Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.
 
Ғылымның статусы және мазмұны. 
2.
 
 Ғылымның әлеуметтік статусы. 
3.
 
 Ғылым танымдық қызмет ретінде. 
4.
 
 Әлеуметтік институт ретіндегі ғылымның ерекшеліктері. 

 
 
65 
2.2 Ғылым -  білімнің  
             ерекше көрінісі 
 
5.
 
 Ғылым мәдениеттің ерекше формасы. 
6.
 
 Ғылым және қоғам. 
7.
 
 Ғылым және философия: өзара қарым қатынас тарихы. 
8.
 
 Ғылым 
мен 
философия 
қарым 
қатынасының 
негізгі 
концепциялары. 
9.
 
Дүниеге діни көзқарастың ғылымға әсері. 
10.
 
Ғылымды зерттеудегі негізгі философиялық парадигмалары. 
 
Ғылыми  және  ғылыми  емес  білім  
түрлерінің    шегі    ауыспалы, 
сондықтан  ғылымдық  өлшемдерді  
өңдеу    бойынша    қомақты    жұмыстар    бір    шешім    бермеді. 
Біріншіден, ғылымның  даму  тарихында  ғылымдық өлшемдер  үнемі  
өзгеріп    отырған.  Ерте    Грекияда    ғылымның    басты    қасиеттері  
дәлдік  пен    белгілік,  логикалық    дәйектеме,  сынға    ашықтық, 
демократизм  болды.  Ортағасыр    ғылымында    негізгі    қасиеттер  
теология,  схоластика    және    догматизм  болды,  «сана    ақиқаты»  
«наным    ақиқатына»  бағынды.  Жаңа    дәуірдегі    ғылымдық    негізгі 
өлшемдер  –  жалпылық    және    мәндік,  заттық,  қағидалық  және  
эмпирикалық  негіздеме, жүйелілік, практикалық  пайдалылық болды.  
Ғылымның    өзі    бақылаушылықтан    қағидалық    және  
эксперименталдық  қызметке  айналды, өзінің  арнайы  әдістері  мен 
тілін  қалыптастырды. 
Соңғы  үш жүз жылда  ғылым  ғылымдық  қасиеттерді  анықтау  
мәселесіне де  түзетулер  енгізді. Бастапқыдағы  ғылыми  білімге  тән  
дәлділік  пен    белгілік    ғылыми    білімнің    гипотетикалығына    орын  
берді,  яғни    ғылыми  білім  мүмкіндік    сипатқа    ие    болды.  Қазіргі  
ғылымда  субъект, нысан  және  ғылыми  таным  құралдары  арасында  
қатаң    шектеу    болған    жоқ.  Нысан    түр    алған    білімнің  
ақиқаттылығын    бағалауда    ғылыми    зерттеулердің    алынған  
нәтижелерінің    қызмет    құралдары    мен    операцияларының  
ерекшеліктерімен    қатыстылығын    ескеру    қажет,  сонымен    бірге  
ғылымның    құндылық-  міндеттік    белгілері    мен    жалпы    ғылыми  
қауымдастықпен  қатысын  есепке  алу  керек. Бұның  бәрі  ғылымдық 
өлшем  абсолюттік    сипатта    емес,  ғылыми    білімнің    мазмұны    мен  
статусы  өзгергенде  ауысатындығын  көрсетеді. 
Екіншіден,  ғылымдық  өлшемдердің  қатынастық    сипаты  
зерттелетін    заттың    көп    аспектілігімен,  көп    түрлігімен,  білімді  
қалыптастыру  тәсілдерімен,  оның  шынайылық  әдістері  және 
өлшемдерімен  анықталады.  Қазіргі    ғылымда  ғылымның    үш  түрін 
бөліп    қарастырады  -  табиғи,  техникалық  және  әлеуметтік-
гуманитарлық.  Табиғи    ғылымда    ойлаудың    әр    түріне    негізделген  

 
 
66 
түсіндіру    әдістері    негізгі    болса,  ал    әлеуметтік-  гуманитарлық  
білімде  интерпретация  және  түсіну  әдістері  негізгі  болады. 
Заттық  және  жалпылық  ғылыми  білімнің  бөлінбес  бүтіндігін, 
тұтастығын  көрсетеді. Ғылыми  білімнің  мәнділігі  (мәні, заттылығы) 
оның  жалпылық  сипатына  негізделеді. Ғылымның  түпкі  мақсаты  
практикалық    қызметтегі    заттың    өнімге    түрлену  үрдісі    болады. 
Ғылыми    әрекет    осы    заңға    жауап    берсе,  нәтижелі    болмақ. 
Сондықтан    ғылымның    негізгі    міндеті  –  соларға    сәйкес    нысанды  
өзгертетін    және    дамытатын          заңдылық  пен    байланыстарды 
анықтау. Нысанды  зерделеу – ғылыми  танымның  басты  ерекшелігі. 
Жалпылық,  заттық    сияқты    адамның    рухани    өмірінің    басқа  
түрлерінен  ғылымды  өзгеше  етеді. Ғылымда  субъективтік  фактор  
рөлін    атқара    алатын,  таным    нәтижесіне    әсер    ететін    құралдар  
үнемі    дамыса,  онда    өнерде    керісінше,  суретшінің    шығармасы  
құндылық    қатысы    тікелей    көркем    бейнеге    енген.  Әрине    бұл  
ғалымның    жеке    қасиеттері  мен    құндылықтары    ғылыми  
шығармашылықта    және    ғылыми    нәтижеге    мүлдем    әсер    етпейді  
дегенді    білдірмейді.  Ғылымда    ең    бастысы  –  жалпы    байланыстар  
мен    заңдылықтарға    бағынатын  затты    құрау,  адам    әрекеті    затты  
зерттеу    қорытындысы    негізінде    нәтижелі    болуы.  В.С  Степиннің  
пікірінше,  ғылым    оның    байланыстарына    тән    анықталған    затты  
құрай  алмаса, онда  оның  тартылысы сол  жерде  аяқталады  деген. 
Ғылыми    таным    жүйелілігі    ғылымның    барлық    жағын 
сипаттайды,  (оның    мазмұнын,  ұйымдасуын,  құрылысын,  принцип  
түрінде    алынған    нәтижесін    көрсетуін  т.б.)  ғылыми    танымның  
ерекше    қасиеті    болып  табылады.  Таным    ғылым    сияқты    жалпы  
нағыз    әлемді  тануға    тырысады,  бірақ    ғылыми    таныммен  
салыстырғанда  адамның  тіршілік  ету  үрдісінде  төтенше  құрылады. 
Білім    жүйеленбеген:  әртүрлі    ақпарат    көздерінде    алынатын  
нысандар  туралы  кейбір  түсініктер. Ғылыми  таным  әрдайым  және  
бәрінде    жүйеленген.  Жүйе    бір-бірімен    байланысты    белгілі    бір  
бүтінді, тұтастықты  құратын қосалқы (кіші) жүйелер мен  элементтер  
жиынтығы  екені    белгілі.  Бұл    мәнде    ғылыми    білім  –  зерттелетін  
әлемнің  принциптерімен заңдылықтарымен  келісілген  категориялар, 
заңдар,  принциптер    бірлігі    болады.  Ғылымның    жүйелігі    оның  
ұйымдастыруында    көрінеді.  Жаңа    ғылым    синергетиканың    мәні  – 
күрделі  өзіндік  ұйымдасқан  жүйе  болса, ал  ғылыми  әдістер  ішінде  
жүйелік    талдау,  бүтіндік    принципін    іске    асыратын    әдістер    кең  
таралуда. 
Логикалық 
 
дәлелділік. 
Теоретикалықлық 
 
және  
эмпирикалық    негізделу.  Ғылыми    танымның    ерекше    түрлерін  
бірге    қарастырған    жөн,  себебі    логикалық    дәлелділік    ғылыми  

 
 
67 
білімнің    теоретикалық    негіздемесінің    бір    түрі    ретінде    көрінуі  
мүмкін.  Ғылыми    шындықты    негіздеудің    ерекше    тәсілдері  –  жай  
таным мен  діннен  ғылымды  өзгеше  етеді, бұнда  көбінесе  нанымға  
байланысты    қабылданады  және    тікелей    тұрмыстық    тәжірибеден  
көрінеді.  Ғылыми    танымға    міндетті    түрде    теоретикалық    және  
эмпирикалық    негіздеме,  логика    және  ғылыми  ақиқатты    растайтын  
дәлелдердің  басқа  түрлері  кіреді.  
Қазіргі    логика  –  бір    жақты    емес,  онда    логиканың  өзіндік  
тараулары    мен    түрлерін    бөліп    қарауға    болады,  олар    әртүрлі  
мақсатта,  түрлі  тарихи  кезеңдерде  туған  және  өңделген  тауарлар  
мен  түрлер.  Мысалға,  дәстүрлік    логика    өз  силлогистикасы  және  
дәлелдеме    схемаларымен    ғылыми    танымның    ерте    кезеңдерінде  
туындаған.  Ғылымның    мазмұны    мен  ұйымдасуының    күрделенуі 
логика  предикаттары  мен  классикалық    емес    логикалар    модальдық 
логика,  уақыт  қатынасының  логикасы,  интуиционистік    логиканың  
қалыптасуына септігін  тигізді. Осы логикаларға негізделген құралдар 
белгілі  бір  ғылыми    ақиқат    немесе    оның  негізін    растау    жоққа  
шығару  мақсаттары  бар. 
Дәйектеме (дәлел) – ғылыми білімді  теоретикалық  негіздеудің  
кең    таралған    процедурасы  және    оның    негізінен    дұрыс    пікірді  
логикалық  айтуды  көрсетеді.  
Дәлелде үш элементті  бөлуге болады:  
а)  тезис – пікір,негіздеуді қажет  етеді;  
б)  аргумент  немесе  негізі  –  тезис  шығатын  және  негізделетін  
дұрыс пікір демонстрация – бірнеше сапалы қорытындысы бар пікір;  
в) ойлау, мұнда бір немесе бірнеше ой-пікірлер кіреді. Ойлауда 
логикалық  ой-пікірлер,  категориялдық  силлогизмдер,  индуктивтік 
ойлар, аналогиялар айтылады.   
Эмпирикалық    негіздемеге  белгілі    тәуелділік    немесе  
заңдылықты    растау    және    қайталау    процедурасы    кіреді.  Ғылыми 
тезисті растау  құралдарына ғылыми  дерек, анықталған эмпирикалық 
өлшем  ретінде    мынадай    көрінеді:  ғылыми    қауымдастық  
академиялық  ғылым  өкілдері – экспертпен  бақыланған  құбылыстың 
сенімді    кұралдарын    қабылдамаса,  оларды    қайталау  мүмкіндігі  
болмаса, қолданылады, сондықтан  бұл  құбылыстар  ғылыми  зерттеу  
мәніне  жатпайды, ең алдымен  парапсихология, уфология  және тағы 
басқа  сияқты  білім  салаларына  қатысты. 
Логикалық  дәйектеме    өлшемі  –  ғылымилықтың  басқа 
өлшемдері    сияқты  үнемі    және    толық    іске  жол  бермейді,  мысалға 
А.Черчтың  екінші    ретті    предикаттарды    есептеуді  дәлелдеуге  
қатысты  нәтижелері,  К.Гедельдің  натуралдық  арифметикасының  
формальдық    қайшылықсыздығын  дәлелдеу  теоремасын    айтуға 

 
 
68 
болады.  Бұл  жағдайда    ғылыми  құралдарға  қосымша    логикалық-
әдістемелік    принциптер,  қосымшалық    принциптер,  белгісіздік 
принципі, классикалық емес логика тағы басқа енгізіледі.  
Егер ғылыми  зерттеу затын  құру мүмкін  болмаса,  ғылымилық  
өлшем    жүзеге  аспауы  мүмкін.  Бұл  кез-келген  бүтіндікке    қатысты, 
яғни  дәйектеме  мәнінде    объективтелмейтін  принципиалды,    немесе 
Гуссерльдің  сөзімен    айтсақ,    логикалық  құралмен  айтылмайтын  
алдын-ала  түсінік  сияқты    «кеңістік»,  «фон»    қалса,  онда  ғылыми 
таным  түсіну  мен  интерпретациялық  өзіндік    әдістері    ретінде  
герменевтикалық  процедуралармен    толығады.  Оның  мәні    оның 
бөлшектерімен  элементтері  ашық  болу  үшін  ең  алдымен  бүтінді 
танып  алу қажет. 
          Ғылымилық  өлшемдердің    қатынасы    ғылымның    үнемі  
дамуын,  мәселелік  кеңістіктің    кеңеюін,  ғылыми  ізденімнің  жаңа 
тиімді  құралдарының  туындауын  растайды.  Ғылымилық  өлшемдері 
ғылым дамуындағы маңызды регулятивтік элементтер болады. Яғни, 
ғылым  шынайылықтың  жалпы  және  заттай  түсінігі  ретінде 
бақылаушы  (растаушы  және  қайталаушы)    деректерге,  рационалды 
түрде    қалыптасқан    және  жүйеленген    ойлар  мен  жағдайларға,  
дәлелдеуді қажет етуге  сүйенеді.  Ғылымилық өлшемдері ғылымның 
ерекшелігін    анықтайды  және  адами  ойлаудың  жалпы  және  әмбебап  
тануға  бағытталғандығын  көрсетеді.  Ғылым  тілі  логикалығы  мен 
жүйелілігімен  (ұғымдарды  нақты  қолдану,  олардың    байланысын  
белгілеу,  олардың  ізділік  негізі,  бірінен  соң  бірінің  шығуы) 
өзгешеленеді.  Ғылым    бүтіндік  құрылыс  болып  табылады.    Ғылыми 
кешеннің  барлық  элементтері  өзара  байланысты,  белгілі  қосалқы 
жүйелер мен жүйелергебірігеді.   
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.
 
Ғылыми білімнің құрылымы, әдістері 
2.
 
Таным  әдістері  мен  құралдарының  әрбір  ғылымдардағы 
ерекшелігі. 
3.
 
Формализация теориялық танымның әдісі ретінде. 
4.
 
Әдіс ретіндегі моделирование ғылыми танымдағы маңызы. 
5.
 
Индукция ғылыми танымның әдісі ретінде. 
6.
 
Идеализация теориялық объектіні құрастырудың негізгі әдісі 
7.
 
Дедукция ғылыми әдісі ретінде. 
8.
 
Методологиядағы синергетикалық қадам. 
9.
 
Ғылыми танымның негізгі модельдері: индуктивизм,   
  гипотетикалық  дедуктивтік  қадам,  трансцендентализм,  конструк-
тивизм және т.б. 
10.
 
Әлеуметтік таным және оның методологиялық негіздері. 

 
 
69 
2.3  Ғылым әлеуметтік  
институт ретінде 
 
 
Ғылымның  әлеуметтік институты ХҮІ 
–  ХҮІІ  ғ.ғ  басында    Батыс  Еуропада 
қалыптаса бастады.  Алғашқы  ғылыми 
мектептер    Ерте  Шығыста,  Ерте 
Грекияда және Ерте Римде  пайда болды. Орта ғасырларда ғылымды 
институттау    үрдісі  ғылыми  ойдың    орталығы  ретіндегі 
университеттерді құруда  көрінді. 
 
Ғылымды  институттау  үрдісі    автономдықты,  яғни  тәуелсіздік 
пен  дербестікті  алу    үрдісімен  тікелей  байланысты  болды.  Әлемді 
тану  мәселерін    шешуде  жоғарғы  орын    теологияға  берілді,  ал 
ғылымға  жеке  сипаттағы    мәселелер  тән  болды,  ғылым  мен  шіркеу 
арасында үлкен даулар туды (мысалға Н.Коперниктің гелиоцентризм 
жүйесінің  құрылуына  байланысты).  Ғылым  теологияға  тәуелсіз 
әлемді талдаудың күрделі  мәселелерін шеше алатынын ұстанды. 
 
Ғылыми  әрекеттің  әлеуметтік  маңызын    мойындау,  ғылымның 
әлеуметтік  институт  ретінде  қалыптасуына    негіз  болды.    Бұл  үрдіс  
жүздеген  жылдарға  созылды.  Бірақ  ғылымды    институттау    үрдісі  – 
ғылымның  қоғам мен мәдениетке әсерінің өсуіне байланысты жалпы 
құбылыс (объективті). 
 
Ғылымды  әлеуметтік  институт  ретінде  қалыптасуының  
маңызды  сатысы  Лондондық  корольдік    қоғамның    позициясын  
әзірлеу (1660 ж) болды, онда ғылыми  қауымдастық  табиғи сипаттағы 
мәселелермен  айналысады  және  теология,    сана  және  саясат 
мәселелірне араласпайды делінген. Сол кезде табиғатты ғылыми  тану 
табиғи  теология  –  Құдайды  тану  ретінде  қабылданды.    Құдай 
адамдарға    екі  кітап  –  Библия  және  «табиғат  кітабын»  берді  деп 
санаған.  Жаратқаның сөзіне сену керек, ал «табиғат кітабын» зерттеу 
қажет. 
 
Ғылыми  құндылықтарды  жариялануына  қарай,  қоғамда    жаңа 
көзқарастар  да  қалыптаса  бастады.  Бұл  Қайта  Өрлеу  дәуірінде    кең 
етек  алды.  Бұл  заманғы  адамдар  қоғам  дамуына  кедергі  келтіретін 
қоғамдағы  кемшіліктердің  бастысы  -  қараңғылық  деп    түсінген. 
Халықтың  барлығына  ғылыми  және  техникалық    білімдердің  кең 
тарауы  әлеуметтік    әділеттілік  пен  қоғамдық  дұрыс    құрылысына 
жетудің шешуші құралы деп  түсінген. 
 
Қоғамда  ғылыммен  айналысу  маңызды  және  пайдалы  іске 
айналды.  Ол    таңдаулардың  ғана  емес,  барлығының  да    жетістігі 
болды. 
 Ғылымды    институттардың  маңызды  кезеңі  –  ХІХ  ғ  екінші  
жартысы  мен  ХХ  ғ  басы.  Бұл  кезеңде  ғылыми  қауымдастық    пен 
қоғамның  ғылыми  зерттеулердің,  ғылыми  қызметтің    кәсібилігінің 

 
 
70 
экономикалық  тиімділігін  түсінуі  болды.  Егер  бұрын    ғылыми 
зерттеулердің  нәтижелігін  бағалау  дайын    қағидалық  өнім  бойынша 
жүзеге  асса,  қазіргі  жаңа  жағдайларда    жаңа  материалдық 
құндылықтарды  құру  үшін  ғылыми    жетістіктерді  қолдану  мәселесі 
тұрды.  ХІХ  ғ  екінші  жартысында    органикалық  химия  өнімдерін, 
тыңайтқыштар, 
жарылғыш 
заттар, 
 
дәрі-дәрмектер,  
электротехникалық  бұйымдарды  кең    масштабты  өндіру  етек  алды. 
Ғылымда  да  үлкен  өзгерістер  болды:    фундаментальдық 
зерттеулермен    қатар    экономикалық  факторлардың    әсерімен 
интенсивті кеңейген қолданбалы зерттеулер саласы туды.  
 
Қазіргі  ғылым  –  ұжымдар,    кәсіпорындар  мен  мекемелер  – 
зертханалар  мен  кафедралардан  мемлекеттік    институттар  мен 
академияларға  дейін  өзара  байланысты,    шағын  формальды  емес 
ғылыми    қауымдастықтан  заңды    тұлғаның    барлық  атрибуттарымен 
үлкен  ғылыми  кәсіпорындарға дейінгі, ғылыми парктерден - ғылыми 
инвестиция,  корпорацияларға  дейінгі,  тәртіптік  қауымдастықтан-
ұлттық ғылыми қауымдастық пен халықаралық  бірлестіктерге дейінгі  
өзара  байланысты  күрделі  жүйе.  Олар    ішінара  және    қоғам  мен 
мемлекеттің  қосалқы    жүйелері  экономикалық,  білім,  саясат, 
мәдениетпен  тығыз  байланысты.  Мемлекет  өзінің    материалдық-
қаржылық  ресурстарымен  еркін  ғылыми  ізденісті  шектемей,  өзіндік 
ұйымдасқан  жүйеге    көмек  беру  керек.  Ғылым,  қоғам  алдындағы  
жаңашыл  қызмет  мәселелерін  шешуге  кіретін  ғылым  «ғылыми 
этносқа»,    ғылыми  қауымдастыққа  тән  ішкі  құндылықтардың 
спецификалық    жүйесі  негізінде  қызмет  ететін  ерекше    әлеуметтік 
институт болып табылады. 
 
Ғылыми  этностың  нормалар  экспликациясы  1930  ж.  іске  асты. 
Ғылымды  әлеуметтік  үйренудің  негізін  салушы  Р.Мертон    болып 
табылады.  Оның  пікірінше,  ғылым  әлеуметтік    құрылым  ретінде  өз 
қызметінде  4  құндылық    императивке  -  әмбебаптыққа,  ұжымдықа, 
ұйымдасқан  скептицизмге,    көреалмаушылыққа  сүйенеді.  Кейінен 
американдық  саясаттанушы Б.Барбер тағы екі императивті-тиімділік 
пен  эмоциялық нейтралдықты қосты. 
 
Универсализм  (әмбебапптық)  императивті  ғылыми  білімнің  
тұлғадан  тыс,  жалпы  сипатын  көрсетеді.    Вернадскийдің  пікірінше, 
бұл  басқа  жеке  сипаттарға  тән,  басқалардан    айырмашылығы  осы 
болып  табылады.  Ғылыми  ақиқаттың    жалпы  міндеті  деп    адамның  
танымдық қызметінің басқа  түрлерін айтуға болады.  
 
Ұжымдық императивті ғылыми таным  өнімдері жалпы  ғылыми 
қауымдастық  пен  қоғамға  тән.  Олар  ғылыми    ұжымдық  әрекеттік 
нәтижесі  болады,  себебі,  кез-келген    ғылым  өзінен    бұрынғылардың 
және  қазіргі    ғалымдардың  ойына    сүйенеді.  Ғылымдағы  жеке  білім 

 
 
71 
алу  құқығы    болуға  тиіс  емес,  алайда  қомақты  үлес  қосқан  ғалым  
әрептестерінен және қоғамнан материалдық және моральдық сыйақы 
талап етуге құқылы. 
 
Қызғанбаушылық  императивті ғалым әрекетінің  басты мақсаты 
–  шындыққа  қызмет  ету  дегенді  ұстанады.  Ғылымда  шындық  жеке 
есепке жету құралы емес, қоғамдық  маңызды мақсат  болуы  керек. 
 
Ұйымдасқан    скептицизм  императивті  –  ғылымда    шындықты 
догматикалық    нандыруды  шектеу  ғана  емес,  керісінше,    ғалым  өз 
әріптестерінің  көзқарастарын  сынау  оның    кәсіби  міндеті  болып 
табылады.  Соған  сәйкес  өзіне    айтылған  сынды    ғылым  дамуының 
қажетті  шарты  деп    қараған  жөн.  Скепсис    және  күмән  –  хирургтың 
қолындағы  скальпель  мен  ине  сияқты  ғалым  әрекетіндегі  маңызды, 
қажетті және нәзік аспаптар болып табылады. 
 
Рационализм  императивті  –  ғылым    шындықтың    жоғарғы 
арбитрі  тиімділік  болып  табылатын  дәлелденген,  логикалық 
ұйымдасқан дискурсқа талпынады. 
 
Эмоционалдық  нейтралдық  императивті  –  ғылыми  адамдарға  
ғылыми  мәселелерді  шешуде    эмоционалдық  –  психологиялық    сала 
ресурстары  –  эмоция,  жеке    қызығушылықтар,  жек  көрушіліктерді 
қолдануға шектеу қояды. 
 
 Ғылымның  әлеуметтік  институт  ретіндегі  қызметі  -  оны 
ұйымдастырудың  ішкі  сипаты,  сонымен  бірге    қоғамның  басқа 
салалары  –  экономика,  саясат,  идеологиямен    байланысында 
туындаған сыртқы  сипаттағы мәселелерін  шешуге байланысты. Ішкі 
сипаттағы  мәселелер  ғылыми  мектептер  қызметін,  ғылыми  маман 
дайындау,  ғылыми    білімдерін  көрсетумен  анықталады.  Ғылыми 
мектептердің    білім  беруі  –  ғылыми  ізденістің  демократизмділігін, 
жетістіктерге  қатысты,  сыни  қарауын  көрсетеді.    Ойшылдар,  ұлы 
ғалымдар  басқарған    ғылыми  мектептер    жалпы  ғылыми    ізденіс  
стратегиясын    анықтау  арқылы  ғылымға    қомақты  үлес  қосты. 
Ньютон,  М.В.Ломоносов  т.б.  өз  еңбектерімен  ғылым    тағдырын 
анықтады.  Егер Ньютон  мен оның жақтастары қазіргі  ғылым негізін 
қаласа, онда Эйнштейн мен Бор  ғылымның классикалық  емес даму 
сатысында ғылыми ізденістің негізгі мәселелерін  белгіледі. 
 
Қазіргі  ғылымның  даму  сатысы  –  классикадан    кейінгі 
Вернадскийдің  ноосфералық ойларын, Пригожиннің синергетикалық 
ойларын талқылаусыз қалдыру мүмкін емес. 
 
Ғылымды  ұйымдастырудың  маңызды  мәселесі  –  мамандар 
дайындау. Ғылымға жаңа ойлары мен көзқарастары бар жаңа адамдар 
қажет.  Маман  дайындау  жүйесіне    магистратура,  аспирантура  және 
докторантура кіреді. Бұлар өзін-өзі толық ақтады. 

 
 
72 
2.4  Қазіргі  өркениет  
және ғылым 
 
 
Ғылымның тарихи дамуында ғылыми белсенді хабарлау әдістері 
де  айтарлықтай  өзгерді.  Алғашында  ғылыми  білімдер  кез-келген 
тиісті материал тасығышта – қағазды ойлап табу, кітап жазбаларының 
тууына  әкелді.  Қазіргі  техникалық  революциялық  қадам  –  қағаздық 
тасығыштардан 
ақпараттық 
компьютерлік 
тасығыштарымен 
алмастыруға  мүмкіндік  берді.  Жалпы  қоғамдық  білім  ретінде 
танылатын жаңа ақпараттық ғылыми жүйе қалыптасуда. 
 
Ғылымның экономикамен, мемлекетпен өзара байланысы терең 
зерттеуді қажет етуде. 
 
Сонымен,  ғылым  институттау  үрдісінің  нақты  кезеңдерімен 
тығыз  байланысты.  Бұл  үрдісте  ол  нақты  түрлерге  ие  болады:  бір 
жағынан  ғылым  әлеуметтік  институт  ретінде  қоғам  құрылысында  
оның  интеграциясымен  анықталады,  екінші  жағынан,  білімдер, 
нормалар  мен  нормативтер  әзірлейді,  қоғам  тұрақтылығын 
қамтамасыз етуге септігін тигізеді. 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.
 
Әлеуметтік институт ретіндегі ғылымның ерекшеліктері. 
2.
 
Ғылым мәдениеттің ерекше формасы. 
3.
 
Ғылым және қоғам. 
4.
 
Ғылымның қазіргі классификациясы. 
5.
 
Ғылыми пәннің құрылымы және білім құрылымының деңгейі. 
6.
 
Ғылыми  білімнің  дифференциациясы  және  интеграциясы 
бағыттарының негігзі заңдылықтары. 
7.
 
Жаратылыстану  ғылымдарының  қалыптасуы  мен  даму 
заңдылықтары. 
8.
 
Техникалық ғылымдарының даму ерекшеліктері. 
9.
 
Социогуманитарлық білімнің пайда болуы. 
10.
 
Әлеуметтік  және  гуманитарлық  ғылымардың  пәндік  және 
методологиялық даму ерекшеліктері. 
11.
 
Социогуманитарлық 
ғылым 
қалыптасуындағы 
ұғыну 
проблемасы. 
12.
 
Социогуманитарлық ілімдегі герменевтика тәсілі. 
13.
 
Социогуманитарлық  білім  методологиясының  қалыптасуы 
(әртүрлі гуманитарлық пәндерде). 
 
Ғылым 
мен 
мәдениеттің 
өзара 
байланысын,  мәдениеттегі  ғылымның 
алатын  орнын  өркениет  дамуының  екі 
түрлі  –  дәстүрлі  қоғам  мен  техногенді 
өркениетті салыстыра қарауға болады. 

 
 
73 
 
Дәстүрлі  қоғам    әлеуметтік  өзгерістердің  жай  жүруімен 
сипатталады.  Дәстүрлі  қоғамда  бір  қоғам  өмірін  кешкен  ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасқан адамның бірнеше ұрпағы ауысуы мүмкін. Қызмет 
түрлері, олардың құралдары мен мақсаты тұрақты стереотип  ретінде 
жүздеген  жылдар  бойы  өмір  сүреді.  Осыған  байланысты  бұл 
қоғамның  мәдениеттегі  маңызы  –  дәстүрлер,  үлгілер  мен  нормалар, 
ұрпаққа  жалғасқан  тәжірибелер  болады.  Жаңашыл  әрекет  мұнда 
жоғарғы құндылық болмайды. 
 
Техногенді  өркениет  –  мына  қасиеттермен  сипатталатын 
әлеуметтік дамудың ерекше түрі: 
 
әлеуметтік  өзгерістердің  жоғарғы  жылдамдығы  қоғамның 
материалдық  негіздерінің  қарқымды  дамуы  адамның  өмір  сүру 
негіздерін қайта құру
 
техногенді  өркениет  тарихи  антикалық    мәдениет  дамуынан 
басталған,  адамзатқа  екі  ұлы  ашылуды  –  демократия  мен 
теоретикалық  ғылымды  силаған  полистік  мәдениет    дамуынан 
басталуы;  
 
бұл ашылулар - әлеуметтік байланыстарды реттеу саласында 
және  әлемді  тану  әдісінде  болашаққа  маңызды  сілтеме,  өркениеттік 
прогрестің жаңа түрі болуы.  
 
Тарихтың  қалыптасуында  техногенді  өркениет  екінші  және  өте 
маңыздысы  –  адамды  ерекше  таныған  еуропалық  ортағасырлық 
болып  табылады,  адам  бейнесі  құдайға  ұқсас,  адами  санамен, 
құдайлық  әрекетті  түсіне  алатын  және  құпиясын  ашатын,  әлемді 
жасауда  Құдай  жазған  хаттарды  оқи  алады  деп  түсінген.  Таным 
мақсаты Құдай ойын түсіну, Құдай шығармашылық жоспарын ұғыну. 
Ренессанс дәуірінде антикалық дәстүр жетістіктері қалыптасты. 
 
Осы кезден бастап ХҮІІ ғ. бастау алатын техногенді мәдениеттің 
мәдениеттік  матрицасы  қалыптасты.  Ол  үш  сатыдан  өтті: 
индустриалдықтан бұрынғы, индустриалдық  және индустриалдықтан 
кейінгі  сатылар.  Индустриалдықтан  кейінгі  сатыда  өмір  сүрудің 
маңызды  негізі  –  техника  мен  технологияның  дамуы  өндіріс 
саласындағы төтенше жаңалықтар жасауымен  ғана емес, техникалық-
технологиялық  үрдістерде  жаңа  ғылыми  білімдер  генерациясы  мен 
енгізу есебімен дамыту болады.  
 
Осыдан  барып,  адам  өмір  сүретін  табиғи  ортаның    заттай 
әлемнің тез  өзгеруіне негізделген дамудың өзгеше түрі қалыптасады. 
Бұл  әлем  өзгерісі  адамдардың    әлеуметтік  байланысының  белсенді 
трансформациясына  әкеледі.  Техногенді  өркениетте  ғылыми-
техникалық  прогресс  адамның  байланыс,  қарым-қатынас  түрлерінің, 
өмір  сүру  және  тұлғалық  түрлерінің  үнемі  өзгерісіне  әкеледі. 

 
 
74 
Нәтижесінде  болашақты  көздейтін  прогресстің  бағыты  көрініс 
табады. 
Техногенді  қоғам  мәдениеті  үшін  өткеннен  бүгінгі  арқылы 
болашаққа  ағатын  қайтымсыз  тарихи  уақыт  көрінісі  тән.  Көптеген 
дәстүрлік  мәдениетте  басқа  түсініктер  болды;  яғни  уақыт  айналым 
ретінде  қабылданған,  әлем  кезең  түрде  алғашқы  жағдайға  қайтып 
келеді  деген  ойлар  бар.  Дәстүрлі  мәдениетте  алтын  ғасыр  өтіп,  ол 
артта  қалды  деп  саналған.  Бұрынғының  батырларына  еліктеуге 
тұрарлық  үлгілі  әрекеттер  жасаған.  Техногендік  қоғам  мәдениетінде 
басқа  көзделеді.  Әлеуметтік  прогресстің  ойы  болашаққа  жақсы 
өзгерістерді  күту,  ал  болашақ  бақыты  әлемді  құруды  қамтамасыз 
ететін өркениеттік жетістіктер өсімімен сипатталады. 
Үш  жүз  жылдан  артық  өмір  сүрген  техногенді  өркениет  тек 
қарқымды  және  жылжымалы  ғана  емес,  сондай-ақ  агрессивті,  себебі 
ол  бағындырады,  түрлендіреді  және  дәстүрлі  қоғам  мен  оның 
мәдениетін басып алады. Техногенді өркениеттің белсенді өзара әсері 
соңғыларының  құлдырауына,  көптеген  мәдени  дәстүрлердің 
жойылуына 
әкеледі. 
Дәстүрлі 
мәдениет 
тек 
периферияға 
шығарылмайды,  сондай-ақ  жаңару  техногенді  даму  жолында 
дәстүрлік  қоғам  енуінде  толық  өзгереді.  Көбінесе  бұл  мәдениеттер 
рудименттер  ретінде  фрагменттері  сақталып  қалады.  Техногенді 
өркениеттің мәдени матрицасы дәстүрлі мәдениетті өзгертеді, өмірге 
маңызды  жақтарын  түрленіп,  жаңа  әлемді  тану    доминанттарымен  
ауысады. 
Ең  бастысы  және  шын  мәнінде  дәуірлік,  бүкіл  әлемдік,  тарихи 
өзгеріс,  ол  дәстүрлі  қоғамның  техногенді  өркениетке      ауысуына 
байланысты, жаңа құндылық жүйесінің қалыптасуы болып табылады. 
Құндылықтар  иерархиясында  ең  жоғарғы,  маңызды  орын  –  тұлға 
еркіндігі, бұл дәстүрлі қоғамға мүлдем жат нәрсе. Онда тұлға белгілі 
корпорацияға  жатып,  соның  қарапайым  бөлігі  болып  іске  асады. 
Техногенді  өркениетте  тұлға  еркіндігінің  өзгеше  түрі  туады;  адам 
өзінің  корпоративтік  байланысын  өзгерте  алады,  оған  тығыз 
байланысты  емес,  адамдармен  қарым-қатынас  жасай  алады,  түрлі 
әлеуметтік қоғамдарға тереңдеуге, көбінесе түрлі мәдени дәстүрлерге 
үңілуге мүмкіндігі бар. 
Техногенді өркениеттің әлемді тану доминанты мынаған саяды; 
адам әлемге қызметтік қатысты белсенді  тіршілік иесі  болады. Адам 
әрекеті  жаңашылдыққа,  сыртқы  әлемді  түрлендіру  мен  қайта  құруға 
ең  алдымен  адам  өзіне  бағынышты  қылатын  табиғатты  түрлендіруге 
тиіс.  Өз  кезегінде  сыртқы  әлем  адам  әрекетінің  аренасы  ретінде 
қаралады,  әлем  адам  үшін  жаралған,  өз  мұқтаждықтарын 
қанағаттандыруға  арналған  болады.  Әрине  жаңа  еуропалық  мәдени 

 
 
75 
дәстүрде  басқа  әлемді  тану  ойлары,  альтернативтік  (балама)  ойлар 
қалыптаспайды  емес,  техногенді    өркениет  өз  негіздерін  үнемі 
өзгертетін  қоғам  ретінде  анықталады.  Ол  мәдениетте  жаңа  образдар, 
ойлар,  концепциялар  (ұстанымдар)  генерациясы  бағаланады,  бірақ 
оның  біразы  ғана  бүгінгі  шындықта  жүзеге  асуы  мүмкін,  ал 
қалғандары  алдыңғы  ұрапқтарға  арналған    өмір  сүрудің  болашақ  
бағдармалары  болады.  Техногенді  қоғам  мәдениетінде    доминант 
құндылықтарға    балама  ойлар  мен    құндылықтарды  анықтауға 
болады,  бірақ  қоғамның  шынайы  өмірінде    олар  белгілі    рөл  атқара 
алмайды.  Қоғамдық  сана  шетте  қалады  және  адамдар  тобының 
қозғалысына әкелмейді.  
 
Әлемді  түрлендіру  ойы  және  табиғатты  адамның  бағындыру 
ойын  академик  Степин  атап  өткен,  техногенді  өркениетте  өзінің 
барлық тарих сатысында қазірге дейін негізгі болып табылады. Бұл ой 
техногенді  қоғамның  өмір  сүруі  мен  эволюциясын  анықтаушы 
генетикалық кодтың маңызды құрамы болып қала береді. 
 
Адам  әрекеті  түсінігі  техногенді  әлем  танудың  маңызды 
аспектісі  мен  тығыз  байланысты,  яғни  табиғат  түсінігі  –  табиғат 
заңдарын ұсынған саналы тіршілік иесі заңды, реттелген кеңістіктегі 
сыртқы  процестер  мен  нысандарды  өз  бақылауына  алып,  билігін 
жүзеге  асыра  алады.  Тек  табиғи  процесті  қолдан  алмастырып  және 
оны  адам  үшін  қызмет  етуіне  қойып,  жаңа  технология  ойлап  табу 
қажет,  сонда  бағынған  табиғат  барлық  масштабта  адами 
қажеттіліктерді  қанағаттандыра  алады.  Бұнда  табиғат  –  адам 
құрамына  кіретін  тірі  организм  болады,  бірақ  адам  мұнда  жалпы 
заңдылықтармен  басқарылатын  заңдық  өріс  болмайды.  Әлеуметтік 
өмірді  реттейтін  заңдылықтардан  өзгеше  табиғат  заңы  ұғымы 
дәстүрлі мәдениетке жат. 
 
Сонымен бірге техногенді өркениетпен құндылықтар жуйесінде 
ғылыми  тиімділіктің  ерекше  статусы  байланысты  болады,  ғылыми  –
техникалық көзқарастың әлемге өзгеше маңыздылығы, әлемді тануы, 
оның  түрлену  шарты  болып  табылады.  Адам  табиғат  пен  әлеуметтік 
өмір  заңдарын  білсе,  табиғи  және  әлеуметтік  процестерді  өз 
мақсаттарына  сәйкес  реттей  алады.  Ғылымилық  категориясы  өзіндік 
символикалық  мәнге  ие  болады.  Ол  гүлдену  мен  прогрестің  қажетті 
шарты  болып  қабылданады.  Ғылыми  тиімділік  құндылығы  және 
мәдениеттің  басқа  салаларға  белсенді  әсері  –техногенді  қоғам 
өмірінің сипаттық қасиеттері 
 
Сонымен,  әлемдік  даму  түрлеріне  байланысты  ғылымды 
қараудың  мәдени  аспектісі  оның  адами  әрекеттің  түрлі  салаларына 
әсер ету деңгейін кеңейтеді, оның әлеуметтік гуманитарлық маңызын 
арттыра түседі. 

 
 
76 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет