Дәріс №7. Экологиялық нормалау 2 сағат
1.
Экологиялық нормалаудың кезеңдері
2.
Қоршаған ортаға түскен залалды бағалау
3.
Табиғи-шаруашылық
жүйелердің
өнiмдiлiгін
жоғарылатуды
қамтамасыз ету
Қоршаған ортаның жай-күйiн экологиялық нормалаудың және табиғатты
пайдаланудың әлемдiк тәжiрибесi нақты табиғи ортаны қорғау және
өндiрiстiк жүйелердің даму үрдісінен пайда болатын қажеттiлiктерге
байланысты прецеденттік әдiс арқылы ұзақ кезең бойы қалыптасты.
Су-жер ресурстарының шекті мүмкін деңгейін экологиялық нормалау негізін
экожүйелік тәсіл құрайды, ол антропогендік әсер мен табиғи нысандардың
географиясына кешенді баға берумен айқындалады.
Тұжырымдаманың негiзiне ресурстарды жүйелi түрде барлау; табиғи
жүйелердің ластану ауқымдары; жерлердiң кең ауқымды тозуы; топырақтың
жел, су эрозиясы, сортаңдану; фон экожүйелерiнде зат және қуат айналымын
реттеу ырғағының бұзылуы секілді жағдайлар кiредi.
Экологиялық нормалаудың үш кезеңі ажыратылады:
1-ші кезең – Экожүйелердің қазіргі жағдайын бағалау нақты аймақтарды
аудандастырудан тұрады: табиғи экологиялық; зоналық географиялық;
ботаникалық-географиялық;
ландшафттық;
агроландшафттық;
геоэкологиялық;
әкімшілік-шаруашылық;
әлеуметтік-экономикалық;
экологиялық зоналау.
Аумақтарды аудандастырудың түрлі әдістері (тәсілдері) Қазақстан
аймақтары, әкімшілік облыстары, аудандары, жергілікті аумақтар
шекарасында нақты жерлердің экожүйелерінің қазіргі жағдайын және
ресурстық әлеуетінің жоғалу (шөлдену) сипатын бағалауға мүмкіндік береді.
Осы әдістерге кешенді талдау жасау арқылы экожүйелер кешенінің жағдайы
мен көрсеткіштерін сипаттайтын шөлдену қаупі мен дәрежесін анықтау үшін
аумақты экологиялық зоналауға мүмкіндік береді (қауіп зоналары: күшті,
орташа, әлсіз).
Жалпы, экологиялық нормалаудың бірінші кезеңі ресурстық әлеуеттің тозу
дәрежесін (экожүйелердің түрлілігі); көрсеткіштер кешенін, экожүйелерде
жиналған бұзушылықтарды; қауіп зоналары мен ресурстарды жоғалту
қаупін/шөлденуді анықтайды.
2-ші кезең – Экожүйелердің өзгеру дәрежесіне жүйелердің қызметтік
маңыздылығын бағалау (ландшафттық-тұрақтандырушы, орта түзуші, су
реттеуші, су эрозиялық, жер бедерін тұрақтандырушы); ресурстық әлеуетін
жоғалтудың ішкі (табиғи) қауіптілігі (шөлдену: құмды, тастақ, орман
аумақтары); экожүйелердің бұзылу түрлері мен дәрежесі (шөлдену) жатады.
Бұдан басқа, экожүйелер тозуының арнайы белгілері мен көрсеткіштері: су
экожүйелерінің тозуы, топырақтың тозуы; өсімдіктердің тозуы; жерлердің
тозуы ескеріледі.
3-ші кезең – Аумақтың экологиялық залалын бағалау Қазақстан
Республикасы Экологиялық кодексінің қоршаған ортаға келтірілген залалды
экономикалық бағалау, тікелей және жанама әдістері, залалды экономикалық
бағалау ережелері бойынша баптармен (I бөлім; 108 – 110 б.) реттеледі.
Қоршаған ортаның ластануынан болған залалды экономикалық бағалау
ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі (ҚР Экологиялық
кодексі 16 бап, 6 т.) .
Табиғи жүйелер мен урбандалған аумақтарға келтірілген залалды бағалау
және өтеу құнымен байланысты негізгі мәселелер бірегей әдіснамалық
тәсілдің жоқтығы; әлеуметтік-экономикалық салдарды (денсаулыққа, мүлікке
залал келу) ескерместен әдістерді пайдалану; экожүйелерді және табиғи-
антропогендік кешендерді, су, жер қойнауы, қала топырақтары; ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйелері; орман қорына жатпайтын
өсімдіктер, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлері, сонымен
қатар мұнаймен ластанудың кері әсері және түсініктердегі біртұтастылық
бағалаудағы мәселелер.
Залалды бағалау кезінде табиғи ресурстың қалпына келу жылдамдығын, яғни
экожүйенің фондық жағдайға қайта келуіне қажет уақытты; топырақ, су,
атмосфераны ластағыштарды адсорбциялау және зарарсыздандыру бойынша
табиғи мүмкіндіктеріне сай табиғи жүйелердің ластану ауқымын жоюға
кететін уақытты; топырақтың жел, су эрозиясының, тұзданудың дамуы және
фондық экожүйелерде зат пен энергияның алмасуының реттелу ырғағының
бұзылуы есебінен жерлердің кең алқапты деградациясын қалпына келтіру
жылдамдығын ескеру керек.
Шығындар нақты нұқсандардан тұрады, сондай-ақ жоғалған пайданы қоса
алғанда: жүйелерді қалпына келтiруге кеткен шығындар (рекультивация,
суаттарды ластағыштардан тазалау, су құрылымдарды қалпына келтіру,
орман жолағын, жасыл желектер отырғызу, флора мен фаунаны қалпына
келтiру; алынып болмаған табыстар (мал жайылымдарының және мал
шаруашылығының, ауылшаруашылық жайылымдардың өнiмiнің, аңшылық
кәсiпшiлiктің, дәрiлiк өсiмдiктер, балықшылықтың аз өнiм беруі).
Залалдың нақты бағасын беру үшін ауыл шаруашылығы, өндірістік
кәсіпорындар мен жеке бизнес-құрылымдар әрекетінің экологиялық аудит
нәтижелерін пайдалануды ұсынамыз.
Қоршаған ортаға зардабын төмендету мақсатында табиғи және шаруашылық
жүйелерді
орнықты
пайдалану
тұжырымдамасын
ұсынамыз.
Бұл
тұжырымдаманың мақсаты антропогендік іс-әрекеттедің экономикалық-
әлеуметтік қырларын экологиялық қауіпсіз деңгей балансына жеткізу болып
табылады .
Табиғи-шаруашылық жүйелерде ресурстарды пайдалану тиімділігінің
көрсеткіштерін арттыру үшін оларды ландшафттық аудандастыру қажет;
геохимиялық жай-күйін; антропогендік қысымға тұрақтылығын және
жүйелердің әртүрлілігін бағалау; табиғи-шаруашылық жүйелердің өзгеру
дәрежесін, су қорларын (жер беті және жерасты); ластану дәрежесін,
типтерін, механикалық құрамын, сортаңдану, батпақтану, ауыр металдармен
ластану дәрежесін (геохимия) анықтау, топырақ бонитетін, климаттық
өзгеруіне аумақтың қауіп дәрежесін анықтау. Табиғи-шаруашылық
жүйелерді орнықты пайдаланудың экологиялық қауіпсіз деңгейін әзірлеу
және ресурсты ұтымды пайдаланатын технологияларды енгізу бойынша
жұмыстар жүргізу үшін аумақтың әлеуетіне кешенді бағалау жүргізу керек.
Табиғи-шаруашылық жүйелердің өнiмдiлiгін жоғарылатуды қамтамасыз ету
үшiн табиғи қорларды тиiмдi пайдалану; экожүйе қызметтерiн
инвестициялау (су сақтайтын және қор сақтаушы технологиялар, жер бетi
және
су
экожүйелерін
басқару,
табиғи-шаруашылық
жүйелердің
биоәртүрлiлігін қорғау); аэро-, ғарыш -, фото - түсірілімдердің,
статистикалық мәліметтердің мониторинг жүйесін құру, зертханалық
зерттеулер үшін экотоксиканттардың мөлшерін анықтауға алынған
сынамалар мәліметтерінің, метеорологиялық мәліметтер жүйесін құру;
жағдаяттық орталықта мәліметтерді өңдеу; төтенше жағдайларда шұғыл әсер
ету базасын құру; табиғи-шаруашылық жүйелердің жай-күйі мәлiметтерінің
ақпараттық базасын құру бойынша жұмыс өткiзуді талап етедi .
Жүйе ұлттық және халықаралық деңгейде, әсіресе ҚР ҚОҚМ жүйелерінде
қызмет ететін қолдағы ақпараттық жүйелермен толығымен үйлесімді болу
керек.
Табиғи-шаруашылық жүйелердің экологиялық орнықтылық индексiн
көбеюту үшiн аумақты пайдалануына қарай өзара байланысты, өзара тиімді
мемлекеттiк, жеке және бизнес-құрылымдар бойынша антропогендік
қызметтiң қауiпсiз деңгейiн қамтамасыз ету арқылы экожүйелік тәсiлді енгiзу
қажет. Аумақтың экологиялық жай-күйі мен ресурстық маңыздылығын
ескеріп, кешендi басқару тетіктерін әзірлеу. Табиғи ресурстарды барлау
шегін анықтау; көмiртектi нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ету;
корпоративтiк негiзде ресурстық әлеуетін пайдалануыды қамтамасыз ету
және жасыл желектер, екпе ағаштар, орман алқаптарын отырғызу, жеке
ЕҚТА, аңшылық және балық аулау шаруашылығын дамыту үшін қолайлы
шарттар жасау; табиғи-шаруашылық жүйелерді қалпына келтiру бойынша
жобалар жасау үшiн жергілікті халықты ынталандыру шараларын әзірлеу
(көлдерді тазалау, жақын аймақтарды, өзен сағаларын, жол маңындағы
отырғызылымдарды тазалау, құмдарды себу, сортаңданған аумақтарды
қалпына келтіру) және дағдарыс және дағдарыс алды аумақтарды
пайдалануда ерекше экологиялық талаптар қою. «Жасыл Қазақстан»
жобасына инвестицияны (ұлттық инвесторлар, халықаралық инвесторлар,
«Жасыл даму» бағдарламасы) тарту және оған ағашты, қалдықтарды өңдеу,
биоотын өндіру, елді-мекендерді жайғастыру, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды,
көшет
бақтарын
(питомниктер)
орналастыратын
кәсіпорындардың (кредит алушылар) қатысуын қамтамасыз ету
Дәріс №8. Мониторинг классификациясы 2 сағат
1.
Мониторинг. Мониторинг түсінігі.
2.
Мониторингтің жіктелуі
3.
Экологиялық мониторинг ерекшеліктері
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-
шы
жылдарында
қоршаған
ортаға
байланысты
қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған.Экологиялық мониторинг -
антропогендік
факторлар әсерінен
қоршаған
орта
жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және
болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте,
және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми
оқулықтарға
бұл
ұғым
Стокгольмдегі БҰҰ-ның
ұйымдастыруымен
(маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан
кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан
тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
1.
қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
2.
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта
болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
3.
қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау
әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады,
Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
дистанционды (авиациялық және космостық);
аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су,
ауа);
биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде
көрсетілген.
Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен
міндеттері
Қоршаған орта жағдайы мониторингі
Міндеті
Мақсаты
Бақы
лау
Анық
тау
Баға
лау
Болж
ау
Шеші
м қабылдау
Жеті
лдіру
қорш
адам
адам
қорш
адамн
қорш
аған
орта
жағдайыны
ң өзгеруі
іс-әрекеті
арқасында
қоршаған
орта
жағдайыны
ң өзгеруіне
алып
келетін
себептері
іс-әрекеті
әсерін
анықтап,
өзгерісгер
ді бақылау
аған орта
жағдайынд
а болатын
өзгерісгер
ың теріс іс-
әрекеті
нәтижесінде
гі
зардаптарды
жою
аған орта
мен қоғам
арасындағ
ы
тиімді
қатынастар
стратегияс
ы
Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде
былай бейнелеуге болады:
Өлшеу
талдау
сипаттау
моделдеу
дұрыс жолын таңдау.
Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген
мониторингіне тән.
Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық мониторинг
- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи
және
антропогендік
процестерді
бақылау
(ауыр
металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің
қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг
- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын
аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды
бақылау.
Биосфералық мониторинг
- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су
балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық
өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Биоэкологиялық мониторинг
- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан
бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға
ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг
-
табиғи экожүйелердегі өзгерістерді
бақылау.
Географиялық
стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің
биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті
мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.
Дистанционды мониторинг
- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде
бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп
отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан
ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.
Теңіздердің ластануы мониторингі
- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында
ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау
жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды
ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.
Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі
- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап
кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы
туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су
сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген
оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең
бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат
иондары жатады.
Ластаушы көздер мониторингі
- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға,
топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау,
бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг
- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар
және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін
бақылау.
Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық
және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста
болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни,
экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады.
Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі
организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі -
биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-
келген өзгерістерді есепке алып отыру.
Дәріс №9. Геоэкологиялық мониторинг ұйымдастыру мәселелері мен
принциптері 2 сағат
1.
Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
2.
Мониторинг жүргізудің талаптары
3.
Жер мониторингін жүргізу тәртібі
Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды
бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау
мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында
жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық
(бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.
Жер мониторингi қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң
құрамдас бөлiгi және сонымен бiр мезгiлде басқа да табиғи ортаға
мониторинг жүргiзу үшiн база болып табылады.
Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан
Республикасы жердiң ғаламдық мониторингi бойынша жұмыстарға қатысуы
мүмкiн.
Жерге меншiк нысандарына, жердiң нысаналы мақсаты мен пайдаланылу
сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жерi жер
мониторингiнiң объектiсi болып табылады.
Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару
жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жер
мониторингi
бойынша
мемлекетаралық
және
халықаралық
бағдарламаларды
iске
асыру
Қазақстан
Республикасының
басқа
мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын
тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Жер мониторингiн жүргiзу кезiнде қажетті ақпаратты алу үшiн қашықтықтан
зерделеу, жер бетiн суретке түсiру және бақылау әдiстерi, сондай-ақ қор
деректерi қолданылады.
Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару
жөнiндегi тиiстi аумақтық органдарда ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау
пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге
асырылады. Жер мониторингiнен алынған нәтижелер автоматтандарылған
ақпараттық жүйенiң мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкiнде
жинақталады. Азаматтар, кәсiпорындар мен мекемелер, халықаралық
ұйымдар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар жер мониторингiнiң
мәлiметтерiн белгiленген тәртiппен пайдаланады.
Жер мониторингі жайлы жалпы түсінік
Адамның әртүрлі ғылыми және тәжірибелік іс-әрекетінде бақылау әдісі
қолданылады. Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастырудың үлгілері Гай
Секунда Плинийдің «Жаратылыс тарихы» кітабында сипатталған. Орта
ғасырларға дейінгі ең толық энциклопедия болып саналатын отыз жеті томда
астрономия, физика, география, зоология, ботаника, ауыл шаруашылығы,
медицина және тарих бойынша мәл»меттер келтірілген. Соңғы жүз жылда
бақылау жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
Техника дамуымен байланысты адамның табиғатқа деген әсері ұлғая
бастады, оның табиғи ресурстарды толық пайдалануға қолы жетті, осыған
байланысты геофизикалық ақпарат оған қажетті болып отырады. Бұл ақпарат
арқылы әртүрлі іс-шараларды орындау үшін оңтайлы табиғи жағдайларды
анықтауға, шаруашылық үшін қолайлы немесе қолайсыз жағдайларды
болжауға болады және адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері үшін қолайсыз
факторлардың әсерін азайтуға болады. Мұндай ақпаратқа қоршаған ортаның
іс жүзіндегі жағдайын бақылау және табиғи жағдайлардың өзгерулерін
болжау кіреді. Соңғы уақытта адамның табиғатқа деген әсері өсуде және
табиғатты жобасыз пайдаланудың кері әсері бар екені мәлім. Осыған
байланысты биосфераның жағдайы туралы толық ақпараттың қажеттілігі де
туындап отыр.
Біздің елде мониторинг жүйесін талқылау бұрынғы Совет Одағы уақытында
Найробида (Кения, 1974 ж) жиналған мониторинг бойынша Бірінші
үкіметаралық кеңестің алдында ғана жандандырылды. Бірақ биосферадағы
антропогенді сипаты бар өзгерістерді ерте кезде де гидрометеорологиялық
қызмет атқаратын.
Сонымен, ластаушылардың мониторинг жүйесі қазіргі уақыттағы табиғи
ортаны бақылау қызметінің бөлігі бола алады және оның бақылау
бекеттерінің жүйесін, телекоммуникациялар желілерін, мәліметтерді өңдеу
орталықтарын пайдалана алады. Антропогенді сипатта бар өзгерістерді
анықтайтын қоршаған ортадағы бақылау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
үшін ондағы табиғи өзгерістер жайлы толық ақпарат керек, яғни мониторинг
жүргізу қажет.
Мониторинг келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
қоршаған табиғи ортаға әсер ететін факторлар мен қоршаған ортаның күйін
бақылау;
табиғи ортаның нақты күйін бағалау;
қоршаған ортаның күйін болжау және бағалау.
Мониторинг – латын тілінен алдын алатын, бақылайтын, алға қарайтын деп
аударылады. Ал ағылшын тілінде «мониторинг» бақылау жүргізу, қадағалау
деген түсінікті береді. «Мониторинг» деген терминді алдын ала дайындаған
бағдарлама бойынша қоршаған орта бір немесе бірнеше элементтерін
кеңістікте және уақыт бойынша қайта бақылау жүйесі.
Сонымен, мемлекеттік жер мониторингі – жер күйінің өзгеруін уақытымен
анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы өзгерістерді болжау, бағалау
және кері процестердін алдын алу, жою жайында ұсыныстарды әзірлеу, жер
кадастрын жүргізу мен жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау және
қорғауды жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың сонымен қатар,
азаматтарды қорщаған орта оның ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Жер мониторингі жер ресурстарын басқарудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұл
жүйе келесі бір-бірімен байланысты блоктарды қамтиды: жерге орналастыру,
жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық блогы.
Ал жер мониторингі болса үш өзара байланысты блоктардан тұрады:
Биосфералық (жаһанды)
Биологиялық (санитарлық)
Геоэкологиялық (табиғи шаруашылық)
Жер
ресурстарын
басқару
Агенттігімен
жүргізілетін
мониторинг
геоэкологиялық мониторингтің бөлігі болып табылады.
Жер мониторингін жүргізу мақсаты – табиғатты қорғау іс-әрекеті және
экологиялық қауіпсіздікті басқару ақпаратты қамтамасыз ету.
ҚР барлық жер қоры жер мониторингісінің объектісі болып табылады.
Жер ресурстарын экологиялық қауіпсіз және тұрақты пайдаланудың
құқықтық негізінің жоқтығы, сонымен қатар басқару органдарының барлық
сатыларында жер қорының күйі туралы мәліметтермен қанағатсыздандырлық
қамтамасыз етілуі жер телімідерінің жоғалуына, топырақ эрозиясына,
шөлейттенуге т.б. әкеліп соғады, оның барлығы Қазақстанның ұлттық
қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Қазіргі уақыттағы жерді пайдаланудың барлық түрлерінің қатерлі
экологиялық салдары бар. Табығатты пайдалану стратегиясын өзгерту,
республикамыздың әр аумағында осындай қатерлі салдарды жою
мақсатымен оны үздіксіз жетілдіру табиғатты пайдалануды экологиялық
орнықтырудың негізгі ғылыми проблемасы болып табылады.
Қоршаған ортаның барлық компоненттерінің ластануын, сонымен қатар
биосфера күйі жайлы ақпараттың қажеттілігі қоршаған ортадағы ластаушы
заттардың концентрацияларын үздіксіз бақылауды, яғни мониторингі, оның
ішінде жер мониторингін талап етеді. Шешім қабылдау үшін жер қорының
күйі жайлы дәл және жаңартылып отыратын мәліметтерге талдау жасалынуы
қажет, яғни қоршаған ортаны, алдымен оның басты объекті жерді жүйелік
кешенді бақылау жүргізу керек.
Кез келген ақпарат, сонымен қатар кадастрлік ақпарат ескіреді және үнемі
жаңартуды қажет етеді. Кадастрлік ақпараттың жаңартылуы, сонымен қатар
жердің сапалық сипаттамаларын алу жер мониторингі кезінде алынады.
Мысалы, жер мониторингі жұмыстарын жүргізгенде жердің техногендік
ластану аймақтарын анықтау жұмысы жүргізілген еді. Ластану аймақтары
экономикалық аймақтарына салынып экологиялық жағынан аса құнды
жерлердің картасы алынған және жер учаскелерін сертификаттау жұмыстары
басталған.
Достарыңызбен бөлісу: |