4 бет
8 бет
№15 (108) 6 тамыз,
2015 жыл.
АҢДАТПА
АДАСҚАННЫҢ
АЛДЫ – ЖӨН,
АРТЫ – СОҚПАҚ
XXVII МЕЖДУНА-
РОДНАЯ ОЛИМПИ-
АДА ПО ИНФОРМА-
ТИКЕ
ӨСКЕНДЕ КІМ
БОЛАСЫҢ?
11 бет
Қазақстан Республикасы Үкіметі
жастар мәселесіне арнап "Мәңгілік
ел жастары – индустрияға”
атты арнайы мемлекеттік
бағдарлама қабылдады. Аталған
бағдарламаның мақсат-міндеттері
туралы "Мәңгілік ел жаста-
ры – индустрияға” мемлекеттік
бағдарламасы республикалық
үйлестіру кеңесінің және "Өрлеу”
БАҰО АҚ директорлар кеңесі
төрағасының сауалдарға берген жа-
уабын ұсынамыз.
– Мұрат Абдуламитұлы,
«Мәңгілік ел жастары –
индустрияға» бағдарламасы
туралы толығырақ айтып
өтсеңіз. Бұл идеяның негізі
қайдан шықты?
– Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назар-
баев «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамына қарай 20
қадам»
бағдарламасында
жаhандық деңгейдегі дағдарыс
кезінде
елімізді
әлеуметтік-
экономикалық
жаңғыртудың
шешуші міндеттерін көрсетіп,
өткен ғасырдың 60-жылдарынан
кеңінен тараған тұтынушылық
қоғам тұжырымдамасы орнына
балама ретінде Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды.
Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс
орындарын құрудамыз, жаңа
өндірістер салудамыз. Сондықтан,
жұмыс бар жерге бару керек» -деп
көрсетті.
Мемлекет басшысының осы
идеяларын негізге ала отырып
Қазақстан Республикасы Үкіметі
жас тар мәселесіне арнап ар-
найы бағдарлама қабылдады.
Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жаста-
ры – индустрияға» мемлекеттік
бағдарламасы осы бір бастамаға
үндеу қосып, барынша жастарға
қолдау көрсету болып табылады.
– Бөлінген гранттар саны
және қосымша жеңілдіктер
қандай?
2015-2016
жылдары,
бағдарламаға 19 жоғары оқу
Мәңгілік ел жастары –
индустрияға
орындары қатысады.
- Павлодар облысы (2 жоо, 33
мамандық) -475 орын;
- Шығыс-Қазақстан облысы (3
жоо, 63 мамандық)-935 орын;
- Қостанай облысы (4 жоо, 43
мамандық)- 965 орын;
- Ақтөбе облысы (1 жоо, 12
мамандық)-132орын;
- Ақмола облысы (1 жоо, 26
мамандық)-393 орын;
- Солтүстік-Қазақстан облысы
(1 жоо, 17 мамандық)-300 орын;
- Батыс-Қазақстан облысы (2
жоо, 37 мамандық)- 540 орын;
- Қарағанды облысы (4 жоо, 50
мамандық)-960 орын;
- Атырау облысы (1жоо, 12
мамандық)-300 орын.
Барлығы 5000 білім беру гран-
ты 9 облысқа 52 мамандық бой-
ынша бөлініп отыр, оның ішінде
1500 грант «Білім» бағыты, 3000
грант «Техникалық ғылымдар»,
300 грант – «Ауылшаруашылық
ғылымдары», 200 грант - «Ветери-
нария».
Жоба аясында, талапкерлер 4
мамандық бойынша өз қалаулары
ретінде кез келген жоғары оқу
орындарында 4 мамандық
таңдауға немесе бір пән бойынша
таңдауға мүмкіндік беріледі.
Жобаға қатысатын жоғары
оқу орындарын таңдаған кез-
де,
олардың
ресурстармен
қамтамасыз етілуі, материалдық-
техникалық базасы, жатақхана,
асханамен қамтамасыз етілуі және
мамандардың біліктіліктерін арт-
тыру деңгейінің жоғары болулары
қарастырылды.
Бекітілген
калькуляцияға
сәйкес, жұмыс көзі тапшы
аймақтардан келген 1 білім
алушыға, қосымша шығындар
қарастырылған, оның ішінде
түсіндірме жұмыстарды жүргізу,
жатақханада тұру немесе оның
жалға төлеген ақшасын қайтару,
студенттің білім алу орнына келуі
және қайта өз аймағына қайтуы
көзделген.
–
Арнайы
гранттарға
қатысуға шектеу бар ма?
Кімдер қатыса алады?
– Бірінші кезекте бұл мүмкіндікті
жоғарыда аталған өңірлердің
биылғы
Ұлттық
бірыңғай
тестілеуге (ҰБТ) қатысып, әртүрлі
деңгейде ұпай жинаған барлық
бітіруші түлектер, сонымен қатар
кешенді тестілеуден өткен кол-
ледж түлектерінің де, мектепті
бұрынырақта бітірген жастарға да
пайдалануына толықтай мүмкіндік
бар. Шекті ұпайға (50 ұпай) жет-
пеген бітірушілерге колледждерге
тапсыруға және шығармашылық
емтихандар
арқылы
қабылданатын мамандықтар бой-
ынша грант иегері болу мүмкіндігі
бар. Ал шекті ұпайға яғни 50 балл
жинамаған, әрі бейіндік пән бой-
ынша 7 балдан аз алған студент
ЖОО-ға конкурсқа қатыса алмай-
ды.
Конкурс қорытындысы та-
мыз айының 8-10 аралығында
республикалық газеттерде не-
месе ғаламторда жарияланады.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген
бес институционалды реформаны жүзеге асырудың
100 нақты қадамы бағытында елімізде жан-жақты
жұмыстар жүргізілуде. Бұл қадамдар көкірегінде
түйсігі бар, ұлт болашағы үшін жанын беруге дайын
әр азаматты бейжай қалдырмайтыны анық. Оны
іс жүзінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап
бере алатын, жаңа тарихи жағдайларда еліміздің
дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі
жөніндегі басты құжаты деп айтуымызға болады.
Тіпті, ұлт дамуының басты ұстанымына айнала-
тын ұлттық жоба деп бағалауға да лайық.
ЕЛ ТІРЕГІ - БІРЛІКТЕ
Осы 100 нақты қадамға
қысқаша тоқталсам, Елбасы
бірінші, кәсіби мемлекеттік ап-
парат құру бағытында 15 қадам
жасалуы керек екендігін көрсетті.
Екінші саладағы 18 қадам заңның
үстемдігін қамтамасыз етуге ар-
налады. Үшінші салада - Инду-
стрияландыру және экономикалық
өсім үшін 49 қадам белгіленді.
Ол барлық саланы қамтиды, ет
өндірісі мен өңдеуге стратегиялық
инвесторларды тартудан бастап,
Алматы іргесінде халықаралық
жаңа әуежай салу, экономиканың
алты негізгі саласы үшін 10 кол-
ледж бен он жоғарғы оқу орынын-
да білікті кадрлерді әзірлеуге дейін
тапсырылған.
Әсіресе, төртінші саладағы:
біртектілік пен бірлікке қол
жеткізу үшін белгіленген 5 нақты
қадамның
маңызы
әлемдік
дәрежеде орасан зор екенін, тіпті
шетелдік сарапшыларда атап
өтті. Айталық, «Үлкен ел - үлкен
отбасы» секілді жобалар ел та-
рапынан қызу қолдау табуда. Ол
қазақстандықтардың біртектілігін
нығайтады
және
азаматтық
қоғамның бүтіндігін қалыптастыру
үшін жағдай туғызады.
Сондай-ақ
азаматтық
біртектілікті нығайтуда «Менің
елім» және «Нұрлы болашақ»
ұлттық жобаларын жүзеге
асырудың тиімділігін де айтқан
жөн. Болашақта мектептік білім
берудің
қолданыстағы
оқу
бағдарламаларына Мәңгілік Ел
құндылықтары енгізіледі. Қазақ
халқы қашанда бірлік пен татулық
мәселесіне ерекше мән беріп, оны
тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі
ретінде бағзы заманнан бағалап
келген. Татулық, бірлік, келісім –
ең асыл іс. Экономикалық даму-
мен қатар, еліміздегі татулықтың
тамырын тереңдету мемлекет
басшысының негізгі ұстанымы.
Осыған орай, Елбасы баста-
масымен 1995 жылдың 1 на-
урызында тәуелсіз еліміздің та-
рихында «Қазақстан халқының
Ассамблеясы» атты жаңа ин-
ститут құрылды. «Біздің ортақ
Отанымыз
–
Қазақстанның
қазіргідей
қарыштап
дамып
отырғаны – елімізді мекендеуші
барлық этностардың ынтымағы
мен бірлігінің арқасы», – деп
Президентіміз
айтқандай,
бүгінде мемлекетімізде ұлттар
достығы берік сақталып келеді.
Президент
Жарлығымен
2015 жыл – Қазақстан халқы
Ассамблеясының жылы болып жа-
рияланды. Бұл – еліміздегі ұлттар
достығын, татулық пен бірлікті
одан әрі нығайтуға бағытталған
маңызды қадам. Бұл маңызды
қадам «нақты 100 қадаммен» әрі
қарай ұштасып, жалғасын таппақ.
Өйткені «100 нақты қадам»
–
Қазақстанның
бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға, елді
оза шаптыруға, дана халықтан
құралатын дара мемлекеттің
іргетасын одан әрі бекемдей
түсуге бағытталған. Мұндағы
мақсат –әрине біреу. Мемлекетті
әлемнің озық 30 елінің қатарына
қосу. Дамыған 30 елдің қатарына
жас Қазақстан өзіндік салиқалы
саясатымен, мызғымас бірлігімен,
жаңартылған озық тетіктерімен,
жақсартылған
әлеуметтік-
экономикалық хал-ахуалымен ене
алатынына сеніміз мол.
М.Т.КАНТУРЕЕВ,
Алматы облыстық ҚХА
ғылыми сараптама
тобының мүшесі,
ЖМУ профессоры.
3 стр
ТАРИХТЫ
ТАҢБАЛАҒАН
КӨРКЕМСУРЕТ
Жетісу
университеті
ҚОҒАМ
бейсенбі, 6 тамыз,
2015 жыл
2
БӘРЕКЕЛДІ
Арманы алып ұшқан
Жастар –
ел болашағы
Тәуелсіздік жылдарында қазіргі заман
шарттарына жаңа көзқараспен қарайтын
жастар пайда болды, – дейді алдыңғы буын
ағалар. Өйткені, жастар еліміздің даму және
демократиялық жаңару үрдістеріне белсене
қатысып келеді.
Ал дамыған қоғам, әрине, адамға және
оның жеке, кәсіби қасиеттеріне жоғары
талаптар қояды. Қазіргі заман маманда-
ры өз кәсібінде де, ғылымда да тек қана
жаңашыл емес, сондай-ақ, көшбасшы да
бола білулері керек. Мысалы, 19 жасын-
да әлемге есімі әйгілі болған бокстан әлем
чемпионы Бекзат Саттарханов, шахмат-
тан әлем таныған Жансая Әбдімәлік есімді
жастарды мақтанышпен айтуға болады.
Болашақ жастардың қолында деген ке-
ремет ұранның, сол болашақты жасай-
тын жастар үшін пайдасы зор, ертеңгі көк
бөрінің бүгіні мен ертеңі біздің қолымызда.
Ұраннан іске кіресетін кез келді. Ол үшін
тек қана оқу, білім, тәрбие, ғылым, бірлік,
татулық қана біздерге керегі. Осылардың
жолында бәріміз де аянбай еңбек етіп,
тер төгуіміз қажет. Жоғарыда аталған
қасиеттерді қалыптастыру үшін біз ең
алдымен білім көзін іздеуіміз тиіс. Ал, ол
туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Ұлт жоспары – 100 қадам. Баршаға
арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты
бағдарламасында бес реформаны жүзеге
асыруға бағытталған қадамдарды нақты
көрсетіп берді. Дәлірек айтсақ, «ЭЫДҰ (
Экономикалық Ынтымақтастық және Даму
ұйымы) елдері стандарттарының негізінде
адам капиталының сапасын көтеру, 12
жылдық білім беруді кезең-кезеңімен
енгізу, функциялық сауаттылықты да-
мыту үшін мектептегі оқыту стандартын
жаңарту, жоғары сыныптарда жанбасылық
қаржыландыруды
енгізу,
табысты
мектептерді ынталандыру жүйесін құру»
деп 76-қадамда айтылған. Сол сияқты На-
зарбаев университетінің тәжірибесін ескере
отырып, еліміздегі ЖОО академиялық және
басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен
кеңейтуді де Ұлт Көшбасшысы назарда
ұстап, 78-қадамда атап көрсеткен. 77-79-шы
қадамдарда да оқу жүйесі туралы айтылып,
колледждер мен арнаулы оқу орындарын-
дарында білікті кадрлар дайындау қажеттігі
халық назарына ұсынылған. Сонымен
қатар, Президентіміз «Мәңгілік ел» идеясын
да алға тартып отыр. Елімізде Мәңгілік ел
болу жолын қалыптастыратын жастар, яғни,
біз. Идея туралы 85-қадамда «Мәңгілік ел»
патриоттық актісі жобасын әзірлеу деп
көрсетілген. Бұл дегеніміз ұлт жанашырлары
(жастар) ұлтжанды азамат болу керектігін
ескертеді. «Мәңгілік ел» құндылықтарын
мектептегі білім берудің қолданыстағы
оқу бағдарламаларына енгізіп, мектеп
қабырғасынан бастап жоғарыда аталған
идеяның маңыздылығын үйрету. Міне, Ел-
басы Н.Ә.Назарбаев жастар үшін барлық
мүмкіндіктің есігін айқара ашқандығының
дәлелі осы қадамдар екендігі сөзсіз.
Ең бастысы, егемен еліміздің ертеңгі
болашағы бүгінгі жастардың біліктілігі мен
саналы әрекеттеріне байланысты. Кезінде
АҚШ Президенті Дж.Кеннеди: «Бізге өзімізде
болмаған дүниелерді армандайтын жастар
керек» деген болатын, ал біз, Қазақстан жа-
стары, еліміздің даму жолында өз мақсат-
мүдделерімізді ұштастыра отырып, қарым-
қабілеттерімізді
жұмсайтындығымызға
сенімдіміз!
Еңлік ҚАБДЕШ,
гуманитарлық факультеті.
Жастар – еліміздің
экономикалық және қоғамдық
өмірдің барлық салалары-
на қатыстылығы жағынан
алғанда, болашағы зор,
қоғамның маңызды бөлшегі.
Иә, жетпісінші жылдың
ұрпағынан өскенде кім
боласың? - деп сұрасаң
бірден ұшқыш болам,
дәрігер немесе мұғалім
болам деп жауап беруші
еді. Айдын да солардың
қатарында арманын зеңгір
аспанмен астастырып,
шіркін ала бұлттарды
ары-бері серпіп тастап,
көк жүзінде самғасам
ғой деп қиялға шоматын.
Қиялына қанат бітіп,
көкке ұшқандай күйге
бөленетін.
Көк аспанға көзін тігіп: аспаным менің,
арманым менің арайлы! Таудай үлкен
талабым бар, үлкен ұшқыш боламын
мен, ата-анамның сенімін де ақтаймын.
Отанымды сүйіп өтем, туған жерге махаб-
батымды төгіп өтемін! Оқу оқып, білім нәрін
жинаймын, қияға қанат қағамын, ғарышқа
күнде ұшатын космонавт боламын! –деп
мақсаттың сұңқарына мініп, алысқа бет
түзейтін. Осылайша арманның жетегінде
жүріп Айдын Талдықорған қаласындағы
№14 мектепті алтын медальмен тәмамдап,
Армавир жоғарғы авиациалық әскери
училищесінен ұшқыш-инженер мамандығын
алып шығады. Училище қабырғасында
қатарластарынан оқ бойы алда жүрген
Айдын ұшқыш мамандығының қыр-
сырын терең меңгеруге тырысып, бар
ынтасымен оқыды. Аталмыш білім орда-
сын 1993 жылы аяқтасымен Қазақстан
Республикасының әскери-әуе күштерінде
үйренуші-ұшқыш санаты бойынша әскери
міндетін өтейді. Кәсіби ұшқыштардың
қасында жүріп, әуе кемесінің тілін меңгеріп,
тәжірибе жинақтайды. Сол жылы-ақ кос-
моновтар қатарына қабылдау туралы
өтінішін жазады. Алайда Айдынның ар-
маны мұқалғандай болды. Маман ретінде
жетіліп, теориялық, практикалық жағынан
тәжірибесі толығып, Отанына, туған еліне
қызмет етемін деп құлшынған шағында
еліміздегі экономикалық-әлеуметтік жағдай
әсерін тигізбей қоймады. Бірақ жас жігіт са-
лын суға салмады. Сол кездегі әлеуметтік
жағдайға бейімделіп, тұрмыс тірлігін басқа
арнаға бұрмақшы болды.
Адамға қойылатын басты талап —
асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді
бойына сіңірген, ұлағатты азамат болу.
Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен,
қайырымдылығымен, адалдығымен және
әділеттігімен ардақты. Адамгершілік —
адамның рухани арқауы десек, Айдынның
да бойында үлкенге құрметпен қарау, ізетті
болу, айтқанын тыңдау сынды қасиеттер
дараланып тұратын. Қанша оқыдым,
тоқыдым дегенмен үлкендердің ақылына
жүгіну қанға сіңген қасиет қой. Осындай
қиын-қыстау кезде ақылын айта кел-
ген бөле ағасы Жақан Шилібайұлының
ұсынысына Айдын құлағын түріп, өмірде
көрген-білгені көп бөлесінің ақылын
құп көреді. Осылайша 2001 жылы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университетіне оқуға түсіп, 2005 жылы фи-
зика-математика факультетін тәмамдайды.
Университет
қабырғасында
жоғары
білім ала жүріп, өмірге деген қөзқарасын
жетілдіріп, тұлғалық болмысын айқындай
түседі. Физика-математика саласында да
алғырлығын танытып Каден Балапанов, Ка-
набек Намазбаев сынды профессорлардың
жетекшілігімен
дипломдық
жұмысын
қорғайды.
Таным көкжиегін барынша тереңдете
білген Айдын өмір ағысына қанша
бейімделдім десе де бала кезгі арманын
аяқ асты еткісі келмеді. Көп ойланбастан
2001 жылы қайтадан космонавтар қатарына
қабылдану туралы өтінішін жазады. Табан-
ды жігіттің қайсарлығын бағалаған комис-
сия мүшелері Айдын Айымбетовті космо-
навтар қатарына қабылдайды. Ұшқышқа
тән денебітімді сақтап, күнделікті жаттығу
жұмыстарын жүргізген болашақ ұшқыш
жылдың қай мезгілі болсын «Айымбетов
сен бүгін ғарышқа ұшасың» деген бұйрықты
бұлжытпай орындауға тастүйін дайын еді.
Космонавтарды
іріктеу
жұмыстары
жүріп жатқан кезеңде Айдын Талдықорған
қаласындағы авиабазада әскери қызметте
болды. Ел тыныштығын әуе сапында қорғап
жүрген жігіттің арманы орындалуға жақын
қалғандай. 2002 жылдың жазында Ресей-
Қазақстан арасындағы бірлескен ғарышқа
ұшу келісімін орындау мақсатында Айдын
Мәскеу қаласындағы медико-биологиялық
институттан медициналық тексеруден өтті.
Қорытындысын бір жылдай күткен ғарышкер
жігіттің ойы сан-саққа бөлінсе де үмітін
үзбеді. Күдіктің бәрін сейілткен қуанышты
хабар да жетті.
Айдын Айымбетов Қазақстан Республи-
касы космонавтары қатарына ілінді, жаттығу
жұмыстарын жүргізуге, негізгі медициналық
тексеруден өтуге рұқсат. Дәл осы күнді
асыға күткен Айдынның сол кездегі сезімін
айтып жеткізу мүмкін емес еді. Ең басты-
сы Жетісу жерінен қазақ жігітінің ғарышқа
ұшатындығы.
Әрине, адамдағы сана-сезім мен
қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы
Аллаһ тағала адам бойына осыншалық
қабілеттерді
белгілі
бір
өлшеммен
тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе,
жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс
ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр
адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті
бар, осы қабілетін шыңдай білген адам
барша тіршілік иелерін басып озады. Міне,
Айдын жандүниесін бағындыра отырып,
табандылық таныта отырып көксегеніне қол
жеткізді. Сол сәтте Айдынның көзалдына:
ғарыштан оралғанда құшақтары гүлге
толған,
көңілдеріне
қуаныш
қонған,
жүздерінен мейірім төккен, сағынышпен
жүзін өпкен аяулы халқы - қазақ елі
елестейтін шығар-ау.
2003 жылдың көктемінен Айдын ресейлік
ғарышкерлермен
бірге
әуе
жаттығу
жұмыстарын бастады. Бағытынан ау-
май, шетсіз-шексіз ғарышты бағындыруды
көздеген жігіт ағасы күн-түн демей намысқа
тырысып жаттығып, шыныға түсті. Сол
жылдың маусымында жаттығуды күшейту
мақсатында Ю.А.Гагарин атындағы кос-
монавтарды
даярлайтын
орталықта
шыңдалды. Ал 2005 жылы жоғарыда
аталған орталықта мемлекеттік емтиханды
«5» деген бағаға тапсырып, «космонавт-
сынақшы» біліктілігін иеленді. Мамандығына
деген қызығушылығы арта түскен жігіт ендігі
жерде халықаралық ғарыш стансасына ұшу
бағдарламасы бойынша даярлығын арт-
тыра түсті. Жылдар бойы сынақтан өтіп,
төзімділік танытып, ұшқыш болуға барлық
жағынан даяр екенін дәлелдеген Айдын
2007 жылы жаттығу жұмыстарын аяқтайды.
Әуе-қорғаныс күштері саласындағы
қызмет жолын 2009 жылы Казкосмос
төрағасының кеңесшісі лауазымынан ба-
стады. Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғарыштық агенттігі төрағасының кеңесшісі,
агент департаментінің директоры лауазы-
мына дейін көтерілді. Өз саласының білгір
маманы атанып үлгерген Айдын Айымбетов-
ке сол жылы Қазақстан Республикасының
әскери-әуе күштерінің полковнигі шені
беріледі. 2011 жылы Сұлтанғазин атындағы
ғарыштық зерттеу институтында ғарыштық
технологияны
ақпараттық-біліммен
қамтамасыздандыру бөлімі бастығының
орынбасары қызметін атқарса, 2012 жылы
Астана қаласындағы жас ғарышкерлер
мектебінде ұстаздық етеді. Осы жылы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304
қаулысымен Айдын Айымбетовке ғарышкер
мәртебесі беріледі.
Қазақ ұлтынан алғаш болып ғарышқа
ұшқан Тоқтар мен Талғат ағаларының жо-
лын жалғаған Айдын Айымбетов бұйыртса
осы жылдың қыркүйек айында Байқоңыр
ғарыш айлағынан ғарышқа ұшпақ. «Союз
ТМА-18М» ғарыш кораблінің борт-инженері
болып бекітілген Айдынмен бірге бұл эки-
пажда ресейлік ұшқыш Сергей Волков пен
еуропалық астронавт Андрес Могенсен де
бар.
Ғарышты бағындырған алғашқы адам-
зат баласы Юрий Гагарин десек, одан бері
де әлемде жүздеген космонавтар аспан
әлеміне жол тартты. Өз кезегінде автомат-
ты планетаралық стансалардың көмегімен
Марсты, Шолпанды, Айды игеруді бастадық.
Осылайша ұшқыштар саны өсе берді.
Қырандар қанаты талатын, ұшы-қиырына
көз жетпес қазақ жерінен еліміз тәуелсіздігін
алғанға дейін «Молния», «Венера», «Марс»,
«Протон», «Зонд», «Луноход» секілді
ондаған ғажайып спутниктер мен зымыран-
дар Күн жүйесінің ғаламшарларына сапар
шеккенін де білеміз. Ғарышты игеруге ке-
ремет жағдай жасаған Қазақ жерінен бірде
бір қазақ жігітінің ғарышқа ұшпағанына да
кейігенбіз. Осының бәрін зерделеп жүрген
Елбасы тұңғыш қазақ ғарышкерін космосқа
шығару жолында орасан қажыр-қайрат
жұмсағаны да көз алдымызда.
Міне, бүгінде шүкіршілік етеміз.
Тоқтар
Әубәкіров
пен
Талғат
Мұсабековтың ізбасарлары өсіп келеді.
Жерлесіміз
Айдын
Айымбетовтің
көкзеңірдегі сапарына сәттілік тілеп,
оның І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінің түлегі
екенін мақтан тұтамыз. Біз Айдынға
Аспандағы адымың нық болсын деп
тілейміз.