассматривается процесс аббревиации
в соотношении с ментальными процессами в сознании
человека.
* * *
This article describes the process of abbreviation in
relation to the mental processes of human consciousness.
Н. А. Утемгалиева
Достарыңызбен бөлісу: |