Литература
1.Иродов И.Е. Задачи по общей физике. Учебное пособие. 6-е изд., стер. – СПб.: Изд.
«Лань»,2003. – 416 с.
ӘОЖ 511
МАТЕМАТИКАДАН ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ
С.Ә. Мырзабеков, А.Е. Мұхтар
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Ақтөбе қаласы, Қазақстан
В статье рассматриваются логические задачи по математике, которые могут быть
использованы на уроках, при подготовке к конкурсам, ЕНТ.
Ключевые слова: логика, задача, решение, математика.
The article deals with logical problems in mathematics that can be used in class, by preparation for
competitions, the UNT.
Ключевые слова: логика, задача, решение, математика.
Key words: logic, task, solution, mathematics.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің,
іскерліктің болуын қамтиды.
Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой
қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім
беріледі.
139
Логика - (грек тілінен алынған logic - сөз, ой, ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен
түрлері туралы ғылым. Объективті пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал
дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы
байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде,
әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау, ойлау заңдылықтарын немесе
былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым – логиканың
көмегімен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының негізін
ең алғаш грек философы Аристотель қалаған.
Математика курсын оқытуда ғылым мен техниканың дамуына байланысты, мектептегі оқу
пәндерінің мазмұнына өзгерістер енуі, оқушылардың білім сапасын арттырудың маңызды
жолдарының бірі - оқу процесінде логика ұғымының қалыптасуы мен логикалық есептерді
шешудің әдіс-тәсілдері маңызды роль атқарады.
Осы жұмыста қарастырылған логикалық есептердің барлығы оқушыдан логикалық ойлауды,
ізденімпаздықты талап етеді.
Қызықты есептер
1-есеп (Қазақтың байырғы қара есебі). Мұра бөлісу.
19 түйені үш ұлына әкесі мұраға қалдырыпты. Әке өсиеті бойынша үлкені – оның жартысын,
ортаншысы – ширегін, ал кенжесі – барлық түйенің бестен бірін алуы тиіс.
Әкесі дүние салған соң ұлдары мұны бөлісе алмай әуре-сарсаңға түсті. Ақыл сұрап көпті
көрген қартқа барды. Сәл ойланған соң, ол ағайындыларға көмектесті. Түйені қалай бөлісуге
болады?
Шешуі: Дана қарт есепті былай шығарды. Барлық түйе айтқандай бөлінбейтіндігін түсінген
ол, өзінің бір түйесін қосты да барлығын 20 жасады. Сөйтті де 20-ның жартысын 10 түйені
үлкеніне, 20-ның ширегі 5 түйені ортаншысына, 20-ның бестен бірі 4 түйені кенжесіне берді.
Қалған бір түйені өзі қайтарып алды.
Жауабы: Үлкеніне 10, ортаншысына 5, ал кенжесіне 4 түйе берді.
2-есеп. Топ көгершін биік ағашқа ұшып келді. Оның бір бөлігі ағаш бұтақтарына қонса,
екінші бір бөлігі жерге қонды. Бұтақтағы көгершіндер жердегілерге: «Егер сендердің біреуің
бізге қосылсаң сендер барлығымыздан үш есе аз болар едіңдер, ал біздің біреуіміз сендерге
қосылсақ, онда біздер мен сіздер теңесер едік»,-деді.Бұтақта неше көгершін, жерде неше
көгершін?
Шешуі: Егер х – ағаш бұтағындағы көгершіндер саны, ал у – жердегі көгершіндер саны
болса, онда есеп шарты бойынша:
Осыдан
Яғни, x=5, y=3.
Жауабы: Бұтақта 5 көгершін, жерде 3 көгершін.
3-есеп. Бақташы 70 өгіз айдап келеді. Оған мынадай сұрақ берілген:«Үлкен табыныңнан бұл
айдап келе жатқаның қанша?»
Бақташы жауабы: «Табындағы барлық малдың үштен бірінің үштен екісі.Есептеп көр!»
Бүкіл табында қанша өгіз болғандығын білу керек.
Шешуі: Бүкіл табында х өгіз болсын. Есептің шарты бойынша:
=70, яғни, x=315.
Жауабы: Бүкіл табында 315 өгіз болған.
4-есеп. Бақалар.
5 бақа 5 минутта 5 шыбын ұстайды. 50 минутта 50 шыбын ұстау үшін неше бақа керек?
Шешуі: 1 бақа 1 мин – 1 шыбын ұстайды,
5 бақа 5 мин – 5 шыбын ұстайды,
5 бақа 10 мин – 10 шыбын ұстайды,
140
5 бақа 50 мин – 50 шыбын ұстайды.
Жауабы: 5 бақа.
5-есеп. 71∙72∙…∙78∙79 көбейтіндісі қандай цифрмен аяқталады?
Шешуі: Бұл көбейтіндінің ішінде 72∙75 көбейтіндісі де бар, ол нөлмен аяқталады.
Жауабы: 0
6-есеп.Теңдіктіңсолжағындағытеңдікорындалатындайетіп, амалтаңбаларынқой.
33333=1000
Шешуі: (333∙3)+3:3=1000.
Жауабы: 333∙3+3:3.
7-есеп. 5-тің тек қана бес цифрын пайдаланып 6-дан 10-ға дейінгі (10-ды қоса) сандардың
әрқайсысын арифметикалық амалдар таңбалары мен жақшалар арқылы қалай өрнектеп
жазуға болады?
Шешуі: 6=5+5:5+5-5,
7=5+5:5+5:5,
8=5+(5+5+5):5,
9=(5∙5-5):5+5,
10=5+5+(5-5)∙5.
Таразы. Өлшеу. Сұйықтар.
8-есеп. Бірдей 3 сақинаның біреуі басқаларынан біршама жеңілдеу. Табақшалы таразымен
бір рет қана өлшеу арқылы ол жеңіл сақинаны қалай табуға болады?
Шешуі: Таразыға екі сақина саламыз. Егер таразы тепе-теңдікте болса, онда қалған сақина
жеңілірек, егер бір сақина ауыр болса онда жауабы түсінікті.
9-есеп. 9 тиынның ішінде бір жалған – басқаларына қарағанда ауырлау тиын бар. Гірсіз
таразыға тартып, екі рет өлшеу арқылы осы тиынды қалай анықтауға болады?
Шешуі: Берілген тиындарды 3 тиыннан 3 топқа бөлеміз. Бірінші болып осы 3 топтың 2
тобын өлшейміз. Егер топтар тең болса, онда жалған тиын 3-інші топта. Ал тең болмаса
жалған тиын ауыр топта. Сонымен бірінші өлшеуде біз жалған тиын қай топта екенін
анықтадық.Екінші өлшеуде ауыр топтың екі тиынын өлшейміз. Егер тиындар тең болса, онда
үшінші тиын жалған. Егер өлшенген тиынның біреуі ауыр болса, сол тиын жалған.
10-есеп.Сыйымдылығы 7 литрлік шелекпен және 3 литрлік банкамен (ыдыспен) 2л суды
қалай құйып алуға болады?
Шешуі: Бірінші тәсіл.
3 литрлік банкамен 3 рет су алып 7 литрлік шелекке құйсақ түбінде 2л су қалады.
Екінші тәсіл (кестелік тәсіл).
А (7л бос шелек) 0
3
3
6
6
7
В (3л бос банка) 3
0
3
0
3
2
11-есеп. 10 литрлік бидон (ыдыс) сүтке толтырулы. 3 литрлік бидонды пайдаланып 7 литрлік
бидонға 5 литр сүтті қалай құйып алуға болады?
Шешуі: Бірінші тәсіл.
Алғашқыда 10 литрлік ыдыс толы. Толы бидоннан 3 литрден толтырып 7 литрлікке 2 рет
құямыз. Үшінші рет алғанда үлкен бидонда 1л сүт қалады, ал 3 литрліктен 7 литрлікті
толтырсақ, оған тағы 1л кетеді де, 3 литрлікте 2л сүт қалады. Енді 7л сүтті 10 литрлікке
құятын болсақ, онда 8л сүт болады да, 7 литрлік босайды. 3 литрліктегі (онда 2л сүт қалған)
7 литрлікке құямыз. Енді 10 литрліктен 3л сүт алып 7 литрлікке құйсақ, онда 5л сүт қалады.
Екінші тәсіл (кестелік тәсіл).
А (10литрлік сүтке толы бидон)
10 7
7
4
4
1
1
8
8
5
5
В (7 литрлік бос бидон)
0
0
3
3
6
6
7
0
2
2
5
С (3 литрлік бос бидон)
0
3
0
3
0
3
2
2
0
3
0
Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде (ҰБТ) кездесетін логикалық есептер
141
12-есеп. 2011 жылғы Азиадада қазақстандық команда 53 алтын мен күміс, 49 қола мен алтын
және 38 күміс пен қола медаль жеңіп алды. Барлығы неше медаль жеңіп алған?
А)38 В) 53 С)70 Д) 110 Е) 140
Шешуі:Біз жеңіп алынған медальдарды мына әріптермен белгілейік, алтын – а,
күміс – b, қола – с болсын. Онда есеп берілуі бойынша,
теңдеулер жүйесін құрамыз.
Осы алынған теңдеулер жүйесін бір-біріне оң жағы мен оң жағын, сол жағы мен сол жағын
мүшелеп қоссақ, онда 2a+2b+2c=53+49+38 теңдеуін аламыз. 2a+2b+2c=140. Теңдеудің екі
жағының әрбір мүшесін 2 санына бөлсек, онда a+b+c=70.
Демек, жеңіп алынған медальдар саны 70-ке тең.
Жауабы:С
13-есеп.Мен жолдасымнан телефон нөмірін сұрадым. Ол маған «4-ші және 5-ші цифрлардан
және 6-шы және 7-ші цифрлардан құралған сандар бір санның квадраты. Алғашқы үш цифр
бір санның кубы» деді. Жолдасымның телефон нөмірі қандай?
А) 2164916 В) 2161549 С) 2161648 Д)2154916 Е) 2151649
Шешуі:Есепті жауап нұсқалары бойынша шешейік.
Есептің берілуі бойынша алғашқы үш цифрдан құралған сан бір санның кубы болғандықтан,
алғашқы үш сан – 216-ға тең, себебі 216=2
3
∙3
3
=6
3
.
Ал 4-ші және 5-ші цифры бір санның квадраты болғандықтан, ол сан 49-ға немесе 16-ға тең.
Ал 6-шы және 7-ші цифры да дәл солай белгілі бір санның квадраты болғандықтан, ол сан
49-ға немесе 16-ға тең екенін көреміз. Жауап нұсқалары бойынша тек А нұсқасы ғана
орынды. Демек ізделінді телефон нөмірі – 2164916
Жауабы: А
14-есеп.Алтын сағатқа ойып жазылған жазудың алғашқы 5 әрпіне 476 тг және әрбір келесі
қосымша әрпі үшін 14 тг төленді. 644 тг төленіп жазылған адамның аты-жөні неше әріптен
тұрады?
А) 7 В) 17 С) 12 Д) 19 Е) 11
Шешуі:Адамның аты-жөнінің алғашқы 5 әрпіне 476 теңге төленгендіктен, қалған әріпке 644-
476=168 тг. төленгендігін табамыз. Ал, әрбір келесі қосыма әріп үшін 14 тг-ден төленгендігі
белгілі болғандықтан, 168-ді 14-ке бөлсек, онда тағы да неше қосымша әріп жазғандығын
таба аламыз, 168:14=12. Олай болса, 644 тг төленіп жазылған адамның аты-жөні 5+12=17
әріптен құралады.
Жауабы: В
15-есеп. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы 11 см. Оның периметрі қабырғасы 7 см болатын
квадраттың периметрінен кем болуы үшін, екінші қабырғасы қандай болуы керек?
А) 4 см-ден артық В) 4 см-ден кем С) 3 см-ден артық Д) 3 см-ден кем
Е) 3 см-ге тең
Шешуі: Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы берілуі бойынша 11 см, екінші қабырғасы х см
болсын. Онда тіктөртбұрыш периметрі Р
1
=2(11+х)см. Ал квадраттың қабырғасы
7 см-ден болғандықтан Р
2
=28 см.
Есеп берілуі бойынша тіктөртбұрыш периметріквадраттың периметрінен кем болғандықтан,
2(11+x)<28, яғни х<3. Олай болса екінші қабырға 3 см-ден кем болуы қажет.
Жауабы: Д
16-есеп. Қабырғасы 4 см боялған ағаш текшені, қабырғасы 1 см болатын кішкене бірнеше
текшелерге кесті. Бір жағы боялған неше текше бар?
А) 6 В) 24 С) 20 Д)30 Е) 8
Шешуі:Текшеде (куб) алты жағы бар екенін ескеріп, әрі бір ғана жағын (біздің жағдайда ол
шаршы немесе квадрат) қарастырсақ:
142
Суретте көрсетілген бөліктері ғана боялады. Қалған бөліктері кейбіреуінің екі бөлігі
немесе үш бөліктері боялып қалады. Демек текшенің бір бетінде 4 кішкене текшенің беті
боялып тұр. Олай болса, текшенің алты жағы бар екенін ескеріп, осы алынған 4-ті 6 жаққа
көбейту арқылы 4∙6=24 екендігін шығарып аламыз.
Жауабы: В
17-есеп.Бір түзуден 10 нүкте және оған параллель екінші түзуден 8 нүкте белгіленген.
Белгіленген нүктелердің кемінде екеуі арқылы өтетін, осы түзуден басқа тағы қанша түзу
бар?
А) 160 В) 80 С)100 Д) 40 Е) 120
Шешуі:Бірінші түзуден 10 нүкте, ал оған параллель екінші түзуден 8 нүкте алайық.Бірінші
түзудің бір нүктесін алып, екінші түзудің әрбір нүктесінен өтетін түзу жүргізейік. Сонда біз
осы нүктеден шығатын 8 түзу аламыз. Дәл осылай бірінші түзудің екінші нүктесімен екінші
түзудің әрбір нүктесімен қоссақ, онда тағы да 8 түзу аламыз.
Осылай келесі бір нүктелерге жалғастыра берсек, онда біз жалпы 10∙8=80 түзу аламыз.
Жауабы: В
18-есеп. Сандар қатары қандай да бір заңдылықпен берілген. Сұрақ белгісінің орнына қандай
сан жазылуы керек?
14(625)11
12(196)2
10(?)5
А) 15 В)225 С)100 Д)250 Е)25
Шешуі:
14(625)11 үшін 14+11=25 әрі 25-тің квадраты 625,
12(196)2 үшін 12+2=14 әрі 14-тің квадраты 196, олай болса,
10(?)5 үшін 10+5=15, әрі 15-тің квадраты 225.
Жауабы: В
Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар
1. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылуы керек?
1 (27) 2
2 (64) 2
2 (?) 3
А) 125 В) 80 С) 101 Д) 110 Е) 54
2. 5-тің тек қана бес цифрын пайдаланып 0-ден 4-ке дейінгі (4-ті) қоса сандардың
әрқайсысын арифметикалық амалдар таңбалары мен жақшалар арқылы қалай өрнектеп
жазуға болады?
3. (Қазақтың ертедегі есебі). Бір адам еңбегіне жыл аяғында бір шапан және 10 тиын алатын
болып байға жалданады. Алайда, ол 7 айдан соң шапан мен 2 тиын алып, жұмыстан шығып
кетті. Шапан қанша тұрады?
4. Сұрақ белгісінің орнына қажетті санды қойыңыз.
5. Барлық бағандардағы және қатарлардағы сандардың қосындылары тең болса, А+В+С+D
неге тең?
17
4
9
77
5
23
6
18
?
13
5
83
143
А
В
С
6
5
9
D
9
4
А) 15 В) 18 С) 21 Д) 27 Е) 25
6. 9 санының алдына да, соңына да бірдей сан жаз. Сонда шыққан үштаңбалы сан 7-ге
бөлінетін болсын.
7. Теңдіктің сол жағындағы теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой.
88888888=1000
8. 27 тиынның біреуі жалған және ол басқалардан жеңілдеу. Табақша таразымен гірсіз үш рет
өлшеу арқылы жалған тиынды қалай табуға болады.
Әдебиеттер
1. Елубаев С. Қазақтың байырғы қара есептері. – Алматы, 1996.
2. Қабасов М. Қызықты есептер / Алгорифм 2010, №2.
3. Қырық қазына / Құрастырған Ә.Доспамбетов. – Алматы, 1987.
4. Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар / Құрастырған Р.Омаров.–
Алматы, 2012.
5. Скаков М.К. Логикалық есептер / ФизМат 2013, №3.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Хабаршысы, №3(41), қыркүйек, 2015
Жаратылыстану ғылымдары
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
144
ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ
NATURAL SCIENCES
ӘОЖ 378.147
Модульдік бағдарламаларды химия пәнінде қолдану
Б.С. Имангалиева, Р.С.Сағынова
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Ақтөбе қаласы, Қазақстан
В статье рассматривается эффективность применения модульных программ по предмету
химия. Эта технология стоит из трех частей: введение, разговор и заключение.
Содержание одного урока по теме "Химическая скорость реакции. Закон взаймодействия
масс. Катализ" полностью охватилось.
Ключевые слова: модуль, технология, программа, химия, скорость.
In article efficiency of application of modular programs for a subject chemistry is considered. This
technology consistsof three parts: introduction, conversation and conclusion. Maintenance of one
lesson of a subject "Chemical speed of reaction. Law of a vzaymodeystviye of masses. A catalysis" it
was completely captured.
Ключевые слова: модуль, технология, программа, химия, скорость.
Key words: modul, technology, programm,chemistry, speed.
Модульдік оқыту технологиясының негізін қалаған авторлардың бірі – В.М. Монахов. Ол –
оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін
педагогикалық үрдіс. Модуль дегеніміз – міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін
тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді
құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің
тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ
тақырыптан айырмашылығы – модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы,
оқушылардың старттық,аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі-бәрі өлшеніп отырады.
Оқу моделі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе,
сөйлесу және қорытынды.
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол
тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Зерттеулер бойынша, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екені белгілі [1-
2].
Оқу модулінің негізгі ерекшеліктері – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және
қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат саны беріледі. Қалған барлық уақыт сөйлесу бөлімінің
меншігінде болады. Төменде бір тақырыпты модуль бойынша оқыту үлгісін
қарастырамыз[3].
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығы.
Әрекеттесуші массалар заңы.Катализ.
Оң жақ
бағандағы
тапсырмаларды
құрастырушы
мұғалімдердің
есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін
өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік
тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке
тексеріп шығады, сосын фронталды тексереді).
«Көпір» (жеке
жұмыс)
тапсырмалары
өткен тақырыптар
Сұрақтарға жауап бер:
1)
Реакция жылдамдығын қалай өлшеуге болады? Жауабы:
Қандай да бір физикалық шаманың уақыт бірлігінде өзгеруі.
2)
Механикалық қозғалыстың жылдамдығы дегеніміз не?
145
бойынша жаңа
сабақты
меңгеруге негіз
болатын қайталау
тапсырмалары.
Жауабы: Бұл физикалық дененің уақыт бірлігінде жүрген
жолы.
3)
Сонда уақыт бірлігінде қандай шама өзгереді? Жауабы:
Дененің координаттары, яғни дененің жүріп өткен жолы.
4)
Катализ құбылысын кім зерттеді? Жауабы: В.Оствальд
химиялық тепе-теңдік шарттарын зерттей отырып, катализ
құбылысын ашты.
5)
Катализ дегеніміз не? Жауабы:Катализ құбылысы аралық
процестерге қатысатын заттар (катализаторлар) химиялық
реакцияларды селективті жылдамдатады, бірақ реакция
нәтижесінде қайтадан қалпына келеді. Өндірісте кең түрде
қолданылады. Мысалы, азот пен сутектің әрекеттесуі, күкірт
қышқылын өндірудің жанасу әдісі және т.б. Олай болса, бүгінгі
сабағымызда химиялықреакция жылдамдығы мен
катализжәне әрекеттесуші массалар заңымен танысамыз.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен
меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау»
тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын
мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1-қадам (топтық
жұмыс) - теория
бойынша «Білу»
критерийінің
индикаторлары:
(тақырып мазмұны
бойынша кім?не?
қандай?
қалай?нені?
қашан?не істеді
сияқты сұрақтарға
жауап беретін
толық ақпарат
іріктеліну керек).
1)
Химиялық реакция барысында қандай шама өзгереді?
Жауабы: Бастапқы заттар өзгереді. Олар реакция
өнімдеріне айналады. Демек, зат мөлшері өзгеретін шама
болып табылады. Өзгеріс айырма арқылы өрнектеліп, гректің
Δ (дельта) әрпімен белгілінеді. Зат мөлшерінің өзгеруін
бастапқы және соңғы зат мөлшерлерінің айырмасы арқылы
өрнектейік.
2)
Химиялық реакция барысында бастапқысының ба әлде
соңғысының - мөлшері көбірек өзгереді? Жауабы: Әрине,
бастапқы заттың мөлшері көбірек өзгереді. Өнімдердің
бастапқы мөлшері соңғы мөлшерден кем, сондықтан: ???????????? =
??????
1
– ??????
2
;
??????
2
– ??????
1
= Δt.
Бұдан реакция жылдамдығының формуласы былай өрнектелетін
болады: ?????? =
??????
1
–??????
2
??????
2
–??????
1
=
∆??????
∆??????
4) Егер процесс ерітінділерде немесе газдарда жүретін болса,
реакция жылдамдығы қалай өрнектеледі? Жауабы: Бастапқы
заттардың концентрациясының айырмасымен өрнектеледі: ??????С =
С
1
– С
2
;
Бұдан: ?????? =
С
1
–С
2
??????
2
–??????
1
=
∆??????
∆??????
5) Реакция жылдамдығының анықтамасы қандай? Жауабы: Реакция
жыдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде реакциядағы
соқтығысулардың немесе элементар әсерлесулердің саны.
6)
Ал газ тәрізді заттың концентрациясын қалай өзгертуге
болады? Жауабы: Газдың концентрациясы қысымға
байланысты өзгереді: қысым артқанда концентрация көбейіп,
төмендегенде – азаяды.
7)
Қатты заттың реакция жылдамдығын өзгертуге бола ма?
Жауабы: Бөлшектерінің арасында бос кеңістік жоқ
болғандықтан, онда оның жылдамдығына концентрация әсері
болмайды.
146
23 c
??????. 10
−1
,
моль/л
.
с
2
1
0 10 20 C, моль/л
8)
Әрекеттесуші массалар заңы нені зерттейді? Жауабы: Зат
концентрацияның реакция жылдамдығына әсерін зерттейді.
9)
Катализаторлар дегеніміз не? Жауабы: Реакцияның
жылдамдығын өзгертетін, бірақ нәтижесінде өздері
жұмсалмайтын заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |