1
І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
К.Н. ӘЛІКЕНОВА
Ғ
ЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ
Оқу құралы
Талдықорған, 2012
2
УДК 1/14 (075.8)
ББК 87 я73
Ә 55
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғылыми-
әдістемелік кеңесі басып шығаруға ұсынған (09.04.2012ж. № 4 хаттамасы )
Пікір жазғандар:
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің
философия және саясаттану кафедрасы
Қасабек А.Қ. – философия ғылымдарының докторы, профессор
Нұрғабыл Д.Н. – физика-математика ғылымдарының докторы,
профессор
Ә 55 Әлікенова К.Н.
ISBN 978-601-216-144-1
Философия ғылымдарының кандидаты, доцент К.Н.Әлікенованың
оқу құралында ғылым дамуының негізгі заңдылықтары, тарихы,
құрылымы, деңгейлері, ғылыми зерттеудің методологиясы, адам мен қоғам
өміріндегі ғылымның атқаратын рөлі қарастырылған. Сонымен қатар
ғылымның пәндік және әлеуметтік таным категориялары философиялық
жүйелердің тарихы және теориясы астарларында кең камтылған.
Оқу құралы әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану
мамандықтарының докторанттары мен магистранттарына арналған.
УДК 1/14 (075.8)
ББК 87 я73
ISBN 978-601-216-144-1
© Әлікенова К.Н., 2012
© “Жетісу университеті” баспа орталығы. Талдықорған. 2012
Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы.
/ Әлікенова К.Н. – Талдықорған: ЖМУ. 2012.
256 бет.
3
АЛҒЫ СӨЗ
Ғылым
тарихы
мен
философиясы
докторанттар
мен
магистранттар дайындауда ерекше орын алады. Ең алдымен
философияны ғылымға жақындастыратын жақтары қандай? Ғылым
сияқты философия да өз қағидаларын фактілермен де, логикалық
уәждермен, дәлелдермен негіздеуге ұмтылады. Өте сирек, кейбір
ойшылдардың жүйесінде айтылатын қорытындылар өзінен-өзі тікелей
дау туғызбайтын, ақиқаттарда жарияланады. Бұл философияда жалпы
бар қасиет, бірақ философиялық түзеудің бірден-бір жолы емес.
Сонымен қатар философияны айрықша айшықтайтын ерекшелік –
өзінің біршама тарихында барлық философиялық жүйелер бірін-бірі
толықтырып жалғастыратын тұтас бір жүйеге айналған жоқ. Әрбір
философиялық жүйе тұйықталған әрі анықталған, басқа жүйелермен
толық бірге айналмайтын көзқарастардың жүйесі. Философия ғылым
сияқты өмірдегі бар, болып отырған қатынастарды, болмысты, оның
заңдарын игеріп, бейімдеуді негізге ала отырып, бірақ түпкі
мақсатын, бағытын, болуға қажетті, болуға лайықты, болуы мүмкін,
тіпті болуы парыз нәрселерге арнайды.
Ғылымның мұраты – бар тылсымның сырын айқындау,
барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде сол барлықтан заңды түрде
туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді
анықтау. Ғылымдар өмірде жоқ нәрселерді, өмірдің формаларын
айнымас заңдылықтардың негізінде болжап, тіпті айқын бейнесін
жасап бере алады. Бұл бірақ көбінесе табиғат пен қоғамның бар
заңдылықтарына байланысты.
Адам ғылыммен құрдан-құр айналыспайды. Адамның өмірі
әртүрлі проблемалар және күрделі мәселелермен тығыз байланысты.
Оларды меңгеру үшін адамға білім керек, ал осы білімді
қалыптастыру ғылыми қызметтің мақсаты.
Ғылым тарихшылары ғылымның дамуы жайлы атап өткендей,
егер де ғылыми оқулықтарда назар аударған теория мен методтарды
фактілердің жиынтығы ретінде қарастырсақ, онда ғалымдарды осы
аталған жиынтыққа қандай да азды-көпті үлестерін қосушылар деп
бағалау керек болады. Рухани мәдениеттің еш бір саласы қоғамға
ғылым сияқты елеулі және динамикалық әсер етпейді. Ғылым –
қажеттіліктен туындайтын зерттеу объектісі. Біздің заманымызда
ғылым бірден бірнеше пәндер, яғни тарих, әлеуметтану, экономика,
психология және т.б. ретінде назарға ұсынылған. Бұлардың ішінде
ғылым философиясы және оның тарихы ерекше орын алады.
4
Ғылым
философиясы
ғылыми
білімнің
сипаттамасын,
табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым
философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы
ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары
мен бағдарлары табылады.
Ғылыми – техникалық өркениеттің қалыптасуы мен
дамуында ғылым әр кезде жетекші рөлді аткарып келді. Ғылыми
танымның даусыз жетікстіктері қоғамдық санада ғылымның өлшеусіз
асыра бағалануы мен ғылымға табынудың таралуына алып келді.
Ғылымның даму қарқынына деген сенім, белгілі дәрежеде Тәнірге
табынуды, сенімді алмастыра бастады, дүние әлемнің және адамзат
тұрмысының қалыптасуында барлық түбегейлі мәселелеріне жауап
берерліктей дәрежеге жетті. Ғылым жоғары мәдени құндылық ретінде
танылды. Сонымен бірге, біздің қазіргі жағдайымыздағы ғылыми-
техникалық өркениет алдарынан туындаған адамгершілікке қарсы
әреккетер ғылымға қарсы белсенді оппозицияны туғызды. Ғылым көп
жағдайда қазіргі өркениеттің барлық жаман жақтары мен күнәлеріне
жауапты болатын жағдайда қаралып келді. Жаңашыл батыс
философиясында белгілі ағым қалыптастырылған, ол өз алдына
ғылымды тани білудің ерекшкліктерін және оның әртүрлі
салалардағы өзгешеліктерін анықтауды, ғылыми білімнің құрылымы
мен динамикасын, ғылымның даму заңдылықтарын айқындауды
мақсат етіп қойған.
Осы ағым “ғылым философиясы” деген атқа ие болды. Ғылым
философиясы шеңберінде бүгінде бірқатар ірі және жетекші
орындағы мектептер қалыптасты. Оқу пәні ретінде “ғылым
философиясы” Батыста ХІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап және ХХ
ғасырдың басынан бері жүргізіліп келеді, алғашқыда лингвистикалық
философия бойынша курс ретінде, ал бүгінде, “ғылым философиясы”
ретінде жүргізіле бастады. Ғылым философиясының негізін
қалаушылар, оның ірі өкілдері: Л. Витгенштейн, Томас Кун, И.
Лакатос, Э. Гуссерль, К.Поппер. Олар ұзақ жылдар бойы Батыстың ең
жетекші университеттерінде сабақ берді.
Біздің елімізде де әлемдік стандартқа сәйкес келетін білімнің
жаңа жүйесін қалыптастыру іс жүзіне асырылып келеді. Сондықтан
“ғылым философиясын” оқып-үйрену – бұл жай тек қана әлемдік
білім деңгейіне сай келудің формальды түрі емес, жинақталған бай
логикалық-рационалдық материалды және рефлекстік іс - қимылдың
аса тиімді құралдарын игере білу болмақ.
Оның негізгі мәселелері мен басты бағыттары төмендегідей
болады: ғылымды оқып үйренудің негізгі аспектілерінің өзіне тән
ерекшелігі мен өзара байланысы. Ғылым логикасы, ғылым
5
философиясы, ғылым социологиясы, ғылым психологиясы және басқа
бағыттар. Ғылым тарихының статусы мен проблемалары. Ғылым
тарихының дамуына пән ретінде баға беру. Ғылым философиясы
негізгі тақырыптары. Ғылым философиясының методологиялық
негіздері. Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Қоғамдағы ғылымның рөлі
мен функциялары. Философия мен ғылымның өзара байланысының
тарихы. Ғылымның жетістіктеріне философиялық тұрғыдан түсіну,
негізгі позициялар, ғылымның проблемаларын талқылау, ғылымдағы
философияның функциялары (тарихи ракурс). Ғылымның дамуына
философиялық коцепциялардың әсері. Ғылым және дін. Ғылымның
дүниеге, діни көзқарасқа тигізетін әсері. Дін мен ғылымның сұхбаты.
Ғылымның әлеуметтік статусы және оның дінге деген қатынасының
өзгеруі. Ғылым және білім. Ғылымның дүниетанымдық аспектілері.
Ғылым өндіргіш күш ретінде. Ғылымның гуманистік көкжиектері.
Ғылым және парасаттылық. Ғылымның құндылық статусы.
Ғылымдағы жеке тұлға. Ғылым тарихының әлеуметтік қырлары.
Ғылымдағы әлеуметтік табиғилық проблема ретінде.
Ғылыми
идеялар
тарихындағы
философия.
Ғылымдар
шығармашылығындағы
философияның
рөлі.
Ғылымның
философиялық және методологиялық проблемалары дербес зерттеу
саласы
ретінде
(құбылыстар
тарихында).
ХХ
ғасырдағы
ғылымдардың философиямен берік байланысы (А.Эйнштейн, Н.Бор,
М.Бори, В.Гейзенберг, В.И.Вернадский, Қ.И.Сәтбаев және т.б).
ғылымдар
концепциясы
философия
мен
ғылымдар
методологиясындағы негізгі ыңғайлар. Ғылымның қазіргі кезеңдегі
концепцияларының жіктелуі неопозитивизм, ғылыми зерттеу
логикасы, ғылым онтологиясы, ғылымның постопозитивистік бейнесі.
Философия тарихының ғылымға айналу жолында әрбір заман
талабына байланысты бірқатар ойлау жүйелері мен стильдері
қалыптасқан еді. Оларды саралап қарасақ, біріншіден, философия
тарихын объективті үрдіс ретінде қабылдау қажеттігі туады, себебі
ол субъективті ойлау құрылымдарын субъективті сынау ғана емес,
керісінше, әрбір ғалымның қалдырған ізгі объективті шындығының
бір бөлігі немесе жанамасы. Осыдан келіп, екіншіден ғылым
философиясы тарихы оқу пәні ретінде қалай көрінуі қажет деген
мәселе көлденеңдейді. Идеалды түрде осы екеуінің қазіргі ғылым
философиясы тарихында бірегей жағдайда болғаны дұрыс-ақ, ал іс
жүзінде олар әрбір кезде жеке дара орын алуда.
Ғылыми- философиялық шығармашылық соңғы кезге дейін көп
жағдайда қоршаған болмыстың сыртқы көріністерін ғана жанап өтіп,
ішкі мәнділіктеріне бойлай алмайтын дәрежеде қызмет атқарғаны
6
белгілі. Басты мәселе мәңгілік, жалпылық, универсалдық, ой
түйіндерін баса ашып көрсетуде болып тұр.
Еуразиялық кеңістіктерде қалыптасқан рухани құндылықтардың
тұтастығы мен сапа жағынан адамзат ғылымы тарихының бүгінгі
таңдағы келелі мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені әлемдегі
халықтардың, ұлттардың, нәсілдердің өзіне сай тарихи қалыптасқан
рухани, мәдени, адамгершілік қасиеттері барлығын, яғни өзіндік
құндылықтарын ескеру керек. Тарихтың қазіргі белесінде осы
құндылықтарды жандандыру, солардың негізінде жаңа белеске
көтерілу бүгінгі таңның талабына айналуда. Ғылым тарихының
құндылықтарын терең зерттеу, олардың ішкі мәнін айқындау, жалпы
адамзаттық өркениет аясындағы даму бағыттарын зерделеу – қазіргі
ғылым философиясының алдында тұрған басты мәселелерінің бірі.
Осы оқу құралын дайындау үстінде соңғы жылдары жарық
көрген докторанттарға, магистранттар мен аспиранттарға арналған
жаңа басылымдар пайдаланылды.
7
І БӨЛІМ
Ғ
ЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ
ТАРИХЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БЕЛЕСТЕРІ
8
1.1 Аристотельдің жіктеуіндегі
метафизика мен физика
І ТАРАУ. ТАРИХИ ИДЕЯЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
МЕН ҒЫЛЫМ
Әйгілі
ойшыл,
антика
философы
Аристотельдің
шығармашылығында фило-
софия тұрғысынан алғашқы рет ғылым туралы ой толық сипатталынған,
яғни философия ғылымының негізі мен оның нақты мүмкіндіктері
берілген болатын.
Адам ойының эволюциясына үлкен ықпалды ғылыми біліммен,
ғылыми пәндер жіктемесі тигізген. Логикалық әдістің түрі ретінде
жіктеме ғылыми зерттеудің типология амалының негізгі элементі болып
табылады. Ол ғылыми білімді ұйымдастырудың логикалық-әдістемелік
амалы ретінде қолданылады, бірақ оның эвристикалық мүмкіндіктері
шектеулі болып келеді. Аристотель классификациясының маңызды
қағидалары ол: бөлшектеп тұтастық сәйкестігін анықтау; жалпыламаның
артықшылығы; жіктеме элементтері арасында байланысты орнату
кезінде теориялық құрамдас бөліктеріне көбірек назар бөлу.
Итальян философтары Дж.Реале мен Д.Антисери Платон мен
Аристотельдің шығармашылықтарын салыстыра отырып, келесідей
қорытынды жасады: «Аристотельдің ғылыми рухы мен ойшылдығы ...
оны органикалық синтезбен жүйелілікке, олардың табиғатына
байланысты тақырыптар мен мәселелерді дамытуға, әр түрлі мәселелерді
шешетін әдістердің дифференциясына қарай жетеледі. Өзіне барлық
мәселелерді тартатын платондық иірілген спиралінің орнына бір тұрақты
жүйелендіру келуі тиіс еді ...»
Аристотель классификациясында барлық ғылымдар келесідей
бөлінеді: теориялық (математика, физика, психология, метафизика);
тәжірибелік (этика, саясат, экономика); продуктивті (шығармашылық,
техника, эстетика, риторика). Аристотельдің классификациясының негізі
логика мен метафизика болып табылады, олар философиялық-логикалық
алғы шарт қызметін атқарады.
Осының барлығы «Аристотель корпусы» атты трактатталарында
сипатталған. Бірінші циклі – ол логикалық: «Аналитиктер» 1-ші және 2-
ші, «Талқылау туралы», «Топика», «Софистикалық жалғандықты
әшкерелеу туралы», «Риторика» және «Категориялар» жалғастырады.
Екінші цикл – физикалық-космологиялық: «Физика», «Аспан туралы»,
«Пайда болу мен жою туралы», «Метеорологика». Үшінші цикл–
«алғашқы философия туралы» трактат – «Метафизика» (14 кітап).
Төртінші цикл – биология-психологиялық: «Жан туралы», «Жануарлар
тарихы», «Жануарлардың бөлшектері туралы», «Жануарлардың
9
қозғалысы туралы». Бесінші цикл – этикалық жұмыстар: «Никомахова
этикасы», «Үлкен этика», «Эвдемова этикасы». Алтыншы цикл -
әлеуметтік-саяси және тарихи жұмыстар: «Саясат», «Афиналық
полития», «Поэтика» атты эстетикалық жұмыс.
Ұлы ұстаз Платон сияқты Аристотель де ғылым мен білімнің
институционализациясының негізін салған. Платон Академияны, ал
Аристотель Ликейді (перипатетикалық мектеп) құрғаны бәрімізге мәлім.
Компаративистикалық
талдау
олардың
ортақтылықтары
мен
ерекшеліктерін сипаттайды.
Академия мен Ликейде білім мен ғылымның дифференцированиесі
мен интегрированиесі әртүрлі әдістер арқылы іске асырылды. Платон
Академиясы мен Аристотельдің Ликейі (2005) ІV Ресейлік философия
конгресінде
ғылыми-білім
институттарының
екі
типі
және
философиялық мектептер ретінде қарастырылды.
Дәл осында ғылыми қоғамдастықтар мен мектептердің негізі
қаланған болатын, олар ғылыми білімнің қабылдануын қамтамасыз етіп,
дамуына жағдай жасап және жеке тұлғалық оқу мен зерттеудің (ұстаз-
шәкірт) формальды бағдарламалары мен әдістемелерін өзара
байланыстырды деуге болады. Платон Академиясының құрылымдық
қызметінің негізіне «көпшіліктің біреуге» бағыну қағидасы алынған
болатын. Ол зерттеліп отырған пәндер көптігінен емес, керісінше
олардың сапалылығының тереңірек қабылдануында болды (гимназияда
оқығандығы, философтар мен ғалымдардың академиялық сабақтар
өткізу процесінде жоғары білім алуы, философ-пікірлестер арасында
ғылыми білімін ары қарай жетілдіруі).
Ликейдің
ғылыми-білімділік
қызметі
Аристотельдің
классификациялық принципіне cәйкес келді. Ол энциклопедиялық және
табиғат туралы білімді кеңейтумен ерекшеленеді. Сол жұмысқа танымал
ғалымдар тартылды: Теофраст, Эвдем және т.б. Аристотельдің шәкірті
Теофрастің кезінде Ликей үлкен кітапханасы, минералдар жинақтамасы,
гербарий, грек халықтарының конституция жинағы бар ірі ғылыми
орталыққа айналған.
Стагириттің шығармашылығына оралайық. Жоғарыда айтылғандай
Аристотель теориялық пәндер қатарына метафизиканы, математиканы
және физиканы кіргізген болатын, яғни олардың өзара байланысын алға
тарта отырып, олар ойды қажет ететін ғылымдар болатын.
Метафизика мұнда анықтаушы теориялық және логикалық
ықпалды анықтайды. Аристотель оны «алғашқы философия» деп атаған
болатын. Көптеген зерттеушілер бұл атаудың шартты екенін ескерген
болатын, себебі оны «ta meta ta physika» (физикадан кейінгі) емес
керісінше «pro to ta physika» (физикаға дейін) деп атаған дұрыс деген
тұжырымдарға келген болатын.
10
«Алғашқы философия» (метафизика) қозғалыста емес және
өздігінен өмір сүретінді зерттейді. «Алғашқы философия өздігінен өмір
сүретін, бірақ қозғалыссыз нәрсені зерттейді ... Бірақ, егер қозғалмайтын
нәрсе болса, онда оны зерттеу алғашқы философияны құрайды және
жалпыға ортақ болып келеді. Алғашқы философия нәрсенің, заттың
заттылығын зерттеумен айналысады, себебі ол барлығына тән болып
келеді» [1. 181-182бб].
«Екінші философия» - табиғатты оқу туралы «алғашқы
философиямен» байланысты болып келеді. Бұл философия қозғалыстағы
нәрселерді зерттеумен айналысады «Табиғатты зерттеу нәрсені
зерттеуге ұқсас келеді, яғни мұнда қозғалыста бола алатын негіз
қарастырылады. Ал, шынайылығында табиғат туралы зерттеу еркін өмір
сүретін, бірақ қозғалмайтын заттар туралы зерттеу болып келеді» [1. 180-
181бб].
Аристотель бойынша математика пәні қозғалыста бола алмайтын
зат. Ол материалдан тыс ойландырады және субстракт ретінде
қалыптасады. Мұнда біріншісі математикалық ғылымдарға тиесілі, ал
екіншісі математика бөліктеріне тән болып келеді. «Жалпы қарағанда
тұтас математика бар және математиканың құрамдас бөліктері бар
(мысалы, геометрия). Кейбір математикалық ғылымдар өз пәндерін
қозғалыссыз және жеке дара ретінде қарастырады... ал кейбір
математика бөліктерін материяға қатысты, тұтастықтың бөлшегі ретінде
қарастырады» [1. 181б.].
Сонымен, теориялық ғылымдар бастауға негіз болып отыр. Бірақ,
дәлелдеменің негізгі бастауы «алғашқы философия» ретінде
қарастырылады, ал математика мен табиғат туралы ғылымдар
«даналықтың» негізі деп танылады. «Математика жалпы тәртіптерге
бағынғанымен, оның бастауы алғашқы философия құрамында жатыр».
Математика өз пәнінің бөлімдері мен сандық қатынастарын зерттейді,
бірақ ол тұтастық ретінде қарастырылмайды, керісінше, ол «екі, үш
өлшемдегі зат ретінде қарастырылады». Табиғат туралы оқытулар да
заттардың басталуын қарастырады, себебі ол «қозғалыстағының негізі»
болып табылады. Бастау себептерге байланысты.
Бастау түрлерінің жіктемесін келтіре отырып Аристотель
«метафизиканың» бесінші кітабында себептердің де түрлерін
қарастырып кеткен. Негізгі бастаулар мен себептер заттың түрін
сипаттайтын түсініктердің көмегімен анықталады: мүмкіндік және
шынайылық.
«Бастау» мәселесі «Физикада» дәлірек айтсақ «Физика
дәрістерінде» орын алған, ол сегіз кітапты қамтыған болатын.
Аристотель кітаптарының бірінші бөлігін «Табиғат туралы», екіншісін
«Қозғалыс туралы» деп атаған болатын.
11
«Физикадағы» бастаулар мен себептер білім сипатынан, ғылыми
негіздемеден және зерттеулерден туындаған болатын. «Ғылыми негіз
себепті анықтаудың білімі мен зерттеулеріне негізделген: білім, зерттеу
нәтижесінде анықталатын бастауға, себептерге, элементтерге сәйкес
келеді» [2. 61б.].
Аристотель бастаманы басқа түсініктермен байланыстыра отырып
қарастырды: дара және көпшіл, сан және сапа, шектілік және шексіздік.
Алдағы зерттеушілердің жағдайын бағалай отырып, ол дара мен
көпшіліктің мүмкіндік және шынайлылықпен сәйкестігін қарастырған.
«Мұнда олар тығырыққа тіреліп, дараның көпшілік екендігі мен келісе
бастады, бірақ дара жеке де бола алады және көптің де құрамына да
жатқызылатындығын ұмытпағанымыз дұрыс» [3. 64б.].
Аристотель
табиғат
түсінігін
қарастырған
болатын.
«Метафизикада» ол табиғаттың алты түрлі түсінікте емесін келтірген
және келесідей қорытындыға келген, «өзінше жеке дара қозғалысы орын
алатын зат материя болып табылады; себебі ол барлығының негізін
қабылдауға қабылетті, ал әртүрлінің, сондай- ақ бойдың пайда болуы
табиғилық болып келеді, себебі ол негіздің қозғалысынан туындаған зат
болып табылады. Табиғи заттарының қозғалыс бастауы – негіздің өзі
болып табылады, өйткені ол не мүмкіндік, не шынайылық болып келеді.
Сонымен, табиғат өзіндік қозғалыстың ішкі қозғалысын сипаттайды [1.
150б.].
«Физикада» табиғат шынайылық ретінде сипатталынады. Табиғат
материяға да, формаға да тиесілі, өйткені форма қозғалыстың нәтижесі
болып табылады. Негізіде форма – табиғаттың өзі. Физика табиғатты
форма және материя ретінде тануы тиіс.
Аристотельде қозғалыс мәселелері бастама мен себептерге
байланысты келеді. «Метафизикада» қозғалыс екі қайшылықтың
сәйкестігі мен сипатынан туындайды. Осыдан құбылыстардың жіктелуі
түрлері анықталады. «Егер құбылыс түрлері төртеу болса, яғни негізгі
сапасы, саны, қатынасы, онда құбылыстың өзгеруі осы төрт түрдің
сипатының өзгеруіне алып келеді, бұл құбылыс қайшы жаққа өтуін
сипаттайды» [1. 301б.].
Аристотель айтқандай, қозғалыс мәселелері «Физиканың» екінші
бөлімінде қарастырылған. Мұнда өзгеріс пен қозғалыстың әртүрлі
амалдары қарастырылады, бірақ нәтижесінде олар келесідегі
дихотомияға келіп тіреледі:
-
қайшылық қағидасы бойынша өзгеру (пайда болу және жойылу);
-
екі жақты қарым-қатынас қағидасы бойынша өзгеру (қозғалыс,
сапалы өзгеріс, сандық өзгеріс-өсім және шығын; орын бойынша өзгеру
– орын алмастыру).
12
Достарыңызбен бөлісу: |