ISSN 1563-0242 Индекс 75869
25869
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚазҰУ ХАБАРШЫСЫ
Журналистика сериясы
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫМ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ
ВЕСТНИК КазНУ
Серия журналистика
AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY
KazNU BULLETIN
Journalism series
№1 (31)
Алматы «Қазақ университеті»
2012
25.11.1999 ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігімен тіркелген
Куәлік № 956-Ж
Редакциялық алқа:
Е.О.Алауханов (гылыми редактор)
С.М. Медеубек (гътыми редактордың орынбасары)
Б.О. Әсембаева (жауапты хатшы)
С.Н. Велитченко (редактор)
А.С.Иманова (техникалық редактор)
Редакциялыц кеңес:
А-Х.Ф. Мархабаев - филол.ғ.д., профессор; С.Қ. Қозыбаев - тарих ғ.д., профессор;
К.К. Қамзин - филол.ғ.д., доцент; Ш.И. Нұрғожина - филол.ғ.д., профессор;
Қ.Ж. Тұрсын - филол.ғ.д., профессор; Л. С. Ахметова - тарих ғ.д., профессор;
С.Х. Барлыбаева - тарих ғ.д., профессор; Г.С. Сұлтанбаева - саяси ғ.д., профессор;
А.А. Ниязғұлова - филол.ғ.к., доцент; Н.Т. Шыңғысова - филол.ғ.д., доцент;
А.Д.Халилов - журналистика факультетінің деканы, доцент. Ж.Баласағұн атындағы
Қырғыз Ұлттық университеті. Қырғызстан;
Тадеуш Валлес – профессор, Адам Мицкевич атындағы университет. Польша;
Роман Беккер – профессор, Н.Коперник атындағы университет.Торунь қаласы. Польша.
Ақылдастар алкасы:
Ш.Р. Елеукенов - филол.ғ.д., профессор;
Ә.С. Қалмырзаев - филол.ғ.д., профессор;
Ә.Ы. Ыдырысов - филол.ғ.к., профессор;
В.И. Жумагулова - филол.ғ.д., профессор;
Ф. Муминов - филол.ғ.д., профессор (Өзбекстан);
К.Т. Ирназаров - филол.ғ.д., профессор (Өзбекстан);
Т. Жапаров - филол.ғ.д., профессор (Әзірбайжан);
К.В. Эрлих - филол.ғ.д., профессор (Германия, Гамбург);
Н.О. Омашев - филол.ғ.д., профессор (Астана);
Қ.М. Аллаберген - филол.ғ.д., профессор (Павлодар);
Қ. Ергөбек - филол.ғ.д., профессор (Түркістан);
С.Б. Матаев - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы;
Ж.О. Кенжалин - «Қазақ газеттері» АҚ президенті;
Б.Ө. Жақып - филол.ғ.д., профессор;
Е.Қ. Бекхожин - ҚР Президенті ТРК-нің президенті;
Ж. Қорғасбек - «Жас өркен» АҚ президенті;
Н. Жүсіп - «Айқын» газетінің бас редакторы;
Б. Әшірбаев - «Заң» газетінің бас редакторы;
А.Т. Мухамбедьярова - «Юридическая газета»-ның бас редакторы
ҚазҰУ ХАБАРШЫСЫ
Журналистика сериясы
Редакторлары:
Т. Рустембекова, Г.Бекбердиева
Компьютерде беттеген
Тулмира Шаккозова
ИБ №5897
Басуға 25. 06. 2012 жылы қол қойылды. Пішімі 60x84
У
8
.
Көлемі 21,0 б.т. Сандық басылыс. Қағазы офсеттік.
Тапсырыс №902. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің «Қазақ университеті» баспасы. 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғ^ілы, 71. «Қазақ
университеті» баспаханасында басылды
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2012
© 2012 al-Farabi Kazakh National University
1 -
б ө л і м
Р а з д е л
1
S e c t i o n
1
Журналистика
Журналистика
Journalism
Қоғам
Общество Society
Саясат
Политика Policy
Заң
Закон The law
Экономика
Экономика
Economy
Е. Алауханов
Аттестаттау мақсаты ақсатуда емес, білгірлердің беделін асқақтатуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
УДК 316.77:34; 070:34
Аннотация.
Автор өз мақаласында құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін тексеру
кадрлардың кәсіби дәрежесін жақсартуға ықпал ететінін атап өтеді. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы
халыққа арнаған жолдауында айтылған құқық қорғау жүйесін реформа-лау туралы идеясын бұқаралық ақпарат
құралдары белсенділікпен қолдап, Отанына, халқына адал қызмет ететін адамдар туралы жазу қажеттігін айтады.
Түйін сөздер:
Құқықтық журналистика. Аттестаттау.
Құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби
дайындық деңгейін тексеру - бүгінгі күндегі ең
өзекті мәселе деп білемін.
Президенттің Жарлығына сәйкес, барлық құқық
қорғау органдарының жеке құрамынан 110 мыңға
жуық адам аттестаттаудан өтеді. Бұл дегеніңіз құқық
қорғау органдары қызметкерлерінің басына қиын-
қыстау кезең ор-нады дегенді білдіреді.
ҚР Президенті Н.Э. Назарбаев биылғы халыққа
арнаған жолдауында: «Маңызды мәселе - құқық
қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық
жаңарту. 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың
бүкіл жеке құрамын аттестаттаудан өткізу міндетін
қоямын», - деп көрсеткен болатын.
Қазіргі
күнде
құқық
қорғау
органдары
мамандарының моральдық-адамгершілік жауап-
кершіліктері төмен деген пікір баспасөзде жиі
айтылатын болды, әсіресе қарапайым халық та-
рапынан арыз-шағым көп болып отыр.
Осыған орай, халықтың құқық қорғау орган-
дарының мамандарына деген сенімін қалпына
келтіру қазіргі таңда ең қажет мәселе деп білемін.
Ал, шын мәнінде, құқық қорғау органдары-ның
беделі - бұл мемлекеттің беделі деп түсінуіміз қажет,
әр азамат осынау салмақты терең түсінген жағдайда
ғана ісіміз түзеледі деп ойлаймын. Мемлекетіміздің
тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
абыройлы борыш тек моральдық-адамгершілік
қасиеттері жоғары азаматтардың мойнына жүктелуі
тиіс. Сондықтан Республикамыздың қаржы поли-
циясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков
мырза алғашқы қызметке тағайындалған күннен
бастап бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
аттестация өткізу туралы бастаманы көтерген
болатын. Ал осы жылдың 14 ақпанында әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде
факультет басшысының баста-масымен ҚР Жоғарғы
сотының төрағасы Бек-тас Бекназаровтың оқытушы-
профессорлармен және Республикамыздың беделді
бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен
«Құқықтық
журналистиканың
бүгінгі
даму
бағыттары» деген тақырыпта келелі кездесу
өткізіліп,
еліміздегі
құқықтық
сауаттылықты
жетілдіру туралы әңгіме қозғалды. Мұның барлығы
Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткен мә-
селеге орай, яғни халқымыздың игілігі үшін жа-
салып жатқан шаралар деп айтар едім.
Құқық қорғау органдары басшыларын, өңір-лік
және аумақтық мамандарды кезекпен тек-
4
Аттестаттау мақсаты ақсатуда емес, білгірлердің беделін асқақтатуда
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1 (31). 2012
серістен өткізу - бұл істің жоғары нәтижеге қол
жеткізетініне кепілдік болады.
Бұл тексеру барысында әділеттілікті бас-
шылыққа ала отырып, кәсіби мамандардың
құқығының тапталмауына, жеке мүдделерінің
ескерілуіне бірінші кезекте мән берілуі керек деп
есептеймін, осылайша, еліміздің құқық қорғау
салаларын сапалық жағынан жаңаруына қол
жеткізуге тиіспіз. Сонымен қатар кәсіби және
ұйымдастырушылық қабілетімен танылған аза-
маттарды даралап көрсетіп, оларға әділетті баға
беріп, жоғары мансапқа қол жеткізулеріне демеу
жасауымыз қажет.
Елімізде жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде
жүргізіліп жатқаны баршамызға аян, осын-дай
аттестация
барысында
арнаулы
мемлекет
қызметкерлерінің арасында келеңсіздікке жол берген
мамандарды да анықтап, оларды өз ор-тамыздан
аластату керектігі де күн тәртібіндегі бірінші мәселе
деп білеміз.
Екіншіден, Ел басшысының: «Құқық қорғау
жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арт-тыру
мен қолдаудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сондай-
ақ олардың техникалық жарақтандырылу мәселелері
қаралуға тиіс», - деп көрсетуі қазіргі таңдағы құқық
қорғау органдарының әлеуметтік жағдайымен
санасу қажеттігін көрсетеді.
Мемлекет қызметкерлерінен жоғары дең-гейдегі
жұмысты талап ету үшін, олардың материалдық
жағдайын әрқашан да есепке алып, тек осындай
жағдайда
ғана
табысқа
қол
жеткізілетінін
ұмытпауымыз керек.
Экономистердің
есептеуінше,
шынында,
мемлекет тарапынан көп шығындар кадрлардың
кәсіби біліктілігінің төмендігінен және мекеме
басшыларының сауатты да білімді мамандарды
таңдай білмеуінен болады екен.
Үшіншіден, Ұлттық комиссия құрылып, білікті
басшыларды іріктеу жөнінде үкімет бас-шысына
және Елбасына ұсыныс-кепілдемелер жасалынса
құптарлық жайт.
Қазіргі кезеңде құқық қорғау органдары-на
қызметке алынып жатқан және жұмыс істеп жүрген
кадрлардың біразы - екінші заң білімін алып, тамыр-
таныс арқылы қызметке ілігіп жатқандар. Неге
заңды сұрақ тумайды, олар бірінші мамандығы
бойынша жұмыс атқармай, неге екінші мамандық
бойынша жұмыс атқаруға тырысады? Бұл заңды
және қызық сұрақ емес пе? Жасы 35-40-қа келгенде
екінші
мамандықты
игеруге
құқық
қорғау
органдарына келіп, қызмет бастап, сол қызметтің
кәсіпқой дәрежесіне же-туге, яғни машықтанғанша
қаншама уақыт өтер екен? Осы жағын терең ойлап,
таразыға салсақ қалай болар екен?
Ал енді арнайы ведомстволық оқу орында-рын
бітірген кәсіпқой кадрларды түрлі себеп-термен
жүйеден,
қызметтен
қууға
дайынбыз.
Осы
кадрларды оқытуға мемлекеттің қаншама қаржысы
кеткендігін еске алуымыз қажет. Ба-сынан бастап
бұл кадрларды қандай жоғары оқу орындарында
кімдер оқытты, қызметке келгенде алғашқы
тәлімгері кім болды және басшылары кімдер, неге
бұлардан біз жауапкершілік талап етпейміз. Міне,
сонда ғана біз сапа мәселесі жай-лы сөз ете аламыз.
Менің есімде алғашқы сот жүйесіне сот
мәжілісінің
хатшысы
болып
жұмысқа
орналасқанымда
аудандық
соттың
төрағасы,
Қазақстанның Еңбек сіңірген заңгері атағы бар
ақсақал азамат болатын, ол кісі жұмыстың көптігіне
қарамастан, бір кереметі - әрбір кадрмен уақыт
тауып жеке сұхбат жасап, жұмыстарына талдау
жасап, оңды бағдарлар беріп отыратын. Міне,
осындай тәжірибелер ұдайы назарда болуы қажет
деп ойлаймын.
Қазір қарап отырсаңыз, барлық қалаларда
жоғары оқу орындарында заң факультеттері
ашылған.
Бұл
факультеттерде
оқытушы-про-
фессорлар кадрларының құрамы өте нашар,
оқытушылардың көпшілігі арнайы дайындықтан
өтпеген,
педагогикалық
тәжірибелері
төмен,
ғылыми-педагогикалық еңбектері немесе жария-
ланымдары жоқтың қасы, ғылым мен білім сала-
сында кездейсоқ адамдар да кездеседі.
Шынына. келгенде, дәріс беріп жүрген пән-дері
бойынша оқу бағдарламасына сай тиісті дәрістердің
тезистерін де дайындай алмайтын оқытушылардың
бар екеніне күмән келтірмеймін.
Төртіншіден, мен өзім практикалық қыз-метте
20 жылдан аса құқық қорғау органдарын-да қызмет
жасап жүріп, осы салада көптеген білімді,
тәжірибелі азаматтарды көрдім. Неге біз осындай
білікті мамандарды жоғары оқу орындарына
шеберлік сыныптарын өткізуге көбірек тартпаймыз?
Ал біз мұндай азаматтар-ды шақырғанда, әдетте
қолы бос, принципі жоқ адамдарды маман деп
шақырып жатамыз. Өтірік емес, бұл жағдайлар
өмірде жиі кездесіп жатады.
Ең бастысы, кадрларды іріктеуде үлкен
басшылар ол адамның кәсіби біліміне, кәсіби
тәжірибесіне және іскерлігіне көңіл бөлмей,
керісінше, өзіме жақын адам, мені сатпайды деген
принциппен кадрларды іріктеп жатады. Ал сонда
тамыр-танысы жоқ білімді адамдар қайда қалады,
ары таза адамдар басшыларға жарамсақтық жолмен
қадам жасай алмайды, сондықтан бұл кадрлар баяу
өседі, соңынан ол адамның тазалығына, кәсіби
шеберлігіне көзі жеткен кезеңде өзі де қызмет
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1 (31). 2012
шеңберінен сыртта қалады. Ал бұған не дейсіздер,
әріптестер?
Сондықтан, бесіншіден, қызмет саласында бір-
бірімізге қиянат жасамауымыз қажет, адамды және
қызметкерді тек қана кәсіби шеберлігі мен
адамгершілік қасиетіне сай бағалай білуіміз қажет.
Ал енді төмендегі қызметкер кейде бір жаңашыл
болып, жаңа бастама жасап жатса, газет-
журналдарда жақсы ойлары жарияланып жатса оған
қызғанышпен қарайтын адамдар тобы пайда бола
бастайды. Міне, осы кезеңде басшылар әділ бағасын
беріп, дұрыс бағдар жасай білсе, ол кадрлардың бағы
дер
кезінде
ашы-лар
еді.
Өкінішке
орай,
субъективтік жағдайлар басым болып жатады.
Соңғы 15-20 жылдың ішінде тәжірибелі
тергеушілерімізді жоғалтып алдық, оның бір себебі
бұрынғы жылдары елімізде Мемлекеттік тергеу
комитеттері құрылып, республикадағы білікті
мамандар сонда ауысты, нәтижесінде 2 жылдан
кейін өз жұмыстарын сәтсіз аяқтады, осылайша,
кәсіби мамандар шоғырланған тергеушілер корпусы
шашырап кетті, олардың берекесін қашырдық.
Осынау өмірдің өзі көр-сеткен тәжірибеден сабақ
алып, аттестаттау кезінде білікті де тәжірибелі
мамандарды сақтап қалуды бірінші кезекте
ескеруіміз
қажет.
Бұған,
бір
жағынан,
прокуратурадан тергеуді алып тастағандығы да эсер
етіп жатыр. Қазіргі таңда прокуратураға тергеу
амалдарын жүргізуге қайтадан құқық беріп отыр.
Сондықтан элем данышпандары айтпақшы «кез
келген нэрсені қирату оңай, ал қалпына келтіру
қиын».
Аттестаттауды өткізу ережесіне сэйкес аттес-
таттау комиссиялары құрылады, комиссияның
құрамына
Президент
Әкімдігінің,
Үкіметтің,
жұртшылықтың, партиялардың, БАҚ өкілдерінің
кіруі де құптарлық іс. Бұл бағыттағы тексерістен
өткен адамдар туралы жұртшылық пікірін білу үшін
Президенттің ресми сайтында арнайы айдардың
ашылуы да бұл бастаманың жария түрде эрі ашық
пішінде өтетініне кепілдік береді деп ойлаймыз.
Алтыншыдан, бүгінгі күнде еліміздің бұ-
қаралық ақпарат құралдары осынау аттестаттау
жұмыстарыныңэділдетиімді
өткізілуібағытында
жұмыла еңбек етулері қажет деп есептеймін, яғни
олар құқық саласында ел мүддесі үшін адал қызмет
етіп жүрген азаматтарды кеңінен наси-хаттап,
олардың ізгі істерін өз эріптестеріне үлгі ретінде
ұсынып отырулары қажет. Бір сөзбен айтқанда,
мемлекет мүддесі үшін еңбек ететін құқық саласы
қызметкерлерінің жұртшылық алдындағы беделін
көтеру ісіне барлығымыз ат салысуымыз керек.
Аттестацияны өткізудегі басты мақсат - бар-лық
мамандарды жаппай құлату емес, керісінше,
олардың
білмегендерін
білуге
ұмтылдырып,
жұмысқа деген құлшыныстарын арттыру. Өйт-кені
барымызды бағалай білмесек, кім бізге жақсы
маманын берер дейсіз. Сондықтан бұл тексерісті
үлкен жауапкершілікпен өткізу қажет деп білеміз.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл
еліміздегі тэртіптің кепілі, бұл салада білімді,
мэдениетті, көпшіл, халыққа қамқор, қиындыққа
шыдамды, темірдей тэртіпке төзе білетін, халық
сақшысы болуы қажет.
Автор статьи подчеркивает важность проведения переаттестации личного состава правоохранительных органов, так как
это позволит новому качественному росту кадров правоохранительной системы. Отечественные СМИ должны активнее
поддерживать идею Президента РК Н.А. Назарбаева в реформировании правоохранительной системы и писать о тех, кто
честно служить Родине и отстаивает интересы народа.
The author of article emphasizes importance of carrying out certification of staff of law enforcement agencies as it will allow new
high-quality growth of shots of law-enforcement system. Domestic mass media should support more actively idea of the President of
RK ofN.A. Nazarbayev in reforming of law-enforcement system and write about those who honest to serve the Homeland and defends
interests of the people.
К. Қамзин
Журналистиканың басты кейіпкері - шындық
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
УДК 002.2
Аңдатпа. Автор өз мақаласында қазіргі журналистика ғылымы мен практикасына әсер етіп келе жатқан уақыт
ырғағы, ғылыми стандарттар, шыншылдық, өмір шындығы сияқты бұрыннан белгілі ұғымдарды теориялық жағынан
зәрулендіре, бедерлендіре түседі. Оның баршаға түсінікті және элитарлық мәтіндер, қолданыстағы талдамалы
журналистиканың жұмылдырушы табиғаты туралы ойлары танымал отандық және шетелдік репортёрлер мен
Е. Алауханов
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
6
ISSN 1563-0242
спойлерлердің тәжірибелерін сөйлетеді, ортаға салады. Оның ойынша, барлық басқа пәндерді жебеуші -
журналистика кез келген жағдайда - жайлы да, жайсыз уақытта да жүрісінен жаңылмауы керек.
Журналистика ғылымы мен практикасы.
Адам баласы - расын айтсақ, Жаратушының
сателлиттік моделі, тиісті планетаға жолдаған
инновациялық жобасы. Сол жаңашыл жанның басты
мақсаты - ақпарат арқылы толысу, сарапта-ма
арқылы әлемді тану, құбылысты көркем көзбен көру,
оқиға образын сан призмалы айнаға түсіру, сөйтіп,
Жер бетіндегі өзінің жасампаздық миссиясын
атқару. Демек, журналистика пәні адам жа-
ратылысымен егіз, оның анатомиясы және физио-
логиясымен ағайындас, болмыс-бітімімен сәйкес.
Баспасөздің, жеке қаламгердің отбасы, ошақ қасы
түйткілдерінен бастап, ғаламдық проблемаларды
тілге тиек етуі - сол рухани өкілеттілікті жүзеге
асыруы. Сол себептен де журналистиканың басты
кейіпкері - Шындық. Шындық категориясының
реалистік сипатын ашу - индивидтің басты па-рызы.
Ұлы Абай:
Ұқпассың, үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре
алмассың, көп бақпасаң, Көлеңкесі түседі көкейіңе,
Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң, -
деп шындыққа жетудің технологиясын да, оның
индивид
санасына
трансформациялануын
да
аңғартып кеткен [1, 69].
Гүржілердің атақты философы М.К. Мамар-
дашвилидің: «человек - это не вещь, не статичное
состояние, а событие, состоящее из совокупности
событий: таких, как человеческая любовь, вера,
честность, мысль и т.д. У Платона есть странная
формула: человек не то и не то, человек-символ
(через дефис!)», - деп ой түюі де адамның аумалы-
төкпелі іс-әрекетінің әділдікке, ақиқат іздеуге
негізделетініне меңзеу емес пе? [2, 3]. Әділдік
категориясы, қай жағынан қарасақ та, журналистика
пәнімен ынтымақтас. Әділет пен әділдікті қоғамға,
әлеуметке
абсолютті
ой-сана
тікелей
трансляцияламайды,
оларды
адам-пенде
(сөз
арасына дефис қойылады!), модератор арқылы
үлестіреді. Әрине, Хақтың жүгін, Құдайдың
құзіретін адам алып жүре алмайды, оған ұмтылудың
да қажеті жоқ. Солай десек те, ұшан-теңіз
толқымалы тіршілік айналасындағы барлық дау-
дамай, қақтығыс-соқтығыс атау-лы осы әлін
білмеген әлектен, тұлға рөлін асы-ра бағалаудан
туындайды. Ал адам табиғатына жақын ежелгі
үйлесімділік концепциясының бізге жетілуді, ұдайы
әділдік іздеуді, шындыққа жүгінуді бұйыратыны да
сондықтан. Саналы жанның маңдайына жазылған
осынау
харекеттің
тылсымын
талай-талай
оқымыстылар
мен
көрегендер
тұс-тұстан
түсіндірмелеуден ешқашан жалыққан емес, ал қазақ
журналисти-касы мен көсемсөзі сонау бағзыдан бері
байып-ты да барлай саралаудан ешуақыт бас тартқан
емес.
Соған қарамастан қазіргі журналистиканың
беделді теоретиктері мен практиктерінің заманалы
масс-медиаға көңілдерінің толмауына, баспасөз өмір
шындығын бейнелеуде әлсін-әлі үстірт кетеді,
көбігін ғана қалқып өтеді де-ген пікірді қадай
айтуына не себеп? Оның гәбі, әрине, әлденеше.
Менің пайымдауымша, ең ал-дымен, көңілі жүйрік
адамның ғылыми білімінің ғаламдық үдерістерді
тануға шама-шарқының жетпей жатуы. Одан кейін
атап көрсетерім, қабілет пен дарынды жаратылыс
қана бере ала-ды. Бұрындары ақпарат құралдары
сияқты өткір де нэзік салада қызмет атқаруға бетке
шығар қаймақ, элита ғана тартылса, тап қазір
ықылас
білдіргеннің
бэрі
іс
жүзінде
журналистиканың киелі табалдырығынан именбей
аттай беруге хақы алды. Бұл - үшіншіден. Соның
салдары - осы күндері Қазақстан ақпараты айналасы-
на журналистиканың элеуметтік рөлін жыға
танымайтындар қаптап кетті. Олар журналис-тиканы
тек күнкөріс көзі, елге танылу құралы деп қана
ұғады. Одан былай, журналистердің ұзын санына
кіріп жүргендердің денінің кэсіби дайындығы да
ешбір сын көтермейді. Ұлттық журналистиканың
ашып айту кеңістігінде көш-тен қалуына, қоғамдағы
беделінің төмендеуіне, оның шынайы «төртінші
билік» атана алмауына тікелей себепші болып
жүргендердің бірі - міне, солар. Сондықтан кэсіби
білім беру, шеберлікті шыңдау, сауаттылықты
арттыру, мамандыққа баулу тек журналистика
факультеттері мен бөлімдерінде жүзеге асырылуы
тиіс. Қоғамдық сөз өнеріне таласы бар үміткерлер
эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
журналистика факультеті жанынан ашылып жатқан
білім мен біліктілікті жоғарылату институты
бағдарламасы бойынша арнайы кэсіби курстар-дан
өткендері
жөн.
Салалық
мамандықты
мо-
дернизациялау бір міндетінің өзі - осы. Мен осы
ретте мынаны атап көрсетер едім: модернизация
дегеніміз - ол тек экономикалық-технологиялық
даму емес, ол - рухани өзгеріс, білім мен ғылым,
өнер мен көркем эдебиет арқылы жанның, көңіл-
Кэкен Қамзин
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
7
ISSN 1563-0242
күйдің жаңаруы мен тазаруы. Бұл ара-да осынау
белестерден
тек
сонылыққа
құлаш
ұрған
бакалаврлар мен магистранттар, PhD докторанттар
контингенті ғана көрінуі керек деген үстірт байлам
тумауы керек, мұндай сын-дарлы талап эуелі
журналистика
факультетінде
дэріс
беруші
тэжірибелі ұстаздар мен шетел-ден шақыртылған
оқытушыларға
қойылғаны
эбден
заңды.
Жаңашылдық
пен
ұлттық
пайым-парасаттың
жасампаздық қорытпасы дегеніміз, міне, осыдан
келіп шығады. Бұл тарихилыққа да, осы мезет
ырғағына да, болашақ ұмтылыстарға да қайшы
келмейді. Өйткені тарихпен татулық бүгінгі күнмен
табыстырады, ал бүгінгі күннің сэулесі ертеңгі
күннің ажарын аңғаруға, болашақ процестерді
игеруге септігін тигізеді.
Осы мэселелер төңірегінен ой өрбітсек, бүгінгі қазақ
журналистикасы ғылымының ал-дынан элі де талай-
талай ұлы асулар шығары ықтимал. Шындықтың
басын о бастан ашып кетсек, тіркеу-тізімдеуді ғана
місе тұтатын ғылымның болашағы бұлдыр. Бұл
талап, сөз жоқ, журналистикатану проблемасына да
қа-тысты. Жаңа идея, соны бағыт, өзіндік жол
ұсынбаған сала - өлі сала. Біздің кейбір прак-тиктер,
эр жердегі эуесқой курстарда сабақ берушілердің
бірқатары айтып жүргеніндей, фактілерді
констатациялау нағыз эділ журналистика, қара
қылды қақ жарар замана-лы журналистика емес. Тек
жалаң фактілерді мэтіндеп қойып, қарап отыруды
объективтілік деп түсінуге болмайды. Журналист
информа-цияны іріктеу, сұрыптау арқылы да
элеуметтік, информациялық қарым-қатынасқа
түседі, коммуникация орбитасына тартылады,
азаматтық ұстанымын білдіреді. Осыны эсте
ұмытпаған жөн. Оның үстіне бұрынғы, қазіргі сан
сегментті аудиторияны оқиғалар мен құбылыстарды
құрғақ констатациялау қанағаттандыра ала ма?
Әлбетте, қанағаттандыра алмайды. Меніңше,
адамның білсем, көрсем, байыбына барсам деген өз
санасына, психологиясына сай талда-малы
журналистика өмір шындығын танудың ерекше
құрамдас бөлігі болып қала береді. Яғни талдамадан
шынайы таным туындайды. Кеше де солай болған,
бүгін де солай, ертең де солай болмақ.
Журналистиканың осы талдамалы эдісі ғана
аудиторияға болған оқиға себебінің бүкіл тізбегін,
оның даму келешегін (перспектива-сын), оның адам
мен элем үшін құндылығының қандай екенін аңдата
алады. Аналитик-қаламгер проблема түйінін
шешудің нендей мүмкіндіктері бар, неге дэл солай
эрекет ету керек сияқты сауалдарға жауап іздейді.
Сонымен қатар оқырманды да ойландыруға
итермелейді, оған пайым кеңістігінде өз пікірін
автор пікірімен ойша салыстыруға, белгілі бір
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы арада
басын ашып алар бір жайт: аналитик-журналист са-
натына ілігу үшін қазіргідей интернеттен оқиға сүзу,
офистен ұзамай ойболжаммен (созерцание)
айналысу, қиялмен шартарапты кезіп кету мүлде
жеткіліксіз, аса шебер сараптамашы журналист
атағын алу үшін нақты практикамен, күнделікті өмір
шындығымен бетпе-бет келген жөн, сөйтіп, аса бай
элеуметтік тэжірибе жинақтаған абзал. Осы орайда,
Иммануил Канттың басшылыққа алар мына
гносологиялық позициясын еске са-лып кеткен еш
артықтық етпейді: тэжірибе -индивидуум түйсігінің
сыртқы эсерді өңдеуі ғана. Тэжірибе кезінде адам
табиғатпен же-ке-дара беттеседі, ол өзінің табиғи
қабілетінің арқасында ғана қоршаған элем туралы
түрлі-түрлі пікір айта алады. Адам - таным субъекті
-өз тэжірибесі арқылы жекелеген құбылыстардың
санқырлы дүниесін пайымдайды, ал мұндай
«пайымдық» тэжірибе адамның танымдық қа-білетін
шиыршық атқызады.
Байқасаңыздар, біз осы мақалада «сарапта-ма»,
«талдамалы», «талдау» деген терминдерді элсін-
элсін іске қосып отырмыз, ал олардың арғы жағында
«зерттеу» деген үлкен ұғымның басы қылтияды.
Осы жекжаттықты, шындық іздеу тэсілін еске ала
отырып, біз бір жағынан, журналистика теориясы
мен тэжірибесінде бұрыннан пайдаланылып келе
жатқан «талдамалы журналистика», «журналист
сараптамасы», «талдама-лы мэтін» сөз тіркестерінің
дэстүрлі сынының бұзылмағанын қалар едік. Екінші
жағынан, А. Эйнштейннің салыстырымдылық
қисынын еске ала отырып, өмірді тану тэсілдеріне
қарап, журналистиканың бұл түрін хабарлама,
деректі-көркем
публицистика
тарамдарынан
ажыратуға, жыға тануға мүмкіндік аламыз.
Осы тезиске қарайлай отырып, біз ақпарат (са-
лыстырымды түрдегі жаңалық) журналистикасы
немесе «алғы шептегі» журналистика туралы сөз
қозғағанда, оның өзіндік ерекшелігі ретінде, ең
алдымен, жаңа оқиғалар туралы жедел, қысқа да
нұсқа
хабарлама
жасауын
баса
көрсетеміз.
Хабарламашы-журналист, бейнелеп айтқанда, оқиға
қан
тамырының
соғысын
қалт
жібермейді.
Бэсекелестік райын еске алатын болсақ, ол оқиға
Кэкен Қамзин
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
8
ISSN 1563-0242
мэнісін эріптестерінен бұрын білуге ұмтылады, оны
аудиторияға
бұрын
жеткізуге
тырысады.
Хроникашының,
репортёрдың,
ньюсмейкердің
шынайы шеберлігі осы жағынан байқалады. Осы
ретте
Израиль
ғалымы
Даниел
Шехтманға
квазикристалдар туралы жаңалығы үшін Нобель
сыйлығы берілгені туралы хабарламаны Ресейдің
«Вести» бағдарламасы басқалардан оза жеткізгенін
атап айтар едік [3].
Талдамалы
журналистика
немесе
«екінші
белдеудегі» журналистика - ол сапалы элеуметтік
сөздің нағыз өзі, көз алдымыздан өтіп жатқан үдеріс
кадрларын ұтымды монтаждау. Олай десек,
аналитикалық жарияланым дайындайтын қаламгерге
ақпаратшы-журналист
қасиеті
аздық
етеді.
Сондықтан кейбір шетел ақпарат құралдарында
репортёр мен комментатор қыз-метінің ара-жігі
ажыратылған,
еңбек
бөлінісі
айқындалған.
Репортёрге (хабарламашы-жур-налистке) тек қана
фактілерді іздеп тауып, редакцияға жеткізу
жүктеледі. Ал оларға трактовка, интерпретация
жасау
комментаторларға,
сол
саланы
бес
саусағындай білетін арнаулы дайындығы бар
сараптамашы-журналистке
(экономика,
саясат,
заңнама, эдебиет, мэдениет, өнер жэне спорт
салаларын жақсы білетін адамға) тапсырылады. Я
болмаса бұл іске ғалымдар, белгілі бір салада жұмыс
жасап жүрген практик-мамандар тартылады.
Осы өнегені ілгерілете түссек, біз сарап-
тамашының өзіндік ойлау жүйесі қалыптас-қанын
қалар едік. Ол көз көргенін дэл түсіріп, хаттап қана
қоймайды, оның сонымен қабат қатпар мен астарды,
жеті қаттың астындағыны да көзі шалуы керек. Яғни
эртүрлі
латентті
құбылыстар
арасындағы
байланысты, олардың себептерін, мэн-маңызын,
даму жолын аңдай алғаны жөн. Осындайда
журналистің «жалпы ойлау» қабілетіне қоса өзі сөз
етер пэні туралы арнаулы білімі болса тіпті жақсы.
Сондықтан
қазіргі
журналистика,
аналитик-
журналист ал-дында басқа мамандықты игеру, басқа
салада арнаулы білім алу проблемасы тұр. Бұл
бағытта
біздің
университеттің
білім
беру
кеңістігінде баянды да өнімді жұмыс элдеқашан
басталып та кетті. Журналистика факультетін
тамамдаған шэкірттердің алды қосымша экономист,
заңгер,
ауыл
шаруашылығы
мамандықтарын
меңгерді, сол салалардың дипломдарын алып
шықты. Тіпті география факультетінің магистратура-
сын бітірген журналист-шэкіртіміздің экология
саласындағы еңбегінің өзі бір төбе.
Талдамалы журналистика - қазақ журналис-
тикасының өзіндік дэстүрі мен соқпағы бар ең бір
екпінді, элеуетті саласы. Осы бағыт ту-ралы кезінде
профессорлар Т.С. Амандосов [4], Т.Қ. Қожакеев [5]
өз еңбектерінде оның жанрлық табиғаты хақындағы
оқу құралдарында бірсыпыра сөз қозғаған. Аға
буын, ұстаз ғалым-дардың сол шығармаларына,
шетел зерттеу-шілерінің ізденістеріне сүйене келіп,
біз қазіргі журналистика талдамасының, оның
ішінде тал-дамалы журналистиканың мынадай
процестік мақсаттарын атап көрсетер едік:
1.
Уақыт пен кеңістік аясында болып жатқан
құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық бай-
ланысты анықтау.
2.
Талдамалы мэтіндерде сарапталған оқи-
ғалардың, құбылыстардың, эрекеттердің жеке адам,
қоғам, элеуметтік топтар үшін маңыз-дылыгын
ашып көрсету.
3.
Зерттелініп отырған құбылыстың келе-
шектегі жай-күйін модельдеу, оның қайда апа-рып
соғатынына (салдарына) болжам жасау.
4.
Талдап отырған құбылыстарға орай жүзеге
асырылатын эрекеттердің бағдарламасын (жос-
парын, балама нұсқаларын) жасау.
Міне, осындай жүйелі талдау барысын-да белгілі
бір дэрежеде ақиқат айқындала түседі, тепе-теңдік
шарты жүзеге асады. Әсілі, қазақ талдамалы
журналистикасы тарихына, оның оқиғаны эліптеу
мэдениетіне,
фактілерді
образға
айналдыру
эстетикасына тепе-теңдік принципі ежелден сіңісті.
Оның басты белгісі - сөз жарыстыру ережелері бақ
сынасатын екі жаққа бірдей. Әлімсақтан жол салған,
эбден қалыптасқан ұлттық дэстүр десе де болады.
Ол қазақ ауыз эдебиетінен, мақал-мэтелдерден,
айтыс өнерінен бастау алып жатыр. Кешелі-бүгінгі
айтыс - онлайн режиміндегі эрі көркем, эрі
информациялық, эрі психологиялық сай-ыс. Ал
тұрлаулы сайыс - экономикалық, саяси-элеуметтік,
рухани тіршілік хақында дұрысын айтудың, ашып
айтудың бірден-бір тэсілі. Қазіргі электронды
форматтағы тікелей эфир мен onlien бағдарламалары
сол рас шығармашылықтың өркенін өсіріп отыр.
Мэселен, Қырғыз мемлекеті Президенті қызметінен
үміткерлердің қырғыз тілінен сынақ тапсырып
жатқаны тікелей эфир-де онлайн режимінде
таратылғаны өз елінде де, көрші елдерде де
ілтипатпен қабыл алын-ды. Рас, оқиға мен
резонанстың табиғаты бір-дей емес, резонанс еш
Кэкен Қамзин
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
9
ISSN 1563-0242
уақытта оқиғаның дэл өзіндей бұлықсып шықпайды.
Ол түпнұсқадан кем болуы мүмкін, кейде одан асып
түсуі кэдік. Жэне белгілі бір оқиғаның эсері эр елге,
эр нэсілге бірдей дей алмаймыз. Резонанс -
жаратылыстың, шындықтың жаңғырығы ғана. Қазақ
халқының ауызекі философиясы осы физикалық,
информациялық құбылыс хақында: «Ат аунаған
жерде түк қалады, түйе аунаған жерде жүк қалады»,
«Жылы-жылы сөйлесең жы-лан інінен шығады,
қатты-қатты сөйлесең кэпір дінінен шығады», - деп
элеқашан түйін түйіп кеткен. Бұл тұжырымның мэн-
маңызында,
тара-лу
кеңістігінде,
біздіңше,
эмбебаптық сипат бар.
Мысалы, 2011 жылдың 9 тамызында Иран
Ислам Республикасының Президенті Махмуд
Ахмадинежадтың Euronews тілшісі Джон Дэвиске
берген эксклюзив сұхбатын аталмыш арна сағат
сайын қайталап беріп отырды. Неге? Өйткені парсы
жұртының басшысы Батыс экс-пансиясы, екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін орнаған элемдік тэртіп
жүйесі туралы тек өзіне ғана жарасар ойларын
ортаға салды. Қызықты да тартымды жауаптасуға
элем назары ауды. Дэл сондай сыр аштырар
сауалдарды біздің тілшілер де кез келген
қайраткерге қоя алатынына менің еш шүбэм жоқ.
Бұл жердегі мэселе көңілдегі көрікті ойды жүзеге
асыра алу шеберлігі мен асырта алу тетігінде ғой.
Құдайға шүкір, біздің өзімізде де бөтеннің саясаты
мен пікірін сканерлемейтін Джульетто Кьеза сияқты
батыл да шебер шолушыларымыз, колумнистеріміз,
спойлерлерлеріміз бар.
Ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтудің нақты
да пэрменді өнегесін, өжет ойды іске асы-ра алудың
азаматтық үлгісін күні кеше өзіміз тэрбиелеген
шэкірттеріміз Самал Мейрам-қызы мен Назым
Дэуітэліқызының
«Тіл
сақ-шысы»
атты
телебағдарламасы
көрсетіп
келеді.
Сол
бағдарламалар
легінен
кейін
қазақ
жур-
налистикасының
адамзат
мэдениетімен,
ұлт
өркениетімен замандас екендігі туралы өз ойымды
онан сайын бекемдей түстім. Менің түсінігімде,
журналистика кунсткамерада сақ-талатын экспонат
емес, ол фэнтезиден де алшақ жатыр. Журналистика
болашақ олигархтар мен банкирлерді тэрбиелемейді,
оның жолы басқа. Ол, ең алдымен, отансүйгіштерді,
ұлттық
идеяны
қадірлеушілерді
элпештейді.
Халқымыздың сым-баты бұзылмаған көсемсөзі,
асыра
бағалағандық
емес,
тэрбиелеушілерді
тэрбиелейді.
Жаратылыстану, техникалық ғылымда ізде-
лінетін шындық жалқы, қойылған сұраққа да жауап
көбінесе біреу эрі нақты. Журналистика, көркем
эдебиет пен өнерде шындық реңі сан түрлі,
элденешеу. Үшеуіндегі басты өлшем -талғам, ал
техникалық салада - нақтылық пен дэлдік. Жоғарғы
математиканың,
теориялық
физиканың
іргелі
ұстанымдары
өзгермейді.
Есеп
шығарудың
классикалық амалдары да сол баяғы қалпында. Олар
қалай
көтермелесеңіз
де,
ұлттық
сана
қалыптастырмайды. Журналистика - халық түсінігін
өсіретін эрі деректі, эрі көркем шығармашылық.
Оны цифрлық ғылымдардың үйреншікті схемасы
мен стандарттарына салып оқытуға болмайды. Тағы
да неміс философының беделіне жүгінсек, біздің
әлем туралы біліміміз өмір шындығын селқос
бейнелеу
емес,
ол
-
түйсіктің
белсенді
шығармашылық қызметі. Сондықтан журналистика
пәндерін
универси-тетте
оқытудың
жаңа
бағдарламасын, ұлттық программасын журналистика
қисынгерлері мен практиктері келісе отырып жасауы
керек.
Осы күні әліпті таяқ деп тани алатындарға, ақ
кірпіктен басқа сәні жоқтарға тізгін ұста-татын
өткен ғасырдың 30-40 жылдары емес. Қазірдің
өзінде борлатқа леп мөрлеуден басқаға сауаты
жетпейтін міскіндердің ұйымдаса, ұран-даса, қаптай
шапқанына куә болып отырмыз. Ондайларға қай
заманда да өз жүрісінен жаңыл-майтын шыншыл
журналистика не қайран ете алады, тек А.П.
Чеховтың «Шағым кітабындағы» соңғы сөзінен асып
жығылғаннан басқа [6, 91].
Достарыңызбен бөлісу: |