Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

7.2  Адам және Әлем. 
 Антроптық ұстаным
 
ұшырасады.  Келесідей  мәселелер  талқылануда:  уақыттың  нақты 
моментін  бөлу  негіздері,  оның  бағыттылығы,  анизотроптығы,  қайта 
оралмаушылығы, 
әмбебаптылығы 
т.б. 
Күрделі 
жүйелердегі 
(биологиялық, физикалық, әлеуметтік) уақыт ерекшелігі аз жетілген.  
    Әлем  моделін  жасауда  зор  рөл  атқаратын  тұрақтылар  – 
гравитациялық  тұрақтылық,  Планк  тұрақтысы,  жарық  жылдамдығы, 
материяның  орташа  тығыздығы,  кеңістік-уақытты  өлшеу  саны.  Осы 
тұрақтыларды  зерттей  келе,  космологтар  мынандай  қорытынды 
жасады:  бұл  константалардың  басқаша  мәнінде  әлемде  материяның 
күрделі түрлері тұрмақ, тіршілік, ақыл-ойдың болуы мүмкін емес. 
 
ХХ  ғ.-дың  басында  ғалымдар 
дүниенің  өлшемдерін  зерттей  келе, 
үлкен сандарды (мысалы, 10
20 
, 10
100  
т.б.)  ашты,  бұлар  қазіргі  физика  тұрғысында  «өлшеусіз»  болып 
көрінді.  Ешқандай  математикалық  теорияда  мұндай  үлкен  сандар 
шешім  ретінде  көрінген  емес.  Үлкен  сандар  мәселесінің  әдемі  шешімін 
ағылшын  физигі,  квантты  физиканың  негізін  салушылардың  бірі 
П.Дирак  ұсынды.  Ол  барлық  үлкен  сандарды  космологиялық  уақытпен 
байланыстырды,  Дирак  пікірінше,  барлық  үлкен  сандар  Әлемнің  өмір 
сүру уақытымен анықталады, әрі сонымен бірлесе өзгеріске ұшырайды. 
Дирактың гипотезасы антроптық бағдарламаның жасалу көзіне айналды. 
1960  ж.-ры  ол  ғылыми  қауымдастықта  қызу  талқыланды.  Дирактың 
үлкен  сандар  мен  космологиялық  уақыт  арасындағы  тәуелділік 
мәселесіне әйгілі американдық физик Р.Дикке назар аударды. 
     1961  жылы  Дикке  мынандай  сауал  қояды:  біздің  дәл  осы  дәуірде 
өмір  сүруіміздің  себебі  бар  ма,  әлде  бұл  кездейсоқтық  па?  Мұнда 
адамның бақылаушы ретіндегі мәселесі анық көрінеді, және физикалық 
дүниенің 
құрылымы 
адамның 
тіршілік 
ету 
фактісімен 
байланыстырылады.    Біз  белгілі  бір  сипаттағы  үрдістердің  куәсіміз, 
өйткені басқа сипаттағы үрдістер куәларсыз өтеді.  
     Күшті  антроптық  ұстаным  (АҰ)  анағұрлым  мазмұнды  (әрі 
тартысты)  болып  келеді,  оны  жақтаушылар  дәстүрлі  түсініктерден  бас 
тартып,  бейклассикалық  физика  ұстанымдарымен  сәйкес  принциптерге 
ғана  сүйенді.  Кванттық  механика  бойынша,  нысанның  қасиеттері  оны 
өлшеген  сәтке  дейін  болмайды.  Бақылаушы  мұнда  Әлем  дамуы 
барысында жүзеге асырылатын мақсат деп қаралады. Күшті АҰ мазмұны 
жағынан  теологиялық  және  телеологиялық  идеяларға  жақын.  Ондағы 
философиялық,  дүниетанымдық  және  физикалық  дәлелдер  бір-бірімен 
жымдасып кеткен, оларды тек шартты түрде ғана бөлуге болады. 
     Күшті  АҰ.-ң  өкілі  американдық  космолог  –  Ф.Хойл.  Жердегі 
тіршілікте  шешуші рөлге ие көміртегі туралы ой оған қызық  жағдайды 

 
 
147 
түсінуге  көмектесті.  Көміртегі  ядросы  жұлдыздарда  үш  гелий 
ядроларының  соқтығысуынан  синтезделеді  екен.  Хойл  келесідей 
қорытынды  жасады:  осындай  және  басқа  да  кездейсоқ  жағдайлардың 
болуы  табиғатта  соқыр  күштің  жоқтығы,  қайта  «асыра-интеллект»  бар 
екені рас.  
    «Қатысу  прнципі»  -  күшті  АҰ-ң  модификациясы  болып  табылады. 
Оны  тапқан  белгілі  американ  космологы  Дж.Уилердің  ойынша, 
бақылаушысыз  Әлем  ешкімге  керек  емес.  Әлем  өзіне  бақылау 
орнатылғаннан соң ғана тіршілік етуге кіріседі, оған дейін тек виртуалды 
күй кешеді. 
     Финалистік  АҰ-ды  ағылшын  физиктері  Дж.  Барроу  мен  Ф.Типлер 
ұсынды. Бұл ұстаным бойынша, бақылаушыларды тудыру  және қолдау 
мақсатында жаратылған Әлем ғана бар. Бұл ұстаным космологияға мес, 
хрситиандық  догматикаға  сүйенген  философиялық-дүниетанымдық 
ойлар негізінде пайда болған жалғыз принцип. 
    Финалистік АҰ-ға енген тұжырымдамалық конструкциялар: 
-  тұйықтық  принципі,  яғни  әлемнің  кеңістіктік  шектеулігі, 
эволюцияның  соңғы  нүктесінде  барлық  оқиғалардың  сызықтары 
қиысады; 
-  әлемдегі    генерирленген  ақпарат  гипотезасы  бойынша,  асыра 
күрделі бағдарламаларды жүзеге асыратын компьютерлерді шығару. 
Финалистік АҰ-ң болжаған әлемнің жабық моделі типін таңдауға еш 
ғылыми  негіздер  жоқ.    Финалисттік  АҰ-ды  ғылыми  принцип  сияқты 
емес,  адамзат  дамуының  алыс  перспективаларының  болжамы  деп 
қарағанымыз  жөн.  Өзінің  әлеуметтік-мәдени  бастаулары  мен  оны 
растайтын  ғылыми  дәлелдерінің  жоқтығына  қарамастан,  финалисттік 
АҰ-ды эвристикалық деуге негіз бар. Ол ескі идеялар мәнін өршітумен 
қатар,  жаңа  мәндерді  шығарады.  Постклассикалық  ғылым  рухына  сай, 
ғылыми  білім  құрылымына  ол  адами  өлшемді  енгізді.  Әрине,  бұл 
болашаққа  деген  философиялық-дүниетанымдық  болжам  ғана,  оның 
космологиялық  тексеру  әдістері  түсініксіз,  тіпті  мүлде  жоқ  болуы 
мүмкін.  Бірақ  кейін  финалисттік  АҰ  когнитивті  жоспардың  нақты 
зертеулеріне негіз болуы ықтимал. Космологиялық мәліметтер олардың 
интерпретациялау  мүмкіндіктерімен  толыққандағы  АҰ-ң  күрделі 
құрылымын  зерттеу  философияның  ғылымға  әсерін  тереңінен  түсінуге 
мүмкіндік береді. 
Сонымен, ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ.-ң басындағы космологияда өмір мен 
сана кездейсоқ  және эфемерлі феномендер  емес, әлемнің онтологиялық 
орталығын  құраушы  ретінде  көрінеді.  Бұл  көзқарастардың  адамның 
ғарыштық  болашағындағы  орны  қандай  болары  белгісіз.  Бірақ  бүгінгі 
күннің  өзінде  космологияның  жаратылыстық,  техникалық  таныммен 

 
 
148 
ғана  емес,  әлеуметтік-гумнитарлық  таныммен  де  байланыстылығы 
күшейгенін көріп отырмыз.
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.
 
Коммуникацияның негізгі типтері. 
2.
 
Ғылыми мамандықтың негізгі сипаттамалары. 
3.
 
Ғылыми жаңалықты ашудағы ғылым тарихының орны. 
4.
 
Жаратылыстану методологиясының ХХ ғасырдағы эволюциясы.  
5.
 
Ғылым  және  ғылым  тарихындағы    жалпы  және  арнаулы 
салыстырмалы теорияның мәні. 
6.
 
Қазіргі  ғылым  және  ғылым  философиясындағы  пәнаралық  синтез 
статусы. 
7.
 
Синергетика- дүние картинасы: методология және танымдық үрдіс. 
8.
 
Ақпараттық дәуірдегі ғылыми білімнің эволюциясы. 
9.
 
Ғылым  философиясы  мен  эпистемологиясының  қазіргі  кездегі 
даму үрдісі. 
10.
 
Кванттық  релятивистік  теорияның  қазіргі  ғылым  үшін 
методологиялық және дүниекөзқарастық мәні. 
11.
 
Дүниенің  физикалық  картинасы,  қазіргі  мәні  және  ғылыми 
маңызы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
149 
8.1  Информатиканың пәні  
       мен құрылымы. 
       Ақпарат түсінігі 
 
    8 ТАРАУ.  ИНФОРМАТИКАНЫҢ  ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  
                      ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
 
ХХ  ғасырда  адамзат  дамуындағы 
құбылыстардың  ішінен компьютер-
лер  мен  ақпараттық  қоғамдардың 
пайда  болуы    ең  маңызды  жайт  
болып  саналады.  Ақпаратты  жасау,  сақтау,  жіберу  және  тұтыну 
барысында  ғылымда  жаңа  бағыт  –  информатика  қалыптасты.  1980 
жылдар  -    дамыған  елдерде  жаппай  компьютерлендіру  кезеңі  болды. 
Бұнда жыл сайын әртүрлі сипаттағы компьютерлер, соның ішінде дербес 
(персональді)  компьютерлер  сауда  айналымына  ондаған  миллиондап 
түседі. 
      Компьютерлендіру  оқу  үрдісіне,  ғылыми  мақсаттарды  жүзеге 
асыруда,  таным  үрдісі  мен  ойлау  салаларына  айтарлықтай  ықпал  етеді. 
Ақпараттық  технологиялар  экономикалық,  әлеуметтік  және  басқа  да 
салалардағы  қуатты  қайта  құрушыға  айналды.  Компьютерлендіру  және 
ақпараттандыру  үрдістері  әр  түрлі  елдер  мен  аймақтарда  бір  қалыпты 
өтпегенмен,  бұрын-соңды  болмаған    биік  деңгейге  жеткені  соншалық, 
тіпті  бұл  тұрғыда  қорытындылар  жасап,  болашаққа  бағдар  жасауға 
мүмкіндік  туып  отыр.  Адамзат  әрекетінің  барлық  салаларын 
компьютерлендіру  – қоғамның  негізгі мақсаты,  әрі  әлеуметтік дамудың 
императиві  болып  табылады.  Бұл  мақсатты  жүзеге  асырмайынша 
азаматтарға жайлы өмір қамтамасыз ететін қоғамдағы гуманистік қайта 
құрулар,  экономикалық  ілгерілеу  мүмкін  емес.  Информатиканың 
философиялық мәселелерін осы тұрғыда қарастыруымыз қажет. 
      Информатика –ақпараттың алыну, жіберу, өңдеу, талқылау, сақтау, 
ұсыну  үрдістерін  зерттеумен;  қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларында 
ақпараттық  техника  мен  технологияларды  құру,  қалыптастыру  және 
қолдану  мәселелерін  шешумен  айналысатын  ғылыми-техникалық 
бағыттың  бір  саласы.  «Информатика»  термині  1960  жылы  Францияда 
электронды есептеуіш машиналар көмегімен ақпаратты өңдеуші саланың 
атауы ретінде қалыптасты. Француздық «informatique» термині екі сөздің 
бірігуінен information (ақпарат) және automatique (автоматика) жасалған, 
яғни  «ақпараттық  автоматика»  немесе  «ақпаратты  автоматты  түрде 
өңдеу».  Ағылшынтілдік  елдерде  бұл  терминнің  түсінігі:  «computer 
sciense»  -  компьютерлік  техника  туралы  ғылым.  Компьютерлер  бұрын 
жеке  құрылым    болған  ғылыми-зерттеу,  инженерлік  ізденістер, 
электронды  есептеуіш  қызметтермен    кешенді  пәнге  –  информатикаға 
біріккен.  1960  жылдардың  соңында  «информатика»  түсінігі  тек 
ақпаратты  автоматты  өңдеумен  ғана  айналыспай,  информатиканың 

 
 
150 
ғылыми  теориясымен  де  байланыстырылды.  Информатика  түсінігі 
информатика  теориясындағы  жалпы,  құрылымтүзуші  түсінік  болып 
табылады.  Осы  ұғымның  ғылыми-философиялық  түсіндірілуі  –  қазіргі 
заманғы  білімнің  ең  негізгі  мақсаттарының  бірі.  Ақпарат  көптеген 
ғылымдардың  басты  нысаны  ретінде  көрінеді.  Солай  бола  тұра,  
заманауи  ғылыми  білімнің  дамуы  бұл  түсінікке  дәл,  аяқталған 
қорытынды  анықтама  бере алмайды, оның пәндік ауқымы біздің әлем 
туралы түсінігіміз тереңдеп, кеңейген сайын дамуда. 
      Күнделікті  танымда  ақпарат  көбінесе  құбылыс,  оқиғаларды 
адамдар  арасында  тарататын  мәлімет,  хабар  есебінде  түсіндіріледі. 
Мұндай мағына оның толық мазмұнын аша алмайды. Сонымен, адам өз 
сезім  мүшелері  арқылы  алатын  ақпарат  түрлері  бар,  олар  –  қоршаған 
ортаның  темпераратурасы,  тәулік  мерзімі,  жер  бедері  т.б.  Мұндай 
ақпаратты  басқа  адамның  қатысынсыз,  қоршаған  әлемнен  тікелей  ала 
алады.  Н.Винер  «Кибернетика  және  қоғам»  еңбегінде  ақпаратты: 
«сыртқы  әлемге бейімделу үрдісіндегі мазмұнның белгіленуі  және оған 
біздін  сезімдеріміздің  бейімделуі»-  деп  сипаттайды.  Бұл  жағдайда 
ақпарат  «сыртқы  әлемнің  мазмұны»    категориясы  арқылы    анықталады 
және  тікелей  адаммен,  оның  ойымен  байланысқан.  Басқаша  айтқанда, 
Винер  бойынша,  ақпарат  адам  санасынан  тыс  өмір  сүре  алмайды. 
Ақпаратқа  мұндай  анықтама  беру  антропологиялық,  яғни  адами 
көзқарастан туындайды.  
      Ақпаратты  антропологиялық  тұрғыда  түсіндіру  адамзат  білімінің 
әр  салаларында  соңғы  уақытқа  дейін  қанағаттандырлқтай  қызмет  етті. 
Алайда компьютерлік техниканың кең түрде енгізілуінен бұл принциптің 
көптеген кемшіліктері шыға бастады. Біріншіден, ақпаратқа тек мәлімет 
сияқты  қарау  компьютерлік  бағдарламаларда,  желілерде  адамның 
қатысуынсыз  өте  беретін  нысандарда  ақпарттық  үрдістерді  адекватты 
түсіндіруге  мүмкіндік  бере  алмайды.  Екіншіден,  анторопологиялық 
принцип  аясында  тірі  табиғаттың  тұқым  қуалаушылық  ақпаратына 
адекватты  анықтама  беру  мүмкін  емес.  Осыған  байланысты  ақпаратты 
түсіндіруде  оның  пәндік  аумағын  кеңейту  қажетілігі  туындайды,  адам 
мен  адам  арасындағы  мәлімет  алмасуға  қосымша,  адам  мен  автомат, 
автомат  пен  автомат,  жасуша  мен  жасуша    арасындағы  алмасуларды 
енгізуді талап етеді.  
      Ақпарттың  ғылыми  теориясы  1940  жылдың  соңында  басылған 
К.Шеннон  еңбектерінен  басталады.  Ол  ақпарат  деп  кез-келген  хабарды 
емес,  осы  хабарды  алушының  түсінбеушілігін  азайтатын  түрін  ғана 
қарастырады.  Түсінбеушілік  бірнеше  мүмкіндіктің  ішінен  нысанға  әсер 
ететін түрін бейнелеуде пайда болады. Шеннон ақпаратты бір нысанның 
екіншісіндегі  көрінісі  ретінде  түсіндірген.  Бұлай  нысанды  бейнелеудің 
(ақпараттық  модель)  өзіндік  ішкі  құрылымдары  бар,  соның  негізінде 

 
 
151 
ақпараттың  мәні  анықталады.  Шеннон  теориясында  ақпаратқа 
кибернетикалық көзқарас қалыптасты: бірінші кезекте ақпаратты берудің 
коды  мен  арнасы,  идеясы  қойылды.  Қазіргі  кезде  ақпаратқа 
кибернетикалық  көзқарастың  дамуы  үш  негізгі  бағытта  өтуде:  нақты 
жүйелердің  ақпараттық  құрылымдарының  талдауы  (техникалық, 
физикалы,  биологиялық,  әлеуметтік  т.б.);  ақпараттық  бейнелеудің 
ұстанымдарын 
қалыптастыру; 
информатиканың 
техникалық 
бағдарламалық құралдарының ұстанымдарын қалыптастыру. 
      1960 жылдардың басында Ю.А.Шрейдер басқаруды оңтайландыру 
жолында 
нысандағы 
ақпараттың 
құрамының 
байлығы 
мен 
құрылымдығы  оның  қабылдануы  мен  тиімділігіне  тигізетін  әдістерін 
ұсынды.  Осылай  Шрейдердің  ақпараттық  семантика  теориясы  пайда 
болды.  Оның  Шеннон  теориясынан  айырмашылығы  болды.  Шрейдер 
теориясында  ақпаратты  алушы  және  жинақтаушы  қабылдағышқа, 
сонымен бірге оның семантикалық (мәндік) мағынасын бағалауға басты 
назар аударылады. Ақпарат берудің арнасы туралы мәселе екінші орынға 
кетеді.  Семантикалық  теориясының  негізгі  идеясы  –  мәндік  ақпаратты 
оның сыртқы ақпараттың әсерімен өзіндік семантикалық тұрғыда өзгеру 
деңгейін бағалау. 
      Сыртқы  ақпарат  көздерінен  мәлімет  алу  үшін  қабылдағыш-жүйе 
минимальді  білім  қорын  игеруі  қажет,  оны  Шрейдер  «тезаурус» 
(айқындалған  бастапқы,  «босағалық»    ішкі  ақпарат  )  деп  атайды.  Егер 
осы  «босағалық  ақпарат»  болса,  онда  жүйе  өз  тезаурусын  кеңейтіп, 
сырттан  алған  ақпаратпен  қаныққан  деңгейге  жетеді.  Бұл  тізбекті 
адамның ақпаратты қабылдауы мысалымен түсіндіруге болады. Мысалы, 
сіздің  сыртқы  ақпарат  көзіңіз  –  философия  ғылымының  тарихынан   
төменгі сынып оқушысы ешқандай пайдалы ақпарат ала алмайды (оған 
оның  бастапқы  тезаурусы  жеткіліксіз)  жоғары  сынып  оқушысы  біраз 
ақпарат  алады,  ал  осы  пәнді  оқитын  студент  немесе  аспирант  өзіне 
барынша мол ақпарат алуға қабілетті. 
      Заманауи  зерттеулерде  екі  түрлі  ақпарат  бар:  ішкі  (құрылымдық 
ақпарат) – кез-келген  жүйенің ұйымдасқан түрі  және  сыртқы  ақпарат  – 
жүйені ұйымдастыру құралы. 
      Құрылымдық  ақпарат – жанды және жансыз табиғатқа тән және ол 
жүйедегі іріктеу, тіркеу (фиксациялау) және түйіндеу нәтижесінде апайда 
болады.  
      Сыртқы  ақпарат  –  кез-келген  жүйенің  ұйымдастырылу  құралы; 
бейнелеумен тығыз байланысқан қатыстық, оперативті ақпарат. Егер бір 
нысанда  келесі  нысанның  ықпалымен  өзгерістер  болып  жатса,  онда 
бірінші  нысан  екінші  нысандағы  ақпараттың  жеткізушісі  болады. 
Шеннонның  теориясы  ақпараттың  сыртқы  аспектісін  қарастырса, 
Шрейдердің семантикалық көзқарасы ішкі ақпаратты бейнелейді. 

 
 
152 
      «Ақпарат»  түсінігінің  көпқырлығы  мен  көпмазмұндылығы  оны 
жалпы  ғылыми  категория,  әмбебап  (универсальді)  субстанция  ретінде 
сипаттайды. «Ақпарат – генерализациялы-фундаментальді түпнегіз (ауа, 
су,  жер,  сәулелер,  ғарыштық  сәулелер)  кодтық-ұялық  кеңістіктің 
заттануы мен дематериализациясы арқылы пайда болады». 
      Ақпараттың 
негізгі  қасиеттері:  мінсіздік,  қабылдағыштық, 
сарқылмаушылық, 
тасымалданушылық, 
әмбебаптық, 
жоғары 
жылдамдықта тасымалдауда қысылу қабілеті, толымдық, қол жетімділік, 
актуальдығы. 
      Сонымен,  ақпарат  –  күрделі,  көп  қырлы  құбылыс.  Информатика, 
кибернетика  (грек  тілінен  аударғанда  басқару  шеберлігі)  –  күрделі 
динамикалық  жүйелерді  басқару  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылыммен 
өте  тығыз  байланысты.  Бұндай  жүйелер  қатарыда  тірі  ағзалар  да, 
әлеуметтік 
және 
техникалық 
құралдар 
да 
қарастырылады. 
«Кибернетика» терминін алғаш рет ғылымға енгізген француз математигі 
және  физигі  А.Ампер  өзінің  ғылымдар  классификациясында  қоғамды 
басқару ғылымы түрінде қолданған. 1948 жылы Н.Винер кибернетиканы 
басқару  туралы  теориялық  түсініктердің  жиынтығы  деп  қарастырды. 
Оның  «Кибернетика  және  қоғам»  еңбегінде  басқару  үрдістерін 
оңтайландыру үшін автоматты жүйелерге көп көңіл бөлініп, тек басқару 
туралы емес, қоғамды компьютерлендіру мәселелері де көтеріле бастады. 
      1950-60  жылдары  кибернетиканың  дамытқан  Ресей  академиктері 
А.И.Берг  пен  В.М.Глушковтар  халық  шаруашылығы  мен  мемлекеттің 
қорғаныс  қабілетін  күшейту  үшін  компьютерлендіру  мен  байланыс 
желілерін  дамыту  қажеттілігін  дәлелдеді.  М.В.Ломоносов  атындағы 
Мәскеу  мемлекеттік  университетінде  И.Г.Петровский  мен  А.Н. 
Колмогоровтардың ат салысуымен кибернетика және есептеуіш техника 
факультеті  ашылды.  Содан  кейін  осындай  сипаттағы  факультеттер  мен 
бөлімдер  Ресейдің  алдыңғы  қатарлы  техникалық  ЖОО-нда  ашылды. 
1983  жылы  наурызда  СССР  Ғылым  Академиясының  Жалпы  жылдық 
жиналысының  шешімімен  Академияның  жанынан  информатика, 
есептеуіш техника мен автоматтандыру бөлімі құрылды. 
      Кибернетиканың  негізінде  жүйелер  мен  ақпараттың  жалпы 
теориясы  жатыр.  Есептеуіш  техниканың,  роботтехниканың  дамуымен 
көптеген мәліметтер жинақталып, кибернетиканың бірыңғай теориялары 
жасалды. «Кибернетиканың мақсаты – байланыс пен басқарудың тілі мен 
техникалық құралдарын шығару, сонымен қатар олардың спецификалық 
көріністеріне  түсінік  беру  үшін  тиісті  идеялар  қорын  табу»,-  деп 
кибернетиканың  негізін  салушы  Винер  жазған.  Кибернетикада  жүйе  – 
бір-бірімен байланысты бөлшектердің жиынтығы, ал ақпарат – жүйенің 
келесі бір  жүйеде  көрініс табуы.  Мұндай көрініс физикалық бөлшектер 
мен  құбылыстар  негізінде  жасалады.  Бірақ  мұндай  ақпарат  физикалық 

 
 
153 
8.2  «Жасанды интеллект» пен 
виртуалдық шындықтың 
философиялық мәселелері 
 
құрылым  болып  табылмайды.  Ақпараттық  модельдеудің  арқасында  ол 
қуат  пен  шикізаттың  аз  жұмсалуының  нәтижесінде  модельденуші 
үрдістерден  озып,  реалды  уақытқа  басқарушылық  әрекеттерін  жүзеге 
асыра береді. 
     Кибернетикалық  жүйелер  үш  кезеңдік  принцип  бойынша  жұмыс 
істейді: тікелей байланыс, кері байланыс, тікелей байланыстың түзетілуі. 
Кибернетиканың іс-тәжірибелік құралдары, яғни компьютерлік техника, 
ақпарат  беру  техникасы,  алғашқы  ақпаратты  беру  құрылғылар, 
орындаушы 
механизмдер 
мен 
роботтар 
– 
кибернетиканы 
информатикамен жақындастыра түседі.  
      Информатиканың негізгі зерттеуші пәндері: 
 
ақпарат-  ерекше  объект,  оның  ерекшеліктері  мен  қасиеттері; 
мотивация, ақпараттық өндірістің негіздері мен мақсаттары; ақпарат пен 
ақпараттық  нысандардың  жіктелуі;  ақпараттың  сапасын  бағалау 
мәселелері; шешім қабылдаудағы ақпараттың рөлі; 
 
ақпараттық үрдістер, яғни ақпаратты шығару, тарату, қайта өңдеу, 
іздеу, алу, тасымалдау және тұтыну; 
 
ақпараттық  жүйелер,  соның ішінде  автоматтырылған  ақпараттық 
жүйелер, компьютерлік техника, байланыс және телебайланыс негізіндегі 
басқа да ақпараттық-байланыстық технологиялар. 
Информатиканың мақсаттары: 
 
адам  әрекетінің  әр  салаларындағы  ақпараттың  жасалу,  қайта 
өңделу,  беру  және  қолданылу  үрдістерінің  жалпы  заңдылықтарын 
айқындау; 
 
ақпараттық  үрдістерді  жүзеге  асырудағы  тиімді  әдістерді  жасау, 
техникалық құралдарды белсенді  қолдана отырып, оңтайлы  ақпараттық 
байланыс құралдарын айқындау. 
 
      Қазіргі 
қоғамда 
ақпарат-
тандыру  үрдістері  жаһандық 
сипат алуда.      Информатика, 
компьютерлік 
техника, 
автоматты жүйелер өндіріс пен технологиялардың магистральды даму 
бағыттарын  айқындауда.  Компьютерлер  еңбек  пен  білім  алу 
мазмұнын  өзгертуде,  адамның  ақыл-ойы  мен  ойлау  өрісін  дамытуға 
жаңаша талаптар қоюда. 
      Қазіргі  философияның  басты  мақсаты  –  жаппай  ақпараттық 
технологиялардың  енгізілуінен  болған  әлеуметтік,  интеллектуалдық 
және  мәдени  салдарының  мәнін  ашу.  Информатиканың  қазіргі 
заманғы философиялық мәселелеріне гносеологиялық, онтологиялық, 

 
 
154 
антропологиялық,  этикалық,  мәдени,  әлеуметтік-тарихи  аспектілерді 
жатқызамыз. 
      Информатиканың 
дамуы 
барысындағы 
ең 
зәрулі 
гносеологиялық  мәселе  –  адам  ойлауы  мен  машина  ойлауының 
(«жасанды интеллект») арақатынасы мәселесі. 
      1960  жылдардың  өзінде-ақ  Винер  адам  миы  ойлау  жүйесі 
ретінде  машинадан  анағұрлым  артық  деп  айтқан.  «Басты 
артықшылығы  –  ол  мидың  анық  емес  түсініктердің  өзімен  жұмыс 
істей алуында. Мұндай жағдайда, есептеуіш машиналар қазіргі кезде 
өзін-өзі  бағдарламалауға  қабілетсіз.  Біздің  миымыз  өлең,  роман, 
суреттерді еркін қабылдайды, ал кез келген есептеуіш машина оларды 
аморф  дүние  ретінде  ысырып  тастайды.  Сол  үшін  адамға  адами 
дүниені, ал есептеуіш машинаға машиналық дүниені беруіміз қажет ».  
      Винердің  бұл  ойларды  айтқанынан  бері  компьютерлік  техника 
мен  компьютерлерді    пайдалану  технологияларының  дамығаны 
соншалықты,  нәтижесінде  таным  теориясының  ерекше  саласын 
зерттеу  мәселесі  туындады.  Гносеологияның  бұл  жаңа  саласы 
ақпараттық  эпистемология  деген  атқа  ие  болды,  оның  мақсаты  – 
компьютерлерде  білімнің  құрылу  үрдісін  зерттеу.  Бұл  мақсатты 
жүзеге  асыру  үшін  дәстүрлі  гносеологияның  көптеген  мәселелерін 
қайта қарап немесе нақтылау керек. Жасанды интеллект пен адамзат 
дамуының  қазіргі  және  болашақтағы  ролін  зерттеуде  екі  бағыт 
қалыптасқан:  Бірінші  бағыт  А.П.Назаретянның  «Дүние  жүзіндегі 
интеллект»  кітабында  анық  көрініс  тапқан.  Оның  ойынша,  адам  іс-
әрекетіндегі  ақыл-ой  еңбегінің  ұлғаюы  жалпы  эволюциялық  заңды 
бейнелейді,  ол  күрделі  жүйе  екі  өсу  векторына  қатысты  – 
технологиялық  потенциал  және  ұйымдастырушылық  күрделілік. 
Жаһандық  мәселелерді  шешумен  бірге,  алдыңғы  қатарға  жаңа  – 
табиғи және жасанды ақыл-ойдың арақатынасы мәселесі шықты. Егер 
адамзат  «екі  билеуші  ақыл-ойлар  таласы»  мәселесімен  қақтығысса, 
онда  оны  шешудің  конфронтациялық  жолдары  жоққа  шығарылады, 
тек  синтездеу  нұсқалары  ғана  қарастырылатын  болады.  Осындай 
симбиоздық 
жүйелердің 
қалыптасуы 
шексіз 
қабілетті 
интеллектуалдық  даму  мен  биологиялық  ағзаның  шектеулі 
мүмкіндіктерінің 
арасындағы 
қайшылықтарды 
диалектикалық 
жолмен шешуді қастамасыз етер еді. 
      Екінші  бағыт  орыс  ғалымы  А.А.Мальцев  «Интеллект  және 
ресурс»  мақаласында  компьютерлік  ойлау  арқылы  барлық 
мәселелерді шешуге болмайтынын  дәлелдей отырып, жасанды ақыл-
ой  жанкүйерлерінің  ыстық  үміттерін  суындыруға  тырысты.  Ол 
алгоритм құрудағы компьютерлердің шектеулі мүмкіндіктеріне назар 
аударды.  Сонымен  қатар,  Мальцев  ақыл-ой  байлығының  асыра 

 
 
155 
қолданылатындығы, тозатыны, адами ақыл-ойдың  «сомалық  межесі»  
оның  осы салада алға дамуын тежейтінін айтады. 
      Информатикадағы  тағы  маңызды  философиялық  мәселе  –  жаңа 
тіршілік  түрі  –  машиналық-ақпараттық  ағым,  яғни  виртуалды 
шындық (лат. Virtualis – мүмкін болатын, белгілі бір жағдайда пайда 
болатын) мәселесі. «Виртуалды шындықтың» мағынасы – компьютер 
мен  компьютерлік  жүйе  арқылы  адамның  көруі,  естуі,  әрі  басынан 
кеше  алуы.  Витуалдық  мәселесі  психологияда  жеке  бағыт  ретінде 
қалыптасып,  оның  тұлғаның  психологиялық  мінездемесімен,  адами 
мотивациялардың  еркіндігі  және  тәлкегімен  байланыстылығы 
анықталып  отыр.  Психологтар  виртуалдық  шындықты  модельдеуде 
негізгі, басты мақсат ретінде қанағаттандырылған күй, гипотетикалық 
және ұсынылған диалог шарттарының мәнін іздеуді қарастырады.  
      Виртуалды  шындықтың  сыны  туралы  айтқанда  екі  қарама-
қайшы  жағдайды  ескерген  жөн:  бір  жағынан,  виртуалды  шындық  
актуальды шындықпен бірдей – екеуінде де кеңістік, уақыт, қозғалыс, 
даму,  бейнелену  бар,  екінші  жағынан,  онда  идеалды-артефактты, 
виртуалды-спецификалық қасиеттер болады.  
          Виртуалды шындықтың жаңа  ғылыми зерттеуді, философиялық 
түйсінуді талап ететін келесідей қасиеттері бар: 
 
панорамдылығы  –  кез-келген  оқиға  өзіндік  интерпретация 
тұрғысынан да, көптеген пікірлер негізінде де оқылуы мүмкін; 
 
полисемантикалылығы    (көпмағыналылығы  )  -  виртуалды 
шындық  өзіндік идентификациялау мәселелерін өршітеді, солай бола 
тұра, оларды толығымен терістей алады; 
 
тәнсіз  заттылық  -  виртуалды  шындық    онтологиялық  жеке 
шындықтарды  дәнекерлеп,  адамның  екеуленуіне  қолайлы  өріс 
туғызады. 
Виртуалды 
шындықтың 
негізгі 
қызметтері: 
туындаушылық, көкейкестілік, автономдылық, интерактивтілік. 
     Виртуалды  тіршілікті  типологиялау  мәселесінде  виртуалды 
шындық  және  физикадағы  «виртуалды  бөлшек»  ұғымын  салғастыру 
қажет.  «Виртуалды  бөлшек  –  кванттық  физикадағы  өріс,  оның 
қасиеттері  «физикалық  бөлшектердегі»  сияқты,  бірақ  олар  нақты 
жағдайда  қанағаттандыра  алмайды.  Мысалы,  виртуалды  фотонға 
салмақ  нольдік  болуы  шарт  емес.  Олардың  ешқайсысы  кәдімгі 
бөлшек  сияқты  өмір  сүре  алмайды.  Олар  қалыпты  тіршілік  етпейді, 
потенциалдықтан бір сәт шыққан соң, ешқашан жүзеге аса алмайды». 
      Көптеген 
авторлардың  пікірінше,  физикалық  виртуалды 
бөлшектермен  салыстырғанда,  компьютерлік  виртуалды  шындық 
парадоксты  болып  табылады.  Виртуалды  шындық  қолмен  ұстауға 
келеді,  бірақ  заттық  болмысы  жоқ,  оның  тіршілігі  өзін  тудырушы 
негізбен қамтамасыз етіледі. А.Ю.Севальниковтың ойынша, «мұндай 

 
 
156 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет