4 бет 8 бет №15 (108) 6 тамыз, 2015 жыл. АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата02.03.2017
өлшемі9,58 Mb.
#5111
1   2   3   4   5   6

Р.ШАЙБАЕВА, А.БУТОБАЕВА,

 жаратылыстану-техникалық 

факультетінің «Өмір тіршілігінің 

қауіпсіздігі және қоршаған орта-

ны қорғау» мамандығының 2 курс 

білімгерлері, 

А.КЕНЖЕБЕКОВ, Ж. ҚАНАҒАТОВ

оқу іс-тәжірибе жетекшілері. 

Жетісу 

университеті



АТА ЗАҢҒА - 20 ЖЫЛ

бейсенбі,  6 тамыз,

2015 жыл

5

СОТ БИЛІГІ - ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

АТА ЗАҢ АЙБЫНЫМ

   


Қ

азіргі дүниедегі 

кез келген мемле-

кет өзінің алғашқы 

қадамын тәуелсіздігімен 

қатар, Конститу-

циясын қабылдаудан 

бастайды. Бұл сол 

мемлекетті құраушы 

ұлттың ғасырлардан 

жинақталған өзіне 

тән ұстанымының, 

заңдарының, жүрген 

жолдарының өзегінен 

шығып, келешегіне бағдар 

жасайтын басты белгі. 

Ұлы даланы мекендеген алты алаштың 

да өз дала заңдары, өзіндік конституциясы 

болғаны анық. Яғни, көне дәуірден бастау 

алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік 

сақтап  қалды,  ол  Сөз  құдыреті  мен  Заң 

құдыреті.  Ел  басқарудың  тамаша  үлгілері 

біздің  ата-бабаларымызда  да  болған. 

Орта  ғасырдағы  түркі  бабаларымыздың 

бітік  жазуына  бармағанның  өзінде,  қазақ 

даласындағы бізге мейлінше мәліметті бо-

лып  жеткен  «Қасым  ханның  қасқа  жолы», 

«Есім  ханның  ескі  жолы»,  Тәуке  ханның 

«Жеті жарғысы» секілді заң жүйелері қазақ 

елі Конституциясының ертеректе қаланған 

іргетасы. 

Қазақстан 

Республикасының 

Ата 

Заңы  –  бейбітшілік  пен  бостандықты, 



азаматтардың  ерік-жігері  мен  құқығын, 

сенімін  қорғайтын  бірегей  заң.  Сондай-ақ 

мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылыстың 

іргелі  қағидаттарын  реттейтін    аса 

маңызды құжат. Ата Заңымызды қастерлеу 

және  оның  қағидаларын  сақтау  –  әрбір 

қазақстандықтардың парызы мен міндеті.  

Елбасымыз  көрсеткендей,  Ата  заң  – 

мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың 

өзі  екенін  айқындады,  жаңа  Конституция 

қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге 

қадам  басты.  Аталған  заңнама  осындай 

ұлан ғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, бір 

жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығарып,тату 

тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын ны-

шаны болып табылады. Оның айқын дәлелі, 

елімізде қазіргі таңда 140 этнос пен 46 діни 

қауымдастық  келісім  мен  достықта  өмір 

сүріп отыруы. 120-дан аса ел Қазақстанды 

ресми  түрде  танып,  тату  дипломатиялық 

қарым-қатынас құрды. 

Еліміздің  Конституциясы    азаматтардың 

сот  төрелігіне  еркін  қол  жеткізуін  белгілеп, 

әрбір  азамат    өзінің  құқықтары  мен 

бостандықтарын    сот  арқылы  қорғауына 

кепілдік  береді.    Конституция  бойынша 

егеменді  елімізде  сот  жүйесі    мемлекеттік 

биліктің бір тармағы болып табылады. 

Жиырма  жыл  ішінде  еліміздің  сот  билігі 

ел  Тәуелсіздігінің  басты  бір  тірегі  болғаны 

сөзсіз. Егемен еліміздің тәуелсіз сот жүйесін 

қалыптастырудағы  оң  өзгерістер  1991 

жылы  16  желтоқсанында  қабылданған 

«Мемлекеттік  Тәуелсіздік  туралы»  заңнан 

бастау алды. Бүкіл әлемдік қауымдастықтың 

алдында,  Қазақстан  Республикасының 

демократиялық  дамудың  сара  жолы-

на  түскендігін  жариялаған  аталмыш  заң, 

еліміздегі  мемлекет  билігінің  заң  шығару, 

атқару  және  сот  билігі  тармақтарына 

бөлінуін заңдастырды.

Сот 


билігінде 

реформаның  баста-

масы егемен еліміздің 

1993 жылғы ақпан ай-

ында тұңғыш Конститу-

циясын  қабылдаумен 

басталды.  Ата  Заң 

сот  билігінің  ұйымы 

мен  қызметінің  негізгі 

қағидаттарын  бекітті. 

Егемен 

еліміздің 



тәуелсіз  сот  жүйесін 

жетілдіруде 

атал-

мыш  заң,  ғасыр  жүгін 



арқалады  десек,  асы-

ра  айтқандық  емес. 

Осы уақыт аралығында мамандандырылған 

соттар  құрылды,  үш  сатылы  сот  жүйесі 

жұмыс  істей  бастады.  «Сот  жүйесі  мен 

судьялардың  мәртебесі  туралы»  заңы  – 

судьяның  тәуелсіздік  кепілдіктерін,  оның 

мәртебесіне  сай  материалдық  мүмкіндігін 

құқықтық  тұрғыдан  бекітті.  Судьялар 

тәуелсіздігінің  негізгі  шарттары  –  олардың 

ауыспаушылығы, ешкімнің тиіспеуімен, сот-

ты  құрметтемегені  үшін  жауапкершіліктің 

енгізілуі, өкілеттілігін тоқтата тұруы қаралған 

немесе  өндірісте  тұрған  істердің  мән-жайы 

бойынша  қандай  да  бір  түсініктеме  беруге 

міндетті еместігі туралы бапты белгілеуден 

тұрады. Және де судьяға заңда көзделмеген 

міндеттерді жүктеуге тыйым салынады.

Біз  Мәңгілік  Ел  боламыз  деп  кемел 

мемлекет  құруды  көздеген  халықпыз. 

Сот  төрелігінің  әділдігі,  жедел,  әрі  толық 

орындалуы  –  кез-келген  елдің  кемел 

болмысының көрінісі.  Сот жүйесінің  дамуы 

тоқтап қалатын құбылыс емес, оны үздіксіз 

жетілдіріп  отыру  керек.  Біз  бұл  бағыттағы 

жұмыстарды  жалғастыра  береміз.  Ал,  су-

дьялардан  әрқашан  жоғары  біліктілік  пен 

әділдік, адалдық талап етіледі.

  Конституциялық заңдылық және құқық 

тәртібін реттеуді нығайту ісінде басты міндет 

сот  жүйесіне  жүктелді.  Жоғарғы  соттың 

басқаруымен  бірегей  сот  жүйесі  құрылды. 

Ол  Қазақстан  Республикасының  Консти-

туциясы  қарастырған  төменгі  соттардың 

қызметін  сотпен  бақылаудың  заңда 

қарастырылған  процессуалдық  формала-

рын жүзеге асыру міндетін толығымен іске 

асырады, сот тәжірибесі мәселелері бойын-

ша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Барлық 

құқық  қорғау  органдары  ішінен  ең  жоғары 

АТА ЗАҢ

Ата заң,


Ата заңым,

Ата заңым - ардағым.

Аялаған адамзаттың арманын,

Жол бастайды

Болашаққа жасампаз.

Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.

Алтын заңда - Парасатым, пайымым,

Алтын заңда – күш қуатым, жалыным,

Сен қорғайсың, Бостандық пен Құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн.

Ата заңым –  ұлы құжат қолдайтын,

Елімнің әр  азаматын қорғайтын.

Сан ғасырлар арман болған күн туды,

Жер бетінде  әділеттік орнайтын.

Қазақ елін күллі  әлем таныды,

Аруақтардың ақ тілегі дарыды.

Елбасымен «Мәңгілік Ел» болуға,

Жастарымыз  жігер-отын жаныды.

Мемлекетім самғай бер қыран қанат, 

Сүйем сені арменен Құрандағы ақ. 

Бірлікпен, татулықтың символындай, 

Көк туыңа тамсанып  тұрам қарап..

                    

Қымбат ӘБДІЛДАҚЫЗЫ.

бағдарламасына  сай  Елбасы  әлемдегі 

ең  өркендеген,  дамыған  30  мемлекеттің 

қатарына қосылу жөнінде биік меже қойып 

отырғандықтан қол жеткенге тоқмейілсімей 

елімізде    экономикалық,  әлеуметтік  және 

саяси  бағыттар  бойынша  барлық  салалар 

барынша    жетілдіріле  түсуі  керек.  Соның 

ішінде Қазақстанның сот жүйесі де алдыңғы 

қатарда  болуы  қажет.  Бұл  туралы  Елба-

сы: «Сот төрелігінің әділдігі мен жедел, әрі 

толық орындалуы – кез-келген елдің кемел 

болмысының  көрінісі...  Халқы  заңын  сый-

лайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған 

қоғам.  Біздің  мақсатымыз  –  дәл  сондай 

қоғам құру» деп соттардың алдына жауап-

ты міндеттер жүктеген болатын. Сондықтан 

Мемлекет  басшысының  тапсырмаларын 

тиянақты  түрде  іске  асыру  мақсатында 

Алматы  облыстық  сотының  судьялары  да 

азаматтардың  конституциялық  құқықтарын 

қорғау жолында қара қылды қақ жара оты-

рып,  сот  төрелігінің  әділдігі  мен  жеделдігін 

қамтамасыз ету үшін барлық біліктілігі мен 

білімдерін сарқа жұмсай береді.

Ата  Заңымызда  бүкіл  адамзаттық 

құндылықтар  мен  өркениеттік  игіліктердің 

қамтылғанын  айғақталған.    Біз  ұлан-ғайыр 

байтақ  даланы  ақ  білектің  күшімен  қорғап 

қалған батыр бабаларымыздың асқақ ама-

натына  адал  болуымыз  қажет.    Елі  азат, 

жері тұтас қуатты мемлекет құруды арман-

дап  кеткен  ата-бабаларымыздың    арма-

нын  ақиқатқа  айналдыру  біздің    бақытты 

ұрпаққа бұйырған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Консти-

туцияны қатаң ұстану - бұл мемлекеттіліктің 

табысты  дамуының  және  қоғамдағы 

азаматтық  келісімнің  негізі.  Ол  бойынша 

өмір сүру - бұл демократияның ең жоғарғы 

мектебі.  Бұл  мектептен  барлығымыз  өтуге 

тиіспіз.  Өзіміздің  елімізді,  өзіміздің  тари-

хымызды,  өзіміздің  жетістіктерімізді  қалай 

құрметтесек,  оны  да  солай  аялауымыз 

керек.  Конституцияны  сыйлай  білмесек, 

оның  талаптарын  мүлтіксіз  орындай 

алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, 

бейбітшілікке  және  тыныштыққа  жету 

мүмкін  болмайды,  яғни,  мұндай  жағдайда 

Отанның  ырыс-берекелі  болашағы  туралы 

айтудың да қажеті жоқ» деп атап көрсеткен 

еді.  Шындығында  кез  келген  мемлекеттің 

ұстанымын, 

ұлтының 


құндылығын 

айқындайтын  Негізгі  Құжат  –  Конституция. 

Олай  болса,  Ата  заңды  киелідей  аялап, 

қастерлеу  –  ұлттың  ұлы  парызы.  Ендеше, 

әрбір  қазақстандық  Ата  Заңымызды  сый-

лап, құрметтей білгені дұрыс.

                                

М.ТАЙМЕРДЕНОВ, 

                                         з.ғ.д., профессор, 

Алматы облыстық 

                                     сотының төрағасы.

тұрғаны  Жоғарғы  Сот  болып  табылады. 

Жоғарғы  Соттың  абыройы  –  Қазақстанның 

абыройы, жалпы биліктің абыройы.

«Қазақстан  –  2050»  стратегиялық 

Осы  заңды  әрекеттерді  жүзеге  асы-

ратын  орган,  ол  —  сот  органы  болып 

табылады.  Мысалы,  Қазақстан  Респу-

бликасы  Конституциясының  13-бабының  

2-тармағында: «Әркімнің өз құқықтары мен 

бостандықтарының сот арқылы қорғалуына 

құқығы бар», - деп атап көрсетілген.

Қазақстан 

Республикасында 

әркім 

өзінің құқықтары мен бостандықтары заңға 



қайшы  келмейтін  барлық  тәсілдермен 

қорғауға  хақылы.  Барлық  жеке  тұлғалар 

өзінің  бұзылған  немесе  талас  тудыратын 

құқықтарын қорғауды өтініп, сотқа жүгінуге 

бірдей құқылы. Кез келген жеке тұлға сотқа 

өзі тікелей немесе өзінің өкілі арқылы жүгіне 

алады. 

Әділ  сот  –  бұл  заңда  белгіленген 



процессуалдық тәртіпке сай іске асырыла-

тын және азаматтық, қылмыстық, әкімшілік 

және басқа да құқық салаларына байланы-

сты  дау-дамайларды  қарау  мен  шешудің 

сенімді кепіліне айналып келеді. Өркениетті 

қоғамда сот бүкіл құқық жүйесінде орталық 

орын  алады.  Сот  нағыз  әділеттілікті 

бейнелейді. 

Талдықорған 

мамандандырылған 

ауданаралық  әкімшілік  соты  өз  кезегінде 

Талдықорған  қаласы,  Текелі  қаласы, 

Ескелді  ауданы,  Көксу  ауданы  бойынша 

әкімшілік  істерді  қарап,  заңды  шешімдерін 

қабылдап келеді. 

Әкімшілік 

сотқа 

келген 


әрбір 

азаматтың  құқықтары  5  шілде  2014 

жылы  №235-  V  Заңымен  қабылданған 

Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік 

құқық  бұзушылық  туралы  кодексінде 

айқын  көрсетілген.  Атап  айтқанда,  ҚР 

ӘҚБтК-нің  15-бабының  талабы  бойынша 

мемлекетіміздің әкімшілік құқық бұзушылық 

туралы  заңдары  адамның  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етеді  және  құқық  бұзушылық 

жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда 

адам  жанын  күйзелтуді  немесе  адамның 

қадір-қасиетін  қорлауды  жазалау  мақсаты 

етіп қоюға болмайтынын нақты көрсеткен. 

9-бап.Азаматтардың  заң  мен  сот 

алдындағы  теңдiгі,    яғни,  әкiмшiлiк  құқық 

бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу 

барысында  заң  мен  сот  алдында  бәрі 

тең.  Тегіне,  әлеуметтiк,  лауазымдық  және 

мүлiктiк  жағдайына,  жынысына,  нәсiлiне, 

ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымы-

на, тұрғылықты жерiне байланысты немесе 

кез  келген  өзге  де  мән-жайлар  бойынша 

ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 

11-бап.Кiнә  қағидаты,    яғни,  жеке  тұлға 

кiнәсi  анықталған  құқық  бұзушылықтары 

үшiн  ғана  әкiмшiлiк  жауаптылыққа  жата-

ды.  Жеке  тұлғаның  кiнәсiз  зиян  келтiргені 

үшiн  объективтi  кiнә  тағуға,  яғни  әкiмшiлiк 

жауаптылыққа  жол  берiлмейдi.    Қасақана 

немесе  абайсызда  іс-әрекет  жасаған  жеке 

тұлға  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылыққа  кінәлі 

деп танылады.

Әкiмшiлiк  жауаптылыққа  қайта  тартуға 

жол  бермеу  12-бап,  яғни  ешкiмдi  де  нақ 

сол  бiр  құқық  бұзушылық  үшiн  әкімшілік 

жауаптылыққа екi рет тартуға болмайды. 

13-бап. 


Iзгiлiк 

қағидаты. 

Құқық 

бұзушылық жасаған адамға қолданылатын 



әкiмшiлiк жаза дене азабын келтіруді неме-

се  адами  қадiр-қасиетті  қорлауды  мақсат 

тұтпайды.

14-бап. Жеке басқа қол сұғылмаушылық.  

Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен 

өзгеше  ретте,  ешкiмді  де  әкiмшiлiк  ұстап 

алуға, күштеп әкелуге, iшкi iстер органдары-

на (полицияға) немесе басқа да мемлекеттiк 

органдарға  жеткiзуге,  жеке  басын  жете 

тексеруге  және  жеке  тұлғаның  заттарын 

жете  тексеруге  немесе  әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді 

қамтамасыз  етудің  өзге  де  шараларын 

қолдануға болмайды.

Қорытындылай келе, құқықтық саясаттың 

маңызды  мәселесі  азаматтардың  Консти-

туция  кепілдік  беретін  сот  арқылы  қорғалу 

құқын жүзеге асыруы болып табылады. Бұл 

үшін  сот  төрелігін  жүзеге  асыру  процесін 

оңайлату, оны басы артық бюрократиялық 

рәсімдерден арылту керек. 

Н.ҚАРАБАЕВ, 

Талдықорған мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотының 

төрағасы.

Қандайда бір мемлекеттегі 

жеке тұлғаның құқықтары 

мен бостандықтарын 

қорғауда сот органының 

орны ерекше. Себебі, әр аза-

мат құқық субъектісі бола 

отырып, өзінің құқықтары 

мен бостандықтарын заңға 

қайшы келмейтін барлық 

әрекеттермен қорғауға 

құқылы. 

ҚАҒИДАСЫНЫҢ КЕПІЛІ


Нөсер

Жетісу 


университеті

6

бейсенбі, 6 тамыз, 

2015 жыл

ТАЛАНТТЫЛАР ТҰҒЫРЫ

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

(әңгіме)

Аптапқа шашым шарпылып,

Тарады желдің тарағы.

Бұталар құмға малтығып,

Қараңдап кетіп барады.

Солардың мен де бірі боп,

Кешемін ойдың ақ құмын.

Тұрды да тауда дірілдеп,

Мұңыма келіп батты күн.

Мың сауал қойдым.

Ұлық күн

бір жауап айтар түрі жоқ.

Қолыма қысқан үміттің,

Сабағы қалды гүлі жоқ.

Көлік қып жолға алғаным,

Көңілдің сынық күймесі.

Ағытылады алда мың,

Жейделі күннің түймесі.

Жанды да сөнді сәуле бір,

Айналды сосын сағымға.

Әлекке түскен әуре-Өмір,

Өлеңге ен де, дамылда.

 

Оңайгүл ТҰРЖАН.

Балалық дәуренім бал күліп,

Шыбықтан кесіп  ап тал мініп,

Ауылдың арасын шаң қылып, 

Жүрген кез есімде мәңгілік.

Түріп-ап шалбардың балағын,

Аралап қыр төсін даланың.

Жинаушы ек құшаққа  құлпырған,

Гүлдердің үзіп ап шанағын.

Беу, шіркін, балалық!..

Шытпайтын қабағын,

Тас тіліп кетсе де табанын.

Ауылдан іргені аулақ сап,

Құмартып балыққа қармақ сап.

Бұзауды өрістен әкелмей, 

Іздейтін әжеміз  зар қақсап.

Шашылып әр жерде әр асық,

Қалушы ек келіспей таласып.

Ұмытып іштегі өкпені,

Кетуші ек әп-сәтте жарасып.

Беу, шіркін, балалық!

Шытпайтын қабағын,

Тас тіліп кетсе де табанын.

Үйірін бұлттың үркітіп,

Өктем жел жатыр жүн түтіп.

Жел бесік тербеп Жер Ана,

Жаңбырын көктен тұр күтіп.

Далаға пана болғандай,

Тау төсін тосты қорғандай.

От шашып аспан жаңғырды,

Үстінде бомба жарғандай.

Ашудан қайтып қалғандай,

Жел тыныс бір сәт алғандай.

Тасырлап нөсер басталды,

Су болып майса малмандай.

Үстінен тамшы сорғалап,

Сұр торғай қашты жорғалап.

Тығылып талдың астына,

Нөсерден басын қорғамақ.

Сабалап нөсер жонды ұрып,

Өзеннің суын толтырып.

Оймақтай болып үйірілді,

Ойпаңдау жерге көл тұнып.

                                      



Үсен ӨМІРЗАҚОВ.

Асығың  бір  сәтте  ирелеңдеп  ұшып  ба-

рып  омпы  тұра  қалса,  сенен  асқан  сірә, 

бақытты  жан  болмайды-ау?!  Көргендер 

көріп  тұрып  «қолмен  қойдың»,-деп  пәле 

салуы  ғажап  емес.  Әй,  асық  ойнағанның 

өзіндік бір тылсым күші бар. Біреуден ұтып 

аласың,  келесіге  барып  ұтыласың.  Мықты 

асықтарыңды  (сақа,  құлжа)  елу  асық,  жүз 

асыққа  алмастырасың.  Қойдың  сирағынан 

алынған  асыққа  қарағанда,  арқардың 

арбыйған  құлжасы  тәуір-ақ  тұрады  өзі. 

Қарсыласыңның  асығын  көріп  барып  ой-

ынайтын  кездер  болады.  Есіме  ауылдағы 

тамаша  сәттер  түсіп  отыр.  Тарбағатайда 

асықты тарсылдатып күшті ойнайды. Жал-

пы  таулы  аймақтағы  тұрғындардың  негізгі 

күн  көрісі  –  мал.  Ал,  мал  болған  жерде 

асықта  көп.  Арқары  бар...  Есепке  алсақ, 

табиғаты  тамаша  Тарбағатайда  асықты 

балақты түріп қойып тәуір-ақ лақтырыппыз. 

Санап отырып жаңылдым. Ал, асықтың са-

нын бес жүзден ары асыра алмадым. 

    Көктемнің  ыбылжып  тұрған  күні. 

Қардың  жөнді  ерімей  жатқан  шағы.  Ала-

бұжық,  ақ-қара  болып  жер  жатыр.  Үйдің 

төбесінен,  шатырдың  шетінен  сарылдап  су 

ағып,  еріген  жерлер  кеуіп  кетуде.  Кепкен 

жер  ауыл  балаларына  жақсы.  Қара  жері 

көрінген  біраз  алқап  бар  екен.  Улап-шу-

лап балалар сол жерге жиналдық. Араның 

ұясындай  ызың-қызың,  шүйіркелескен 

оқушылар. «Мен - тіктім. Мен - біттім. Мен 

-  ұттым.  Тағы  ойнайық.  Соңғы  асық»,-

деген  сөздер  жиі  естіледі. 

Артылып  қалған  ойыншы-

лар,  асығы  таусылғандар 

қаздың  балапандарындай 

қаз  қатар  тізіліп  тама-

шалап  отыр.  Алдыңнан 

арлы-берлі 

өткендердің 

қалтасы 

шытырлайды. 

Асықтары  симай  бір-біріне 

тиіп,  қалтасының  аузы-

нан  шығып  ақтарылып 

жатады.  Қулауы  бір-екі 

түскен  асықты  аяғымен 

баса  қойып,  тесіліп  тұрған 

көздер 

кеткенен 



кейін 

ала  қояды.  Асық  ойнау 

алаңында  асықтан  асқан 

байлық жоқ. Ол жерде са-

уда  да  жүргізіп  кетуіңе  бо-

лады.  Өткенде  Дәркембай 

солай  жасады.  Барлық 

баланы  «тыржалаңаш»  етіп  сыпырып, 

асықсыз  қалдырды  да,  жинап-терген 

асықтарын  өзінің  бастапқы  иелеріне 

ақшаға  сатты  келіп.  Тәп-тәуір  пайда  жа-

сап алды. Жартысынан көбін сатып болған 

соң,  қынаға  боялған  құлжасын  «сен  аман 

бол!»,- деп балалардың көзінше сүйіп алды.                       

Намыстанып қаласың. Асықты барлық бала 

бірдей  ойнай  бермейді  өзі.  Дәркембайдың 

құлжасын  уақытша  алып  ойнаған  Ербол 

көңге жеткенше үш-төрт рет қана тәйкісі мен 

алшысын  түсірді.  Ал,  қарсыласы  Балғын 

жиырма  беске  дейін  жалықпады.  Отырып 

алып тамашалап отырған Дәркембай ашу-

ланып  кетіп,  орнынан  атып  тұрып:  «-Ой, 

соны да түсіре алмай»,-деп бұлқан-талқаны 

шығып, құлжасын қолына алды. Балғынмен 

қайта  ойнап  еді,  Балғынды  есептің  ба-

сында  қалдырып  кетті.  Дәркембаймен  көп 

ешкім  ойнай  бермейді.    Асығың  бір  сый-

май  жүргенде  бағыңды  сынап  көрмесең, 

әйтпесе  Дәкең  сыпырып  алып  қарап 

тұрады.  Дәркембаймен  көбісі  келісіп  ала-

ды. Дәкең :«ұтылсам екі асық беремін, сен 

ұтылсаң бір асық»,- деп жағдайыңды жасап 

тастайды.

  Бүгінгі  ойын  қызып  жатыр.  Еркінбектің 

беріліп алғаны соншалық, тұрған тәйкілерді 

тұрып,  өзі  асық  лақтырғанда  еңкейіп 

алып  жүр.  Тұрған  тәйкіні  көздер  кезде 

«ох-ах!»,-деп  қолдарын  беліне  қойып, 

шалқайыңқырап,  ауырсынған  жерін  жазып 

алады.  Еңкейіп  жүргендер  көп.  Шоқиып 

отырғандар бүгін аз. Еркінбектің  жолы бол-

ды.  Түгелін  сыпырып  жатыр.  «Дәркембай 

көрінбейді.  Өздері  ойнасын,  мен  ұта 

беремін  бе  деп  келмеген  ғой»,-деген 

мысқылмен  отырғанымызда,  гүрп-гүрп 

еткізіп  қоңыр  бәтеңкесін  сүйретіп  жеткені. 

Үстіндегі  қалың  қыстық  киімін  шеттегі 

балаларға  ұстатып,  асық  алаңына  кіріп 

кетті.  Өзі  тез-ақ  кіреді.  Басқалар  сияқты 

кезек  күтіп  тұрмайды.  Ойынның  келесі 

бөлігі басталып кетті. Енді көңге асық тігіп 

ойнап  жатыр.  Көңдестер  -  Еркінбек  пен 

Дәркембай.  Қарсыластары  -  Дастан  мен 

Дархан. Жұлдызды жұп сыпырды келіп. Әр 

алшысына бір асық алады. Еркінбек мықты 

көздеп ата біледі, Дәркембай алыста тұрған 

тәйкілерді  атпай  «есептей  сал»,-деп  жүре 

беретін. Ал, бүгін бап қосылды. Бүгінгі асық 

бітті.  Асық  ойынының  соңынан  Еркінбек 

пен Дәркембай ұтқандарын теңдей бөлісіп, 

қалталарына  басып  алды.  Ұтылғандар 

қастарында  жүр  «қайтара  ма  екен»,-деген 

дәмемен. Әй, қайтармайды-ау!.

Үйге  жеткенше  әңгіме  айтып,  асықты 

қызу талқылаймыз. Дәркембайдың үйі менің 

үйімнің  тура  қарама-қарсысында  болатын. 

Көп  болып  Арманның  ауласынан  шыққан 

баладан  екеуіміз  ғана  қаламыз  күнделікті. 

Ал, өсек:

-Осы  Мырзабек,  сен  неге  асық 

ойнамайсың? 

Күнде 


келесің, 

қарап 


отырасың да кетесің...

-Ойнай  алмаймын.  Асық  иіру  қолдан 

келгенімен, ебін тауып тұрғыза алмаймын.

-Ой, қойшы! Қазақтың балалары асықты 

алшысынан тұрғызу керек.

Сасып  қалдым.  Дәркембайды  басқа 

балалар  қалай  ойлайтынын  білмеймін, 

бірақ,  өз  басым  қатарласым,  сыныптасым 

болса  да  ағамдай  көремін.  Кейбір  ойлары  

балаларға ауадай қажет.

-Мырзаш, ертең менің орныма ойна, мә 

асықтарым! Мен ертең кезекке кетемін. Са-

нап берейін, мә, жиырма бес асық. Бір күнге 

жетеді  ғой.  Ұтасың.  Ұтшы.              

Саспа! Мен саған үйренбесең, 

үйретемін, Мырзаш.

  Көңілім  қаламаса  да 

қолыма  асықтарын  шытыр-

пытыр еткізіп ұстата салды.

Енді 



мынау 

менің 


жұлдызды 

асығым,- 

деп 

құлжасын 



да 

берді. 


Дәркембайдың 

осындай 


қасиеттері  көңілге  жағады. 

Бірақ  ертең  асықтарынан 

толықтай  ұтылып  қалсам 

қайтемін? 

Асық 

жинаған 


емеспін.  Не  болса  да,  досың 

сеніп  тұрған  соң,  кері  қайтуға 

болмады. Ертесінде ойнадым. 

Тәйкі  жағын  сұқ  саусағыммен 

майдалап  қойып,  шік  пен 

бүкті 


қырындатып 

тұрып 


лақтырасам  да  түспеді.  Қарсыласымның 

бір-екі  тәйкісін  қағып  түсіріп  мәз  болдым. 

Бірақ,  Дәкең  берген  жиырма  бес  асықтан 

толықтай  сыпырылдым.  Қолымда  қалғаны 

Дәркембайдың  құлжасы.  Ойлана  келе,  не 

болса  да  тәуекел  деп  құлжаны,  көң  үшін 

елу бес асыққа бағалап тіктім де жібердім. 

Ұтылсам  беремін  деген  уәде  бердім.  Ой-

нап  жүрген  балалар  басында  сенбеді. 

Өтірікті  қиыстырғаным-ай  сендіру  үшін. 

Дәркембайдан бақандай бір лаққа айырба-

стап алдым дедім. Өтірігімнің түрін-ай, қазір 

күлемін. 

-Мырзаш, шынымен бе?

-Өй, 

сенбейді-ау, 



менің 

өтірік 


айтқанымды, 

болмаса 


бет-албаты 

қалжыңдағанымды көрдің бе?

Осы сөздерден кейін қарсыласым               Да-

стан келісті. Ойын басталды. Көңді жиырма 

бес деп алдық. Кімнің асығы бірінші жетеді, 

соған елу бес асық (маған), Дастанға құлжа 

кетеді.  Топыралап  жүрген  балалар  тып-

тыныш. Асық алаңының жиегінде тізелеріне 

қос  білектерін  қойып  тамашалап  отыр. 

Көктемгі ауа-райының үні мен кішкенелердің 

пысылдағаны ғана естілді. Асық иірілді.Ба-

стайтын Дастан болды. 

      Оймақтай  жерді  қолымен  сілтеп: 

«мынау  менің  бақытты  жерім.  Қара!»-деп 

еңкейіңкіреп  барып  лақтырып  еді,  алшы 

тұрды.  Өз  сөзін  жоққа  шығармағанына 

риза  болып  қайта  барып:  «Тағы  қара, 

міне,  кетті»,  -деп  лақтырып  еді  асығы 

қисалаңдап  барып  бүкірейіп  барып  бүк 

түсті.  Кезек  менде,  лақтырдым,  құлжасы 

қуысын  көрсетіп  шік  түсті.  Басталғаннан 

жолым  болмады.  Ойнап  жатырмыз,  мен-

де  қалсыпай  терлеп-тепшіп  бірдеңемді 

түсіремін.  Ішімнен  ұтуымды  қалап,  жақсы 

ниетпен  лақтырамын.    Көңге  таяп  қалдық. 

Дастан  көзді  ашып  жұмғанша  жиырма 

төртке келді, мен болса езліңкіреп, кішкене 

қалып жиырма екі де тұрмын. Кезек менде 

еді,  құлжаны  ішімнен  «суфлеп»,  кішкене 

түкіріктеңкіреп «ал, түс!»,-деп атып жіберіп 

едім,  алшы  тұра  қалғаны.  Қуанып  кетіп, 

лақтырған  жерімдегі  асықты  алып,  қайта 

орныма  келе  қалдым.  Қимылдарым  баяу 

шығып жатыр. Дастан екі көзін алмай үңіліп 

қарап тұр. Шамасы, қаралық жасап кетеді 

деген пікірі болса керек. Қайта лақтырдым, 

домалаңдап  барып  тәйкі  тұрды.  Ал  Да-

стан тұрған орнында атады. Қобалжу бар: 

«орныңнан жылжыма, адымдап атпа!»,-деп 

ескерту  жасап  жатырмын.  Дастан  оң  көзін 

жұмып,  сол  көзімен  нысанаға  алып,  бар 

күшімен,  оң  қолымен  атып  жіберді.  Ұшып 

келіп бәтіңкеме «тарс!» тиді. Қуанып кеттім. 

Есеп теңесті. «Ух, Дәркембайға алшы, тәйкі 

тұрғанда,  маған  тұрмағаның  жарамас»,-

деп ішімнен күбірлеп байыппен ал-

дыма  тастап  жіберіп  едім  «омпы» 

түсе  қалды.  Отырғандар  шулап 

кетті. Біреуісі «омпы», енді біреуісі 

«оңқы»  деп  қолдарымен  көрсетіп 

мәз болып қалды. Дастанның көзі 

шарасынан  шығып  кете  жаздады. 

Елу бес асығын қимастықпен беріп 

еді  бес  асығын  жомарттықпен 

қайтарып 

бердім. 


Кешкісін, 

қалтамдағы  асықтардың  түгелін 

Дәркембайға  апарып  бердім.  Ал, 

Дәкең  күткендей  қуанып  кетті. 

Бірақ,  құлжасын  бәске  тіккенімді 

біраз  уақыттан  кейін  бірақ  айтып 

едім, күлгені. 

-Не үшін күлдің?

-Жаның  мұрыныңның  ұшына 

бірақ  келіпті  ғой.  Жарайсың,  әй 

азамат!-деп арқамнан оң қолымен 

дүңк-дүңк  еткізіп  қағып  жіберді.  Бір  шару-

аны  бітіргеніме  риза  болдым.  Қазақ  ай-

тады:  «Тәуекел  түбі  желқайық,  өтесің  де 

кетесің»,-деп.  Дәп  солай  болды.  Құлжаны 

бәске тікпесем, онда Дәркембайдың жүзіне 

бедірейіп  тұрып  қарай  алмаушы  едім. 

Дәркембай ұтқан елу асығымды қайтарып 

берді.  Құрығанда  өзің  бергендерін  ал  деп 

едім, азарда-безер болды. 

-Мырзаш,  үйренесің,  қорықпа!  Мынау 

сақа,-деп арасынан сақасын сайлап берді. 

Содан  бері  ес  білгенше  көктем  шықса 

болғаны  асық  қуатын  болдық.  Ауылдағы 

ең  аз  асық  жинағандардың  бірі  менмін  – 

бес  жүз.  Дәркембай  болса  дорба-дорба 

сықырлатып жинады. Кейіндері Дәркембай 

ес  білді,  ал  інілері  болса  Дәкеңнің  түгел 

асығынан  айырылды.  Үстіне  саспай  көп 

бергендей мен де бес жүзімді бергенмін, ол 

да жоқ. Ал, менің қолымда жалғыз қалғаны 

Дәркембайдың  өзі  сайлап  берген  сүйек-

сақасы  ғана.  Көктем  мезгілінде  ауылға 

барғым  келіп  жүргені...  Асық  ойнауды 

сағындық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет