Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі


Дәріс №12.  Геоэкологиялық мониторингін жүргізу принциптері 2 сағат



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата28.02.2017
өлшемі0,72 Mb.
#5034
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс №12.  Геоэкологиялық мониторингін жүргізу принциптері 2 сағат 

1.

 



Мониторинг жүргізу принциптерінің түрлері 

2.

 



Мониторинг жүргізу ұйымдары 

     3.Ақпаратты алу жолдары 

 

Мақсаты мен талаптарына байланысты жер мониторингінде келесі жүргізу 



принциптері бөлінеді: 

әртүрлі мәліметтердің бір-бірімен сыйымдылығы және салыстыруға 

болатындығы; 

әдістер мен технологиялардың бірыңғайлылығы; 

мәліметтердің дәлдігі; 

мәліметтердің толық болуы; 

жер мониторингін үздіксіз жүргізу; 

көрнектілік принципі; 

мәліметтерге қол жетімділігі; 

арзандылығы мен тиімділігі; 

орталықтан басқару принципі. 

     Бір-бірімен сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы принципі 

жер мониторингін жүргізудің негізгі принципі болып табылады. Оның 

маңызы бірыңғай топтастырғыштарды, нормативтік-техникалық негіздердің 

бірыңғай мәліметтерін, бірыңғай мемлекеттік координаталар мен биіктіктер 

жүйесін қолдануда. 


  Әдістер мен технологиялардың бірлігі принципінің мақсаты мониторингті 

келісіп жүргізуде. 



Мәліметтердің дәлдігі және сенімділік принципі жер мониторингі 

мәліметтерінің нақты күйі мен пайдалануына сәйкестігін қарастырады. 



Мәліметтердің толық болуы принципінің маңызы белгілі мәселелерді шешу 

үшін ақпарат толық және жеткілікті болуында. 



Жер мониторингін үздіксіз жүргізу принципінің маңызы жер 

қатынастарында, кейбір категориялардың саны мен сапасында, жер қорын 

таратуы мен құрамында болып жатқан өзгерістерге байланысты мониторинг 

ақпаратты жүйелік немесе мерзімдік жаңарту арқылы жүргізуде. 



Көрнектілік принципін қолданып мониторингті жүргізу уақытында түрлі 

карталарды, сызбаларды, атластарды, есеп берулерді қолдану. 



Мәліметтерге қол жетерлік принципі – мемлекеттік немесе коммерциялық 

құпия болатын мәліметтердің басқаларына қол жетімді болу керек. 



Арзандылық пен тиімділік принципі бойынша жер мониторингінің 

мәліметтерін қабылдау, жүйеге келтіру, сақтауды қамтамасыз ететін әдістер, 

технологиялар мен тәсілдер қолданылады. 

Орталықтан басқару принципі жер мониторингін ҚР-сы бойынша бірыңғай 

әдістеме арқылы және ҚР-ның жер ресурстарын басқару Агенттігімен 

жүргізуді қарастырады. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік территориалдық жер торабы 

қалыптасқан. Ол әртүрлі табиғи аймақтардағы 600 астам стационарлық және 

жартылай стационарлық экологиялық бекеттерді қамтиды. Жер күйін бағалау 

жүйелі бақылауларды өзгерістердің бағыты мен интенсивтілігін талдау және 

алынған көрсеткіштерді нормативтік көрсеткіштермен салыстыру арқылы 

жүргізіледі. Жер күйінің көрсеткіштері белгілі мерзімге қатысты абсолюттік 

және салыстырмалы мәндер арқылы көрсетіледі. Жер күйін бағалаудың 

нәтижелері бойынша өзгерістердің дамуы мен бағытын сипаттайтын 

тақырыптық карталар, диаграммалар мен кестелерді қосып жылдам 

мәліметтер, баяндамалар, ғылыми болжамдар мен ұсыныстар жасалады. 

Қазақстан Республикасында жер мониторингін жер ресурстарын басқару 

Агенттігі және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі және басқа да мүдделі 

мемлекеттік органдар жүргізеді. 

Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету тиісті мемлекеттік органдар 

мен жер ресурстарын басқару жергілікті комитеттерінде ақпаратты жинау, 

өңдеу және сақтау орындары бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе 


арқылы жүргізіледі. Керекті ақпаратты алу үшін жер мониторингінде 

қашықтықтан зерттеу, жер бетіндегі түсірістер мен бақылаулар, фондық 

бақылаулар қолданылады. Қалалар, облыстардың жер ресурстарын басқару 

комитеттері 1 наурыздан қалдырмай тиісті органдарға аймақтардағы жердің 

күйі жайлы баяндамалар береді, ал өте қауіпті процестерді анықтағанда 

жылдам мәліметтер береді. Жер ресурстарын басқару Агенттігі мен қоршаған 

ортаны қорғау министрлігі аймақтық жер мониторингі және мемлекеттік жер 

кадастры материалдарын жинақтап қорытады және 30 сәуірден қалдырмай 

Үкіметке ҚР-ғы жерлердің күйі мен пайдалануы жайлы мемлекеттік 

баяндама ұсынады. Кәсіпорындар, мекемелер, азаматтар, халықаралық 

ұйымдар, шетелдіктер мен жеке тұлғалар жер мониторингі мәліметтерімен 

белгіленген тәртіппен пайдаланады. 

Жер мониторингінің республикалық және облыстық бағдарламаларын 

песпубликалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерге түсетін жер салығы 

мен жалға берілетін жерлер үшін төлемдер есебінен қаржландырылады. 

Жер мониторингін жүргізу кезінде ақпаратты алу жолдары: 

дистанциондық зондтау; 

жер бетіндегі түсірістер мен бақылаулар; 

мәліметтер қорын пайдалану. 

Жер мониторингің жүргізу үшін ақпаратты жинау түрлі түсірістер, 

ізденістер, тексерулер (топографиялық-геодезиялық, топырақ, 

мелиоративтік), арнайы бақылаулар арқылы жүргізіледі. 

Жер қорын зерттеу мақсатымен түрлі министрліктер мен ведомстволар 

жүргізетңн тексерістер, бақылаулар мен түсірістер салалық нормативтік-

техникалық құжаттар незігінде жасалған болатын. Бірақ жер қорын зерттеу 

бірыңғай мемлекеттік тәсілдерді талап етеді, өйткені жер ресурстары 

қоршаған табиғи ортаның маңызды бөлігі, ауылшаруашылық, орман 

шаруашылығының басты өндіріс құралы және кәсіпорындар мен мекемелерді 

орналастырудың кеңістік негізі болып табылады. Жер мониторингі табиғи 

ресурстардың басқа мониторингтері мен кадастрларының арасындағы 

байланыс рөлін атқару керек және оған мемлекеттік статус беру керек. 

Әртүрлі деңгейлердегі экологиялық жағдай туралы ақпаратты жердің 

карталық негізіне салынған графикалық мәліметтерден тұратын экологиялық 

жағдай жоспарының көмегімен алуға болады. Жүргізілетін мониторингтің 

түріне қарай картографиялық негіздің әртүрлі масштабтарын қолданады. 


Бақылаулар жер қорының барлық категориялары бойынша жылжымалы 

зертханаларды пайдаланып түрлі полигондарда, эталон учаскелерінде, 

стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарда жүргізіледі. 

Ақпаратты алуды едәуір арзандатуға болатын әдістердің бірі – қашықтықтан 

зондтау. Бұл әдіс мониторингті қарапайым, тез және қол жетімді 

құралдармен жүргізуге мүмкіндік береді. Қашықтықтан зондтау – объектіден 

алыс, яғни тікелей контактсыз, жүргізілген өлшеулер нәтижесінде объект 

жайлы ақпарат алу. Қашықтық мониторинг – табиғи процестерді алыс 

байланыс құралдары арқылы ақпаратты автоматты түрде беретін және 

тіркейтін ұшқыш және аэроғарыштық аппараттар, жер бетіндегі аспаптардың 

көмегімен бақылау. 

Ғарыш аппараттарынан және биіктегі ұшақтардан жасалынған түсірістер жер 

мониторингін глобальды, республикалық және аймақтық деңгейде 

жүргізгенде қолданылады. Локальды жер мониторингін жүргізу және 

аэроғарыштық ақпаратты дәлдеу үшін кіші аваиация көмегімен түсірістер 

жүргізіледі. Аэрофототүсірістер көмегімен алынған ақпарат зерттелетін 

объектілердің фото түсі, геометриялық өлшемдері және басқа да 

ерекшеліктері бойынша ажырату арқылы жер бедерінің физикалық 

элементтерін дешифрлеуге түседі. Жердің күйі жерді пайдалану карталары, 

ландшафтық карталар, топырақ эрозиясы мен дефляция карталары, топырақ 

карталары, жердің шектен тыс сулануы мен су басу карталары, жердің 

ластануының карталары, агрофимиялық карталар түрлерінде көрсетіледі. 

Аэроғарыштық мониторингтің ерекшеліктері ақпаратты алудың жоғарғы 

жылдамдығы, қазіргі уақыттағы компьютерлік техниканың көмегімен өңдеу, 

сақтау, топтастыру және пайдалануды ұйымдастыруда. Мысалы, 

қашықтықтан зондтау мәліметтерінің төтенше экологиялық жағдайларда 

жылдам ғарыштық мониторингті жүргізуде маңызы зор және олар 

шөлейттенудің келесі параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді: гумус 

горизонтының қалындығы, ауылшаруашылық телімдердің өнімділігі, грунт 

суларының деңгейі, сызықты және беттік топырақ эрозиясының 

параметрлері, өсімдіктердің түрлері, т.б. Қашықтықтан зондтау экологиялық 

тиімді. Осылайша, кейбір мәліметтер бойынша гидрометеорологиялық 

қамтамасыз етуде спутник ақпаратын қолданғанда экономикалық шығындар 

мен алдын алынған зардаптардың сомасы оны алу үшін кеткен шығындардан 

он-он бес есе көп. 

Жер ресурстарының күйін жылдам бағалауға арналған техникалық 

құралдардың кешені келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: 

экологиялық және функционалды күйін бағалау үшін табиғи кешендер, 

энергетика, байланыс, өндірістердің жер учаскелерін жылдам жер бетіндегі 

және қашықтықтан зерттеу жүргізу; 



картографиялық жұмыстарды жүргізу үшін аэрофототүсіріс жүргізу; 

геологиялық және гидрогеологиялық процестердің, қала территорияларының 

зиянды процестерінің, орман және су қорларының мониторингін жүргізу; 

табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың масштабтары мен 

салдарын анықтап бағалау; 

мемлекеттік жер кадастры мен жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік 

бақылауды ақпараттық қамтамасыздандыру; 

ҚР-ның үкәмет органдары басқару шешімдерін қабылдау мақсатымен табиғи 

және шаруашылық кешендер жерлерінің күйі жайлы жылдам және дәл 

ақпаратты алу; 

Мәліметтердің автоматтандырылған базаларын құру және жаңарту. 

Жер мониторингі жұмыстарын әрі қарай жүргізу және дамыту үшін қажет: 

жер мониторингінің технологиялық және ақпараттық базаларын кұру қажет; 

жер бетінде де қашықтықтан да зондтау техникалық құралдарын қолданып 

кері процестерді уақытымен алдын алу және жою іс-шараларын әзірлеу мен 

іске асыруды қамтамасыз ету мақсатымен ҚР-ның территориясында жер 

мониторингін кезеңмен жүргізуді ұйымдастыру; 

басқа да министрліктер мен ведосмтволармен біріге отырып экологиялық 

мониторингтің құрамында жер мониторингінің көп сатылы ақпараттық 

жүйесін құру. 

 

Дәріс №13. Геоэкологиялық мониторингін жүргізудің  негізгі бағыттары 

2 сағат 

1.

 



Мониторинг бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары

 

2.



 

Жер мониторингі міндеттері 

 

Мониторинг  бойынша  жұмыстар  келесі  негізгі  бағыттар  бойынша 



жүргізіледі. 

а) ғылыми-әдістемелік 

ә) әдістемелік-қолданбалы 

б) қолданбалы 



в) ақпараттық-техникалық. 

     

Ғылыми-әдістемелік 

бағытқа 

стационарлық 

және 

жартылай 



стационарлық  экологиялық  алаңдарда  топырақ  және  азықтық  алқаптардығы 

өсімдіктер  карталарын  жасау  және  топырақты  бонитерлеу  үшін 

методикалық-қолданбалы, қолданбалы, ақпараттық-техникалық жұмыстарды 

қамтамасыз ететін топырақ пен өсімдіктерді зерттеу кіреді. 



Әдістемелік-қолданбалы бағыт мыналарды қамтиды: 

топырақ  және  геоботаникалық  зерттеу  мен  ізденістердің  алғашқы 

материалдарын талдап қорытындылау және жүйеге келтіру; 

азық алқаптарының топырақтары мен өсімдіктерін топтастыруды әзірлеу; 

азық алқаптары мен басқа да жерлерді сапалық, экономикалық, экологиялық 

т.б. бағалау түрлерінің әдістемелік тәсілдерін әзірлеу; 



Қолданбалы бағытқа мыналар кіреді: 

картографиялық  материалдарды  қайта  тексеру  мен  дұрыстау  және  жер 

пайдаланушыларға  жердің  сапасын,  ауданын  күйін  көрсетіп  тиісті 

карталарды беру; 

геоботаникалық және топырақ зерттеулері мен ізденістердің материалдарын 

талдау; 


әрі қарай бақылау үшін аймақтық және облыстық карталарды құрастыру; 

жер  қорын  тиімді  пайдалану  жайлы  ұсыныстар  беру  үшін  жердің  күйі  мен 

сапасының  өзгеруін  бақылау  нәтижелері  бойынша  жер  кадастрын  нақты 

мәліметтермен ақпараттық қамтамасыздандыру; 

жерді  орынсыз  пайдаланғаны  үшін  жазалау  шараларын  қолдану  бойынша 

түрлі органдарға ұсыныстарды әзірлеу және беру; 



Ақпараттық-техникалық бағыты: 

мониторингтің автоматтандырылған базасын құру; 

бағдарламаларды әзірлеу; 

ақпаратты  қабылдау,  талдау  және  оны  сақтау  мақсатында  ҚР-ғы  жер 

мониторингі бойынша мәліметтерді өңдеу және жүйеге келтіру. 

Сонымен  қорыта  келгенде,  мемлекеттік  жер  мониторингі  –  жер  күйінің 

өзгеруін  уақытымен  анықтау  мақсатында,  жер  күйін  бақылау,  осы 


өзгерістерді  болжау,  бағалау  және  кері  процестердін  алдын  алу,  жою 

жайында  ұсыныстарды  әзірлеу,  жер  кадастрын  жүргізу  мен  жерді 

пайдаланудың  мемлекеттік  бақылау  және  қорғауды  жер  ресурстарын 

мемлекеттік  басқарудың  сонымен  қатар,  азаматтарды  қорщаған  орта  оның 

ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. 

Жер  мониторингі  жер  ресурстарын  басқарудың  жалпы  жүйесіне  кіреді.  Бұл 

жүйе келесі бір-бірімен байланысты блоктарды қамтиды: жерге орналастыру, 

жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық блогы. 

Жер  мониторингiнiң  мiндеттерi:  жердiң  жай-күйiнiң  өзгерiстерiн  уақтылы 

анықтау,  оларды  бағалау,  болжам  жасау  және  керi  әсерi  бар  процестердi 

болдырмау  мен  зардаптарын  жою  жөнiнде  ұсыныстар  әзiрлеу;  мемлекеттiк 

жер  кадастрын  жүргiзудi,  жерге  орналастыруды,  жерді  пайдалану  мен 

қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттiк басқарудың өзге де 

функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. 

Жер  мониторингiнiң  жердiң  санаттарына  сәйкес  келетiн  iшкi  жүйелерi 

болады.  Аумақты  қамтуына  қарай  республикалық,  аймақтық  не  жергiлiктi 

жер мониторингi жүзеге асырылады. 

Жердi  жүйелi  түрде  бақылаудың,  суретке  түсiрудiң,  зерттеудiң,  түгендеудiң 

нәтижелерi,  жердi  пайдалану  мен  қорғауды  мемлекеттiк  бақылаудың 

материалдары, мұрағаттық деректер, жердiң сапалық жай-күйi туралы басқа 

да мәлiметтер жер мониторингi үшiн ақпарат көздерi болып табылады. Жер 

мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi 

орталық  уәкiлеттi  орган  жүзеге  асырады.  Жер  мониторингi  бойынша 

мемлекетаралық  және  халықаралық  бағдарламаларды  iске  асыру  Қазақстан 

Республикасының  басқа  мемлекеттермен  жасасқан  келiсiмдерi  мен 

шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. 

Жер  мониторингiн  жүргiзу  және  оның  деректерiн  пайдалану  тәртiбiн 

Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  айқындайды.  Жер  мониторингiн 

жүргiзу  кезiнде  қажетті  ақпаратты  алу  үшiн  қашықтықтан  зерделеу,  жер 

бетiн  суретке  түсiру  және  бақылау  әдiстерi,  сондай-ақ  қор  деректерi 

қолданылады. 

 

Дәріс №14. Экосфера мен қоғам арасындағы байланыс 2 сағат 

1.

 

Экосфера мен қоғамның өзара тәуелділігі  



    2.Экосфераның табиғи факторлары 

 

Қоғамның  өмір  сүруінің  негізі  Экосфера  ресурстарын  пайдалану  болып 



табылады.  Олар  табиғи  ресурстар  және  геоэкологиялық  «қызметтерді» 

қамтиды.  Біріншісіне    пайдалы  қазбалар  (мұнай,  көмір,  түрлі  металдар  мен 

басқа  да  пайдалы  қазбаларды  кендер),  биосфераның  ресурстары  (ауыл 


шаруашылығы дақылдары, ағаш ресурстары, балық және басқа да өсімдіктер 

мен  жануарлар  ресурстары),  топырақ,  су,  ауа  және  т.б.  жатады.  Еңбек 

нәтижесінде табиғат адамға тауарлардың негізгі санаттарын береді. Бұларға, 

ең  алдымен,  мыналар  жатады:    азық-түлік,  киім-кешек,  дәрі-дәрмекке 

пайдаланылатын өсімдіктер, үй өсімдіктері мен жануарлардың жыртқыш ата 

бабалары  және  т.б.  Геоэкологиялық  «қызмет  көрсету»  санатын  біріктіретін 

көптеген  табиғи  тетіктер  мен  процестерін  «өмір  сүруді  қамтамасыз  етуші 

жүйелерді»  қамтиды.  Бұл,  мысалы,  ластанудан  табиғи  және  табиғи 

техникалық  өзін-өзі  тазалаудың  табиғи  механизмдері  мен    су  мен  ауаның 

сапасын қолдайтын процестер. Бұл санатқа, сондай-ақ қызмет көрсетудің әр 

түрлі  жиынтығымен  сипатталатын  табиғи  экологиялық  жүйелер  жатады. 

Мысалы,  орман  экожүйесі  бұл  биологиялық  әртүрліліктің  резервуары,  бұл  

биологиялық  ресурстардың  бай  көзі  және  су  мен  ауаның  сапасын  сақтай 

алатын қуатты факторы болып табылады. 

Соңғы  уақыттағы  тәжірибе    көрсеткендей  табиғат  салыстырмалы 

маңыздылық  пен  табиғатты  пайдаланудың  басым  объектілері  біртіндеп 

табиғи  ресурстардан  геоэкологиялық  «қызмет  көрсетуге»  көшкендігін 

көрсетеді.  Болашақта  біз  «ресурстар»  сөзінен  ,  ресурстар,  сондай  ақ 

геоэкологиялық «қызметтер» ұғымын танитын боламыз. 

Қызмет  түрлеріне  органикалық  заттарды  синтездеу  және  тозу  процестері 

жатады,  судың  айналымын  сақтау  (гидрологиялық  цикл),  аталмыш  жерге 

салыстырмалы  түрде  тән  тұрақты  климат,  атмосфераның  химиялық 

құрамының  сақталуы,  ластанудан  су  мен  ауаны  тазалау,  топырақ  түзу  және 

олардың  тұрақтылығын  сақтау,  ,жабайы  және  мәдени  өсімдіктерді 

тозаңдандыру, ластаушыларды жұту және детоксикациялау, өсімдіктер үшін 

қоректікзаттарды  жиналуы  және  циркуляциясы  (биогендер)  жатады.  Оған 

сондай-ақ  рекреациялық  ресурс    ретінде    пайдаланылатын  табиғаттан  рахат 

алу да жатқызылады. 

Адам  өзінің  тіршілік  етуінің  алғашқы  кезеңдерінде  адам  жер  үсті 

экожүйелердің  өнімдерін  (ормандар,  далалар,  саванналар  және  т.б.),  жеуге 

болатын балдырлар, моллюсктер, шаян тәрізділер және  т.б., балықты аулап, 

аңшылықпен айналысты. Бұл адам биосферадағы ресурстарға тәуелді болған 

жинаушылық және аңшылық кезеңі болды,  және өзінің тұрақты күйін сақтау 

үшін  бұл  ресурстарды  бұзбай,  биомассаның  жыл  сайынғы  өсуі  жағдайында 

инстинктті  түрде  әрекет  ету  қажет  болды  Аңшы-жинаушы,  сондай-ақ 

егіншілік  қарабайыр  мал  және  ауыл  шаруашылық  түрлері,  биосфераның 

ресурстарын  орнықты  пайдалану  шегінен  шыққан  жоқ  және  Жердің  басқа 


геосфераларына  әсерін  тигізген  жоқ  болатын.  /  Азық-түлік  алу  үшін  әрбір 

адам  үлкен  аумақты  қажет  етті.  пайдаланылатын  Алғашқы  аңшылар  мен 

малшылар100 

км2 


адам 


кем 

емес 


жерді 

пайдаланды.  

Халық санының интенсивті өсуіне байланысты, шаруашылықтың осы түріне 

сай    жергілікті  экологиялық  дағдарыстар  пайда  болды,  белгілі  бір 

территорияда(немесе  жағалау  суларында)    адамның  қажеттіліктері  тұрақты 

жыл  сайын  биологиялық  ресурстарды  жаңартылатын  бөлігінен  астып  кетті. 

Дағдарыстар  шешілді  немесе  әдеттегі  өнімдерін  тұтынудың  төмендеуі 

арқылы (сондықтан халықтың аштықтан, көші-қон, басқа азық-түлікке толық 

немесе  ішінара  ауысуы  өлімге  әкелді.),  немесе  адам  осы  экожүйе  тұрақты 

қайта  өзгертіп  немесе  өндіре  алатыннан  көбірек  тұтына  бастады.  Бұл 

дағдарыстың  басталуын  созып,  ,  бірақ  ол  соңында  анағұрлым  күшті  және 

апатты  етті.  Мұндай  экологиялық  дағдарыстың  типіне,  Еуразияның 

қоңыржай  белдеуіндегі  перигляциалды  жазықтарындағы  оқиғалар  мысал 

болды, бұл кезде адам мамонттардың жойылуына себеп болып өзін ақуызды, 

жоғары 

калориялы 



азығынан 

айырды. 


 

Халықтың және оның қажеттіліктерінің одан әрі өсуі, аң аулау, балық аулау 

және  терімшілік  көздерінен  қамтамасыз  етіле  алмады:  себебі  бұл  ресурстар 

жеткіліксіз  болды.  Бұл  адам  қоғамының  бір  бөлігін  жабайы  аңдарды  қолға 

үйретуіне әкелді және жайылымдық мал шаруашылығын дамытып, ал басқа 

бір  бөлігі  -  алғашында  қарабайыр,  бірақ  содан  кейін  аса  күрделі  жер 

шаруашылықтардың дамуына әкелді. Осылайша, адамдар оны түрлендіру, аз 

өзгеруі арқылы, Экосфераны тұрақты пайдалануға көшті. 

Ашық  ландшафттар  (далалар,  саванналар,  прериялар,  шөлдер  және  т.б.) 

негізінен  түрлі дәрежелі құрғақшылық аридті аймақтарына жатады. Олардың 

шегінде қуатты дарежеде алғашқы табиғи ландшафттарды өзгертетін (өсімдік 

жамылғысының  құрамы  мен  жағдайының  өзгеруі,  малды  жаюдан  кейін 

топырақ жамылғысының жағдайы өзгеруі, шөптің өртенуі және т.б.)  

Экосфера  -  өте  күрделі  табиғи  жүйе.  Күрделі  жүйелердің  талдау 

кезінде,  суретті  жеңілдету  мақсатында,  сонымен  қатар,  оның  ең  маңызды 

ерекшеліктерін  анықтай  отырып,  түпнұсқаның  белгілі  бір  қасиеттерін  

белгілейтін  түрлі  тұжырымдамалық  модельдер  қабылданады.    Мысал  үшін, 

экосфераны  өздерінің  физикалық  және  химиялық  қасиеттері  бойынша 

ажыратылатын өзара енуші сфералар жиынтығы ретінде қарасыруға болады. 

Жерді  планета  ретінде,  яғни,  бірыңғай,  тұтас  орган  ретінде  қарастыруға 

болады.  Экосфераның  моделін  элементтер  арасындағы  тура  және  кері 

байланыстармен біріккен көптеген элементтерден тұратын экологиялық жүйе 



ретінде энергия режимінің ерекшеліктері мен масса алмасумен сипатталатын 

жүйе  ретінде  қарастыруға  болады.  Экосфераны  тағы  табиғи  территориялық 

кешендердің  (ландшафттар)  заңдылықты  жиынтығы  ретінде  қарастыруға 

болады.  Әрбір  модель  өзінше  Экосфераны  қарастыруға  мүмкіндік  береді 

және әрбіреуінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. 

Жер  планетасының  деңгейлі  құрылымы  бар,  және  осыған  деңгейлерден  

құралатын  материя  тығыздығы  немесе  геосфера  бөлімдері  сәйкес  келеді. 

Геосфера  неғұрлым  Жер  орталығына  жақын  орналасса  соғұрлым  оның 

орташа  тығыздығы  жоғары  болады.    Бәрінен  күрделірек  болып  құралған 

экосфера  болып  табылады  -  Атмосфера,  гидросфера,  биосфера  және 

литосфераның  жоғарғы  бөлігі,    кейде  криосфераны,  немесе  суық  сферасы, 

яғни  мұздықтар,  мәңгілік  тоң,  қар  жамылғысы,  су  қоймаларының  мұз 

жамылғысы  кіретін    өзара  ену  және  өзара  әрекет  аймағы.  Құрлық  бетінде 

тағы  педосфера  немесе  топырақ  саласы  да  ерекшеленеді.  Құрлық  бетінің 

әсіресе  тікелей  құрғақ  жердің    күрделі  құрылымы  мен  режимі  бар. 

Геоэкологиялық  құбылыстар  мен  проблемалар  туралы  айтқан  кезде,  әдетте, 

бүкіл  планетаны  емес    Экосфераны  айтады.  Жоғары  дәлдікті  ескермей, 

экосфераның  анық  шекарасы  жоқ  екенін  айтуға  болады,  соның  ішінде, 

атмосфераға  алғашқы  ондаған    километр  шақырымға,  бірінші  жүз  метр 

қашықтық  литосфераға,  сондай  ақ  бұл  екі  сферадан  басқабарлық  биосфера, 

педосфера және түгел дерлік гидросфераны қамтиды.  

Экосфера  -  ішкі  процестер  мен  сыртқы  әсерлерге  де  қатысты  белгілі  бір 

тұрақтылыққа  ие  біртұтас,  ішінен  байланысқан  жүйе.  Экосфера  кеңістіктік 

құрылымының негізгі ерекшеліктері төмендегідей:  

• Экосфера формасы бойынша шар тәріздес болып келеді; 

•  Экосфера  үш  өлшемді  болып  табылады.  Бұл  ортақ  географиялық 

координаттар жүйесінде негізінде: солтүстік пен оңтүстікке қарай экватордан 

өлшенетін  бойлық, нөлдік меридианнан әдетте  Лондон жанындағы  Гринвич 

арқылы  өтетін  бойлық  және  жоғарыда  орташа  мұхит  деңгейінен  өлшенетін 

биіктік;  

•  құрлық  және  мұхит  («күндізгі  беті»)  беткі  бөлігі-  бұл  геосфералардың 

неғұрлым көп өзара әрекеттесетін аймағы болып табылады; 

• Экосфераның Жоғарғы және төменгі шегі бұлыңғыр болып келеді; 

•  Экосфера  түрлі  компоненттері  арасындағы  интерфейс  ең  белсенді  болып 

табылады. Оларға әр түрлі қасиеттері бар  ауа және су массаларының (фронт) 


арасындағы  бөлімнің  беттері,  түрлі  экологиялық  жүйелер  (Экотон) 

арасындағы  шекаралары,    атмосфера-құрлық,  атмосфера-мұхит,  құрлық-

мұхит сияқты байланыс зоналары жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет