Жер мониторингінің талаптары:
жер қорының құрылымы мен түрлі жерлердің күйінің өзгеруін уақытымен
анықтау, өзгерістерді бағалау, болжау, зиянды процестердің салдарын алдын
алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
жер кадастрын жүргізуді, жерді тиімді пайдалануды, жерге орналастыруды
ақпаратпен қамтамасыз ету;
жер учаскелері мен жер алқаптарының күйін бағалау;
топырақ құнарлығының өзгеруі, топырақтың ластануы және топырақтағы
басқа да өзгерістермен байланысты процестердің дамуын бақылау;
табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысы күйінің өзгеруін, топырақтың
деградациясын, оның қалпына келу қарқынын, радионулейдтердің жиналу
деңгейін, сонымен қатар, топырақтың антропогендік жүктемелерге төзімділік
дәрежесін бақылау;
елді мекендердің, өндірістік объектілердің астындағы жерлердің күйін
бақылау;
жердің күйін жүйелі түрде бақылау;
жер қорында болып жатқан өзгерістерді анықтау, осы өзгерістерді бақылау
және талдау;
зиянды процестердің алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
нысаналы мақсатын және рұқсат етілген пайдалану түріне байланысты жерді
пайдалануды үздіксіз бақылау;
белгілі уақытқа жердің сапалық күйі жайлы болжау жасау;
әкімшілік-территориялдық құрылымның шекаралары мен ауданның өзгеруін
бақылау;
гумус қорының азаюын бақылау;
топырақтағы микроэлементтердің өзгеруін бақылау.
Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі:
жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау және
қатерлі процестердің салдарын алдын алу жйне жою жайлы ұсыныстарды
әзірлеу;
мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік
бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы
басқа да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету;
азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Дәріс №10. Биосфера және Жер ландшафттары. Адам әрекетінің әсері.
Бақылау және болжау 2 сағат
1.
Биосфераның қазіргі жағдайы
2.
Биосфераға антропогендік фактордың әсері
3.
Бақылау және шешу жолдары
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін
ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып,
табиғатты қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-
техникалық дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды
шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты
қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын
пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну
қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының
артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл
шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі
шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың
артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді.
Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі
өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының
тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына
қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның,
жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір
немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының
жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар
сан түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең
тарағандары.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның
өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы,
өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің
өзінде өзен суының 16%.
Суармалы егіншілікті өркендету жедел көбейіп келе жатқан адамзатты
азық-түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының бірі болып
табылады. Сондықтан да суармалы жерлердің аумағы барған сайын жедел
қарқынмен өсіп келеді. Қең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын
жасау, ылғалы мол аудандардан кұрғақшылық аудандарға су жеткізу —
осылардың барлығы да региондық, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи
процестердің барысында елеулі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, үнемі жылы климат жағдайларында жер суару адам мен малдың
бірқатар ауруларға шалдығуына қолайлы жағдай туғызады. Су
қоймаларының каналдар мен арықтардың жылып кеткен, баяу ағатын
суларына безгек таратқыш сансыз маса қоныстанады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серігі
болып келді. Археологтар мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс
Азияда (цивилизацияның) өркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі
елеулі дәрежеде безгек эпидемиясына байланысты болды деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті — масалардың көбеюі де ылғалы мол су
қоймаларына байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді,
әсіресе күріш пен мақтаны суарған су өзенді ластап қана қоймайды, сонымен
бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының
бірнеше жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы
пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге уланған
су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс
— фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950
жылдары химиялық улы препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар
қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды колданған. Мақтаға
шашылған у суарылған сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған, олар
жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге, теңіздерге кұйылған.
Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын тигізген.
Ауасы мен суының ластануы жағынан Алматы облысы да қолайсыз
экологиялық жағдайға душар болған аймақтардың бірі. Ластау көздері
негізінен тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, су көздеріне жақын
орналасқан мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды
сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы жылына 30 мың тонна ғана, ал
облыстық «Сельхозхимия» бірлестігіне жылына 100 мың тоннадан астам
тыңайтқыш
түседі.
Қоймалардың
жетіспеуінің
салдарынан
осы
тыңайтқыштардың дені, ашық аспан астында далада сақталады. Мұндай
жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының шаруашылықтарында орын
алған.
Тыңайтқыштарды
өлшеусіз
пайдалану,
топырақты
өндірістік
қалдықтармен ластау, жердің құрамындағы зат алмасуын қиындатып
бүлдіруде.
Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген ерекше көзқарасты
қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген орынды сұрақ туады.
Алматы облысының жерінде 124 үлкенді-кішілі өзен бар. Бұл
өзендердің бойында мал қораларымен қоса қойды карелинге тоғытатын
орындар орналасқан.
Осындай табиғат көрінісі сырттай қарағанда ешқандай зиянсыз көрінуі
мүмкін. Дегенмен оның әрекеті көрінбей көзден таса болып қала алмайды.
Жұрт бір сәтте өзендер мен көлдердің бетінде қисапсыз қалқьп жүрген
балықтарды көрген. Олар біраз күннен кейін шіріп, борси бастаған.
Табиғатта тірі организмдер арасында трофикалык байланыс болады,
демек тамақтық байланыс. Мысалы, адамзат масаларды улы химикаттар
шашып кырады. Маса-шіркейді құртуға шашылған пестицидтерді суда
тіршілік ететін жәндіктер денесіне сіңіреді екен. Оларды ірі жәндіктер қорек
етеді. Ал ірісімеи де, ұсағымен де балықтар коректенеді. Удың залалы
балықтармен
коректенетін
құстарға
да
тиеді.
Өлген
құстарды
лабораториялық зерттеулерден өткізгенде, олардың май қабаттарыда у болып
шықты.
Табиғатта кұстарға жем болатын ірілі-ұсақты тірі организмдер—
балдырлар, дафниялар, циклоптар, ұлулар, балықтар химиялық анализден
өткізілген. Балдырлар меи ұлулардың организміндегі токсофеннің мол жері
миллионның 0,3 бөлігіндей ғана болды. Ал дафнияда бұл пестицид
миллионның 0,2—0,7 ұсақ балықтарда 0,3 бөлігіндей болатыны анықталды.
Сайып келгенде, судағы қарапайым жәндіктер улы химикаттардың
«қоймасы» деуге болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтер кең қолданылғандықтан кейінгі
кезде сыртқы қоршаған ортаның мөлшерден тыс уланғаны байқалып отыр.
Бұлар адам баласына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян
келтіруде. Улар ең алдымен ауаға қосылады, ауадан — суға, судан —
топыраққа, топырақтан — өсімдіктерге, өсімдіктерден — малдарға
малдардан — адамдарға тарайды. Сөйтіп көзге көрінбейтін биологиялық
тізбек жасайды. Сондықтан, жердің неше түрлі пестицидтермен мөлшерден
тыс уланбауын қадағалап отырған жөи.
Ауыл шаруашылық өндірісін интенсивтендіруде де тигізетін әсерлері
бар. Қазіргі заманғы ауыл шаруашық өндірісін машиналар мен құрал-
саймандар қолданбай жүргізу мүмкін емес. Алайда ауыл шаруашылық
өндірісінің негізгі құралы — жерге әсерін тигізетін атты техниканы абайлап
қолдануды қажет етеді.
Әсіресе егіс даласын әлденеше рет кайталап өңде-Внде ауыр
доңғалакты тракторлар мен басқа да ауыл •аруашылық машиналары
топырақты тереңдете нығыз-Ьп тастайтындығы соңғы жылдары дэлелденіп
отыр. Іұндай нығыздалған қабат топырақтың түрі мен оған Іасалған әрекетіне
қарай әр түрлі тереңдікте пайда Ірлады. Әдетте, нығыздалған қабатты казіргі
заманғы •рал-саймандармен ендеу қиын, ол тіпті терең жыртқан Іуннің өзінде
өңделмей сол күйінде қалады. Мұндай Іабат капиллярлық байланысын үзіп,
топырақтьщ су, ауа Іәне химиялық режимін бұзады, бұл сайып келгенде
Ііннің шығымдылығын төмендетеді. Ауыл шаруашылық вшиналарының
салмағы мен куатын есірудің белгіленген шегі бар, ол шек топырақ
қабатының ерекшеліктерін ескере отырып қойылуы керек. Бұдан басқа,
топырақтың терең нығыздалуына жол бермес үшін, егіс даласының
топырағына қысымы аз түсетін шынжыр табанды трак-торлармен өңдеген
дүрыс.
Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамытады, адамдардын,
тұрмыс жағдайын жақсартады, оның .әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге
адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған
ортаға экологиялық және биологиялық мағы-на жағынан ешуақытта айтып
қалпына келтіре алмай-тындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы,
бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтижесі.
Егер бір жылда жер қойнауынан алынған минерал-дық ресурстарды
вагондарға артатын болсақ, ол поез-дын, ұзындығы жер шарын 16,5 есе орап
алған болар еді. ІІІьш мағынасында жаңары табиғаттан алынған барлық
шикізаттардың қоғамнық пайдасына қоршаран ортаға тек бір проценті ғана
пайдаланылады да, ал қалған барлық бөліктері экологиялық уланған күйінде
лақтырылып тасталынады.
Рас, біздің елімізде табиғат байлыры ұшан теніз. Әлі де талай миллиард
адамдарды миллиондаған жылдар бойы асыраура жетеді. Деседе пайдалы
қазба байлық-тары, көмірі, табиғи газы, мүнайы жетпей жаткан слдер де бар.
Адамдар мұнайды ертеден «қара алтын» деп атады. Ал, қазіргі кезде
мүнай алтыннан да қымбат. Тіпті мұнай өндіруді бір сәтке тоқтатқанның
өзінде — жылу электростанциясы, заводтар, транспорттың барлық түрі
тоқтайды. Қаладары тіршілік сөнеді. Егер мұнайды ка-зіргі жағдайға сәйкес
көп мөлшерде пайдаланатын болсак, онда оның қоры 37 жылға ғана жететін
кө-рінеді.
Сонғы он жыл ішінде биосфераға адам қолымен жасалған бұрын
белгісіз болып келген жаңа заттар барған сайын кәптеп түсуде. Олардың
көпшілігі өте тұрақты және биосфера заттарының табиғи айналысы-нан
келіп түседі. Мұндай заттардың жиналуы табири процестердің барысын
бұзады, экологиялық жағдайларды нашарлатып, бірқатар жағдайда
территориялык жэне аквальдық кешендердің бұзылуьша септігін тигізеД
.Мысалы, тұрмыста және өнеркәсіпте синтетикалык, *У ғыш қосындыларды
кеңінен пайдалану өзендер мен көлдердің ластануын күшейте түседі. Бұл
заттарды тазалағыш күрылыстарда толықтай ұстап калуға мүмкіндік зкок..
Сондықтан индустриялы аудандардары көптеген өзендердің бетін көбік
жауып кеткен. Ондай өзендерде тіршіліктің болуы мүмкін емес, ал өзен суы
ауыз сура пайдаланура жарамайды. Әр түрлі синтетикалық орағыш
пленкаларды пайдалану да күрделі проблемаға айналып отыр. Бұл пленкалар
іс жүзінде ездігінен табиғи жолмен бұзылмайды, ал оларды өртесе ауаны
ластайтын бірқатар зиянды химиялық косыпдылар пайда болады. Ортаны
осындай пленкалардың жинальш калуынан тазарту үлкен шығынды талап
етеді.
Жекелеген адамзат тіршілігінің дамуы (онтогенез) «жабулы» күйінде
адамзат тегінің тарихын қайталайды (филогенез). Тұлғаның адамгершіліктік
қалыптасуы процесінде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол
жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты
өзгеріп отырады.
Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюін ғылыми-
техникалық және ақпараттық революциямен байланыстыруға болады. Ол
табиғат ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның
қоқыстармен жан-жақты ластануынан көрінеді. Одан адамзат қоғамы үшін
болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз
өзгерістердің қаупі туындайды.
«Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі
жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп
төндіріп отыр. Адам ментабиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі,
оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз
технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-
шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары
үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді.
Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде.
Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние
жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал
жасауда.
Н.Ф.Реймерс адамның өмір сүру ортасын 4 компонентке бөліп
қарастырған. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір
дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі-тек адамзат
қоғамына тән -әлеуметтік орта. 1. Табиғи орта-адамның әсерінен болмашы
өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-
өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар. 2. Квазитабиғи орта (квази-ұқсас)
адамның әсерінен өзгерген табиғи орта. Оған егістік танаптары, баулар,
жүзімдіктер, саябақтар т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-
өзі ұстап тұруға қабілетсіз. 3. Артетабиғи орта (арте -жасанды) адамның
қолымен жасалған орта. Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар,
өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Индустриалды қоғамның
халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады.
Адамның өзгерген және қолдан жасалған ортасы материалдық ортаны
құрайды. 4. Әлеуметтік орта –адамдар тартылған қоғамдық қарым-
қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік
етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық жағдайын қамтитын адамның
қоршаған әлеуметтік әлемі, яғни социум.
Қазіргі дәуірдің дағдарысты құбылыстарын жеңудің тағы бір
шарттары – ғылыми-техникалық прогресті экологияландыру. Осы
проблемаларды арнайы әзірлеумен адам, қоғам және қоршаған орта, табиғат
арасындағы байланысты зерделейтін экология және арнайы экология
шұғылданады. Бұл ғылымдарды экожүйелер мен биосфера эволюциясы
қызықтырады. Ғылымның мақсаты – адамның экологиялық мәдениетін
қалыптастыру.
Қазіргі заманның, экологияландырудың, ғылыми-техникалық прогресті
ізгілендірудің глобальды проблемаларын ұғындыратын концепциялардың
ішінде А. Швейцердің жаңа этика концепциясы маңызды орын алады. Оның
негізі - өмірді оның кез-келген қасиетінде қастерлеу принципі. А.
Швейцердің көзқарастарына сәйкес мәдениеттің даму критерийі қоғам қол
жеткізген ізгілендіру деңгейі, ал дағдарыс мәдениеттің адамгершілік-
гуманитарлық мазмұнын жоғалтуы болып табылады.
Ғалымдар
К.
Циолковскийдің,
А.
Чижевскийдің,
В.
Вернадскийдің көзқарастары қызықты болып табылады, олар ХХ ғасыр
мәдениетінің бір белгісі – оның космизмділігін, қазіргі заман адамының өз
тұрмысының космизмділігін сезінуді суреттейді. Орыс ғалымдарының
босфералық концепциялары космостағы барлық тірі заттар мен өлі заттардың
байланысын көрсетеді, басқа дүние өкілдерімен байланыс жасау, Жерде
болып жатқан космостық процестер мен тарихи процестің өзара байланыс
проблемаларын қарастырады.
Дәріс №11. Литосфера. Адам әрекетінің әсері. Бақылау және
болжау 2 сағат
1.
Топырақ түсінігі.
2.
Қазіргі таңдағы мәселелері
3.
Бақылау және қорғау шаралары
Литосфера (грекше “lithos” — “тас” + “sphair” — “шар”) – жердің
қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының
сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі
тереңдікте
тіршілік
етеді.
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су
айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе
геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен
жануарлар арасындағы айналымы — кіші немесе биологиялық айналымды
туғызады.
Екі
айналым
да
бір-бірімен
тығыз
байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны
жекеленген
экожүйе
деп
қарастыруға
болады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В. Докучаев XX
ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету
заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп
қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен,
климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз
байланысты
болатынын
атап
көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және
жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың
түзілуі болады. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады.
Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол:
топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау
жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары – Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы
шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен
ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның
компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін
биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары,
топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді
тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің
механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-
түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ
арқылы ғана жасалынады.Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі
функциясы – атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын
реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты
суларын түзу мен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды
тасымалдау.
Топырақ – сыртқы орта жағдайлары: жылы, су, ауа, өсімдіктер мен
жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі
құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен
адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті –
құнарлылығының
қалыптасуына
жағдай
жасайды.
Топырақтың құнарлылығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті
қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол
топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету
нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып
табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің,
ауылшаруашылық
дақылдары
өндірісінің
негізі.
Топырақ — барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде
жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу
процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи
факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б.) әсеріне қарсы тұра алады.
Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, мал жаю,
техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.
Топырақтың
құнарлылығы
адам
іс-әрекетіне
де
байланысты.
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық–түлік, малға жем,
киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды
байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек – байлықтың әкесі болса,
топырақ
анасы
деген.
Топырақ ештеңкеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым
әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал
таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез–келген әдісі
(гидропонды, пластопонды, аэрапонды) топырақтың ролін дәл өз мәнінде
орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де
маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ
түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша
жағдай
жасау.
Топырақ – биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын,
олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне
(атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете
алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы
компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі анторпогендік
зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп,
өздігінен
тазару
қабілеті
нашарлап,
құнарлылығы
кемуде.
Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда – “төмендеу”,
“артқа кету”) негізгі факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар
пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.
Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру
үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады.
Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу,
беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия
деп аталады. “Эрозия” – термині латынның “erodere” – “бұзу” деген сөзінен
алынған. Эрозия дегеніміз – топырақ жабынының су, не желмен шайылуы,
бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзу
процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда
қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне
1400-1700 жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30
жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде
болуы
мүмкін.
Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық
және
жылдам,
не
антропогендік
эрозия
болып
бөлінеді.
Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында
болады. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты
топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе
алады.
Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың
табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып,
бұл
эрозия
өте
тез
жүреді.
Кең таралған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция,
ирригациялық,
өндірістік
(техногендік),
абразия,
жайылымдық.
Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың
жаңбыр,
еріген
қар
суларымен
шайылуы.
Сызықтық эрозия – тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар
суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.
Жел эрозиясы, не дефляция – топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы
қабатының
бөлшектерінің
желмен
ұшуы.
Ирригациялық эрозия – суармалы егін шаруашылығымен айналысатын
аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне
байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен
ағады. Су жіберілетін егістік жер азғана болса да тегіс болмаса топырақтың
қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық
эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдауы да жүреді.
Өндірістік эрозия – пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық
әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ
және
мұнай
құбырларын
салу
кезінде
байқалады.
Абразия кезінде (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы)
жыртылатын
және
мал
жайылатын
жерлердің
ауданы
кемиді.
Шамадан тыс мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.
Механикалық эрозия – ауыршаруашылық техникалардың ауыр түрлерін
топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған
жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады,
физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті –
биологиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ–да топырақтың
тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1млрд доллар шығын әкеледі.
Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр
техникалардың
әсерінен
топырақ
тығыздалып,
ауылшаруашылық
дақылдарының өнімі төмендейді. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді
жолы – топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқа да
машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы
арттыру.
Эрозия – құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір
минут сайын жер шарында 44га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып
отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га
жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 50 млн га құнарлы жер
тозып бітті. Эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық
дақылдарының өнімі шамамен 20-40% төмендейді. Эрозияның зардаптары
бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың түзілүі
топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеуші және өнім
жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы,
олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету
ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биологиялық
тепе–теңдіктің
бұзылуына
әкеп
соғады.
Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 жылда барлығы 160 млн
га жердің 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер
ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінен жыл
сайын жердің қоректік заттарға 4млрд тонна құнарлы қабаты жойылып
отырады.
Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің топырақтары қатты
бұзылған. Пиреней шөлді Сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл
далалары, Австралия, Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бірқатар
жерлері
эрозияға
ұшыраған.
Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс
пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану
нәтижесінде жүреді.
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән
емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе
ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ,
ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды
техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык,
қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың
ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы
топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне
түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі
тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады.
Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының
өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға
бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің
өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен
бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен
жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын
бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту
топырақ
эрозиясының
пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен
және
сумен
жуылып,
бұзылуына
алып
келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек
жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд
гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.
Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды
ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары,
радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар
мен улы химикаттар атқаруда.
Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары
жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және
оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна
қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг
қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары
бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен
ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер
көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар
темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және
басқа
да
металдармен
ластанған.
Көптеген
жерлерде
олардың
концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы
бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе
өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі
мүмкін.
Топырақтың химиялық құрамына -
тыңайтқыштар
мен зиянкестерге, арам
шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл
шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі
зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін
заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы
химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың
құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік
құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі
көздері мыналар:
пестицидтер;
минералдық тыңайтқыштар;
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді
заттар;
Мұнай және Мұнай өнімдері.
Топыраққа антропогендік әсер ету оның
деградацияға
ұшырауына (эрозия,
ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан
топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін
дұрыс ұйымдастыру;
топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу
тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір
түрлерінің қолданылуын шектеу;
ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен
күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану
және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |