Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата28.02.2017
өлшемі0,72 Mb.
#5034
1   2   3   4   5   6   7

5.

 

Түркіменістан Республикасы. 

-

 



Қара-Бұғаз-Гол  шығанағының  құрғауымен  байланысты  апат  құрғаған 

шығанақ  қазаншұңқырынан  көп  тұздың  Қазақстанның  оңтүстік-батыс 

аудандарына  көшуіне  әкелді.  1992  ж.  Каспий  теңізінен  булану  көлемін 

азайту  мақсатында  жасалған  жасанды  бөгет  бұзылған  соң  шығанақ  деңгейі 

бірқалыпты. 

мемлекеттің осы су айдыны арқылы шекара жүргізу туралы өзінің көзқарасы 

бар. Каспийдің халықаралық статусы шешілмеген. Бұл не: теңіз бе, әлде көл 

ме? Егер Каспий теңіз болса, ол ешкімнің меншігі емес, мемлекеттік шекара 

жағадан 12 миль қашықтықта жүргізілуі қажет. Ал егер Каспий теңізі - көл 

болса,  оны  су  түбінен  жанасып  жатқан  егеменді  мемлекеттерге  бөлек 

бөліктерге  (секторларға)  бөлуге  болады.  Бұл  жағдайда  теңіз  беті  ешкімнің 

меншігі емес, сондықтан оны ортақ пайдаланады. Осы позицияны Қазақстан 

мен  Ресей  ұстанады.  Каспий  теңізі  статусының  шешілмеуі  оның 

қайраңындағы  ірі  мұнай,  газ  кендерін  игеру  нәтижесінде  ғаламдық 

экологиялық апатқа соқтыруы ықтимал; 

г) Ластаушы заттардың табиғи және антропогендік таралу «каналдарың. 

Антропогендік ластаушы заттардың негізгі көшетін каналдары - ауа 

массалары мен өзендер. 

Қазақстанның  географиялық  орнының  негізгі  ерекшеліктері  - 

Республиканың  батыс  және  солтүстік  шекарасының  Еуропадан,  Ресейден 

ластаушы заттарды (негізінен 8Ө

2

) тасушы ауа массалары үшін ашықтығы. 



Көршілес  елдерден  Қазақстанға  мына  трансшекаралық  өзендердің 

ластануы  іске  асады:  Ертіс,  Іле  (ҚХР),  Жайық,  Тобыл  (Ресей),  Шу,  Талас 

(Қырғызстан), Сырдария (Өзбекстан). 

Қазақстан  өз  кезегінде  ластаушы  заттарды  Ертіс,  Есіл,  Тобыл  өзендері 

арқылы Ресейге ағызады. 

Республиканың 

географиялық 

орнына 


байланысты 

болатын 


экономикалық шиеленісу көріністері осындай. 

3.Қалаларға техногенездің әсері 

Адамның  әртүрлі  өндірістік  әрекетінен  туындаған  процестер  мен 

құбылыстар  жиынтығы  және  қазіргі  бедердің  өзгеруі  антропогендік 

морфогенез деп аталады. 

Қазіргі  кезде  табиғаттың  әр  саласында  антропогендік  әсерлер  күшейе 

түсуде.  Оның  әсері  табиғи  ортаның  барлық  құрамбөліктерінде  –  жануарлар 

мен  өсімдік  дүниесі,  топырақ  жамылғысы,  атмосфералық  ауа,  геологиялық 

құрылысы,  жербедері,  жерасты  және  жерүсті  сулары,  ең  соңында  адам 

өмірінен де байқалады.  

Табиғи  ортаның  негізгі  құрамбөліктерінің  бірі  –  жербедер.  Палеолит 

және  неолит  кезеңінде  жербедерге  антропогендік  әрекеттер  байқалмайтын. 

Ал адамзаттың көп ғасырлық дамуына байланысты және әртүрлі өндірістік-


шаруашылық,  инженерлік-құрылыстық  әрекеттері  өркендеуінің  нәтижесінде 

жербедері қарқынды түрде өзгеруде.  

Адам  әрекетінің  нәтижесінде  пайда  болған  жербедер  пішіндері 

техногендік  немесе  антропогендік  пішіндер  деп  аталды.  Олар  антропогенге 

дейін  мүлде  болмаған,  техногендік  тұрғыдан  өзгерген  және  техногенді 

қамтамасыз еткен жербедер пішіндері. Бұл пішіндер климат жағдайына және 

тектоникалық  қозғалыстарға  байланысты  емес.  Ол  -  заттардың  бір  орыннан 

екінші орынға тасымалдануы нәтижесімен немесе қайталана жылыстауымен 

сипатталатын,  құрамы  жағынан  алуан  түрлі  (органогендік,  хемогендік, 

органогендік-минералдық  және  тағы  басқалармен  аралас),  қалыңдығы 

бірнеше  метрден  жүздеген  метрлерге  дейін  жететін,  кеңістікте  алаңдық 

үйінділер  түрінде  ұзынынан-ұзаққа  созылған  немесе  бір  нүктеде 

шоғырланған  түзілімдер.  Көптеген  жағдайда  техногендік  заттар  табиғи 

ортаға  кереғар  келеді  де,  оған  едәуір  зиян  келтіреді.  Олардың  құрамында 

пайдалы  қазбалар  да  кездеседі,  сол  себептен  техногендік  түзілімдердің  

геологиялық-экономикалық  маңызы  өте  зор.  Кейбір  жағдайда  қоршаған 

ортаға  зиян  келтірмеу  үшін,  оларды  өңдеуді  немесе  мүлдем  жойып  жіберу 

қажет  болады.  Осының  бәрі  техногендік  пішіндерді  нақтылы  қадағалап 

отыруды және жүйелеп жіктеуді талап етеді. 

Адамның жербедерге әсері туралы ХІХ ғ-да Г. Марштың “Жердің адам 

әрекетінен өзгеруі” атты еңбегінде алғаш рет жазылған.  1911-1913 жылдары 

А.С. Козменко адам әрекетінен денудациялық процестердің күшеюін көрсете 

отырып, ол жергілікті антропогендік карта құрастырған. 

Антропогендік 

әрекеттер, 

мысалы 


инженерлік 

құрылыс, 

ауылшаруашылық,  гидротехникалық  және  тау-кен  игеру  барысындағы 

өндіріс  және  т.б.  жер  қыртысының  әр  аймақтарында  белгілі  із  қалдырады. 

Мұндай аймақтарды ғылыми тұрғыда В.И. Вернадский (1944 ж.) техносфера 

немесе ноосфера дап атаған.  

А.Е.  Ферсман  өзінің  геохимия  және  геология  бағыттарындағы 

классикалық  еңбектерінде  жер  қыртысындағы  заттар  мен  энергия 

айналымындағы  және  химиялық  элементтер  миграциясындағы  адам 

баласының  рөлін  мұқият  зерттеген.  Ол  “техносфера”,  “техногенез” 

түсініктерін  ұсына  отырып,  адамның  шаруашылық  және  өнеркәсіптік 

әрекетінің масштабы мен мәні жағынан табиғи процестермен салыстырмалы 

бірдей  екендігін  көрсеткен  [4].  В.Г.  Бондарчук  та  (1949  ж.)  өзінің 

“Геоморфология  негіздері”  оқулығында  антропогендік  бедер  пішіндеріне 

тоқталып өткен. 


Антропогендік  әрекеттердің  нәтижесінде  қалыптасқан  жербедер 

пішіндері  олардың  жер  бетінде  алуан  түрлі  көрініс  беруі  және  өндірістік 

шаруашылыққа  тигізетін  әсерлері  антропогендік  жербедердің  жіктемесін 

жасауда  көптеген  қиыншылықтар  тудырады.  С.С.  Черноморецтің  ғылыми 

жұмыстарының  мәліметтері  бойынша  антропогендік  жербедерінің  30-дан 

астам жіктемелері бар [5]. Олардың негізінде морфологиялық пішіндерден 

бастап  әртүрлі  өнеркәсіптік  салаларға  тигізетін  әсерлерге  дейін  және 

геоэкологиялық тұрғыдан жіктеудің әртүрлі принциптері жатыр. 

Антропогендік  бедер  пішіндерін  жіктеу  және  антропогендік  әрекеттер 

процесі  туралы  мәліметтер  көптеген  ғылыми  еңбектерде  келтірілген.  С.С. 

Черноморецтің  зерттеулерінің  мәліметтері  бойынша  ең  алғашқы  жіктеме 

жұмыстарын  1949  ж.  В.Г.  Бондарчук  жасаған.  Ол  антропогендік  жербедер 

пішіндерін  төмендегідей  бөлген:  1.  ауыл  шаруашылық;  2.  ирригациялық 

(суландырушылық);  3.  тау-кен  өнеркәсіптік;  4.  қорғаныс.  Қазіргі  кезде 

жіктеме жұмыстарын көптеген зерттеушілер кешенді түрде зерттеп басқа да 

ұғымдарды  қолдана  отырып,  оны  ары  қарай  дамытуда.  Бірақ  осы  уақытқа 

дейін  антропогендік  және  техногендік  морфогенез  деген  екі  ұғым  синоним 

ретінде бірдей қолданылуда.  

А.С.  Девдариани  адам  әрекетін  табиғи  фактор  ретінде  қарастырады 

және  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланысты  бедер  пішіндерінің  екі  тобын 

ажыратады,  олар  табиғи  және  жасанды  жербедер  пішіндері.  Табиғи 

процестер  әсерінен  жасанды  жербедер  пішіндері  өзгеріп  “күтімсіз”  түрге 

айналады, 

ал 


табиғи 

жербедер 

пішіндері 

адам 


әрекетінен 

“мәдениеттендірілген”,  сонымен  қатар  табиғи  процестерді  өзгертіп 

“қоздырылған” жербедер пішіндерінің қалыптасуына әкеледі [6].  

В.В.  Пиотровский  тікелей  адам  қолынан  жасалған  (жолдар,  каналдар, 

бөгеттер  және  т.б.)  және  адам  әрекетінен  қалыптасатын  жасанды 

антропогендік  бедер  пішіндерін  бөліп  қарастырады.  Ол  бұдан  басқа  да  жас, 

кемеліне  жеткен  және  кәрі  антропогендік  жербедер  пішіндерін  ажыратуға 

болады деп есептейді [7].   

И.П. Свергун адам әрекетін үш кезеңге бөледі қарастырады және әрбір 

кезеңге  табиғи  жер  бетін  игерудегі  өзгеру  сипаты  сәйкес  келеді. 

Антропогендік  жербедерлердің  қалыптасу  жағдайы  адам  әрекетінің 

мақсатына  және  өзгеру  көлеміне,  қолданыстағы  техникалық  құралдарға, 

жербеті мен оларды құрайтын таужыныстарының литологиялық құрамының 

өзгешелігіне тікелей байланысты [8].   



Д.Г.  Панов  антропогендік  бедер  пішіндерінің  толығырақ  жіктемесін 

жасады.  Ол  антропогендік  бедерлерді  генетикалық  топқа  (техногендік  және 

агрогендік жербедерлер), типтер мен элементтерге жіктеді [9].  

Л.  Заплетал  адамның  шаруашылық  әрекетінен  қалыптасатын 

антропогендік  жербедердің  тоғыз  генетикалық-морфологиялық  типтерін 

ажыратады (өндірістік, ауыл шаруашылық және т.б.) [10; 11]. 

3.А.  Сваричевская  антропогендік  ұғымынан  гөрі  техногендік 

морфогенез  терминін  қолдануды  ұсынды.  Ол  техногендік  морфогенезді  екі 

түрге бөліп қарастырады: 1) нақты техногендік морфогенез ұғымы адамның 

жербедеріне  тікелей  әрекетін  көрсетеді.  Мұнда  адам  әр  түрлі  оң  жербедер 

пішіндерін  (үйінділер,  террикондар  және  т.б.),  сондай-ақ  теріс  жербедер 

пішіндерін (карьерлер, шахталар, шұңқырлар т.б.) дамыта отырып, жербедер 

қалыптастырудың  тікелей  агенті  болып  саналады;  2)  табиғи-техногендік 

морфогенез,  яғни  адам  әрекеті  әсерінен  табиғи  процестердің  одан  әрі 

жандануы [12]. 

М.Ж.  Жандаев  Іле  Алатауының  антропогендік  жербедер  пішіндерін 

зерттеу  нәтижесінде  төмендегідей  жербедер  топтарын  бөліп  көрсетеді:  1) 

егін-шаруашылық;  2)  жолдық;  3)  гидротехникалық;  4)  құрылыстық;  5) 

қорғалған; 6) археологиялық; 7) таулы-геологиялық; 8) жайылымдық [13].  

Е.Н.  Азбукина,  Н.П.  Федоров  Орыс  платформасының  солтүстік-

батыс  шегіндегі  техногендік  морфомүсін  пішіндерін  белгілейді,  соның 

ішінде  ашық  кеніштер  шұңқырларын,  жерасты  өндірулер  үстіндегі 

отырулар және т.б. [14]. 

А.И.  Луценко  пайдалы  қазбаларды  өндірудегі  көне  антропогендік, 

ашық  және  жабық  тау-кенорындарының  қазіргі  пішіндері,  бөгендер 

шегіндегі  антропогендік  жербедер  пішіндерін  бөледі  [15].  А.И.  Луценко 

жасаған  жіктемесінің  кемшілігі  онда  бірыңғай  жіктемелік  пікірлер 

кездеспейді.    

Л.И.  Маруашвили  жербедерлердің  табиғи-антропогендік  генезисін 

ескерді  [16].  Михайлов-Цветко  шаруашылық  әрекеттер  түрлерімен 

байланысты қалыптасатын антропогендік жербедерлерді қарастырды [17]. 

И.К.  Сипягина  антропогендік  өзгеруде  негізгі  фактор  ретінде 

антропогендік  литогенезді  көрсетеді  [18].  Н.П.  Матвеев  Пахра  өзенінің 

төменгі  алабының  антропогендік  жербедерлерін  сипаттай  отыра  өзінің 

өзгеше  жіктемесін  ұсынады.  Ол  бедер  пішіндерінің  алдын-ала 

жоспарланған, ескерілген және кездейсоқ түрлерінен басқа оң, теріс және 



жерасты  деп  ажыратады  [19].  Ф.Н.  Мильков  антропогендік  бедердің 

морфогенетикалық жіктемесін өңдеп ұсынды [20].       

П.Ф.  Молодкин  генетикалық  принцип  бойынша  жасалған 

жіктемесінде  алуан  түрлі  жербедер  пішіндері  адам  әрекетінен,  яғни  оның 

грунтқа  тура  немесе  жанама  әсер  етуі  нәтижесінде  қалыптасады. 

Сондықтан  жербедер  пішіндерінің  ең  негізгі  екі  тобын  бөліп  көрсетеді, 

олар: конструкциялық және реконструкциялық жербедерлер. Бұл жербедер 

топтары  генетикалық  типтер  мен  жербедер  пішіндеріне  ажыратылады. 

Конструкциялық  жербедер  адамның  грунтқа  тікелей  әсер  етуінен 

қалыптасады:  а)  өндірілген:  бөгендер,  каналдар,  жол  шұңқырлары, 

құрылыстық  алаңдар,  ашық  кеніштер  (карьерлер),  шахталар  және  т.б.;  б) 

үйілген:  бөгеттер,  үйінділер,  өндірістік,  тұрмыстық  және  шаруашылық 

қалдықтардың жиналуы, террикондар және т.б. 

Реконструкциялық  жербедер  адамның  грунтқа  жанама  әсерінен 

пайда  болады:  а)  жаңарған:  қолдан  суландыруда  жербеті  сулар  ағыны 

режимінің өзгеруінен жыралар мен жырмалардың жандануы, грунттардың 

қайта  тұздануы  (сортаңдануы),  көне  жылжымалардың  жандануы;  б) 

деградациялық:  пайдалы  қазбаларды  жерастында  өндіруде  сол  жер 

грунтының  отыруы,  жерасты  құрылыстардының  үстінен  қозғалмайтын 

(статистикалық) және динамикалық күштердің әсер етуі және т.б. [21].  

Қоршаған  орта  мен  адамның  өзара  қарым-қатынасы  мәселелері 

туралы  Ф.В.  Котловтың  [22]  еңбектерінде  едәуір  көңіл  бөлінген,  ол 

көптеген  жылдар  бойы  қала  аумағындағы  геологиялық  процестерді 

зерттеумен айналысқан.   

Қазақстанда  адамзат  және  қоршаған  ортаның  өзара  әрекеті  туралы, 

сондай-ақ  шаруашылық  әрекеттілігінен  жербедер,  климат,  ландшафттың 

өзгеру 

мәселелерімен 



ғылыми-зерттеу  институттарының  ғылыми 

қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы 

айналысады.     

Соңғы  кездерде  “антропогендік  география”,  “антропогендік 

ландшафттану”  және    “антропогендік  геоморфология”  түсініктері  пайда 

болды.  Олар  геоморфологиялық  ортаға  адам  әрекетінің  әсер  етуімен 

түсіндіріледі.  Бұл  әрекет  жербедер  құрылысына,  оның  дамуына  және 

тұрақтылығына  әсер  етеді.  Антропогендік  геоморфология  адамның 

шаруашылық  әрекетінен  қалыптасқан  немесе  өзгерген  жербедер 

пішіндерінің жиынтығын қарастырады.   



Жербедер  –  табиғи  эндогендік  және  экзогендік,  адамның  тіршілік 

әрекеті факторларының өзара бірлесіп әрекет ету нәтижесі. Антропогендік 

геоморфология  –  адам  әрекетінен  қалыптасқан  немесе  өзгерген  жербедер 

пішіндерін  және  табиғи,  табиғи-техногендік  жербедер  пішіндердің  пайда 

болуындағы  антропогендік  факторлардың  рөлін  зерттейді.  Оның  зерттеу 

нысаны  антропогендік  (техногендік)  жербедер  пішіндері  және  олармен 

байланысты процестер. Антропогендік жербедерді зерттеудің маңызы зор, 

өйткені  адам  әрекетіне  байланысты  және  жербедерді  өзгеріске  әкелген 

процестер  жиынтығын  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  процестердің 

әрекеті мен ізін барлық жерлерде байқауға болады. Адамның шаруашылық 

әрекетінің  нәтижесінде  жаңа  жербедер  пішіндері  және  антропогендік 

шөгінділер  пайда  болады,  табиғи  процестердің  сипаты  өзгереді. 

Антропогендік  геоморфология  –  адамзат  баласын  және  оның  техникалық 

жетістіктерін  морфогенездің  негізгі  факторларының  бірі  ретінде 

қарастырады [23] . 

Табиғи  ортаның  процестер  мен  құбылыстардың  өзара  әрекеті  және 

жербедердің  қалыптасуы,  сонымен  қатар  олардың  экологиялығын 

анықтайды.  Сондықтан  геоморфология  саласының  ғылыми-қолданбалы 

бағыты ретінде экологиялық геоморфология жербеті бедерлері мен қазіргі 

жербедер  құрушы  процестердің  рөлін,  қазіргі  морфогенезге  шаруашылық 

әрекеттіліктің артуынан табиғи орта құрамбөліктерінің өзгеруін зерттейді.        

Аридтік  зона  аумағындағы  қазіргі  геоморфогенездің  негізгі 

антропогендік  факторлары  мал  шаруашылығындағы  жайылымдық 

жерлерді  пайдалану,  одан  кейін  жол-көлік  және  қоныстану  нысандарын 

игеру, гидротехникалық құрылыстарды салу мен оларды іске асыру, ауыр 

бұрғы  техникаларын  қолдана  отырып  геологиялық  түсіру  мен  барлау 

жұмыстарын  жүргізу,  ашық  әдіспен  қазба  байлықтарын  өндіру,  бұрғылау 

және  бұрғылау  ұңғымаларын  пайдаланумен  әр  түрлі  шаруашылық  және 

өндірістік құрылыс түрлері болып табылады [24].  

Антропогендік 

жербедер 

пішіндерінің 

көпшілігі 

адамның 


шаруашылық  мәселелерін  шешуде  пайда  болатындығын  атауға  болады. 

Өкінішке орай жербедерге антропогендік факторлардың әсер ету дәрежесі 

мен  оның  дамуы  толығымен  қарастырылмайды.  Бұл  мәселе  дәл  мұқият 

зерттеуді  қажет  ететіндіктен  антропогендік  жербедер  ерекешеліктерін 

және қазіргі жербедер құрушы процестердің даму динамикасы ескерілмей 

шаруашылық  нысандарын  игеруде  экологиялық  мәселе  ойдағыдай 

шешімін таппайды.  


Жоғарыда айтылған көптеген ғалымдардың М.Ж. Жандаев [13], Д.П. 

Позднышева  [24;  25],  Ф.Ж.  Акиянова  [26],  А.С.  Күшімова  [27],  К.М. 

Акпамбетовалардың  [28]  антропогендік  жіктемелерін  негізге  ала  отырып 

және  Орталық  Қазақстан  аумағы  бойынша  жасалған  антропенгендік 

жербедер  пішіндерінің  жіктемесіне  сүйеніп  автор  Оңтүстік  Маңғыстау 

мұнайлы  және  газды  өндірістік  ауданында  адамның  өндірістік-

шаруашылық  әрекетінен  туындаған  процестердің  бағыттылығына  қарай 

өндірістік,  құрылыстық,  гидротехникалық,  сызықты-жолдық,  ауыл 

шаруашылықтық, археологиялық жер бедер типтеріне бөледі [29].  

Соңғы  кезде  адам  әрекетінен  қалыптасатын  алуан  түрлі 

антропогендік  жербедер  пішіндері  қазіргі  экзогендік  процестердің 

дамуына өзгерістер әкеліп, оның бағыттылығы мен қарқындылығына әсер 

етеді.  Сондықтан  да  табиғи  процестердің  жағымсыз  көрініс  беруімен 

күресуде  жоспарланған  шараларда  міндетті  түрде  табиғи  құбылыстардың 

дамуындағы  антропогендік  жербедер  пішіндерінің  рөлі  ескерілуі  қажет. 

Қазіргі  уақытта  инженерлік-шаруашылық  кешендер  мен  табиғи  жүйенің 

өзара  қатар  өмір  сүру  мәселесі  шындыққа  айналып  отырғанда,  адам  мен 

табиғи  орта  қарым-қатынастарын  теория  жағынан  ұқыпты  зерттеу  мен 

ғылыми тұрғыдан талдау ерекше маңызды мәнге ие болып отыр. 

 

Дәріс №3. Мониторинг түсінігі. Қоршаған ортаны бақылау 2 сағат 

1.

 



Мониторинг түсінігі. Әдістерінің ерекшеліктері 

2.

 



Экологиялық бақылау жасау 

3.

 



Мониторинг түрлеріне сипаттама 

1.Мониторинг түсінігі. Әдістерінің ерекшеліктері 

Мониторинг  (ағылш.  monіtor  –  қараушы,  қадағалаушы,  күні  бұрын  ескерту, 

сақтандыру)  –  қоршаған  табиғи  орта  жағдайының  антропогендік 

факторлардың  әсер-ықпалынан  өзгеруін  болжау  мен  бағалаудың, 

бақылаудың  кешенді  жүйесі.  Мониторинг  термині  БҰҰ-ның  қоршаған  орта 

жөніндегі  Стокгольмдегі  конференциясының  алдында  (1972)  “бақылау” 

ұғымына  толықтыру  ретінде  пайда  болды.  Адамдардың  іс-әрекеттеріне 

байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың 

ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 

мыңдай  әр  түрлі  химиялық  заттар  өндіріледі.  Мониторинг  телевизор 

бейнелеу,  фотография,  көп  спектрлі  түсірілім  және  т.б.  әдістер  арқылы  іске 

асырылады.  Мониторингтің:  базалық,  ғаламдық,  аймақтық,  авиацалық, 

ғарыштық,  т.б.  деңгейдегі  түрлері  бар.  Базалық  Мониторинг  –  жалпы 

биосфераның  табиғи  құбылыстарына  бақылау  жүргізу.  Ғаламдық 



Мониторинг  –  Жер  биосферасы  мен  оның  экосферасындағы  жалпы  әлемдік 

процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг  – белгілі бір 

аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық 

Мониторинг  –  экологиялық  процестерді  әуеден  ұшақтар,  тік  ұшақтар  және 

ұшатын  аппараттар  арқылы  бақылау.  Ғарыштық  Мониторинг  – 

экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған 

ортаның  өзгеру  өзгешелігі  мен  ластану  ошағын  жедел  анықтауға; 

экологиялық  өзгерістің  амплитудасы  мен  ондағы  қарқынды  процестерді 

бақылауға;  техногендік  жүйелердің  бір-біріне  әсер  ету  әрекетін  анықтауға 

мүмкіндік береді. 

Қоршаған  ортаның  Мониторингі  –  адамдардың  тіршілік  ететін  орта 

жағдайын  бақылау  арқылы,  адамдарға  табиғатта  болып  жататын  қауіп-

қатерлерді  алдын  ала  ескерту  үшін  қажет.  Сондай-ақ,  Мониторингтік 

бақылаулар  биосфералық  қорықтарда  да  жүргізіледі.  Мониторинг  қызметі 

көптеген  елдерде  ұйымдастырылған.  1988  жылы  қоршаған  ортаның 

дүниежүзілік  мониторингі  ортасы  құрылды.  Мониторинг  үш  деңгейге 

ажыратылады: 

 

1.  Санитарлық-токсикологиялық  мониторинг  -қоршаған  ортаның  күйін, 



табиғат  нысандарының  зиянды  заттармен  ластану  деңгейін,  осы 

ластаушылардың адамға, жануарлар мен өсімдіктерге әсерін зерттейді. 

2.  Экологиялық  мониторинг  -экожүйелердегі,  табиғи  кешендердегі 

өзгерістерді, олардың өнімділігін бақылау. 

3.Биосфералық  бақылау  -табиғаттағы  ғаламдық-фондық  өзгерістерді: 

радиация  деңгейін,  атмосферадағы  зиянды  заттар,  шаңның  мөлшерін, 

жылудың  тасымалдануын,  планетадағы  ауа  райы  мен  климаттың  т.б. 

өзгерістерді бақылау. 



2.Экологиялық бақылау жасау 

Соңғы  жылдары  эколог-болжаушылардың  арасында  XX  ғасырдың  20-шы 

жылдарында  қоршаған  ортаға  байланысты  қолданылған  мониторинг  ұғымы 

кең таралған. Экологиялық мониторинг  – антропогендік факторлар әсерінен 

қоршаған  орта  жағдайының,  биосфера  компоненттерінің  өзгеруін  бақылау, 

баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, 

өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады 

Қазіргі  таңда  мониторинг  ұғымы  негізгі  үш  түрлі  жұмыстардан  тұратын 

қоршаған  табиғи  ортаны  бақылау  жүйелері  ретінде  қарастырылады:  1 


қоршаған  ортаның  жағдайын  жүйелі  түрде  бақылау.  2  табиғи  және 

антропогендік  факторлардың  әсерінен  табиғатта  болуы  мүмкін  өзгерістерді 

болжау.3  қоршаған  орта  жағдайын  ретке  келтіру  шараларын  басқару. 

Бақылайтын  обьектілердің  ерекшелігіне,  түріне  және  бақылау  әдістеріне 

байланысты  мониторингтің  бірнеше  түрлерін  ажыратады.  Мысалы:  Жүргізу 

әдістері  бойынша  мониторингтің  мынадай  түрлері  бар:  биологиялық 

(биоиндикаторлар көмегімен); дистанционды (авиациялық және космостық); 

аналитикалық  (химиялық  және  физико-химиялық  талдау).  Бақылау 

обьектілері  бойынша:  қоршаған  ортаның  жеке  компоненттері  мониторингі 

(топырақ,  су,  ауа);  биологиялық  мониторинг  (өсімдіктер  және  жануарлар 

дүниесі).  Классификациядағы  мониторингтердің  деңгейіне  сәйкес  - 

халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен 

байланыста  болуы,  ал  ұлттық  –  аймақтық  деңгеймен  байланыста  болуы 

керек. 


Экологиялық  мониторинг  жүйесінде  биологиялық  мониторингтің,  яғни, 

экожүйенің  биотикалық  құрамы  мониторингі  ерекше  роль  атқарады. 

Биологиялық  мониторинг  –  бұл  қоршаған  табиғи  ортаның  жағдайын  тірі 

организмдер  көмегімен  бақылау.  Биологиялық  мониторингтің  негізгі  әдісі  – 

биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген 

өзгерістерді есепке алып отыру. 

Іс-әрекеттердің 

мұндай 


алгоритмі 

қоршаған 

ортаның 

кез-келген 

мониторингіне тән. 

Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар: 

Биологиялық  мониторинг  -  биологиялық  орталардағы  (организмдерде, 

биоценоздарда)  табиғи  және  антропогендік  процестерді  бақылау  (ауыр 

металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің 

қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды. 

Базалық мониторинг - жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, 

жақын  аралықтағы  50-100  жыл  ішінде  болатын  негізінен  табиғи 

құбылыстарды бақылау. 

Биосфералық  мониторинг  -  биосферадағы  өзгерістерді:  атмосфераның 

шандануы,  әлемдік  су  балансы,  Әлемдік  мұхиттың  ластануы,  құрылық  пен 

мұхиттағы  биологиялық  өнімнің  өзгеруі  және  т.б.  ғаламдық  деңгейде 

бақылау. 


Биоэкологиялық  мониторинг  -  табиғи  ортаның  жағдайын  оның  адам 

денсаулығына  әсері  тұрғысынан  бақылау.  Адамның  тыныс-тіршілігін 

көрсететін  көрсеткіштер  -  ауруға  ұшырауы,  туылуы,  өмір  сүру  ұзақтығы 

және т.б. қолданылады. 

Геоэкологиялық мониторинг — табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. 

Географиялық  стационарлық  бақылаулардың  жүйелеріне  сүйене  отырып, 

экожүйелердің  биологиялық  өнімділігі,  өздігінен  тазаруға  қабілеттілігі, 

заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады. 

Дистанционды мониторинг - бұл авиациялық және космостық мониторингтің 

жиынтығы.  Кейде  бұл  ұғымға,  көрсеткіштері  ақпараттарды  жинау 

орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар 

арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады. 

Теңіздердің  ластануы  мониторингі  -  теңіздер  мен  мұхиттардағы  судың 

сапасын  білу  мақсатында  ақпараттар  алу  үшін  олардың  жағдайын  болжау, 

бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға 

және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет. 

Құрылықтағы  сулардың  ластануы  мониторингі  -  су  ресурстарын  үнемді 

пайдалану  және  оларды  ластанудан,  құрғап  кетуден  қорғау  шараларын 

жүргізу  үшін  құрылықтағы  сулардың  жағдайы  туралы  ақпараттар  алу 

мақсатында  болжау,  бағалау  және  бақылау  жүйесі.  Су  сапасының 

көрсеткіштеріне  -  температура,  минералдану,  рН,  түсі,  еріген  оттегі,  дәмі, 

ауыр  металдар,  мұнай  өнімдері,  фенолдар,  пестицидтер  және  ең  бастысы 

натрий,  калий,  кальций,  магний,  хлор,  сульфат,  карбонат,  нитрат  иондары 

жатады. 


Ластаушы  көздер  мониторингі  -  ластаушы  көздер  арқылы  су  обьектілеріне, 

атмосфералық  ауаға,  топыраққа  бөлінген  заттардың  мөлшерін  және  ластану 

деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі. 

Аймактык  мониторинг  -  антропогендік  әсерге  ұшыраған  үлкен  өнеркәсіп 

орындары,  қалалар  және  олардың  айналасындағы  аймақтар  биосферасы 

туралы ақпарат алу үшін бақылау. 

Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және 

аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, 

ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек. 

Экологиялық  мониторинг  жүйесінде  биологиялық  мониторингтің,  яғни, 

экожүйенің  биотикалық  құрамы  мониторингі  ерекше  роль  атқарады. 


Биологиялық  мониторинг  -  бұл  қоршаған  табиғи  ортаның  жағдайын  тірі 

организмдер  көмегімен  бақылау.  Биологиялық  мониторингтің  негізгі  әдісі  - 

биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген 

өзгерістерді есепке алып отыру. 

 Дәріс №4. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет