3.2. Қазақ халқының кеңестік кезеңдегі
еркіндікке ұмтылысы
Қазақ мың өліп, мың тірілсе ол оның рухының мық-
тылығынан дер едік. Руханилық тарихта сан түрлі тоқырауларға
ұшырайды. Сыналады, шығын болады бірақ өмір сүруін
тоқтатпайды. Руханилықты халық болмысының адамгершілік
қабаты саналылық пен бейсаналылықтың қоспасы деп
анықтайды А. Қасымжанов. Қазақ халқының руханилығы
кеңестік кезең идеологиясының әсерінен архаикалық құбылыс
ретінде қарастырылды. Даму үрдісі «таптық», «пролетарлық
мәдениет» деп аталатын әдіспен ұлттық мәдениеттердің
ерекшеліктерін қырқып тастау әсерінен тоқырады [98].
Тоталитарлық кеңестік кезеңнің өзіндік социалистік
идеясының әсерін зерделей отырып, қазақ халқының руха-
ниятына қандай әсері болды деген сауал туындайтыны сөзсіз.
Сол идеяның руханиятымыздың дамуына кері әсерлері ту-
ралы зерттеулер тек қана еліміз егемендігін алғаннан кейінгі
жылдары ғана мүмкін болып отыр. Оған себеп, социализмнің
идеологияландырылған көзқарасынан басқаның барлығын
тәрк етуі болды. Сөз жүзіндегі жарлықтары «теңдік»,
«туысқандық», «ынтымақтастық», «жолдастық» – деген ізгілікті
ұғымдармен көмкерілген идеялардың астарында отаршыл,
жымысқы пиғылдар жасырынып жатты. Қоғамдағы таптар бө-
лінісін, солардың күресі арқылы революциялық төңкерістер
жасап пролетариат диктатурасын орнату еді. Коммунизм
мен социализм ілімінен алынған идеяларды қазақ қоғамына
күштеп таңды. Қазақ сахарасы сияқты пролетариаты жоқ
елді «бай» мен «кедей» таптарына жіктеуге тырысты. Тұрмыс
тіршілігі, рухани әлемі өзгеше жұртқа мүлдем жат идеоло-
гияны күштеп таңып, социализм құруды бастап жібергені
отаршыл, зорлықшыл Империяның өктемдікке негізделген
іс-әрекетінің салдары еді. Көшпенділер өркениетінде тари-
хи жадты сақтаушы да оны ұрпақтан ұрпаққа беруші руха-
ни кұрылымдар еді. Ешқандай экономикалық және саяси
құрылғылар бұл рөлді атқара алмайтын.
Ұлтымыздың тілін, дінін, бүкіл рухани болмысын қорғап,
жетілдіру жолында күрескен алаш азаматы А. Байтұрсыновтың
174
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
күрделі ғұмыр кешкендігі жайлы С. Сейфуллиннің пікіріне
назар аударсақ онда: «Ахмет коммунист партиясында да көп
бола алмады. Көп бола алмайтыны белгілі еді. Ахаң байлардың
құлдығында шіріген жарлылардың айқайшысы емес, олардың
қолшоқпары емес, бірақ байын, кедейін айырмай, қазақты
ғана сүйетін ұлтжанды еді» [99]. Ахмет Байтұрсынұлының
ұстанған жолы мен көзқарасы туралы осы айтылған ойла-
рынан, Сәкеннің өзінің дүниетанымын аңғару қиын емес.
Халықтың тұтастығы, дербес ұлттық автономия туралы идея,
ұлтымыздың әлеуметтік-мәдени және рухани өркендеуі тура-
лы көзқарастары оның түпкі мақсат мүддесі болды. Көздеген
түпкі мақсат мүддеге беріктік, табандылық, төзімділік сияқты
ізгі қасиеттерінің арқасында ұстанған идеясы жолында
қасқая қарсы тұрды. Осы қағиданы олар өз іс-әрекеттерінің,
мақсаттарының, жан-дүниесінің үнемі бағыттаушы күші
ретінде ұстанды. Патшалы Ресейдің одан кейін Кеңестік Қызыл
Империяның түрмелеріне қамалу оның мықты рухын жасы-
та алмады. Халқымыздың басына түскен бозтопалаң жылдар
кеңестік кезеңде жалғасып жатты. Қазақ зиялылары қуғын-
сүргін мен күреске тола ғұмыр кешті. Қазақ руханиятын
өрлетудің жолында тыныс-тіршілік тоқтаған жоқ. Өйткені
халық тұрғанда ол желі үзілмек емес. Империялық жаулаушы
мемлекет халқымызды қараңғы түнектен «құтқарушымыз» де-
ген желеумен жалған пиғылдарын жүзеге асырды. Өздерінің
өмірмәнділік құндылықтарын шексіз байлық, билік, үстемдік,
озбырлыққа негіздеді. «Коммунизм» «қой үстінде бозторғай
жұмыртқалайтын заман» идеяларымен қаруланған елеске
үміттендіріп соған иландырды. Осы идеяға адамдарды илан-
дыру соншама жантүршігерлік террор қолдану арқылы
жүргізілді.
Социализм құру идеясынан басқа ой, сезім, пиғылдардың
бәрін ығыстырды. Қоғамда темірдей бір ғана тәртіп, алда бір
ғана мақсат, бір ғана пиғыл болуға тиіс. Тоталитарлық жүйедегі
негізгі идея жалғыз және абсолюттік ақиқат болды. Кеңестік
идеологияның қаһарына әуелі қазақ зиялылары ұшырады.
Кеңестік билік тұсында алашордашыл қазақ зиялыларына
сенімсіздікпен қарап, оларды кеңестік қызметке қолданғанмен
үнемі бақылауда ұстады. Ә. Бөкейхан болсын, А. Байтұрсын
175
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
болсын өздерінің шығармашылық қызметін тоқтатпады.
1927–1932 жылдар аралығында Мәскеуде КСРО халықтарының
орталық баспасында әдеби қызметкер болып жүріп көптеген
кітаптар, аудармалар, мақалалар жазып ұлтының рухани
қазынасын толықтырды. 1920–30 жылдары қазақ мектептері
мен педагогикалық оқу орындарында пайдаланып жүрген
оқулықтар мен оқу құралдарының барлығын дерлік қазақ зия-
лылары жазды. Алаш қозғалысына белсене араласқан кезеңнің
зиялылар тобы оқу ағарту комиссариатын, ғылым, өнер, баспа,
ұлттық баспасөзді ұстап тұрды. Ал, партия болса Қазақстанда
оқу ағарту ісіне ұйымдық кадрлық тұрғыдан бақылау қойып,
араласып қана қоймай, сол қолданылып отырған математика,
химия, биология, тіл пәндерінің өзі де бұрынғы буржуазиялық
идеологияның ықпал құралындай көрді.
Рухани даму, рухани жетілу адамдардың бостандығы
мен еркіндігі мүмкін болған жағдайда ғана іске асады. Қазақ
философиясының тарихын зерделеуде тың әдістемелер мен
өзіндік көзқарастар қалыптастырған философ-ғалым І. Ерғали,
адамның еркіндіксіз, өз басының бостандығына өзі ие болмай-
ынша, оның бойында рухни жетілуі болмайтындығын айта
келе, егер жағдай жасалынбаса, әлеуметтік-орта мүмкіндікке
жол бермесе, адамның рухтық дамуы да тежелетіндігін атап
көрсеткен болатын [48]. Қазақстанда сонымен Қазан Ресволю-
циясы жеңіске жеткеннен кейінгі екінші дүниежүзілік соғысқа
дейінгі аралықта, адам еркіндігіне, шығармашылық еркіндікке
жол берілмеді. Рух жасыды. Бірақ ұлттық рух, қазақтың рухани
әлемі алынбас қамалдай берік еді.
Қазақ халқының руханиятының даму барысының кеңес-
тік кезеңі жайлы ой өрбітер болсақ, Сәкен Сейфуллинің
қызметі мен шығармашылығына тоқтамай өту мүмкін емес.
Шығармашылығының негізгі өзегі – «әділдік», «теңдік»,
«егемендік» сияқты әрқашан прогресшіл ойшылдыққа тән
ұғымдар болды. Сәкен Қазақстан үкіметін басқарған кезде
ұлтының болашағы үшін көптеген шаралардың жүзеге асуына
атсалысты. 1923 жылы «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік»
деген айбатты мақала жазып, орыс тарихында, тілінде «қырғыз»,
«Киргизия» болып келген «елдің 1925 жылы Қазақстан»
аталғаны рас болса, онда Сәкен ұлтжандығының үлесі жоқ деп
176
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
кім айта алады? «Біздің қазақ коммунистерінің кейбіреуі қазақ
тілі туралы қатты кірісуге біреу «ұлтшыл» деп айтады деп бой
тартады. Бірақ ол – қулық, бұл коммунистік қылық емес, ол
жарамсақтық, жағымпаздық. Кейбір сасық, жалмауыз, демагог
өзін «жақсы коммунист екен» деп айтсын деп қазақ тілін кеңсеге
кіргіземін деп жүрген белсенді адамдарды анау ұлтшыл, мы-
нау ұлтшыл дер, одан сескенбеу керек» дегенді Сәкеннен
басқа кім айтыпты, кім жазыпты? Сәкен ой-пікірінің, жанды
екені осыдан-ақ көрінеді [100]. Қызыл коммунист, кеңестік
әдебиеттің классигі бола тұрып, ұлттық идеяларды жүзеге асы-
руды өзінің асыл мұраты тұтты. Автор С. Сейфуллиннің Қазан
төңкерісі арқылы қазағын теңдікке жеткіземін деп сенгенін, сол
жолда турашыл, әділ болғанын баса айтты. Ол ойын: «Соны-
мен Сәкен – өзінің көзқарасы, іс-әрекеті үшін әрқашан да та-
рих алдында толық жауап бере алатын ұлы Тұлға, социалистік
деп аталатын заманның ардагер азаматы. Осы қасиеттер
оның қоғамдық, мемлекеттік, өнерпаздық қайраткерлігінен
жарқырап көрінеді, еңбекші елдің рухани көсемі, жаңа
заманның жыршысы, жаршысы ретінде халық құрметіне
бөленеді. Сәкеннің Тұлғалық даралығын баса көрсеткен бұл
мақаладан, рухани жетілген адамға тән ізгі қасиеттерді та-
бамыз. Өзінің «Тар жол тайғақ кешу» атты шығармасын сол
кезеңнің шындығына арнап, кеңес үкіметінің орнауын құптап,
қазағының қараңғылықтан, құлдықтан құтқарылатына сенді.
Сол жолда аянбай еңбек етті. С. Нұрмұратовтың «...адамның
нағыз адамдық бейнесі руханилығы тұлға аралық қатынаста
қалыптасады» [101] деген тұжырымы Сәкен мәрттігіне
бағытталып айтылғандай. 1923 жылы 28 қаңтарда Орынбор-
да өткен (А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойын жоққа
шығару туралы қаулыға) қарамастан, сол жиынға қатысып,
оны өзі басқарды. Осы іс-әрекетінен Сәкен Сейфуллинді
нағыз ержүрек, жолдастыққа адал тамаша адамгершілік иесі
екендігін танимыз. Ол өзінің көзқарасын, пікірін ашық айта
алатын бірбеткей турашылдығынан әрқашан таймады. Кеңес
үкіметінде қызмет ете отырып ұлттық идеялардың жүзеге асу-
ына тікелей атсалысты.
С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романы тарихи-
деректерге сүйене отырып жазылғандығымен қоса шығарма
177
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
кезеңнің шындығын ашып көрсетуімен де құнды. Н. Ақыш:
«Сәкеннің Кеңес дәуірінде қозғалмауға тиісті ұлт араздық
мәселесін бүркемелей алмай, ашық айтқандығын бүгінгі
таңда да батылдық ретінде жоғары бағалаған абзал» [102] –
деп, қазақ совет әдебиетінің классигі, шығармалары таптық
көзқараста жазылған деген сыңаржақты талдаудың заманы
өткендігін атап көрсетеді. Тарихи мемуарда «Қазақ арасы жа-
ман», «Астыртын жауласу әсіресе алыс жердегі, көп жерлерде
шеткі орыс поселкалары мен қазақ арасында жаман көрінеді»
[102]. Бұл Сәкен көзімен көрген шындық. Өз ұлтының жана-
шары оны бүгіп қала алмады.
«Қазақ совет әдебиеті» Лениндік ұлт саясатының жемісі
– нәтижесі – деп жазды Ғ. Есім. ...Мұхтар Әуезов пен Сәбит
Мұқановтың ұстанған дүниетанымдық бағыт-бағдарлары
«қазақ әдебиеті» мен «қазақ совет әдебиетінің» арасындағы
қайшылықтарды біршама ашып бере алады. Біршама дейті-
німіз Мұхтар Әуезовтің де кеңес өкіметіне сеніп берілмесе де,
ізет еткен тұстары баршылық, Сәбит Мұқанов жөргегімде та-
бым деп жылап жаттым десе де, халықтың тарихы, мәдениеті
дегенде өзінің «қызыл» екенін ұмытып, ақсақалдыққа салы-
нып, өрелі ойлар тастаған тұстары көпшілікке белгілі [27].
«Қазақ совет әдебиеті» классиктерін бүгінгі ғылыми тұрғыдан
әділдігін айтып, зерделей отырып қорғайды. Олар кеңестік
идеологиялық құрсаулардан рухани мұраларымызды араша-
лай отырып, әсіресе қоғамдық ғылымдар мен білім жүйесінде
мемлекеттік монополия, қасаң идеологияшылдық, әсіресе
мәдени-рухани құндылықтарымызды парықтауда еуропашыл
көзқарастар басым болып тұрған кездің өзінде ұлыларымыз
бен мәдени-мұраларымызды заманға сай жаңғырта алды.
Егер, ұлы Абай өз кезінде өлең жазудағы көздегені:
«мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ барды, ертегіні
термек үшін» дегенде, поэзияға философиялық ойларды
өрнектеу құралы деп қарады. Өлең арқылы, қара сөз арқылы
адамның жан-жүйесіне әсер етуді мақсат етті. Сөзді тәрбие
құралы ретінде пайдаланды. Ауызша мәдениеті дамыған
жұрт үшін поэзия түріндегі туындылардың әсер ету үрдісін
айтып отыр. Өлеңдерінде қазағының мінін көрсетіп, сыни-
әжуәні қолданып, сөздің тәлімдік-тәрбиелік құдіреті арқылы
178
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
санаға әсер етуді, алдымен адамның ішкі ойын түзетуді талап
етті. Ұлттың сана-сезімін ояту, ел ішінің алауыздығын жою,
адам мінез-құлқын түзеуді мұрат тұтты. Сол Абай тұлғасын
кескіндеу кезеңнің рухани дамуымызға дер кезінде қосылған
зор үлесі болды. «Абай жолы» эпопеясы М. Әуезовтің
азаматтық терең-тебіреніс толғаныстарынан кейін жазылған
дүние. Бұл жайында сыншы С. Әшімбаев былай деп жазған
болатын: «Әуезов өткен дүниені қайта жаңғыртқанда, сол
өткеннің өзінде халықтың бар қадір, қасиеті, жақсылығы мен
жаманшылығы да құс жолындай сайрап жатқанын көре білді.
Олардың ішінен басқаларды сүйсінетіндей жақсы жақтарын,
күйіндіретіндей жаман мінездерін де реалистікпен ашып
көрсетті. Сондықтан бұл эпопея тек Абайдың ақындығын ғана
емес, Абайды туғызған халықтың ақындығын, жан дүниесі
сұлулығын, адамгершілік парасатын, өміршең тіршілік
мұраттарын, сондай-ақ трагедиялық мінездерін айқара ашып
бергендігімен құнды... Кейде әдебиетте әлдекімдердің атақ
алып, даңқын шығарып кетуіне реакциялық саясат араласып
кеткені бар. Ал, Әуезовтің ғасырлар бойы жасалып келе
жатқан терең тамырлы әдебиеті, өркендеген мәдениеті бар
Батыс оқырмандарының жүрегін жаулап алуына ешқандай
саясаттың қатысы жоқ. Таза өнер құдіретінің ақберен күші...
Әуезов Абайды жазбауға ешбір мүмкіндігі болмаған шақта
ғана қолына қалам алғандығына таласып жатудың қажеттігі
шамалы болар. Олай дейтініміз Әуезовтің бүкіл халық
тағдыры жайлы айтар философиялық толғамды ойының,
суреткерлік концепциясының ішіне кептеліп, сыртқа шықпай
қалуы мүмкін емес еді» [103]. «Абай жолы» эпопеясы арқылы
халқымыздың бүкіл әлеуметтік-рухани болмысы ашылып-
айшықталған. Адамдардың әр саладағы тамаша туындылары
– адамзаттың жаратымпаздық қуатының шарықтау шектері,
белгілі бір қайталанбас жаратушы тұлғаның өзіндік дамуының
көріністері. Коммунистік иедологияны өз көзқарастарының
қаруы етіп ұстанған ғалымдар тобы М. Әуезовтің «Абай
жолы» эпопеясында қазақтың көшпелі өмір-салтын әспеттеді,
идеялизациялады, ауыл өмірі маркстік тұрғыдан ашылмаған
сияқты айыптар тағып әшкереледі. Кейбір реакцияшыл Дулат
пен Шортанбай сынды ақындарды насихаттады. Өйткені
олардың шығармаларында дәстүрлі қазақ қоғамының өз
179
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
ырғағында дамуын жақтаған көзқарастар, соны көксеу болды.
Зар заман ақындарында болашақта Ресей Империясынан ке-
лер қауіпті дәл де, дұрыс болжап сақтандыру идеялары болды.
Жазушыға қазақ әдебиеті тарихымен айналыса отырып советтік
Қазақстанның революциялық өміріне кері әсер ететін эпостар
мен ақындар шығармашылығын үгіттеуші ретінде айыптар
тағылды. Тіптен кейінгі 1953 жылдардың өзінде жазушыға
«Едіге батыр» жырының бай-феодалдық вариантын (феодал
ақын Марабай жырлаған) халық шығармасына жатқызды.
Осыдан-ақ Әуезовті қазіргі күнге шейін қазақ әдебиетін тануға
өзінің буржуазиялық-ұлтшыл тұжырымдарын тықпалап
жүргендігі жайлы мақала жазды.
Тіптен түркі халықтарына ортақ жаңа жыл мейрамы «Нау-
рыз»1926 жылы сыңаржақ идеологияның салдарынан «діни
мейрам», «ескіліктің сарқыншағы» деп танылып, оны атап өту
тоқтатылған еді, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында дерлік
халық арасында жасырын түрде сақталып келгені белгілі. Содан
ұзақ жылдар бойы Наурыз мерекесі мемлекеттік деңгейде той-
ланбады. Бірақ, халық өзінің жадында бұндай ұлы күнді сақтай
білді. Көне көз қарияларымыз ауылдық жерлерде үйлерінде
наурыз көже даярлап, отбасылық мереке ретінде тойлап кел-
ген болатын.
Елімізде мемлекеттік, яғни жалпы ұлттық деңгейде – Аста-
на күні, Тұңғыш Президент күні, Отан қорғаушылар күні, Кон-
ститутция күні, Халықаралық әйелдер күні, Жаңа жыл және
тағы басқа да кәсіптік мерекелер атап өтіледі. Солардың ішінде
ең көнесі, әрине бірегейі Наурыз мейрамы болатын. 2009 жылы
4 наурыз күні Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы мереке-
лер туралы» қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуді көздейтін заң
жобасын мақұлдады. Сенатта қаралғаннан кейін, қабылданған
заңға Қазақстан Президенті қол қойды. Сол заңға сәйкес
мемлекеттік мереке Наурыз мейрамы бір күннің орнына үш
күн бойы, яғни, 21-22-23 наурыз күндері мерекеленетін бол-
ды. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
ассамблеясының «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес
21 наурыз – Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Халықаралық
Наурыз мерекесі өзіндік ерекшелігімен
жалпыадамзаттық құндылықтарға қосылған үлес. Бұл ме-
рекеден әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің бір-біріне
180
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
әсері мен олардың кірігуін байқай аламыз. Мәдени-тарихи
тамырластықты осы наурыз мерекесін атап өту шараларынан
көруге болады. Мысалы, ирандықтарда жаңа күн, жаңа жыл,
қуаныш күні, даналық, әділеттілік, теңдік күні, табиғатта түн
мен күннің теңелуі деп атайды. Шығыстың ғұлама ақыны Фир-
доусиде әлемді зұлымдықтың қолына бермей, мейірімді істер
жасауға үндейді. Мейірімді де, қатыгез адам да мәңгі емес,
тек қана мәңгілікке мейірімді істеріміз ғана қалады деп, тек
қана мейірімді істер істеуге үндейді. Қазақтарда: «Күннің жа-
маны кетер, адамның жаманы қалар» – деген мәтел бар. Адам
өзін түзеуге толық мүмкіндігі бар. Наурыз мейрамы жаман
қасиеттерден арылып, жақсыға ұмтылуға шақырады.
Орта Азияны мекендеген парсы тілді, түркі тілді ха-
лықтар бір-бірінен өзара озық салт-дәстүрлерінен алмасып,
мәдениеттерін өркендетті. Мәселен, наурыз осындай ортақ ме-
реке. Түркі халықтарының дәстүрлі ұлттық мәдениеті, дүние-
танымдық әмбебаптарын зерделей келе оларға тән ортақ
құндылықтарды айғақтауға болады. Ал, қазақтарда болса, дәс-
түрлі көктем мерекесі наурызды тойлау ежелден келе жатыр.
Мәшхүр Жүсіп Көпеев наурыз туралы, біздің қазақтың наурыз-
нама той-думаны мен қызығы Бұқара мен Қоқандыкінен асып
түседі десе, Алаш көсемдері бұл дін-мейрам емес, ұлттық мейрам
деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да Наурызды «Ұлыстың
ұлы күні» – деп атайды. Ел-жұртты шығынды тыртыңнан аттың
басын тарта ұстап, тарихи мейрам Наурызды жаңа тұрмысқа
лайықты мейрамдап өткізуге шақырған еді. Жанды, жансыз
дүниенің бастауы болады. Осы бастаманың философиялық
мәніне үңілсеңіз, өткенге ризашылықпен қарау керек. Ал
жаңаның, болашақтың бастамасы ізгі ниеттен туындағаны жөн.
Ықылас, ниет түзу болу керек. Ең бастысы жаманшылықты
ұмытып, кешірім жасау қажет. Дана түркі халқы наурызды
тайлы-тұяғы қалмай тойлайтын мерекеге айналдырған. Бұл
наурыздың әлеуметтік-философиялық маңызын аңғартады.
Мерекеге дайындық алдымен үйді аластап, тазартудан бас-
тайтын. Ауыл ер-азаматтары бау-бақша, ағаш егумен қатар
бұлақ көздерін, арықтарды, құдықтарды аршу сияқты көктемгі
қаурыт шаруаларды ауыл-аймақ болып бірігіп атқарған.
Үйдегі аналарымыз болса ыдыстарды сүтке, суға, айранға тол-
181
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
тырып, әртүрлі тәтті-дәмділер дайындаумен айналысқан. Осы
ниеттердің өзі, келесі жылы егін мол шығып, сүт көп болсын
деген тілектен туындайды. Бұл мейрамның ең басты ас мәзірі
мерекелік наурыз көже дайындау. Әжелеріміз бен аналарымыз
қысқы соғымнан сыбаға сақтаған. Наурыз көжеге қыстан ар-
найы сақталған сүрі ет асылып, соның сорпасына түрлі дәндер
салынып, құрт пен қатық қосып дайындаған. Көженің құрамы
жеті түрлі нәрсе болуы керек. Наурыз көжені үлкен тай қазанды
ауылдың ортасына қойып пісіреді екен. Қуаныштарын бөлісу
үшін жиналған жұрттың ортақ қазаннан дәм татуының өзі
ауылдың берекесін, бірлігін паш еткен. Бұл дәстүрлі тағамды
үлестіру алдында ата-бабалар рухына арнап құран оқытылып,
артынан ақсақалдар бата берген. Бұл күні адамдар бір-бірімен
ашық-жарқын құшақтасып, ерекше көңіл-күйге бөленеді.
Ойын-сауықтар ұйымдастырылып, алты бақан құрылады. Ар-
найы наурыз айтысы ұйымдастырылады. Ол жаз бен қыстың
айтыс түрінде басталып, ары қарай өрбіп ауқымы кеңейе
түседі. Айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. «Көкпар тар-
ту», «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Жамбы ату» сияқты ұлттық
ойын түрлері мерекені қыздыра түседі.
Ескі наным-сенім бойынша 21 наурыздың кешінде жер бетін
Қызыр – Ата аралайды. Наурыз мерекесі Адам, Қоғам, Табиғат
арасындағы үйлесімді қатынастың символы. Мерекеден алған
эмоциалық ләззаттың өзі адамды сергітіп тастары сөзсіз. Бұл
өз кезегінде, күнделікті күйбің тіршілікті бір сәтке болса да
ұмытуға мүмкіндік туғызады. Адамды мәңгілікпен ұштастырып,
дүниетүсінігін кеңейтеді. Біздің бабаларымыз қоршаған ор-
тамен үйлесімді өмір сүрген. Адам экологиясын жетілдіру,
табиғатты аялау, құрметтеу сияқты мәселелерді ұлттық санада
жаңғыртып отырған. Наурыз мейрамының әлеуметтік-мәдени,
философиялық-дүниетанымдық негіздеріне көз жіберсек оның
түп тамыры пайдалы еңбекте жатқандығын көреміз. Әлеуметтік-
экономикалық алғышарттары іске кірісіп, болашақтың жемісі
егіледі. Әрбір отырғызылған тал-шыбық, тазаланған бұлақ
көздері адам ағзасы мен табиғатты жандандырудың негізі. Осы
істі наурыз мерекесі күні көпшілікпен, ән сала жүріп атқарса
оның игілігі зор болмақ. Алынар өнімнің мол болуымен бірге
сапасының жоғары болуы сөзсіз. Өйткені бұл жерде Табиғат
182
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
пен Адам үйлесімділігінен ізгіліктің дәні егіледі. Сондықтан да,
біздің ата-бабаларымыз Жер-Ананың жылдың осы бір көктем
мезгілінде түлеуін ерекше шаттық көңілмен қарсы алып, одан
мақсатты түрде қоғамға пайдалы өнім алуды да көздеген.
Бұл жерде халықтың экологиялық санасы сонау көшпелілер
мәдениетінен бастау алатындығын көреміз.
Соңғы жарты ғасырдан астам уақыт бойына тұтынушы-
лық қоғам болғанымыз өзімізге белгілі. Адамзаттың та-
биғатты үстемдікпен игеріп келгендігі салдарынан қаншама
экологиялық апаттарға тап болдық. Бүгінгі таңда осы
тұтынушылық идеологиясы бүкіл әлем елдерінде өзінің кері
әсерлерін туындатып отыр. Елбасы осы жалған идеяны: «Ол
әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық ту-
ындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі
болып табылады» – деп анықтай отырып, өзінің сындарлы
балама идеясын ұсынған болатын. Ол, Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамы идеясы [104]. Табиғатты зердесіз игерудің ақыры
әртүрлі апаттарға әкелері сөзсіз.
Наурызды мерекелеудің
үлгілі-өнегелі жақтары мен тәрбие берерлік мәні ерекше.
Табиғаттың түрленіп, оянуы сияқты адамдар да сән-салтанатты
жағдайда бұл күнді атап өтуге тырысады. Ең бастысы адам
іштей бір тазарып, пейілін кеңге салып, жадырайды.
Бұл
үрдістің рухани мәдениетімізді жетілдіре түсері анық.
Наурыз көже жасау елдің, рудың ортақ ырыс-берекесін,
молшылықтың белгісін көрсетсе, қойдың басын тарту ел
бүтіндігін, ел басқарудың белгісін белдіреді, жұп шырақ жағу –
адамдағы жамандықты отпен аластап, жаңа жылға тазалықпен
кіру деген нанымнан туған.
Наурыз жырының негізгі түрі екеу: бірінші – наурыз күні
қариялардың халыққа беретін бата-жыры, екінші – ақын
жыраулардың халықты құттықтап айтқан жыры. Ұлыстың ұлы
күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза,
жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос
қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі
тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз
көже ішуге шақырады. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл,
пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады.
Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, рулар-
183
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
ды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып,
табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау
еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына
арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап, қиналғандарға
жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тар-
тылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес,
қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру және т. б.) ойналады.
Оның негізгі басымдыққа ие салалары бойынша – ден-
саулық сақтауда, мәдениетімізді өркендетуде, спортты жаң-
ғырту үдерістеріне тікелей атсалысады. Бұл мерекені ең
бастысы әрбір адам өзінен бастауы керек. Бұл мерекенің қы-
зығы адамдардың бір-бірімен рухани қауышуында. Наурыз
мерекесі әрбір қазақстандықтың кұнтты, еңбекқор, өзі елінің
қожайыны болуға тиіс екендігін сезіндіреді. Тарихи жадын оя-
тып, ұлттық санасын қалыптастырады.
Халқымыздың жыр-дастандары да, оны жырлаушы да
таптық көзқарастарға сәйкес келмесе, қазақтардың шат –
шадыман шақтарын еске түсірсе ол бай феодалдық кезеңді
аңсаушылық болып табылды. Сыншылар шығарманың
мәнділігіне назар аудармайды. Мәнділіктің тарихи алуан түрлі
типтері мен формаларын рухани өмірде айқындап, негіздеп,
дамытып жасайтын, туғызатын философиялық бағыттар
мен ағымдар. Қазақ рухани мұралары осылайша маркстік-
лениндік философиялық көзқарастар тұрғысынан бағаланды.
Ол жалғыз ақиқат. Коммунистік идеяның қаншалықты игілікті
болса да, өзінен басқаның бәрін жалған деп тәрк етуі оның
догматтығының айғағы.
Әсіресе «ХХ ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қазақстан»
(1947) тарихының Кенесары Қасымовтың көтерілісі жайындағы
тарауын жазған Е. Бекмақановқа «буржуазияшыл-ұлтшылдық
көзқараста», «ғылыми негізделмеген», «тұжырымдамасы саяси
жағынан қате» деген айдар тағылды. Бұл іргелі зерттеудің негізгі
идеясы: «Қазақстанда он жылға созылған ХІХ ғасырдағы ең ірі
көтерілістің қозғаушы күші көпшілік халық болды. Бірақ нақты
тарихи жағдайларды есепке алмай барлық қазақ хандарын ре-
акцияшыл тонаушы деуге болмайды. Қазақ халқының тарихын-
да кейбір кезеңдерінде прогресшіл рөл атқарған кейбір хандар
болды». Жұмыс ғылымның ақиқаттан басқаны мойындамайтын
184
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
қатал заңдылығын ұстанған, ұлтының рухани сұраныстарын
қанағаттандыруды басты мақсат ету тұрғысында жазылған бо-
латын. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының халқын
біріктіріп бір орталыққа бағынатын ұлттық мемлекет құру иде-
ясы болғандығын көрсету, және Кенесары ханның Тұлғалық
ерекшеліктерінің шынайы болмысын жасау басты нысана
етіп алынды. Зерттеу жұмысы Е. Бекмаханұлының ғылыми
әдіснамасының тек қана ақиқатқа жүгінуге негізделген еді.
Ол өзіне дейігі жарық көрген Кенесары хан туралы тарихшы-
лар еңбектеріндегі кемшіліктерге тоқтала отырып, оларды
сынға алған-ды. Жан-жақты білімдар, тарих ғылымдары бой-
ынша алғаш ғылым докторы атағын алған Бекмаханұлының
жетістіктеріне айналасындағылар іштарлық көрсете бастады.
Қазақ халқының тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеудің орны-
на шындықтан ойды басқа жаққа бұрмалауды көздейтіндер та-
былды. Олар өздерінің лас ойларына толы «Правда» газетінде
«За марксистско-ленинское освещение вопросов истории Ка-
захстана» деген атпен мақала жариялады. Мақала авторлары Х.
Айдарова, Т. Шойынбаев, А. Якуниндер Кенесары көтерілісін:
«қазақ халқын артқа тартқан реакциялық қозғалыс» – ретінде
сипаттайды. Керісінше, сол қозғалысқа нағыз ғылыми тұжырым
жасап, ақиқатын көрсетіп берген ғалым «тарихты бұрмалаушы»
болды. Хас талант пен нағыз ғалым, халқына бергенінен берері
көп ойшылды надандар аяғынан шалып түрмеге қаматты. Олар
өз іс-әрекеттерін саяси билікпен ауыз жаласу арқылы өрбіте
алды. Бекмақановты 1952 жылы 25 жылға бас бостандығынан
айырды. 1956 жылы академик, көрнекті қоғам қайраткері А.
Панкратованың араласуымен ақталып қайтадан ҚазМУ-ға ка-
федра меңгерушілігіне жұмысқа тұрады. Ғылыми ізденудің
аса бір құнды жағы мен ерекшелігі жайында Т. Омарбеков:
«Бекмаханов өз жұмысында Кенесары мен Наурызбай жайлы
халық арасында кеңінен тараған үлгілерді аса орынды пайдала-
на білді» [105] – дейді. Бекмаханұлы ауыз әдебиетін бұрмалау
атаулыға төзбей, шындық бетіне тура қарап, өзінің пікірін
бүкпесіз айта алды. Ол монографиясында Мәскеуде 1924 жылы
басылып шыққан Жүсіпбек Басығарин жинағындағы Нысанбай
жыраудың «Кенсары-Наурызбай» дастанындағы Кенесарыны
«ұрылар», «қарақшылар», «қанішерлер», «қаңғыбастар» көсемі
185
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
ретінде суреттейтін тұстары жолдан қосылғанын ашық айтады.
Біздің ұлттық мақтанышымыз, көшбасшымыз болған Кенесары
сияқты Тұлғаларымыздың шын бейнесін жасауға империялық
сана қарсылық көрсетіп бақты.
Партиялық бақылаудың келесі кезегі әдебиетші ғалым-
дарымыз Қ. Мұхамедханов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұма-
лиев, Қ. Ысмаилов, А. Жиреншиндерге түсті. Идеология
майданының сыншыларының әдісі бойынша кезекті сын
мақаланы дайындатып, партияның органы болып табыла-
тын «Казахстанская правда» немесе орталықтағы «Правда»
газеттеріне жариялайды. Партияның басты органы болып та-
былатын газетің бетінде сынға ілігудің артын түрме күтіп тұрар
еді. «Қазақ батырлық эпосын зерттеудегі қателіктерге қарсы»
деген мақалада, «таптық күрес» тұрғысынан зерттеудің болма-
уын сынға алды. Ақын Қадыр Мырзалы сол сүреңсіз, тарихы
тақырға, халқы пақырға айналған кезеңді:
Көз алдымызда, Апырм-ай,
Тарихым болды тақырдай.
Сүлмиіп қалды фольклор,
Сүзектен тұрған батырдай..
. [106]
– деп суреттеген еді. Ұшан теңіз эпостарымыздан «Қамбар»
мен «Ер Тарғынды» қазаққа әзер қияды. Келесі сынның
құрығы Республика Ғылым Академиясының президенті
Қ.И. Сатпаевқа түсті. Алашордашыл, буржуазияшыл-ұлтшыл
деген айдар тағылып, жұмыстан кетіреді. 1951 жылы 16–17
қазанда КК(б)П ОК VIII пленумында Ж. Шаяхметов жасаған
баяндама «ұлтшылдықты» қатты сынға алған сипатта болып,
Республикамыздың ірі ғалымдарының үстінен іс қозғалумен
аяқталды. Ақиқат бұрмаланды. Суреткердің ішкі рухани
болмысының танып-түсінген заман шындығы сол өмір сүріп
отырған қоғам идеологиясының шылауына түсті. Бұл кезең
жасандылық, жалтаңдық, жағымпаздық сияқты келеңсіз қы-
лықтар тудырды. Ой құрсауланды. Сахара халқының рухани-
мәдени өмірінің желісі үзілді. Жаңаша ой-тұжырымдар жасау
үшін қалыптан шығуға болмайтын болды.
186
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Нағыз ғалымдар мен биліктегілер арасы домалақ арыз жа-
зумен былғанды. «Қорыққанға қос көрінер» дегендей, бүкіл
рухани дүниеден буржуазияшыл-ұлтшыл идеялар іздеу 1954
жылға шейін қызу науқанға ұласты. Қазақ қауымы жаман
әдеттерге ең бастысы алауыздық, жалақорлық, партияны ма-
рапаттау арқылы жарамсақтыққа үйір болды. Ұлт санасы
төмендеді. Көздеген мүддеге жету тек үкімет пен партиялық
талап тұрғысына сай келу керек болды. Ғылымды, ақиқатты
бұрмалау түкке тұрмады. Әсіресе гуманитарлық ғылымдар
партиялық тезге түсіп, нәтижесінде халқымыздың шынайы
тарихы бұрмаланды. Нағыз ғалымның таным-түсінігі, ішкі
жетілген рухани болмысы тұрғысынан жасалған тұжырымдары
баяндалған шығармалары жойылып отырылды. Бағынғыш,
бейімделгіш, партияның қол шоқпарына айналған арзанқол
дүниелер қаптап кетті. Ұлттық мүдде дегенді ұмыттырып,
«интернационалдық» мүдделер үшін ондаған жылдарға
жасалған жоспарлар түпкі мақсатқа жету жолында қызмет
етті. Бұл шаралар ұлтты мәңгүрттенуге жеткізді. Этнос
зерттеушілері өз тарихтарын зерттеуде объективті бағалар
бере алмады. Осылайша тоталитарлық қоғамдағы әлеуметтік-
философиялық ойды талдау өте сақтықты талап етті.
Маркстік дүниетаным үстем болып тұрған кезде көптеген
қазақ ақын-жазушылары (М. Сералин, Б. Қаратаев, Ж. Жа-
баев) және тағы басқалар өздерінің ескі дүниетүсініктерінен
бас тартып, кеңес өкіметінің ұстанымы коммунистік көзқа-
расты қабылдады деп жазды Қ. Бейсембиев. Ал, Шәкәрім
Құдайбердиев пен Мәшһүр Жүсіп Көпеев дүниетанымы мен
көзқарастары жағынан өмірлерінің соңына шейін діни-мистик
болғандығын атап көрсетті [ 107, 236 б.]. Ұлтымыздың рухани
көсемдерін тарихи жадымыздан өшіруге тырысып-ақ бақты.
Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» атты кітабі қазірге дейін
қазақтар үшін жеңіл және түсініктілігімен құнды. Автордың
мұсылмандық ережелерді дәстүрлі қазақ дүниетанымы тұрғы-
сынан қарастыруы дін философиясынан жазылған іргелі еңбек
еді. Шәкәрім бұл еңбегінде еркін ойлау тәсілін қолданады.
Құранды өз бетінше түсіндіру шын дінде рұқсат етілмеген.
Шәкәрім және басқа да рухани өмірді қайта құрушылар
қазақ дүниетүсінігінде исламды ортықтырудың осындай жо-
187
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
лын таңдады. Сондықтан да Шәкәрімнің философ болып
қалыптасуына бір ғажабы сахара өмірінің қатал жағдайы емес,
жаңаша ойлауға итермелеген себептер: ақиқаттың мәнділігін
мойындау, соның жолында қызмет етуге сенім мен білімді
үйлестіру болды. Бүкіләлемдік деңгейдегі философиялық
жұмыстарды оқып-үйрене келе өзі соларды қорытындылай
отырып ақыл таразысына салып философиялық еңбектер
жазған Шәкәрім сынды еркін ойлы философты жоқ еткілері
келді. Бірақ Кеңестер Одағы кезіндегі «ақтаңдақтар» деп атал-
ған «Алаш» зиялыларының дүниетанымы мен көзқарастары
жайлы бұрмаланған түрде болса да танысуға мүмкіндік ту-
ғызған бұл зерттеуден көптеген мағлұматтар алуға болатын.
Халқымыздың рухани өмірінде үлкен істер атқарған ой-
шылдарды шығармаларын құртылып кетуден қауіптенген
М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Кенжебаевтар сынды қайраткерлер
өте ептілікпен оларды қорғаштай білді. Олар М.Ж. Көпеевтің
еңбектерін ғылыми айналымға енуіне аянбай атсалысты.
М. Әуезов: «Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық
үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек
Мәшһүрде мол екенін естен шығармау керек. Сондықтан
қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір са-
ласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбе-
гіне әрдайым орынды баға берілуі шарт» – деп өз тұжырымын
ашық білдірді [108]. Ал С. Мұқанов болса: « «Мес» жинағына
қарасақ, көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Сиясы
әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы.
Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ
тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан» деп
қорғаштайды [109]. Халықтың мәдени-рухани өмірінің дамуы-
на қосқан үлесін алға шығарып, кезеңнің солақай саясатының
құрбаны болудан сақтап қалады. Көпұлтты Кеңес әдебиеті
социалистік реализм әдісін ұстанды. Шығармашылық интер-
национализмді, жаңа коммунизм құрылысшысын, жұмысшы
табының мүддесін бейнелейтін үрдіс шеңберінде өрістеуге
тиіс болды.
Кеңес заманында Абай философиясындағы «Кемел адам»
идеясы «Кеңес адамының» идеясына айналды. Жазушылардың
Бүкілодақтық бірінші съезінде қабылданған Уставта: «Су-
188
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
реткерден болмысты революциялық даму қалпында, шын-
шылдықпен, тарихи нақтылықпен суреттеуін талап етеді,
болмысты суреттеудің шыншылдығы мен тарихи нақтылығы
еңбекшілерді идеялық жөнінен қайта өзгертіп, социализм
рухында тәрбиелеумен қиысып, жарасым табуы қажет»
– деп социалистік реализмді сипаттаған еді. «Кеңестік
жүйе тұсындағы адам өмірінің мәні қоғамның «жарқын
болашағымен» байланысты қарастырылып, жалпының аб-
солютизациясы жеке адамның өмірін мәнсіздендірді, тіпті
индивидті өз өмірінің жеке мақсаттары туралы ойлау хақы-
нан да айырды» – деп дәл атап көрсетті [110]. Көпшілікпен
бірге жалпықоғамдық мақсаттарды, құндылықтарды ұстанып
өмір сүрді. Жекелік жалпылық мақсат-мүдде жолында
құрбан болды. Әрбір адамда бір ғана идеалды, бір ғана ма-
териалистік көзқарасты қалыптастыру керек болды. Бұндай
тұрпайы түрдегі дүниетаным халқымыздың құндылықтарын
құлдыратты. Енжарлық, немқұрайлық, көппен бірге көрерміз
деген болашаққа үмітін арта салатын салғырт самарқау күйге
түсірді. Бұл идея жеке адамдарда көзсіз, көкірексіз құрғақ
сенімді қалыптастырды. Бірақ, адамның күрделі сан жықпырлы
болмысы ол сенімге алданбаған екен. Осындай ұзақ жылдар
бойы социализм идеяларын санаға зорлықпен сіңіру мен ре-
прессиялар адамдарда өшпенділік тудырды.
Кеңестік кезеңге дейін-ақ, Ұлы Империя Қазақ даласын
географиялық жағынан ғана зерттеп қоймай, әлеуметтік-саяси
қоғамдық құрылысын да зерттеу объектісіне айналдырған
болатын. Әуелі халқымыздың аңғал, ақкөңіл, мәрт, жомарт,
қонақжай сияқты жақсы қасиеттерін пайдаланып оның ішіне
кіріп, ақыры жаулап алды. Өз жерін өзіне өгейсітті. Енді,
жаңа қоңсымыз жақыннан біздің осал жақтарымызды: руға
бөлінушілігімізді, мансапқорлығымызды тағы басқа толып
жатқан кемшіліктерімізді білген бойда ағайындар арасында
дау-жанжалдар туғызуға лайықты әдіс-айлалар ойлап тау-
ып отырды. Халықты тұтастығынан айыру басты нысана етіп
алынды. Жалақорлық, даукестік, іштарлық, мансапқорлық қазақ
философиясында әсіресе соңғы кезеңдерде көбірек назарда
ұстанған ұғымдар қатарына жатады. Шоқан Уәлихановта бұл
жайында өзінің күйінішін былай деп жазды: «Сауаттылық
189
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
сахараға тек жалақорар мен даукестердің өсек-аяңын көбейту
үшін ғана келген сияқты». Бұл ойды заманымыздың ұлы
суреткері О. Сүлейменов те қазақтардың бұндай жаман
қылыққа душар болуының себебін Патша үкіметінің әр
округке жалақы төленетін жалғыз лауазымды қызмет ор-
нын тағайындауынан деп түйіндейді. Иә, қазақ өлкесі осыған
дейін бір-біріне дәл сондай алакөз, дәл сондай жау адамдар-
ды кездестірмеген де, көріп білмеген де еді. Жалақорлардың
қатары хат біліп, қара таныған әрбір ауқатты, атқамінерлермен
бірге үсті-үстіне көбейіп отырды... Ол мансапқа қолы жеткен
адамсымақтар ел үстінен күн көретінін місе тұтпай, өздерінің
адамгерішілік, ұлттық парыздарын оп-оңай ұмытып, халық
намысын аяққа таптағанын қайтерсіз. Әр кездері ел басы-
на түскен қасіреттерге, міне, осындайлар кінәлі болмақ.
Олардың қағаз бетіндегі шимай-шатпақ шайқастарының
көлеңкесінде жантүршігерлік істер қоса қабат жүріп жатты:
Шоқан, Абай, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің өліміне міне осылар
айыпкер [111]. Адам бойындағы бұндай жаман пиғылдардың
оянуына билікке деген құштарлық себеп болды. Осындай
қоғам өміріндегі өзгерістер адамдар мінез-құлқына ықпалы
болғанын қазақ ұлтының бір ғасырлық дүниетанымын,
дүниетүсінігін, ар-ожданын зерделеу арқылы пайымдай
аламыз. Алайда халықтың мықты рухын ашаршылық, ше-
тел асып ауа көшуі, репрессиялар жасыта алмады. Түбінде
әділетті, ізгілікті қоғам орнайтынына сенді. Сол жолда адам
рухы ширыға шыңдалды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі
кезеңде социалистік қоғам құру ұлы мақсатқа айналды. Сол
кезеңдердегі оқиғалар барысын, адамдар көзқарасын зерде-
леп бақсақ социализм құру жолында олар өздерін құрбан
етуге даяр болды. Коммунизм идеясына шын берілген, жанын
пида ететін фанатиктер өзін сол қияли қоғамның құралына
айналдырды. Осы жігер, осы қайрат тарихта қоғамның даму
жолдарының сан-соқпақты бір кезеңін бастан кешіргені
мәлім. Кеңестер заманында адамды негізінен екі-ақ арнаға са-
лып қарастыру дәстүрге айналған еді, олар: адамның табиғи-
биологиялық және әлеуметтік таптық болмысы. Осы мето-
дология негізінде көптеген кітаптар жазылды, әдебиетпен
өнерді түсінуде де осы қағида негізге алынды [112].
190
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
Білім алу мен рухани жан-жақты даму арасындағы терең
қайшылықтар болатынын осы Кеңестік кезеңнің шындығынан
пайымдауға болады. Патшалы Ресей кезінде қазақтарды әскер
қатарына алып, қару асынуына сенімсіздік танытқаны белгілі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан уақытта 1916 жылғы
25 маусымдағы жарлығы бойынша 19 бен 31 жастың арасындағы
қазақ жігіттері тыл жұмыстарын атқаруға әскерге шақырылды.
Оларды окоптар қазуға пайдаланды.
Ресейдің әскери оқу орындарында қазақ хандары мен
сұлтандары, би-болыс өкілдері бірлі-жарлы күйде оқыды.
Отаршылдар оларды негізінен қазақ даласында өздерінің
пиғылдарын жүзеге асыру мақсатында пайдаланды. Әскери
шендер мен атақтар берілді. Омбы кадет корпусында
оқып жатқан орыс әскерінің офицері, полковник Шыңғыс
Уәлихановтың ұлы Шоқанның да соңғы курста өтетін орыс
армиясының стратегиясын оқымай ерте бітіруінің себебі бол-
ды. Бұратана халық өкілдеріне әскери стратегияны үйретуге
тиым салынды. Оны тек орыстар ғана білу қажет деп тапқан
саясат Кеңестік кезеңде де өз жалғасын тапты. Оны екінші
дүниежүзілік соғыс басталар алдындағы әскери кадрлар
жайында, сол кездегі Одақта жоғары дәрежелі командирлер
дайындайтын «Выстрел» сияқты курстар мен әскери акаде-
мияларда оқитын қазақтар жоқтың қасы еді деп жазады та-
рихшыларымыз [113].
Осындай бір ұлттың екінші ұлттан артықшылығын, бір
мемлекет екіншісінің байлығы мен жеріне арандату, тартып
алу мақсатында соғыс ашуы сияқты мәселелер бой көрсеткен
шақта жалпыадамзаттық құндылықтар құлдырайды. Біреулер
үшін бұл соғыс әділетті. Екінші жақ үшін басқыншылық,
ашкөздік адамгершілік тұрғыдан азғындалған. Қарама-
қарсылықтардың күрес заңы. Соғыс жылдары дивизия
командирі дәрежесіне тек полковник Бауыржан Момышұлы
ғана ие болды. Соғыстан кейін Бас Штабтың әскери ака-
демиясын бітіреді. Әскер қатарында 1955 жылға дейін
қызмет атқарды. Оның турашыл, өжет мінезі әрине кейбір
бастықтарына ұнамағандықтан, оның майдандағы ерлік істері
дұрыс бағаланбады. Өзін әскери Тұлға дәрежесіне көтере
білген Б. Момышұлы әділетсіздікке тап болғанда да мойы-
191
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
мады. Кеңес заманында Бас Штабтың әскери академиясын
қазақ ұлтының 3 өкілі ғана бітіріпті. Олардың ең алғашқысы
Б. Момышұлы. Ол Кеңестік Армияның көп ұлтты құрамын
ескере отырып «ұлттық ерекшелік психологиясын» ұсынды.
Ол кездері ондай ұғымдарды жауынгерлер арасында айтуға
тыйым салынған.
«Ерлік» – адамның сын сағатта іркілместен, батылдықпен
бар жан-тәнімен шындықты, әділдікті, әділеттілікті қорғау-
дағы іс-әрекеті. Еліміздің шекарасын, қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде қарулы күштері мен әскері әрқашан өзінің қырағылы-
ғын сақтап отыруы қажет. Кеңес әскерлері қатарында
қазақтар да Отан алдындағы борыштарын атқарды. Олар
өздерінің отбасын, ата-анасын, елін, жерін батырлық пен қоса
жаужүректілікпен қорғады. Ер мінездерін көрсетті. Қашанда
рухы биік тұратын қазақ ұлтының өкілдері қайсарлықтарын
шыңдай түсті. Томиристей батыр қыздар рухы дарыған қос
жұлдыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовалар Кеңес
Одағының Батыры атағына ие болды.
Кеңес Одағының батыры, академик Мәлік Ғабдуллин ге-
нерал И.В. Панфилов бастаған даңқты 8-ші гвардия дивизия-
сы құрамында Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысты. Қазақ
халқының батырлық-ерлік дәстүрлерін, сол кездегі соғыс қару-
жарақтарын пайдалана білу шеберлігімен ұштастырған өнері
оның рухын асқақтатты. Мәлік Ғабдуллин майдандас серіктері
туралы жазғандарында табандылық, төзімділік, қайсарлық
сияқты ізгі қасиеттердің көріністерін өзінің шығармашылығына
арқау етті. Ұлт мақтанышы, ержүрек қолбасшы Бауыр-
жан Момышұлы жайлы «Бауыржан Момышұлы», «Қазақ
мақалының күші» оның соғыс кезіндегі іс-қимылдары мен
жауынгерлерге оның қанатты нақыл сөздерінің әсері жайлы
шебер баяндайды. «Менің майдандас достарым» (1947, 1985),
«Сұрапыл жылдар» (1972) атты кітаптары даңқты И.В. Пан-
филов пен Төлеген Тоқтаров, журналист-аудармашы, батыр
барлаушы Бақтияр Меңдіғазин мен жауынгер компазитор Ра-
мазан Елебаевтың ерлік өмірі жайлы естеліктерінде қазақстан-
дық жауынгерлердің биік рух әлемі мен адами болмысын
көркемдікпен зерделейді. Күнделіктерінде: «Майдандағы адам
анау-мынау жалтармаңды білмейді, ол шындықты, әділдікті
192
Қазақ философиялық ойы эволюциясындағы еркіндік идеясы
айтады. Өйткені ол осы соғыста әділдік, адалдық, шындық
үшін қан төгіп жүр» – деп жазыпты. Ендеше тиісті жерінде
өзі де өткірлік, турашылдық мінез көрсетіп отырған. «Красно-
армеец» журналының редакция алқасының мүшесі, генерал-
майор М.А. Мироновқа жазған хатында (25 желтоқсан 1943)
соңғы уақытта осы журналда неліктен орыстан басқа ұлттан
шыққан жауынгерлердің өмірі туралы материалдар (очер-
ктер, әңгіме, өлеңдер) және олардың суреттері басылмай-
ды. Сондықтан да олар туралы толғаныстар жауынгерлерді
халықтар достығы рухында тәрбиелеуге мықтап көмектеседі
деп санаймын делінген. Нағыз ұлттық зиялылықтың үлгісін
Бауыржан Момышұлы өзі ғұмыр кешкен кеңестік кезеңде де
көрсете білді.
Қазақ зиялылары кеңестік идеологияға қарсы өз көз-
қарастарын, дүниетанымдарын ашық түрде қоя алды. Ұлттық
мүддені тура көздеген, мыңдаған жылдар бойғы халық арма-
ны болған ұлттық мемлекетті қалыптастыру жолында Алаш
қозғалысы мен Алаш идеясы қазіргі кезде өз өзектілігімен
бүгінгі егемен еліміздің болашағымен сабақтасып жатыр.
Жаһандану үрдісінде қазақ тек өз рухын жаңғырту, асқақтату
арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас болып келе
жатқан ұланғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Қазақ ру-
хын жүзеге асырудың бір жолы қазақ идеясын жаңғырту болып
табылады. Оның алғы үлгілері кешегі Алаш ұсынған жолдарда,
қанымызда ұйықтап жатқан ұжымдық санадағы архетиптерде
жатыр. Бұлардың барлығы оянып, жаңғырып бүгінгі қазақтың
рухын көтеруге жұмыс істеуі керек. Олар әсіресе тілдік саясат-
та, мәдениетте, жалпы руханиятта, қоғамдық өмірде көрінуі
тиіс. Сонда ғана бөтенге ұқсамайтын, өзіндік миссиясы, жүру
жолы бар қайсар рухты қазаққа айналамыз [113].
Қазақ халқының социализм тұсындағы мәдени-рухани
дамуын қарастырған кезде, оның оңды жақтарына тоқталған
жөн. Қазақстанда біріншіден, ғасыр басындағы зиялыларымыз
бен ағартушылар армандаған халқымызды қараңғылықтан
құтқару жүзеге асты. 1930 жылдары Республикамызда міндетті
бастауыш және орта білім беру қолға алынды. Барлық пәндер
бойынша жаңа бағдарламалар жасалынды. Оларды жазуға
ғалымдар мен жазушылар қатысты, Қазақстанда ғылым мен
193
3. ХХ ғасырдағы еркіндік құбылысының қайшылықты сипаттары
мәдениетті қалыптастыруда – оның құжаттық негізін құру –
архивтер, музейлер, кітапханалар ашылды. Олардағы жазба-
ша құжаттар мен заттай түрдегі тарихи-хабарламалар ерек-
ше рөл атқарды. Егер революцияға дейінгі қазақ жерінде
тек Семейдің жергілікті география қоғамындағы архив бол-
са, 1924 жылдың аяғында барлық губерниялар мен уездерде
кітапханалар ашылды.
КСРО дәуірінде Архив социализмді дәріптеудің иео-
дологиялық құралы болды. Республикадағы барлық құжаттар
айналымының 10%-ға жуығы коммунистік құндылықтар
тұрғысынан мұқият сұрыпталып, мемлекеттік сақтауға Архив-
ке жинақталды. Құжаттардың біржақты іріктелуінің салдары-
нан Қазақстанның шынайы тарихын бейнелейтін аса бағалы де-
ректер архивке түспей, біржолата жойылып отырды. Ал, архив
қорындағы құжаттардың басым бөлігі түрлі жасанды шектеу-
лер қою арқылы зерттеушілерге берілмеді. Жалпыадамзаттық
құндылықтарға әр халық өз жетістігімен үлес қосады. Он-
дай болса ұлттық тарихымыздың шындық беттерінен қате-
ліктеріміз бен мінімізді түзеуді қолға алу керек. Еліміздің
ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихи жәдігерлері жоңғар
шапқыншылығынан қиратылып, өртелгенімен қоймай, одан
кейінгі Ресейге қараған кезден бастап орталыққа жөнелтілгені
белгілі. Кеңестік кезеңде басты идеологияға қайшы келген
құжаттар жойылып немесе «жөнелтіліп» отырған.
Бірақ қазақ халқының жады оның соңғы тұяғы қалғанша
өшпейді. Кез келген қазақ өзінің шежіресін, батырлар жырын,
ән-күйін туған жерінің ой-қырын төгілте жөнелткен. Халық-
тың рухани өмірі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарих айту дәстүрі
бойынша жетіп отырды. Дәстүрлі суырып-салма ақындық-
ты жалғастырушы Жамбыл Жабаев, айтыскер Кенен
Достарыңызбен бөлісу: |