С.Л. Франк іліміндегі философия мен ғылым. С.Л.Франк
философия мен ғылымның өзара байланысы туралы ұсыныстарды
дамытуға үлкен үлес қосты. Франк үшін философия – адамзаттың
51
тұтас дүниетану көзқарасын, адамдардың жан-жақтылығының
социумын, өздерінің жеке шығармашылық дәлдіктерін бүтін және
толық аяқтауды қамтыды. Франк философияны әртүрлі сенулерге,
мазмұн мен сапа көзқарастар жүйесіне апармайды. Ол бұл ғылым
«ғылыми дәлелденгендіктен ерекше философия - бұл тұтас
дүниетаным» деп көрсетеді. Франк философиясында ғылым, білім,
ғылыми білім ерекше орын алады. Антикалық ғылымның туу
кезеңінен бастап, Франк философия мен ғылымның бір-біріне сәйкес
келгенін дұрыс белгіледі, сол уақыттан бері философия ғылым
ретінде қаралып, ғылыми білім үшін ерекше белгілердің қатарына
енгенін көрсетеді. Бұл белгілер Франктың келесідей мән мазмұнымен
сәйкес келеді:
1) білім ең алдымен тіршілік мұқтаждықтарына тікелей
қатынассыз, ақиқатты іздеусіз өңделмеген білім ретінде болды;
2) білім еркін дамып, әрбір ойлаушы ақиқатқа жетуді дұрыс
санап, анықталған білімді өзгерту мен түзетуге құқылы болды;
3) білім дәлелденді және тексерілді, сонымен бірге
ұғымдардың қисынды жасалған жүйесі қаланды.
Сонымен, ғылыми білім мен ғылым – бұл білім, бұл ақиқатты
дербес еркін жолмен іздеу және қисынды жүйеге келтірілген білім
арқылы іске асыру, - деп көрсетеді Франк. Осыған орай, Франк екі
маңызды сұраққа ерекше көңіл бөледі:
1.
Арнайы ғылымдар мен философияның арасындағы қатынас
жүйелілігінің шынайылығы қандай?
2.
Дербес ғылым ретінде философияның ерекше заты қандай?
Франк күні бүгінге дейін көкейкесті, қарапайым емес сұрақтарға
жеткілікті жауап беріп қана қоймай, керісінше, позитивизмнің пәндік
сындарын талқыға салып, оның негізгі жолдарының толық еместігін
көрсетеді.
Қазіргі уақытта ғылым көптеген білімдерді қамтиды, бірақ бар
білімдердің іс жүзінде мұндай жиынын түгел қамти алмады. Барлық
ғылымдардың жиынтық түрінде бір санаға сия алмауы көптеген
ғылымдардың бірігіп дайындаған ғылыми білім энциклопедиясы
ретінде қолданылады. Мұндай энциклопедия болса да, ол
философиялық бола алмаушы еді.
Франктің пікірінше арнайы ғылымдар мен қосалқы ғылымның
салаларын бір тұтастықты қамтамасыз ететін ерекше білімнің жүйесін
құрайтын ғылым керек. Осындай ғылым философия болып
табылады. Ғылым философиясы ғылым тарихына және нақты тарихи
құжаттарға негізделеді. Бірақта, Франктің айтуы бойынша,
философия «ғылымның қортындысындағы ақиқатқа негізделмейді,
керісінше оның негізгі қызметі дұрысын, нақтысын, яғни бір жүйеге
52
1.9 Қазіргі ғылым
философиясындағы
проблемалық өріс
келтіретін ғылыми қорытындылардың формасын шығару керек.
Өйткені, ешқандай білім басқа білімдермен салыстырылмай, әмбебап
жүйге келтірілмей дайын, аяқталған, нақты бола алмайды».
Сонымен, Франктің ең бір маңызы жетістіктерінің бірі - ол
философияның
спецификасын
анықтау,
ғылымның
және
философияның тәуелсіздігін құруында, соның негізінде «барлық жеке
және арнайы ғылымдардың негізін, қорытындысын жасайды».
Қазіргі
ғылым
философиясыХХ
ғасырдың
бірінші
жартысында
қалыптасты.
Ғылыми
революция
классикалық көзқарастарды түбірімен
өзгерткен. Х1Х ғасырдың соңында болған ғылыми революцияның
мағынасын ашу нәтижесінде болды. Атомның бөлінуі сияқты, арнайы
және салыстырмалы жалпы теория, кванттық теория, кванттық химия,
генетика, системаның жалпы теориясы.
Жаңа ғылымның рационалдығын күн тәртібіндегі сұрақ ретінде
адамзаттың жаңа өркениетті дамуға және глобальді дағдарысты
шешуге бағытталғандығы қарастырады. Ғылымның жаңа үлгілерін
құрылымдайтын техникалық төңкерістің жағдайын жасап қана
қоймай өзінің әлеуметтік және әлеуметтік стратегиясын коррелеуін
және ғылымның жаңа кеңістігінің басқа рухани мәдениетпен
араласуын болжайды. Өркениетті дамудың ізденіс аясының жаңадан
құрылуы ғылым философиясы мен ғылымның дәрежесінің өзінің
өзгеруіне әкеледі. Осы мәселелерді дұрыстап қарастырайық. Ғылым
философиясындағы проблемалық өріс сұрақтары және ғылымның
өзінің
статусының
өзгеруі
жайлы
өзіміздің
және
шетел
ғалымдарының көптеген еңбектері жарық көруде. Бұл жерде 4 жүйелі
блокты көрсетуге болады:
қарастыратын еңбектерде ғылымның эволюциясын кең
тарихи мән мәтінінде көрсетеді;
ғылымды толығымен қамтитын философиялық ойлар
қорытындылайды;
ғалымдардың ғылым дамуы туралы мәселелерге деген
«іштей» қалыптасатын көзқарастарын еңбектерінен көруге болады;
ғылымның барлық үлгілерінің қорытындысын жасау –
кумулятивтік, антикумулятивтік және кейс стадиясы (белгілі
жағдайлардың зерттелуі) болып табылады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылым мен философия
өкілдерінің көбі «ғылым» деген термин сөздің трансформациясы
жайлы өз көзқарастарын айтып «ғылымның соңы» жайлы
53
пікірталасқа
қатысты
(Дж.Хорган,
В.Гейзенберг,
Ж.Делез,
П.Фейерабеннд, М.Фуко, Ф.Лиотар, В.Паули және тағы басқалары).
«Ғылымның соңы» деген түсінік тек қана үлкен үрдістің ауысуын
ғана білдірмейді, сонымен қатар ғылымның қарастырып отырған
парадигмасының ауысуын, парадигмалық негіздемесін және қазіргі
таңдағы мәдениетті өркениеттегі ғылымның орнының өзгеруін
білдіреді. Қазіргі таңда көбіне мынадай уәждемелер айтылып жүр:
әлем дегеніміз біртұтастық және ғылым өзінен өзі холистикалық
дүниетанымнан шыға алмайды; ғылыми төңкеріс қажет, ол ғылым
деген түсініктің өзінің шеңберінен де шығуы тиіс. Мұндай ерекше
құбылыс – мәдениет. Мұнымен көптеген авторлардың постмодерндік
ментальды мәдениет клишесіне үндеуі түсіндіріледі.
Ғылым философиясы (әсіресе тарихи мектептер) мен
гуманитарлық
таным
философиясының
бірігуінің
негізінде
ғылымның жаңа парадигмалық негіздемесі іздестірілуде, оның
зерттеу аймағының шеңберінде плюралистік ғылым философиясы
пайда болады (К.Хюбнер).
Сұраққа жауап беру үшін біз бұл екі бағыттың жаңа ғылымның
және оның мәртебесін құраудағы дәрежесін қарастырамыз, олардың
әрқайсысының негізгі мәселелері мен түсінігін қарастырамыз,
соңында жаңа әдіснамалық парадигманы шығару үшін барлығын
қорытындылаймыз.
ХХ ғасырда пайда болған постмодернизм соңғы үшінші «уақыт
бағыты» («дух времени») дүниетанымын түсіндіреді. 1980 жылдың
басында батыс зерттеушілері постмодернизмның мәселелерін күн
тәртібіне қойған. Соның кейбір өкілдерімен танысайық.
Ролан Барт (1915-1980) - француз әдебиеттанушысы,
семиотикші, сыншы, эссеист. 1970 жылы «автордың өлімі» түсінігіне
және «мәтін» деген оның негіздемесіне келеді, оның көзқарастары
қағидалы түрде шығарманың классикалық түрінен ерекшеленеді.
Мәтін соңғы шығармашылық ерікпен қоса көптеген түсініктер мен
шартты белгілер жүйесін негіздейді. Оның еркіндігі оқырманды
таңқалдырып қана қоймайды, сонымен қатар рахатқа бөлейді және
эротикалық жабыраңқы сезімді толықтай босатады. Бұл жаңа «хат»
мәдениетті адалау үшін емес, шынайылықты бейнелейтін ерекше
тілді құрауға арналған, ол сонымен қатар бітпеген мағынаны
қағидалы сипаттау үшін керек. Осыған байланысты, Барттың
пікірінше, бейнеліліктің постструктуралық қызметін толығымен
қиратып, одан барлық тұрақты түсініктерді алып тастап, оның орнын
әрдайым жалғаса беретін еркін ойынмен алмастыру қажет. Барттың
«мәтін» ұғымы өзінің қызметі мен түсінігі жағынан Фуко мен
54
Дерриданың «эпистема» және «пікірталас тәжірибесіне» деген
ұғымдарына өте жақын болып келеді.
Мишель Поль Фуко (1926-1984)- француз философы,
мәдениеттанушы, эстетигі. Фуконың барлық ғылыми және мәдени
танымал теориялары «доксологияға» байланысты. «Сөздер мен
заттар»
(1966)
жылғы
шыққан
кітабындағы
Фуконың
тұжырымдамасы бойынша еуропалық мәдениет бірнеше дәуірге
бөлінеді екен. Жаңа дәуір ескі дәуірден ештеңе алмайды және
болашақта қалыптасатын дәуірге ештеңе қалдырмайды. Яғни тарихты
Фуко «радикалға тән үзіктік» деп қарастырады. «Доксологияның»
орнына ол «археологияны» ұсынады; оның пәні болып
археологиялық деңгейдің арқасында қажетті ұғымды түсіну
мүмкіндігі қалыптасады.
Бұл терең, фундаментальды деңгейді Фуко «эпистема» деген
терминмен таңбалайды. Эпистема И.Ньютонның абсолютті кеңістігін,
И.Канттың априориін, Т.Кунның парадигмасын еске түсіреді. Олар
белгілі бір білім мен ғылымның қалыптарының көрінісін анықтайтын
мәдениеттің шартты белгілерінің беріктігін көрсетеді. Эпистема
заттарды реттейді және оларды пайымдауға керекті шарттарды
құрайды. Бұл мағынасында эпистема субъектіге бағынбайды, өйткені
олар санасыз сферада әрекет етеді, өздері анықтайтын ойға қол
жетімсіз болады. Еуропалық мәдениеттің түрлі деңгейлерін
салыстыра отырып, Фуко эпистеманың негіздегі өзгешелік тілдік
қатынаста, ой қатынасында, заттық және білімдік арақатынаста
жатқан шарттылықта деген қорытындыға келеді. Егер Қайта Өрлеу
дәуірі ұқсаушылық пен тәрізділік эпистемасына негізделсе, XVII-XIX
ғасырларының мәдениеті таныстыру эпистемасына негізделген, ал
ХХ ғасыр мәдениеті жүйе мен ұйымдастыру эпистемасына құрылған.
Оның бастамасымен жаңа ғылымдар туындайды, онда тіл өзімен өзі
тұйықталатын, өзінің тарихын қалыптастыратын қатаң жүйелі
формальды элементтердің жүйесі болады.
«Білім археологиясы» (1969) атты кітабінда және басқа
еңбектерінде эпистеманың орнына пайымдау стилі, белгілі бір білім
аймағының тапсырмасының шарттылығы - дискурс жүреді.
«Дискурс» және «дискурстік тәжірибе» деген ұғымдардың көмегімен
Фуко мәдениетті зерттеудің жаңа әдіснамасын құрайды. Ғылымның
немесе мәдениеттің бастапқы материалдары болып оқиғаны
дискурстық құру болып табылады. Дискурстік тәжірибенің негізі -
пікірлердің өзара қарым-қатынасы мен байланысынан, кейбір
объективті заңдар мен ережелердің тұтастығынан тұратын «мұрағат»
болып табылады. Мұрағат – бұл түрлі құжаттар мен мәтіндер емес,
олардың негізіндегі құрылым мен заңдар. Фуко бойынша
55
дискурсивты тәжірибелер белгілі ғылымдармен сәйкес келмейді,
оларды керісінше толық қамтып, оларды біріктіреді. Фуко өзінің
рационалды
ғылымдардың
құндылығына
күмәнданады,
ол
дискурсивті тәжірибені артық көреді. Оның ғылым мен білімге деген
сыни көзқарасы «Дискурстің тәртібі» атты кітабында тіптен арта
түседі.
Жак Деррида (1930 жылы дүниеге келген) - француз
философы, мәдениеттану теориясын жасаушы, 1980 жылдардағы
постмодернизмнің көшбасшыларының бірі. Деррида классикалық
теорияларды әлсірететін деконструкция теориясының авторы.
Дерриданың көзқарасының өзгешелігі құрылымның келесі жағына
көңілді
аударуы,
яғни
құрылымдық
болып
табылмайтын
кездейсоқтық, аффект, билік, ерік, үміт сияқты түсініктерді кең
әлеуметтік–мәдени мәнмәтінге енгізуі болып табылады. Автор
децентрация құрылымын дамытып, құрылымдық түсінікті басқа бір
ұйымшылдық сияқты ұғыммен құрылымның ешқандай орталығы жоқ
еркін ойынмен алмастырды. Деррида үшін – «Орталық» ол объективті
қасиеттің құрылымы, бақылаушының ойдан шығаруы, оның үмітінің,
күшінің нәтижесі. Әлемдегі бар мәдениетті және адамды Деррида
шегі, орталығы жоқ мәтін ретінде қарастырады. Мәтін – бұл
тұрмыстық әдістерді құрылымдау жүйесі.
Жак Лакан - француздық психоанализдің теоретигі мен
практигі. Лаканның ойынша санасыздық тілдің құрылымы іспеттес.
Ол рәміздік ойлаудан, тілден, тарихтан, адами практикалық өмірден
үстемдігін анықтады. Лакан санасыз сезімнің түсінігін ретке
келтірілген құрылымның соңғысын жаңа дәстүр ретінде
қалыптастырды. Мұнда сөз тек қана тілді символдық деңгейде
лингвистикалық түсіну жайында ғана емес, сонымен қатар
психология мен физиология әлі бөлінбеген «тілдің» ең төменгі
деңгейдегі қағысында болып тұр. Лаканның құрылымдық санасыз
ниет туралы ойы мен Дерриданың субъектіні децентрлеуі
шығармашылық түсіндіруге жаңа импульсын берді.
Жиль Делез (1926 жылы дүниеге келді) - француз философы
және мәдениеттанушысы, эстетик-постфрейдист, постмодерндік
саналықтың құрылуына үлкен әсер еткен ғалым. Делез Лаканның
құрылымдық психоанализінің негізгі түсінігін мойындамайды, оның
пікірінше санасыздық пен тіл негізінен ештеңе білдіре алмайды екен.
«Квинтэссенциялық мәдениет» дегенді Делез санасыз машиналық
ниеттің реакциясы деп біледі. Санасыздық құрылымдық емес, ол
машиналық әрекет. Егер жұмыс істеген «машиналық мүше» өмiр
сүруге шабыттанылған түйсiктері арқылы ниет етуді туындатса, өлім
түйсігі машинаның тоқтауына және «дененің мүшесіз» пайда болуына
56
алып келеді. Таңбалар өздерімен өздері ешқашан белгілі бір мағынаға
ие бола алмайды. Олардың негізгі және жалғыз қызметі -ниетті
өндiрiп алу болып табылады. Таңбалық шатты белгілерге тілден гөрі
жаргондар ие болады. Санасыздықтың құрылымы бейғамдықты,
галюцинацияны және фантазмды құрастырады.
Сонымен, біз постмодернизмның кең аумақты, масштабы
бойынша глобалдi екенін, ең бірінші мәселе ретінде рационалды
философиялық рефлекцияны емес қоршаған ортаға деген қазiргi
адамның терең эмоциональді реакциясын қарастыратынын көрдік.
Көптеген
көзқарастарды
біріктіру
үшін
олардың
бір
әдіснамалық негізін табу керек. Мұндай әдіснамалық негіз ретінде
«постмодерндік сезімталдық» айрықша «дәуiрлер рухы» сияқты
ерекшеленген. «Постмодерндік сезімталдық» постмодернизмнің ең
басты түсінігі болып қалыптасты, онда рационализмнен, дәстүрден,
жалпы қолдауы бар беделділерден, ғылыми түсініктің нақтылығына
деген сияқты пайымдауларға сенімсіздік туындады. Әлемді хаос
сияқты
қарастыру
постмодернизмге
тән
нәрсе.
Болмыс
постмодернизм бойынша тек қана образды, интуитивті «поэтикалық
ойлайтын» адамға тән қасиет. Бұл көзқарасты тек гуманитарлық
ғылымның өкілдері ғана емес сонымен қатар жаратылыстану
ғылымдарының өкілдеріне де қарастырды. Мысалы, «Жаңа альянс:
Метаморфоза ғылымы» атты физика-химиялық заттардың жүйесінің
философиялық
түсініктемесі
бойынша
жазған
еңбектерінде
И.Пригожин мен И.Стенгерс былай деп жазады: «Бай әрі көптеген
танымдық тәжірибеде біздің ғылымымыз әлемді поэтикалық
тыңдалым жүргізу арқылы түсінеді, бұл этимологиялық түсінікте
ақын жаратушы болады, - активті күрделі іс-әрекеттер жасайды және
ойланып табиғатты зерттейді, сондықтан оның дауысын естіп, әлемге
оны жеткізе алады».
Қазіргі таңдағы көптеген авторлар постмодернистік сана ғылым
мен адамзатты құртуға апарады дейді. Постмодернистік көзқарас
бойынша ешқандай біріктіретін және танымдық орталық жоқ,
сондықтан болашақта бейбітшілік бағыттарды шығара алмаймыз.
Постмодернизмге ХХ ғасырдың біртұтас құбылысы ретінде
танып, оң баға бергендер де бар. Бұл көзқарастар бойынша көркемдік
шығармашылық пен сыни рефлекция қатты байланысып кеткен,
оларды ажырату қиын болады делінген.
Қорытындылай келе, мынаны айтуға болады: «басқа
жұмыстарына қарағанда, Кунның кітабы ғылымдағы ұсыныстардың
ауысу механизмін түсіндіру мәселесіне деген қызығушылықты
оятты».
57
ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылымның жаңа түрі
қалыптасты. Ол – постклассикалық емес ғылым. Көбінесе бұл
ғылымның қалыптасуы әлсіз, дегенмен нақты тенденциялар бар.
Тәртіптік қадағалауға байланысты жоспар бойынша бірінші кезекте
зерттеу саласының арасын қадағалау, жүйелі жағдайларды шешуге
бағыт беру. Осыдан Вернадский ХХ ғасырдың ғылымының
ерекшелігін байқады. Егер классикалық және классикалық емес
ғылымдардың мақсаты белгілі бір фрагментті және зерттеліп отырған
заттың спецификасы болса, постклассикалық ғылым емес
бағдарламаларды жалпы зерттеумен белгіленеді.
Постклассикалық емес ғылымның ерекшелігі жауаптылық
этикасының қалыптасуы, ғылыми қоғамның қабылдаған ғылыми
атақтарына жауаптылығы. Ғылым тек қана шындықты іздемейді,
сонымен бірге оның қабылдану шартын жасайды. Егер классикалық
және классикалық емес ғылымдар өздерінің алдына тек қана
шындықты іздеуді қойса, ал оны қолдану мен қабылдауды қоғамға
қалдырса, постклассикалық емес ғылым, өзінің пәніне антропогендік
саланы қоса отырып, этикалық проблемаларды шешуде шетте қала
алмайды, ғылыми ашылулардың адамзат өмірлеріне тигізетін әсеріне
немқұрайлы қарай алмайды.
Сонымен,
жаңа
европалық
ғылым,
басынан
эксперименталдық әдіске сүйене отырып, жеке статусқа ие болып
және даму барысында бірнеше сатыдан өтеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
Ғылым дамуының классикалық, классикалық емес және
постклассикалық модельдері.
2.
Қазіргі замандағы классикалық методологияның дағдарысы.
3.
Классикалық емес ғылым және оның ерекшеліктері.
4.
Постклассикалық емес ғылым және оның негізгі концептуалдық
қадамы.
5.
Позитивизм және ғылым.
6.
Сыни рационализм және қазіргі ғылым философиясы.
7.
И.Лакатос ғылым философиясы.
8.
Т.Кун: «Ғылыми революциялар құрылымы»
9.
П.Фейерабенд: әдістемелік мәселе.
10.
Ғылыми білімнің постпозитивистік модельдерінің дамуы (Т.Кун,
К.Поппер, И.Лакатос, М.Полани, Ст.Тулмин, П.Фейерабенд).
11.
Постпозитивизм және ғылым: проблемалар және концепциялар
маңызы.
12.
Постпозитивистік ғылым келбетінің қазіргі жағдайын бағалау.
58
2.1
Ғылымның
танымдық-
философиялық мәні
2 ТАРАУ. ҒЫЛЫМ БОЛМЫСЫ
Философияда
ғылым
ұғымының
бірнеше
түрлерін:
ғылым-ұғыну
әрекеті ретінде, әлемді танудың негізгі
түрі, әлеуметтік институт ретінде
бөліп айтуға болады. Ғылыми әрекет –
жаңа білім алуға мақсаты бар бұл когнитивті (танымдық) әрекет.
Егер өндірістік әрекеттің соңғы өнімі – тауар болса, онда ғылыми
ірекетте- ғылыми деректер, болжамдар, теориялар түріндегі жаңа
білім,
ғылыми
әрекеттің
басқа
әрекет
түрлерінен
түпкі
айырмашылығы – жаңа білім алуға бағытталғандығы.Өндірістік
әрекет саласында бір өнім көп рет өндіріледі, бұл ғылыми әрекетке
тән емес. Ол үнемі жаңашылдыққа, белгісіздікке бағытталады және
сол үшін тіршілік етеді.
Ғылыми әрекеттің белгілі құрылысы бар; зерттеу субъектісі,
зерттеу нысаны мен мәні, зерттеу құралдары мен әдістері,зерттеу
нәтижесі.
Зерттеу субъектісі – зерттеуші тұлға, зерттеу субъектісі деп тек
жеке ғылыми қауымдастықты (Т.Күн) да айтуға болады.
Зерттеу нысаны – ғылыми қауымдастықпен зерттелетін
шындықтың бөлігі. Ғылым көп түрлі барлық әлемді тануға
бағытталған, бірақ шынайы тәжірибеде тану белгілі сала бойынша
жүргізіледі.
Ғылым
ғылыми
әрекет
тәжірибесі
көрсеткендей,тарылмай керісінше, кеңейе беретін танылмаған сала
бар екендігін түсінеді. Былай айтқанда, көп білген сайын,танылмаған,
белгісіз салаға тереңірек үңілеміз.
Тану мәні – тану нысанында зерттеп, үйренетін қасиеттер мен
заңдылықтар. Таным нысаны өз көлемі мен мазмұны бойынша
таным мәнінен кеңірек, яғни тану нысаны – белгілі тұтастық
(бүтіндік), ал тану мәні осы тұтастықтың бір бөлігі . Бір нысанға
қатысты бірнеше тану мәні болады, мысалға қоғам – белгілі
тұтастық ретінде әр түрлі ғылымның: экономикалық, әлеуметтік,
саяси және тағы басқа ғылымның зерттеу мәні болып табылады. Бұл
ғылыми білімді саралау қажеттілігіне, толық негізі бар шағын
мамандықтың тууына әкеледі. Алайда ғылыми танымның белгілі
сатыларында
синтетикалық
жалпыламаның,
ғылымның
интеграциясы қажеттілігі туындайды, бұл әрине тану нысанындағы
жетістік болып табылады. Бұнда ғылыми әрекеттің бір заңдылығы
көрініс табады. Нысанды бірден тану мүмкін емес, сондықтан оны
бөліктерге бөліп, зерттейді (әрине ойша). Бұл бөліктерді
(бөлшектерді) тануда және олардың табиғатын тереңірек зерттеуде
59
ғылым бүтіндігі тануға өту қажеттілігіне кездеседі, бұл таным
нысаны туралы жаңа сапалы білімді береді. Ғылыми әрекеттегі
қазіргі жетістіктер таным тұтастығына өтумен байланысты,
сондықтан приоритетті бағыттар деп ғылым «шыңында» жүргізілген
зерттеулер айтылады. Мысал ретінде физикалық химия, биохимия,
биогеохимия және тағы басқа сияқты белгілі ғылымдарды айтуға
болады.
Таным құралдары мен әдістері – ғылыми әрекеттің
«құралдары» мен «аспаптары». Өндірістік әрекетте барлығы әрекет
құралдары мен құрылғыларына байланысты, ал бұл саладағы
жетістіктер қоғамның ірі түрленуіне әкеледі. Қазіргі қоғам
ақпараттық технологияны, жоғарғы нақтылы техниканы
қолданусыз мәнсіз. Ғылыми әрекетте өз кезінде телескоп пен
микроскопты ойлап табу айтулы жетістік болып табылады.
Эмпирикалық және теоретикалық құрамы бар қазіргі ғылыми
әрекет үшін теоретикалық зерттеу құралдары мен әдістері үлкен
мәнге ие болуда. Бақылау мен өлшеу сияқты зерттеудің дәстүрлі
әдістері таным кеңістігін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік беретін
модельдеу әдістерімен толығады. Бақылау жағдайында зерттеуші
зерттеу затына байланады, модельдеуде бұл шектеу болмайды,
модельдер негізінде оны уақыт пен кеңістік бойынша бақылауға
мүмкүндік береді, бұл әлдеқайда толық ақпарат алуға болады.
Ғылыми ақпарат нәтижесі (қорытынды) дегеніміз ғылыми
деректер, эмпирикалық жалпыламалар, ғылыми болжамдар мен
қағидалар (теориялар). Былайша айтсақ, ғылыми әрекет өнімі болып
табылады.
Ғылыми деректер – анықталған және тиісті түрде көрінген
(арнайы тіл негізінде) объективті үрдістер.Бұл ғылыми деректерді
белгілі білім жүйесіне синтездейтін эмпирикалық жалпылау негізі
болып табылады. Академик В.И Вернадскийдің пікірінше,
ғылымның негізі болып табылатын ғылыми деректер мен
эмпирикалық жалпыламалар ғылыми ақпараттың негізгі бөлігі, ал
болжамдар мен қағидалар ғылыми деректер мен эмпирикалық
жалпыламалардың дамуына байланысты уақытында түрін
өзгертуді қажет ететін уақытша «құрылыс ормандары» болып
табылады. Ғылыми танымның іс жүзіндегі тәжірибесі – олардың
маңызы мен өзара байланысын растайды. «Құрылыс
ормандарынсыз» ғылымның жаңа ғимаратын салуға болмайды.
Мысалға, жаңа ойлар мен болжамдарсыз кванттық механиканың
негізін құру мүмкін болмас еді. М.Планктың кванттық ойлары,
Н.Бордтың постулаттары, В.Гейзенбергтің белгісіздік және
60
Бордтың қосымшалық принциптері кванттық механиканы құруға
мүмкіндік берген «құрылыс ормандары» болды.
Ғылыми әрекеттің үш негізгі моделі: эмпиризм, теоретизм,
проблематизм оның жан – жақтылығын көрсетеді.
Эмпиризм - ғылыми әрекет зерттеу мәні туралы эмпирикалық
деректерді алудан басталады, одан соң индуктивтік жалпылауға
әкелетін оларды логикалық – математикалақ өңдеу болады.
Ғылыми әрекеттің бұл моделін Ф.Бэкон, Ст Джевонс, Г.Рейхенбах,
Р.Карнап және тағы басқа ғалымдар жақтаған. Қазіргі ғылым
философтары бұл модельге қарсы - ол әмбебап емес, ішкі
қайшылықтары бар.
Теоретизм - эмпиризмге тікелей қарама -қайшы мәнді; ғылыми
ойлаудан туындаған жалпы ой – ғылыми әрекеттің негізгі шыққан
пункті дегенді ұстанады. Эмпирикалық тәжірибе – негізгі
теоретикалық ойды нақтылау құралының бірі болып табылады.
Ғылыми әрекеттің мұндай түсінігін Р.Декарт, Г.Гегель, А.Уайтхед,
қазіргі философия мектептерінде Дж.Холтон, И.Лакатос және тағы
басқалар дамытқан.
Прагматизмді ғылыми әрекет модель ретінде К.Поппер
көрсетті. Бұл модельге сәйкес ғылым қағидалық – танымдық
мәселелерді шешудің спецификалық әдісі болып табылады. Бұндай
әрекеттің негізгі пункті ғылыми мәселе – эмпирикалық немесе
теоретикалық сұрақ болады, ол ғылыми тілде қалыптасады, оған
жаңа эмпирикалық немесе қағидалық (теоретикалық) ақпаратты
алуды талап етеді.
Ғылым түсінігінің бірінші аспектісі – жаңашылдық аспектісі
ғылыми әрекеттің қазіргі түсіну сипаты. Ғылым жаңашыл
әрекеттің маңызды бөлігі ретінде мынадай құрылымды кезекпен
іске асыру ұғынылады: фундаментальды зерттеулер – қолданбалы
зерттеулер – тиімді модельдер сынамалы- кострукторлық өңдемелер.
Жалпы жаңашыл әрекеттің құрылымында барлық зерттеулер
көлемінің 10 (пайызын) алып жатқан «фундаментальдық
зерттеулер» жаңа ғылыми білімді алуға тікелей бағытталған.
Алайда қазіргі қоғамды ғылыми жаңашылдық қана емес, оны өмір
сүру саласында қолданатын ең тиімді жаңашылдық қызықтырады.
Мысалға, ақпараттық үрдістер қағидасы бойынша теоретикалық
өңдеулер белгісіздіктегі ғылыми жетістік болды, бірақ қоғам үшін
олар қазіргі қоғам өмірінің барлық саласында белсенді
қолданылған ақпараттық технологиялар туған соң ғана ерекше
қызығушылық тудырды.
Ғылым түсінігінің екінші аспектісі – ғылым қоғамда
әлеуметтік институт статусына ие болумен байланысты. Ғылым
61
тек пәндік қана ұйымдасқан жоқ, сондай-ақ әлеуметтік жағынан
ұйымдасқан. Бұның негізгі көрінісі ғылыми қызметкердің
мәртебесі, жоғарғы білікті мамандарды дайындау жүйесі болып
табылады. Жеке қызығушы ғалымдардың уақыты өткен; ғылым
иерархиялық құрылымы бар маңызды әлеуметтік институт болды.
Ғылым түсінігінің үшінші аспектісі мәдениет саласымен
байланысты. Мәдениет жүйесіне дін (религия), философия, сана-
сезім, өнер жатады. Көптеген зерттеушілер ғылым мәдениет
жүйесінде үлкен мәнге ие болады және оның әсер ету саласы
кеңейе түсетінін айтады. Білім жүйесі, экономикалық әрекет,
әлеуметтік және саяси болжам, әлемді танудың фундаментальдық
мәселелерін әзірлеу қазіргі уақытта ғылымсыз мүмкін емес.
Ғылым – мәдениеттің басқа бөліктерімен өзара байланысты
мәдениеттің шектеу бөлігі болады, онсыз оның дамуы мүмкін
емес, ғылым қандай сілтеме негізінде дамитынына да байланысты.
Жалған сілтемелер негізіндегі позитивизм әлемді тануды
ғылыммен алмастырғысы келген уақытта болған. Ақиқат «саналы»
болды, сонысымен қажетті болды. Ғылым – мәдениет бөлігі ретінде
өзіндік ерекшеліктерімен қызметі бар, өзіндік орны бар. Ол
мәдениеттің басқа құрама бөліктерінсіз мәнсіз, мысалға ағаш
бұтақтары тамырсыз және діңгексіз тіршілік ете алмайтын
сияқты.
Яғни, ғылым - философия, дін, сана, өнер сияқты мәдениет
«тамырына» жатады. Әсіресе бұл ғылыми әлемді тануға қатысты
болады.
Ғылымның негізінде адамның әлемге өзгеше қатысы жатыр.
Әлемді эстетикалық ұғынуға, оның әдемілігімен гармониясын
қабылдауға, бейнелік образдар мен түсініктер негізінде көрсетуге
болады. Әлем табиғаты, оның субстанциялдық негіздері, ғаламдағы
адамның орны, өмірдің маңызы мен адам қызметі туралы сұрақтарға
жауап іздеп, әлемді философия тарапынан қарастыруға болады.
Әлемді тану – түсініктердің, нанымдардың, зерттеулердің,
эстетикалық және рухани-саналық бағалаулардың күрделі жүйесі
болып табылады. Әлемді қалыптастыруда ғылым ерекше орын
алады.
Ғылыми әлемді танудың ерекшеліктері қандай?
Бұл мәселе философиялық және ғылыми ой тарихында бірнеше
мәрте көтерілді, оған жауап ғылым қай тұрғыдан қаралғанына
байланысты болды. Егер ол натурфилософияға енсе, онда ғылыми
әлемді тану айырмашылығы тек танымдық және жалпылық
деңгейімен түсіндірілді. Осы негізде Аристотель «Бірінші
философия» (кейінгі метафизика) бөліп қараған. Егер ғылым
62
позитивизмге тән басқа әлемді тану түрлеріне қайшы келсе, онда ғылыми
әлемді тану адами рухтың, сананың өсуі деп түсіндірілген. Бұл ойды
О.Конт және оның жақтастары дамытты, ғылыми әлемді тану адамның
бұдан әрі даму мәселелеріне жауап береді дейді. Бұл көзқарастар бір
жақты болды және ғылыми әлемді тану спецификасын ескерген жоқ.
Ғылыми әлемді тану мәселесі ғылыми ортада талқыланды. Мысалға,
Вернадский өзінің қазіргі ғылыми әлемді тану тарихы жөніндегі
дәрістерінде (Мәскеу университетінде 1902-1903ж. студенттерге
оқылған) ғылыми әлемді танудың басқа әлемді тану түрлерінен
айырмашылығын ғана емес, олардың өзара байланысының үздіксіздігі
туралы жазған. Ғылыми әлемді тану аяқталған, анық, дайын түрде
емес, өзінің қалыптасу, басқа әлемді тану түрлеріне әсер ету үрдісіне
философия, дін, өнерге әсерлесетін нақты тарихи түрде қаралған.
Вернадскийдің пікірінше, ғылыми әлемді тану шындыққа тән
емес. Ақиқатты тек ғылым ғана іздемейді. Сондықтан ғылыми деген
таза және алмастырылмайтын ақиқаттың көрінісі деген ой дұрыс
емес. Ақиқат – үнемі қол жете бермейтін идеал. Тек нақты
дәлелденген деректер мен олардың эмпирикалық жалпыламаларда
көрінген ғылыми әлемді танудың біразы ғана ғылыми ақиқат
болады, ал гипатетикалық (болжамдық) және теоретикалық
құрылымдар – салынған ғылым және ғылыми ақиқат шіркеуінің
көмекші «ормандары» ғана болады.
Ғылым әлемді тануда мынадай аспектілерді қарастырады:
Біріншіден, адамның әлемге сан түрлі қатысынан (байланысынан)
ғылым гносеологиялық, субъект – нысандық қатысты іріктеп алады.
Ғылымды шындық аспектісінде қараластырады.
Екіншіден гносеологиялық қатыстылық негізгі ғылыми зерттеу
принциптеріне бағынуы тиіс.
Қазіргі философиялық және ғылыми ортада пікір-таластар
туындауда: ғылыми және ғылыми емес деп санау. Бұл мәселеде
барлығы түсінікті, анық емес, мысалға ғылыми және ғылыми емес
арасындағы айырмашылықтар қандай өлшем тұрғысынан қаралады,
сонымен бірге ғылым да бір тарапты емес. Ол ғылымның әртүрлі
өлшемдерін ұстанатын, әртүрлі ғылыми мектептерге бөлінген.
«Ортодоксальды» ғылым бар, жаңашыл көзқарастарды ұстанатын
ғылыми мектептер де бар. Консерватизм ғылымның өзіне қажет, себебі
бұрынғы позицияларды сақтап қалуға және оларды бекіте түсуге
ықпал етуге қажет, бірақ ғылымға сондай- ақ шығармашылық даму,
алдыға жылжу үшін жаңа ойлар қажет.
Осыған байланысты Вернадскийдің көзқарасы қызығушылық
туғызады. Адами ойдың тарихында мистикалық көру және айту орын
алған. Ғылыми ортада бұл мәселе басқаша қабылданады.
63
Вернадскийдің пікірінше, мистикалық ойларды есепке алу қажет,
себебі оларда болашақ әлемді тану, болашақ ғылым элементтері
көрінуі мүмкін.
Егер ғалым өзінің ғылымға белгілі болғандығын ұстанса, онда
ол жаңашылдық, ғылымның шығармашылық сипатын ұмытты деген
сөз, шығармашылық сипатқа шектелген тақырыптар мен құбылыстар
жоқ.
Қазіргі ғалымдар ғылымда шындықты басқа шындықпен
ажырата қарастыру оймен шектелмеуі керек деген көзқарасты ұстануда.
Қазіргілерден өзінің космостық негіздері кең таралған бұрынғы
ғалымдардың ойын есепке алу көп кездеседі.
Мұнда бұрынғы зерттеулер мен Жаңа Заман дәуірінен бастау
алатын ғылымның арасындағы маңызды айырмашылықтарға назар
аударған жөн. Бұрынғы мәдениеттегі рухани ғылымның мақсаты –
мәңгілік өмір, өзін-өзі тануды іздеу болса, қазіргі ғылымның мақсаты –
Космос заңдарын, заттық-энергетикалық шындық заңдарын танумен
қолдануға байланысты прагматикалық міндеттер болып табылады.
Жаңа Заманның бастапқы кезеңінде екі ментальдық құрылым
болды: бірі ғасырдан-ғасырға жалғасқан, екіншісі өз негіздерін енді
анықтаған, енді туып келе жатқан құрылым. Сол уақыттың ғылым
танушыларына осы екі ментальдық құрылым әсер етті. И.Ньютонның
пікірінше, Құдай кейбір таңдаулы адамдарға ғана натурфилософия мен
дін құпияларын ашқан. Кейіннен бұл білім жоғалып барып, қайта
табылған және мифтер мен ертегілерде көрініс тапқан, бірақ
тәжірибелер мен ғылыми әдістердің көмегімен ғылыми қайта тууы
мүмкін.
ХҮІІІ ғ.басында еуропалық қоғамда ғылым идеясы мен сиқыр
идеясының көп айырмашылығы жоқ, бұл тең құқылы білімнің түрлі
модельдерінің болуына әкелді. Олар еркін түрде өзара байланысты
болды, кейде әрекеттес, кейде бәсекелес қатыста болды. Бұл
ғылымның «парадигмадан бұрынғы» сатысында ғылыми әдіс
элементтері герметизм мен эзотеризм элементтерімен көршілес
болды. Механикалық таным және одан соң механикалық философия
туған соң герматизмдік пен эзотеризмдік ойлар арасында елеулі
айырмашылық туындады.
Қазіргі ғылым Жаңа Заманда қалыптасқан ментальдық
құрылымды көрсетуді жалғастыруда. Оның негізі - әлемге адамның
субъект – нысандық қатысында жатыр. Бұл қатыстық (байланыстық)
ерекшелігін И.Кант түсіндірген, осы қатысты сот төрағасы мен
куәгердің байланысымен салыстырған. Ғалым судья сияқты сұрақтар
қояды, табиғат куәгер сияқты өз құпияларын ашқысы келмейтінімен
салыстырады. Тәжірибе тергелетін іс сияқты болады. Ғалым болжамдар
64
айтады, бірақ шешуші мән – тәжірибелік деректер (заттық дәлелдер
сияқты) болады.
Ғылыми әлемді тану өз негіздерін Жаңа Заман дәуірінде
қалыптастырған, бір жақты және бүтін емес. Бастапқыда ғылыми
әлемді танудың екі түрі қалыптасқан (В.И.Вернадский) – механикалық
және физикалық. Физикалық ғылыми әлемді танумен қалыптасқан
әлемді тану модельдерінде бас факторлар – температура, тығыздық
элементарлық бөлшектер, термоядерлік үрдістер және тағы басқа
болып табылады.Тірі организмдер, биогеохимиялық үрдістер,
эволюция цефализацияны (түр эволюциясында нерв жүйесі мен
мидың үздіксіз өсуі) қосқанда, ұйымдасушылық және тағы басқа
биосфералық әлемді тануда табиғи әлемнің қолданыстағы
факторлары.
Натуралистер көп уақыт тірі мен тіріні қосуға болмайды,
қайшылық өте көп дегенді ұстанған. Биосфералық әлемді тану тірі
және жанама заттарды бір бүтінге біріктірді, оның түрлері күрделі
табиғи жүйелер – биогеоценоз және жер биосферасына дейін жер
«қойнау» болады. Тенденциялары белгіленген, шектері әлі толық
анықталмаған жаңа ғылыми әлемді тану соңғы уақытта физикалық
және биосфералық әлемді тануды біріктіруге қадам жасауда, күрделі
құбылысты зерттеуге ден қойған ғылыми әлемді тану бүгін,
синтетикалыққа (қосылғанға) айналуда. Ғылымның қазіргі даму
сатысында күрделі құбылыстарға бүтіндік көзқараспен қарау үлкен
мәнге ие болуда. Осыған байланысты жеке ғылыми бағыттардың
жетістіктерін қолданып, бүтін заңдылықтарын анықтау қажеттілігі
туындауда, әлем түсінігінде ғылыми әлемді тану дәстүрлі ұғымдар
зат, күш, энергияға ғана емес тірі организм түсінігіне, ұйымдасуына,
санаға сүйенеді.
Ғылыми әлемді танудың қалыптасу және даму
тенденцияларында қоғамға бағытталған кең әлемді тану және
гносеологиялық іздеуге қосылған ғылыми іздеулерді ұмытпаған жөн.
Сонымен, ғылым өзінің қалыптасу және даму үрдісінде
табылатын әлемді танудың белгілі түрі болып түсініледі. Өзінің
спецификалық ерекшеліктері бар ғылыми әлемді тану басқа әлемді
тану түрлерімен өзара әсерлеседі, олардың әсерін ғана емес, өзі де
әсер ету арқылы байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |