176
10.1 Құқықтың
философиялық
астарлары
10 ТАРАУ. ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Құқық ең маңызды әрі күрделі қоғамдық
құбылыс ретінде түсінілетін филосо-
фиялық категория. Сондықтан да ол
бірнеше
тұрғыдан
қарастырылады.
Алдымен, субъективтік тұрғыдан құқық қандай да бір тұлғаның
мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету,
демалу, өмір сүру, қорғану құқығы секілді тікелей субьектімен
байланысты құқықтар. Обьективтік мағынадағы құқық – нормативтік
құқықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл
орайда көрсетіп кету керек - субьективтік құқық обьективтік құқықтың
негізінде туындайды және тоқталады. Құқықтық обьективтік және
субьективтік мағыналардың біріктіріле түсінетінділігі де жоққа
шығарылмайды. Осыларға қарап құқықтың күрделі категория екенін
білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз - мемлекет белгілеп
мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың)
жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларының сақтау
мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында,
күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады.
Заң ғылымында «Құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, «Құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды
тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы,
азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу,
кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.
Субьективтік
(тұлғалар)
құқық
тұлғалардың
мүддесін
қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормаларының құқық нормалар
тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Тұлғаның құқығын
құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланыста
болғандықтан екі жақта да міндеттер пайда болады.
Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге
келтірілген жиынтығы. Бұл обьективтік мағынадағы құқық, себебі іс-
әрекеттің жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес.
Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық
құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық,
қылмыстық құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы - өзара туыстас
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен обьективтік
құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.
177
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай
анықтама беруге болады:
Құқық (обьективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды
реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық
норма, ережелердің жиынтығы.
Құқықтық мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп,
тиянақталған оның түпқазық бастауларында, негізгі принциптерінде
ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге
асуы, меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субьектілерінің теңдігі,
демократизм, интернационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже
Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-
халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық
мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субьектілерінің
теңдігі – мемлекеттің материалдық - техникалық базасын құрудағы
маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен
қатар жеке меншік нысандарына негізделнтіні, ал мемлекет меншіктің
барлық субьектілерінің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететіндігі
жөніндегі ереже бекітілген. Республика басқа мемлекеттер аумағындағы
өзінің азаматтары мен заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген
меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең
ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге
қатысу
құқығын
қамтамасыз
ететін
оның
құқықтары
мен
бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демократизм
азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын
алатыны – олардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы арқылы
мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдық
бірлестіктердің Конституция мен заңдар шеңберінде мемлекеттік істерді
басқаруға, заңдарды талқылау мен қабылдауға, мемлекеттік және
жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік
береді.
Интернационализм - барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси,
шаруашылық және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі
теңдікті тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі.
Республикамызда нәсіліне, ұлтына, тіліне және т.б. жағдаяттарға
қарамастан құқық пен бостандық теңдігіне кепілдік беріледі. Елімізде
Қазақстан халқы Ассамблеясы интернационалдық ұғым ретінде
қолданылады.
178
Гуманизм (латын тілінде humanus – адамдық, адамгершілік)-
адамның жеке тұлға ретінде құндылықтарын, оның еркін даму және өз
қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адамның қадір-қасиеті мен
құқықтарын қадірлеуге қамтамасыз етуден тұратын басты құқықтық
принциптердің бірі- оның иеліктеріне қамқорлық жасау.
Адамгершілік принципі Ата заңымызда айрықша аталған. Онда
әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, сондай-ақ адам мен азаматтың ар-
ожданы мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған.
Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім
заңды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы
жөніндегі қағида орнықтырылған. Осылайша, кез келген күдік
дәлелденгенге дейін айыпталушы тұлғаның пайдасына шешіледі.
Құқық пен моральдың өзара байланысы және өзара шарттастығының
арақатынасы қандай? Біздің құқыққа моральдің жоғары принциптері тән.
Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір
мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі – мызғымас Қазақ
мемлекетінің құрылысына қызмет етеді.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің
құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың
мазмұны
қоғамдағы
өндірістік
қатынастармен
айқындалады.
Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері құқыққа бейімделіп
көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің
материалдық жағдайы өзгерген сайын құқық та өзгеріп отырады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты заңдардың да
тиісінше өзгеріске ұшырап, толықтырылып отыруы заңды құбылыс.
Қоғамдық қатынастарының бұған дейінгі дамуында да құқықтың рөлі
арта түсуі керек.
Құқық ғылымы екі мағынада кездеседі. Европаның: азаматтық құқық
дәстүрінде ал жеке сот шешімдерінің жиынтығы ретінде танылса,
қауымдық құқық дәстүрі тән Англия мен Құрама штаттар сияқты
елдерде заңи философия санаттарында түсіндіріледі. Құқық:
Бүкіл қоғам ауқымына қоғамдық қатынастардың заңи
тәртіптемесін қамтамасыз ететін мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен
қорғалатын жалпыға бірдей әлеуметтік нормалар жиынтығы. Құқықтың
обьективті мағынадағы мұндай анықтамасының заңи құқықтан
айырмашылығы бар. Құқық жүйесі құқық салалары бойынша
сараланған, олардың әрқайсысының реттейтін өз тақырыбы және осыған
орай айрықша белгілері болады. Құқықты екі немесе одан да көп
мемлекеттердің бірлескен еркімен негізделетін халықаралық құқыққа,
сондай-ақ тұтастай бір мемлекеттің құзырындағы ұлттық құқыққа
бөлудің де өзіндік елеулі ерекшеліктері бар. Ғылыми тұрғыдан Құқықты
179
10.2 Теңдік, еркіндік
және әділеттік
тұрғыдағы құқық
бөлудің аса маңызды қағидаттарының бірін географиялық қағидат деуге
болады. Осыған орай қазіргі дүниеде континенттік, ағылшын- саксон,
мұсылмандық құқық жүйелері кезінен таралған;
Мемлекет пен заңнан жоғары тұрған қоғамның өзін -өзі
ұйымдастыру түрі ретіндегі мемлекеттің әділетті тәртібін қорғайтын
аманат (импераив);
Заңдастырылған не заңдастырылмаған әлеуметтік реттеуіштер
жиынтығы. Қазақстанда құқықпен жазылған заңның арасындағы
қиғаштық Қазақстан Республикасының Конституциясы арқылы
шешіледі.
Қазақстан
Республикасында
қолданылатын
Құқық
Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтың актілердің, Республиканың
халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ
Республиканың Конституциялық кеңесінің жайы Жоғары соты
нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Формалді теңдік тұрғысындағы құқық
осы пәнді игеруде ерекше орын
алады.Әртүрлі адамдарды құқықтық
теңестіру негізі және өлшемі құқық
қабілеттілігі мен құқық субъектілігі бітімін мойындау әрі растау
түріндегі қоғамдық қатынастардағы индивидтер еркіндігі болып
табылады.
Құқық тарихы-формалдық (құқықтық) теңдіктің мазмұны, көлемі,
мөлшері және өлшемінің дамудағы тарихы, осы принцип кез келген
құқық жүйесіне, жалпы құқыққа тән. Адамдар қатынасындағы еркіндік
пен құқықтың тарихи дамуының әртүрлі кезеңдеріне еркіндіктің өзіндік
мөлшері және өзіндік өлшемі, өзіндік субъекттер ортасы және еркіндік
пен құқық қатынастары, бір сөзбен айтқанда, формалдық (құқықтық)
теңдік принципінің өзіндік мазмұнына тән. Сөйтіп, формалды теңдік
принципі құқыққа әрқашан тән-тарихи өзгерістегі мазмұн принципін
негізге алады.
Жалпы алғанда формалдық теңдік принципінің мазмұны, көлемі,
әрекет өрісінің тарихи эволюциясы құқыққа тән бола тұрып, өзге
әлеуметтік реттеуліктерден (мораль, дін және т.б.) ерекшеленеді. Осыны
ескере отырып былай айтуға болады: құқық дегеніміз қоғамдық
қатынастардағы адамдардың формалдық теңдік принципі арқылы
еркіндікті нормативтік формада білдіруі.
Еркіндік тұрғысындағы құқық пәнінің негізгі қарастыратын
мәселелерінің бірі.
Еркіндік пен теңдік бөлінбейді және бірін-бірі өзара ұйғарады. Бір
жағынан алғанда, еркіндіктің адами өлшемінің бастапқы және
анықтаушы бітімі еркін индивид болып табылады - ол жалпы алғанда
180
құқыққабілеттілігі мен құқықсубъектілігінің қажетті негізі; ал басқа
жағынан алғанда, индивидтердің осы еркіндігін сол индивидтердің
анықталған шеңбердегі арақатысанстарының әмбебаптық принципі,
нормасы және теңдік формасы арқылы көрсетуге болады.
Өздерінің бейеркіндіктен еркіндікке, еркіндіктің бір сатысынан одан
жоғарғы сатысына өтуінде, еркіндіктің туа біткен тәжірибесінде адамдар
мен халықтар осы шақпен келер шақтағы еркіндікті де сезіне алмайды,
өйткені адамдардың еркіндікті өмір тіршілігінде, практикалық
тәжірибеде жүзеге асыру өте қиын мәселе.
Адамдардың қоғамдық өмірінде еркіндіктің болмысы мен болу
формасын, құқықтан өзге ешбір салада, адамзат ойлап тапқан жоқ.
Еркіндікті логикалық та, практилық та жүзеге асыру мүмкін емес.
Адамдар өздерінің теңдіктерінің шамасына қарай еркін және
еркіндіктерінің шамасына қарай теңдікте болады. Бейқұқықтық
еркіндік, әмбебаптық өлшемсіз және бірыңғай мөлшерсіз еркіндік
дегеніміз, немесе теңдіксіз «еркіндік» - деп аталатын еркіндік-бұл
элитарлық артықшылық идеолгиясы, ал еркінсіздік «теңдік» - деп
аталатын еркіндік бұл құлдар мен езілген халықтар идеолгиясы. Не
теңдік (құқықтық формада ) болу керек немесе зомбылық болу керек
(әртүрлі көріністер). Үшіншісі болмақ емес: бейқұқықтық (және
бейеркіндік ) - әрқашан да зомбылық.
Осыған байланысты зомбылықтың да түрі көп – «жұмсақ»
түрлерінен өте қатаң түрлеріне дейін, тирандақ және тоталитарлық
көрністері. Ал құқықта (және еркіндіктің құқықтық формасында) тек
өзіне іштей тән, ерекше принцип - формалды теңдік принципі бар.
Зомбылықта өзіндік принцип жоқ; оның принципі, егер олай айтуға
болса, осы құқықтық принциптің жоқ болуы, осы принциптен бас тарту,
оны бұзу және елемеу. Құқықсыз еркіндік – ол зомбылық, тирания,
зорлық.
Еркіндік теңдікте (атап айтқанда – құқықтық теңдікке) тек
қарсылықта емес, керісінше, ол тек теңдік арқылы осы теңдікте өзін-өзі
білдіреді. Еркіндік пен теңдік ажырамас бірлікте және бірін-бірі ұйғарып,
толықтырады.
Құқық жай ғана әмбебаптық мөлшер және теңдік өлшем ғана емес,
ол ең алдымен индивидтердің әмбебаптық мөлшері және теңдік өлшемі.
Еркін индивидтер – құқықтың «материясы», иеленушісі, мәні және
мағынасы. Еркіндік даралық, тұлға, жеке адамның құқығы терістелген
шақта, сонда құқықтың (формалдық теңдіктің құқықтық принципінде)
болмауы мүмкін және болмайды да, онда шын мәніндегі құқықтық жеке
және топтық құқық субъекті де, құқықтық заңдар мен қоғамдағы
құқықтық қатыснастар да болмайды.
181
Әділеттік тұрғыдағы құқық жалпы философиялық деңгейде
қаралатын мәселенің бастысы.Құқықты теңдік тұрғыда (жалпы мөлшер
және адамдар еркіндігінің теңдік өлшемі тұрғыда ) түсіну өзінде қажетті
түрде әділеттікті де қамтиды.
Құқық пен заңды ажырату санатындағы үрдісте әділеттік
құқықұғымына кіреді, яғни құқық анықтама бойынша әділет, ал әділеттік
– құқықтың ішкі қасиеті мен сапасы, ол құқықтан тыс (моральдық,
әдептік, діни және т.б. ) категория емес, керісінше, құқықтық категория
және сипаттама.
Сондықтан заңның әділеттілігі немесе әділетсіздігі жөніндегі мәселе
- әрқашанда, шын мәнінде заңның құқықтық немесе бейқұқықтық
сипаты жөніндегі мәселе, яғни оның құқыққа сәйкестігі немесе
сәйкессіздігі туралы мәселе. Құқық өз ұғымында әрқашан әділет және
әлеуметтік дүниеде әділеттілікті сақтаушы.
Одан да аса айтсақ, тек құқық ғана әділет.Шын мәнінде, әділеттік
тек сондықтан әділетті, өйткені ол өзінде жалпы маңыздылық
дұрыстықты, туралықты білдіреді, әрі сақтайды және сонымен бірге
өзіннің рационалданған түрінде жалпылық заңдылықты, әділеттікті де
білдіреді, яғни құқықтың мәні мен бастамасын, жалпылық теңдік пен
еркіндіктің құқықтық принципінің мағанасын көрсетеді.
Жалпылаған түрде айтсақ, әділеттік дегеніміз – құқықтың өзіндік
санаты, өзіндік көрнісі мен өзіндік бағалануы және сонымен бірге
құқықтан тыс тұрғандардың бәрін құқытық тұрғыда бағалау.
Әділеттілікте құқықтан өзге, қандай да бір басқа принцип болмақ
емес және болмайды да. Әділеттіктің құқықтық сипаты мен мәнін
терістеу, әділеттікке қайдағы бір басқа бейқұқықтық бастамаларды –
теңдесітіру немесе артықшылық талаптарын, кез келген моральдік,
әдептік, діни, дүниеге көзқарастық, эстетикалық, саяси, әлеуметтік,
ұлттық, экономикалық және басқа қағидаларды мүдделерді, талаптарды
тануға, телуге, ауыстыруға әкеледі.
Құқықтық теңдік принципі мен құқықтық реттеу және еркін
субъекттердің
қоғамдық
қатынастарының
қажетті
формасы
тұрғысындағы
құқықтың
жалпылық
және
жалпымаңыздылық
кеңістігінде дәл осы құқықтық әділеттік осы кеңістіктегі әділеттіктің
рөлі мен орнына дәмелі барлық заңдылықтар немесе заңсыздықтардың
критерийі түрінде көрінеді. Құқықытық әділеттік артықшылықтарды
терістеп және еркіндікті нығайту арқылы құқықты қажетті, жалғыз
мүмкіндік, жалпылық және бәріне бірдей теңдікте орнықтырады.
182
10.3 Құқықтың
онтологиялық негіздері
Заңнамашының субъектік ерігі мен
қалауына
тәуелсіз,
объективтік
құқықтық мәнді легистік терістеу
жане құқықты заңға (позитивтік
құқыққа)
келтіру,
онтологиялық
тұрғыда
алғанда,
легистер
(позитивистер мен неопозитивстер) түсінігінде құқық болмысы дегеніміз
бұл эмпириялық шындықтағы (және осы позитивтік мағына)
құбылыстың, яғни ресми-биліктік сипаттағы анықталған феноменнің
нақты тіршілігі. Берілген феноменнің шындығы (және позитивтігі) тиісті
ресми құжаттың мәтінітүрінде ұсынылады және ол нормативті–
құқықтық акт пен құқық көзі тұрғысында түсіндіріледі (ұғындыларды
және интерпретацияланады).
Легистердің
(позитивистер
мен
неопозитивистер,
әсіресе
аналитикалық юриспурденция өкілдері) акт мәтінін юридикалық–
догматикалық талдауда, оны легистік лингвистика және герменевтика
(мәтінді түсіндірудің теориясы) тұрғысынан түсіндіруге ұмтылуының,
қызығушылық танытуының астары осында жатыр. Сонда, легистер үшін,
осындай акт мәтінін талдау шеңберінен шығатынының бәрі,
метафизикалық, бейреалды, бейпозитивті болып саналады. Осындай
бейпозитивті ұғымдар, идеялар, қағидалар, принциптер ( мысалы: құқық
мәні, құқық идеиясы, табиғи құқық, жатсынбайтын адам құқы және т.т.)
– легизм қағидасы бойынша, тек жалған сөздер, тілдік иллюзиялар және
софизмдер. Сөйтіп, онтологиялық және сол сияқты гносеологиялық
сипаттағы (құқықтағы мән мен құбылыс туралы, ерекше реттегіш ретінде
құқық болмысы туралы және т.б.) ұғымдық – мағыналық мәселелер,
дұрыс сөз қолдану туралы легистік пайымдаулармен, көзқарастармен
ауыстырылады.
Легистік құқық онтологиясы феноменалистік сипатта болып,
феномен (құбылыс) ретіндегі құқық құқықтық мәнінен айырылады.
Мұнда құқық болмысы бірден- бір объективтік негізге тәуелді болмай,
тұтастай және түгел билік беделімен, оның өзіндік субъективтік ұйғаруы
және шешімдерімен анықталады.
Ертеде табиғи құқықты көне гректер адам табиғатымен
байланыстырған, оның өмір сүру құқығын, өзінің табиғи қажеттілігін
қанағаттандыруын, ләззаттандыруға құқығын, «нан және көрініске» және
де сол уақытта – аскезаға құқығын, жеке бас бостандығына құқығын
байланыстырады.
Антикалық кезеңде қалыптасқан табиғи құқық туралы көрініс өзінің
өрнектелген түрінде бүгінгі күнге жетіп, «адам құқықтары» идеясында
туындады. Осыған сәйкес табиғи құқықтар туралы көріністердің тарихи
эволюциясы жеткілікті көрсетімді, немесе ол көзқарастардың өзгеруін,
адамның қоғамдағы орны мен рөлін мемлекеттің адамға және адамның
183
мемлекетке қатынасын білдіреді. Табиғи құндылықтар шеңберінде адам
өзін табиғаттан бөлектемейді. Ол онымен етене жақын. Оның ішкі және
сыртқы табиғаты бар ырғақта болады. Еуропа өркениетінің тарихындағы
сол бір ырғақтағы адамның қасқағым сәттегі сулбасы антиктегі Фидий
мен Поликлеттің мүсіндерінде бейнеленген. Онда құдайдың бейнесі мен
құдай әсемділігі адамның бейнесі мен әсемділігімен етене жақын.
Адамның әрбір іс-әрекеті құдайдың атымен жабылады, құдайлар
адамдардың жұмысына басшылық етеді.
Жасандының табиғимен байланысты дұрыс түсінікті мінез-құлығы
Демокрит бойынша әдепте, саясатта, көзқарастарда әділеттіліктің белгісі
болып табылады. Грек софистері табиғат заңдарына (фюзис) полис
заңдарына (номос) қарсы қойып салыстырған. Мұнда олар номастың көп
нәрсеге күштейтіндігін, оның табиғатқа қарсы екендігін негізге алды.
Платон Сократтың позициясын өңдеді. Платонның ойынша, заңдар
мен әділеттілік – ол бір нәрсе, олардың негізінде құдіретті идеалды
бастама жатыр. Одан басқа, ол мемлекеттік құрылымның типтері
(аристократия, олигархия, демократия және тирания) мен табиғи
қалыптасқан адамдардың түрлерінің арасынан байланыс табады. Әрбір
мемлекеттің түрі ішкі тартыстардан, қарама-қайшылықтардан, қиянат
етудің арқасында опат болады. Мемлекеттің жақсы түрі – ол «орта»
мемлекет, онда «орта» элемент бәрінен биік тұрады: мінез-құлықта –
қоңырсалқындық, мүлікте - орташа тұрмыс, билік етуде – орта адамдар.
«Орта» адамдардан тұратын мемлекетте ең жақсы мемлекеттік құрылыс
болады – деп Аристотель айтқан.
Аристотельде құқықтың екі түрге бөлінуі туралы айқын
позициялардың бірі айтылады. Еуропалық құқықтық ойдың одан арғы
тарихында не адамның табиғи табиғатына акценттелген назарды немесе
басқа да бастамада: құқық нормаларын рациональді және ақылмен
шығаруда.
Табиғи құқықтың қалыптасуы мен оның төңірегіндегі пікір
сайыстар философиялық мектептердің қатарын туғызды: стоиктар,
киниктер, эпикурлықтар. Адамның табиғи құқығы оның рухани – діни
іздеулерінің мызғымайтын құқығы болып табылуы туралы мәңгі
таластарының талдауының тақырыбы болды. Ағарту дәуірінде француз
ағартушылары Вальтер мен Руссоның көзқарастарын табиғи құқықпен,
бостандық және теңдік атты құндылықтармен байланыстырған.
Табиғи құқықтың құндылықтарымен, ресейлік тарихшылардың,
құқықтанушылардың, философтардың (Б.Н.Чичерин, П.А.Сорокин, Н.А.
Бердяев, В.С.Соловьев, П.И.Новогородцев) концепциялары байланысты
болған. Мысалы, П.И.Новогородцев былай деп жазды: «Табиғи-
құқықтық қалыптасулар біздің рухымыздың қасиеті және оның жоғарғы
құдіреттілігінің куәсі болып табылады. Егер, идеалды құрылымдарды
184
тудыруды тоқтатқан қоғам болса, онда – ол өлген қоғам болар еді». Н.А.
Бердяев, орыс өмірінің стилін адам жанының ерекшеліктерімен
байланыстыра отырып былай деп жазды: «Ресей - әлемдегі ең
мемлекетсіз, ең анархиялық мемлекет... Орыс халқы азат мемлекет пен
мемлекеттегі бостандықтан гөрі мемлекеттен бостандықты және жер
құрылғысы туралы қамқорлықтан бостандықты қалайтын секілді... Ресей
- Батыстың алдыңғы қатарлы халықтарына белгісіз тұрмыстық
бостандықтағы ел. Орыс адамы рухының үлкен жеңілдігімен әрбір
буржуазиялық жеңеді, әрбір тұрмыстан, әрбір реттелген өмірден
құтылады...»
Қазіргі заманда адамның табиғи құқықтарының қатарына ақпарат
алуға құқығы мен білім алуға құқығын жатқызуға болады. Бұл құқықты
абақтыларда және колонияларда жатқан сотталғандар да қолдана алады.
Э. Фромм «Табиғи» деп адамның, оның өмір сүру жағдайларынан
туындайтын қажеттіліктерін айтады. Ол бұл қажеттіліктерге «Салауатты
қоғам» атты еңбегінде мынадай мінездемелер береді:
Жеңу мен шығарушылық бұзушылыққа қарама-қарсы;
Түптамырлық пен ағайыншылық қанауысушылыққа қарама-
қарсы;
Тепе-теңдік және жеке бастық сезім үйірлі конформизмге
қарама-қарсы.
Мұндай бағалаулардың үлгісі ендігі айтылған соғыстарға көзқарас
болып табылады. Бұл көзқарасты әр замандардың өкілдерінің
айтуларынан мысал келтіруге байқап көрелік:
Демокрит (460-370 жж.): соғыс – ерегесуші екі жаққа да тиетін
зардап.
Платон (427-347 жж.): соғыс – жеке және қоғамдық қасіреттердің
негізгі көзі. Әсіресе оған эллидар арасындағы соғыстар қас. Бұдан
құтылудың жолы - әділетті заңдарда.
Т.Гоббс (1588-1679 жж.) адам – эгоистік тіршілік иесі; ол атақ
құмарлық пен қанағатсыздыққа құмар.
Оны қарсыластары мен жаулары қоршайды; адам адамға – қасқыр;
қоғамда бәрінің бәріне қарсы соғысынан құтылу мүмкін емес – бұл
адамзат тегінің табиғи қалпы; табиғатта бейбітшілікке ұмтылу да
қалыптасқан; жол табу – мемлекеттің абсолютті билігінде; кімде-кім
билікке ие болса, сол заңдардан тысқары; мемлекет адам ағзасы сияқты;
азаматтық соғыстар - оның ауруы; тәртіптік күшпен қамтамасыз етуге
ұмтылған озбырлардың сілтемесі бейбітшілікке ұмтылуға емес тонау
тонаушылыққа ұмтылуға шақырылған: егер басқарушылыр қоғамдық
келісім – шартты бұзса, онда халық мемлекетті заң жолына қою
мақсатына қарулы көтеріліске шығуға құқылы. Соғысу құқығын әрбір
мемлекет жеке-дара иемденеді, бейбітшілік құқығы- бұл кем дегенде екі
185
мемлекеттің құқығы; соғыс тек қана бейбітшілік мақсатта жүру керек:
мемлекеттердің өзара көмегі қажет.
Табиғи құқық құндылықтары жоғалмайтынын білу керек. Олар таза
адамгершілік
құндылықтардың
сферасында
жарым-жарты
заңдастырылып қалады, мемлекеттік құқықпен статусқа ие бола жарым-
жарты сіңіріледі және өмір сүруге жалғастырады, жарым-жарты
бөлектерді қоғам қабаттарында, өнерде айналған түрде, дастанда,
фольклорда, тұрмыс түрлерінде, заттық мәдениет ескерткіштерінде, тілде
аман сақталады. Барлық табиғи құқық, тарихтың әр түрлі дәуірлерінде
ойлауға, жаңаруға рұқсат етеді: қайта өрлеу заманында ХІҮ-ХҮІ
ғасырлардың, замандастарды концепцияларда «адам құқықтарының»,
адамның жаңа құқықтары көрінеді, табиғи мағына тауып алады. Қажетті
білім алуына, еңбекке, әлеуметтік қамтамасыз етуге хабарға құқық бар.
Бүгін табиғи құқықтардың статусы анықталмайды, олар заңмен
бекітілген бе немесе жоқ па? Ол олардың қоғамдық және гуманисттік
маңыздылықпен анықталады. Оқиғаларда заң қоғамдық құрылымдар
тағы- кепіл болады (мүгедектердің қоғамдары, творчестволық одақтар,
жариялық қорғаныш қоры, солдаттық аналарының ұйымы), бұл
көмектесушілердің жүзеге асыруда құқықтары.
Табиғи ой дамуымен қатар мінез дамуы және құқығы, орын алады-
ғылыми, саяси, басқа бағыт мемлекеттік мадағы жақын келеді. Мына
көзқарастың құқық құрылымы саналы, іске асады, саяси институттарда
және заңдық жүйеде, заңгерлік салтпен және нормалардың мұқият
дифференцациясымен байланыстырады. Сондай құқық позитивтік құқық
атын алды. Тарихтағы оны ең жарқын беттері рим құқығы болып келеді.
Оның онтологиясы бойынша, құқық болмысы екі қарама-қарсы
формада берілген: құқықтың нағыз болмысы формасында (бұл табиғи
құқық болмысы) және дүдамал болмыс формасында (бұл позитивтік
құқық тіршілігі). Табиғи құқықтың өзінің және болмысының
нағыздылығы деп- анықталған мән ретіндегі алдын ала берілген (құдай,
табиғат, парасат және т.т.) құқықты ақиқи мағынасы бар құқық ретінде
ұғыну. Осы обьективтік мән дегеніміз – құқықтық ақиқи, нағыз
болмысы. Обьективтік мәннің нағыздылығы, сөйтіп, өзінде тікелей
тіршіліктің, өмір сүрудің қасиетін сақтайды.
Құқықтың нағыз болмысы ретіндегі табиғи құқық болмысы
шынайы өз бітімінде көрініс табады, өйткені мұндай бомыс, - құбылыс
түріндегі берілген мәннің біруақыттағы әрі мәндік болмысы, әрі
тікелейлік тіршілігі (әрекеті). Табиғиқұқықтық мән нағыз болмыстың
формасы мен ауқымында өмір сүреді және өзінің жүзеге асуы мен
әрекеті үшін өзге болмысқа мұқтаж емес (нағыз болмыс, оның көріну
формалары, тіршілігі және әрекетінен өзгеде).
186
Осы онтология түсінігінде құқықтың өзге болмысы (яғни құқықтың
нағыз болмыстан тыс өмір сүруі, сыртқы құбылыс формасында, ақиқи
мәнге барабар бомай, айырмашылығы) дүдамал (жасанды, қалауынша)
құқықтың дүдамал болмысында көрсетілген, яғни позитивтік құқықтың
тіршілігі мен әрекетінде берілген. Осы көзқарас, осындай тұрғыда
қарастыру нәтижесінде біруақытта, бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз екі
құқықтың (құқық болмысының екі формасы) – нағыз (табиғи) құқық
және дүдамал (позитивтік) құқықтың өмір сүруі мен әрекетінің пайда
болуы шығады.
Құқық болмысының екі формасының (нағыз және дүдамал)
ажыратылуынан шығатын табиғиқұқықтық онтология, легистік
көзқарастың (құқықтың объектитвтік мәнін терістеу және т.б.)
кемшіліктерін дұрыс сынай келе, бірақ дегенмен, басқа сыңаржақтыққа
бой ұрады- құқық өзге болмысынның қажеттілгі терістеу, яғни мемлекет
орнықтырған,
белгілеген
жалпыміндеттік
құқықтық
құбылыс
формасындағы құқық мәнінің көрнісі (жүзеге асуы, өмір сүруі, әрекеті) -
құқықтық заңды (құқық мәніне сәйкестелген позитивтік құқықты )
бекерге шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |